XVIII – XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

I. Кіріспе:

XVIII - XIX ғ. ғ. Қазақстан мәдениеті.

II. Негізгі бөлім:

1. XVIII - XIX ғ. ғ. материалдық мәдениет.

2. Тұрмыс - салт мәдениетінің дәстүрлері.

3. Қазақ әдебиеті.

а) Жекелей поэзиялық шығармалардың пайда болуы және дамуы.

б) Халық ауыз әдебиетінде тарихи оқиғалардың бейнеленуі.

4. Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу.

5. Музыка өнері.

III. Қорытынды .

XVIII - XIX ғ. ғ. Қазақстан мәдениеті.

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан - жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның, Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.

Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.


Материалдық мәдениеті.

Қазақтардың XVIII - XIX ғ. ғ. материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы ьасты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.

Қазақ халқының тұрғын үйі - материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде, қыста - тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.

Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін - отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге пайдаланылатын үйлер болды.

Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй - бірнеше сыртқы конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін шатыр күрке болды. Жорықтарда үш - төрт кереге мен уықтардан тұратын “жолама үй” жиі пайдаланылды.

Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы күймелерді де пайдаланды.

Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары - материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шілдер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т. б. дайындалды. Осы қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

Қазақстанда суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды.

Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның барлық аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалды. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Ердің ең көп тараған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған.

Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қамшы және т. б. жасап, оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.

Қазақтардың ұлттық киімі.

Қазақтардың ұлттық киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-мата, жібек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Еркектер бітеу пішілген кеудесінде тік өңір -қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрикалық маталардан тігілетін. Ал ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұхара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып бөлінді.

Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды. XVIII ғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік, тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік болды.

Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.

Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.

Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі-сәукеле ең қымбатты болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң терілерімен барынша сәнделетін еді.

Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі-кимешек ақ матадан дайындалған.


Тұрмыс - салт мәдениетінің дәстүрлері.

Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі, ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды. Отпен тазарту “аластау” түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалды.

Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айрықшаланатын көптеген аспан денелерін білді, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Құсжолы, Сүмбіле - таразы және т. б. осындай жұлдыздар болып саналады.

Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын. “Аспан өз әрекеттерінде еркін болды, -деп жазды Ш. Уәлиханов, -- ол әрі жарылқады, әрі жазалады. Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды. “Тәңірі жарылқасын”, “көк соққан”және “көк соққыр” деген ұғымдар, олардың шамандардан шыққанын көрсетеді”.

Қазақтардың түсінігі бойынша, көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының “құтын” алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда - жүгенін, түйе сатқанда - мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген.

Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған. Оларда ертедегі дәстүрлердің - топтық некенің, рулық экзогамияның, полигамияның, үлкен патриархаттық отбасының қалыңмал және енші берудің және т. б. ғұрыптардың белгілері жақсы көрініс тапқан.

Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді. Оны бұзушыларға айып салынды. Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді. Келін атасының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады, оларды өз атымен атамады.

Қазақтар 22 наурыздағы көктемнің күн мен түн теңесетін күніне тұстас келетін Жаңа жылдың келуін жыл сайын ежелден көңілді мейрам ретінде атап өткен. Әйелдер дәстүрлі рәсімдік тағам - “наурыз көже” дайындап, оны келген қонаққа берген.

Қазақтар арасында діни сипаттағы “құрбандық шалу” рәсімі кең қолданылды. Құрбандық шалу соғыстың аяқталуы, ұлының шайқастан аман оралуы, шаңыраққа ұл перзенттің келуі, өлімнен аман қалу, тасаттық беру, т. б. салт-жоралғыларға байланысты жүзеге асырылды.


XVIII - XIX ғ. ғ. Қазақ әдебиеті.

Жекелей поэзиялық шығармашылықтың пайда болуы және дамуы.

XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған XVIII ғасырдың орта кезінен бастап және әсіресе XIX ғасырда орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, суырыпсалма жыршылар, жыраулар туралы мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып ала бастады. Бұл жекелей поэзиялық шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және дами бастаған дәуірі болды.

Бұқар Қалқаманұлы(1668-1781) - қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын жырау. Бұқар жырау осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағында туып - өскен. Орта жүз ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда Абылайға оның жүздерді басқару жөніндегі істеріне, оның әр түрлі таластар мен дау шарларды талқылауы кезінде елеулі ықпал жасап отырған.

Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Қазақстан сыртқы жаулардың шапқыншылығымен және ішкі зара тартыстан әлсіреген замандағы хандардың ішіндегі айбарлысы Абылай болды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыруға тиісті қайраткер ретінде жырға қосты, оның Ресей мен Қытай арасында өз мүддесін қорғап қалу саясатын мақұлдады.

Тәтіқара XVIII ғасырдың ірі импровизатор ақыны әрі жырауы еді. Ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты. Жорықтар кезінде туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтардың алдында бас имеуге шақырды.

Ақын-импровизаторлардың жырларының тілі халық бұқарасына түсінікті, ұғымды болып келеді.

Ақтамберді(1675-1768) - негізінен эпикалық жанрда жыр толғаған жырау. Ерлікке, жауынгерлік ержүректілікке үндеу, жаудан қаймықпай, батыл қарсы шабуға, оның алдында ешқашан шегінбеуге үндеу - Ақтамбердінің бүкіл шығармасының арқауы.

Көтеш ақын (1745-1818) кедей ортадан шығып, өмір бойы тауқыметін тарты. Оның шығармаларының басты сарыны - кедейдің азапты өмірін көрсету, әділетсіздікті әшкерелеу.

Шал ақынның(1748-1819) шығармашылығы болған оқиғаға ақындық шабытпен сол сәтте үн қосуымен сипатталады. Шал шығармашылығының негізгі тақырыбы - адам өмірі оның мәні, мораль, этика, дін мәселелері.

Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді және басқа да өлеңдері мен жырлары бізге дейін жеткен суырыпсалма ақындар мен жыршылар қазақ әдебиетіндегі жекелей поэзиялық шығармашылықтың бастамашылары болып табылады. Бұл туындыларда азаматтық сарындар көбірек көрініс алып, халық өмірі толығырақ ашылды. XVIII-XIX ғ. ғ. басындағы көптеген жыраулардың шығармашылығына тән кейбір қайшылықтарына қарамастан, олар қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алды.

Бұл дәуірдің туындылары көркемдік нысаны жөнінен неғұрлым ертеректегі кездің өлең-жырларына қарағанда кемелдене түскен. Қазақтардың ауыз әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен дәстүрлері сақталған бұл өлеңдерде сол кездің өзінде жазба поэзияға тән элементтер болды.

Халық ауыз әдебиетінде тарихи оқиғалардың бейнеленуі.

Қазақтардың XVIII - XIX ғ. ғ. ауыз әдебиеті мейлінше алуан түрлі тақырыпты қамтып, сонымен бірге бұрын пайда болған жанрлар мен олардың көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалды.

XVIII ғасырдағы тарихи жырлардың негізгі тақырыбы қазақтардың жоңғар жаулап алушыларына қарсы күресі болды. Оқиғалар шын мәнінде өмір сүрген және халық тарихында елеулі із қалдырған батырлардың есімдеріне байланысты беріледі.

Жоңғар феодалдарына қарсы шайқастар туралы өлеңдерде, аңыздар мен жырларда қазақ батырлары мен сарбаздарының ерлігі дәріптеледі, олардың өз халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрестегі табандылығы мен ерлігі жырланады.

Абылай туралы эпикалық жырлар да кең таралды, оларға ең алдымен Абылайдың хан болғанға дейінгі өмірі негіз етіп алынған.

Халықтың бірқатар өлеңдері мен әңгімелері XVIII ғасырдың аяғындағы Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне, бұл көтерілістегі батыр Сырым Датовтың рөліне арналған.

XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларының заманы туралы түсінік беретін тарихи әңгімелер халық арасында кең таралды, олар белгілі оқиғаларға немесе нақты адамдардың есімдеріне байланысты болды.

XVIII - XIX ғ. ғ. дүниеге келген фольклорлық үлгілер сол кезеңдегі халықтың рухани өмірін сипаттайды. Эпикалық жырлар, тарихи тарихи әңгімелер және сол дәуірдегі халық ауыз әдебиетінің басқа да үлгілері халық даналығына көз жеткізіп, оның тарихи оқиғаларға тура баға бере алуымен қайран қалдырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Қазақ ССР тарихы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
XVI-XIX Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті ( XVIII ғ. мен ХХ ғ. басы)
XIX ғасырының мәдениеті
Музыка өнері
Осман империясы құрамындағы араб елдері және олардың түрік езгісіне қарсы көтерілістері
Рационализм ғасырының мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz