Нотариустың құжат айналымын автоматтандыру
М а з м ұ н ы
Қысқартылған сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.Нотариус жұмыс орнының және құжат айналымының сипаттамасы
6
Есептің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Нотариустың құжат айналымын автоматтандырудағы кейбір мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
Нотариустың қызметінің құқықтық негіздері мен міндеттері.. 7
Нотариаттық іс.әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері ... ... 13
ҚР . да нотариаттық іс.қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2. Нотариустың құжат айналымын автоматтандырудың ақпараттық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Ақпараттық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Тапсырманы орындауда пайдаланылған қолданбалы бағдарламалық пакеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Мәліметтер қоры туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 28
Мәліметтер қорының мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... .. 30
Ms Access бағдарламасының құрылымы мен типтері ... ... ... 32
Delphi бағдарламасына кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
Delphi бағдарламасының құрылымы мен қызметі ... ... ... ... 46
Бағдарламалық кешеннің сипатталуы ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 62

Кіріспе
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында деректер қоры түсінігі көп қолдалынуда.** Ал заң саласы бойынша заңгерлерді бағдарламамен қамту мен олардың жұмыс орындарын автоматтандыру жетіспеушілігі сезіледі. Бұл тақырыптың маңыздылығы заңгерлердің көпшілігі компьютердің мүмкіншіліктерін жетік қолдана бермейді.** Ал заң саласы бойынша жұмыс орындарын автоматтандыру жетіспеушілігі сезіледі. Себебі, заңгерлердің көпшілігі компьютердің мүмкіншіліктерін жетік қолдана бермейді.
Бұл жұмысты бастамас бұрын, жұмыстың негізгі бөлігінде келесі айтылатындарға ерекше тоқталу керек. Заңгерлер деп: нотариустерді, прокурорларды, соттарды, адвокаттарды, тергеушілерді айтады. Заңгерлердің жұмысын бағдарламамен қамтамасыз ету өте ауқымды жұмыс болып табылады, өйткені олардың алдында тұрған мақсаттары және заң жүзінде бекітілген жүйесі әр түрлі. Осы дипломдық жұмысымда заңгер-нотариусты қалап алдым, себебі қазіргі нарықтық экономика заманында нотариустың қызметін көп қолдануға тура келеді. Елімізде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырыла бастады, еркін, жеке, бюджеттен тыс нотариат органдары құрылды. Соңғы уақыт ішінде қазақстандық нотариат саласында маңызды өзгерістер болды. Қоғамдық құбылыстардың алдын алу мақсатында нотариаттық қауым республикада көптеген іс әрекеттер жасап, кәсіби салада халықаралық байланыстар жұмыстарын ұйымдастырды, отандық нотариаттың беделі арта түсуде.
Осы дипломдық жұмыста нотариустың жұмысы қаралады, ол есептік ақпараттар және құжаттардың сақталуы мен іріктелуін қамтамасыз ететін заң процесінің бөлігі болып табылады. Нотариалды процестің маңыздылығы нотариуспен тіркелген құжаттардың фактісі және нотариустың жұмысының тиімділігін (эффективтілігін) арттырады.
Дипломдық жұмысымда біріншіден, нотариустың жұмысының құқықты бөлігін автоматтандыру қызықтыратын болады. Анықтамалы ақпаратты бағдарламалар заңгердің техникалық жұмысының арнайы автоматтандырылуы болып табылады. Бұдан алатынымыз автоматтандыру бағдарламасында заңгерлік электронды анықтамалардағы өзгерістерді ескеру керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Информатика» Объектілі-бағдарлы бағдарламалау негіздері. Н.А.Ажиханов, Т.Қ.Қойшиева, А.М.Еспембетова. Оқу құралы. Түркістан - 2008.
2. Практическая разработка баз данных. Сеннов А., Питер – 2006г.
3. Microsoft Access 2003. Самоучитель. Тимошок Т.В.
4. Базы данных и приложения. Клименко А.К., ДиаСофт – 2001г.
5. Технология разработки програмного обеспечения. Учебник, Питер – 2002.
6. Информатика. Учебное пособие/Под ред. В.Г.Кирея – Иркутск: ИрГТУ, 1998 г. Том 2.–382с
7. Примеры программирования в Delphi. Изд.2 + CD.
8. Самоучитель Основы программирования Delphi7 + дискета Культин Н.Б.
9. Программирование баз данных в Delphi 7. Учебный курс В. Фаронов: Издательство "Питер".
10. Работа с локальными базами данных в Delphi. А.Я.Архангельский. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 2000.
11. Программирование документов и приложений Office в Delphi +CD Категория: Компьютерная литература > Программирование > Delphi. Корняков В.Н., BHV-СПб.
12. Delphi 6 Наиболее полное руководство. В.Э.Гофман, А.Д.Хомоненко, БХВ - Петербург – 2001.
13. База данных. Модели, разработка, реализация. Карапова Т.С. -Петербург: Питер - 2001.
14. Нотариаттық құжаттардың үлгілері. Республикалық нотариаттық палата, Астана – 2009.
15. Нотариальная деятельность в Республике Казахстан, Нотариальная палата Южно-Казахстанской области, Шымкент – 2006
16. Бюллетень нотариуса, №7 – 2004.
17. Бюллетень нотариуса, №1 – 2009.
18. Бюллетень нотариуса, №2 – 2009.
19. Мир закона, Юридический научно-практический журнал, №7 – 2001.
20. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,
21. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңы,
22. Қазақстан Республикасының «Нотариат» туралы Заңы,
23. Қазақстан Республикасының нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық,
24. Қазақстан Республикасының нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулық,

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Қысқартылған сөздер
1. АК – Азаматтық Кодекс
2. МҚ – мәліметтер қоры
3. МҚБЖ – мәліметтер қорын басқару жүйесі
4. ҚР – Қазақстан Республикасы
5. ДҚ – деректер қоры
6. Ms Word - Microsoft Word
7. Ms Excel – Microsoft Excel
8. Ms Access – Microsoft Access
9. ЭЕМ – электрондық есептеуіш машинасы
10. VCL - Visual Component Library
11. ОБП - объектілі-бағдарлы программалау
Кіріспе
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында деректер қоры түсінігі көп қолдалынуда.** Ал заң саласы бойынша заңгерлерді бағдарламамен қамту мен олардың жұмыс орындарын автоматтандыру жетіспеушілігі сезіледі. Бұл тақырыптың маңыздылығы заңгерлердің көпшілігі компьютердің мүмкіншіліктерін жетік қолдана бермейді.** Ал заң саласы бойынша жұмыс орындарын автоматтандыру жетіспеушілігі сезіледі. Себебі, заңгерлердің көпшілігі компьютердің мүмкіншіліктерін жетік қолдана бермейді.
Бұл жұмысты бастамас бұрын, жұмыстың негізгі бөлігінде келесі айтылатындарға ерекше тоқталу керек. Заңгерлер деп: нотариустерді, прокурорларды, соттарды, адвокаттарды, тергеушілерді айтады. Заңгерлердің жұмысын бағдарламамен қамтамасыз ету өте ауқымды жұмыс болып табылады, өйткені олардың алдында тұрған мақсаттары және заң жүзінде бекітілген жүйесі әр түрлі. Осы дипломдық жұмысымда заңгер-нотариусты қалап алдым, себебі қазіргі нарықтық экономика заманында нотариустың қызметін көп қолдануға тура келеді. Елімізде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырыла бастады, еркін, жеке, бюджеттен тыс нотариат органдары құрылды. Соңғы уақыт ішінде қазақстандық нотариат саласында маңызды өзгерістер болды. Қоғамдық құбылыстардың алдын алу мақсатында нотариаттық қауым республикада көптеген іс әрекеттер жасап, кәсіби салада халықаралық байланыстар жұмыстарын ұйымдастырды, отандық нотариаттың беделі арта түсуде.
Осы дипломдық жұмыста нотариустың жұмысы қаралады, ол есептік ақпараттар және құжаттардың сақталуы мен іріктелуін қамтамасыз ететін заң процесінің бөлігі болып табылады. Нотариалды процестің маңыздылығы нотариуспен тіркелген құжаттардың фактісі және нотариустың жұмысының тиімділігін (эффективтілігін) арттырады.
Дипломдық жұмысымда біріншіден, нотариустың жұмысының құқықты бөлігін автоматтандыру қызықтыратын болады. Анықтамалы ақпаратты бағдарламалар заңгердің техникалық жұмысының арнайы автоматтандырылуы болып табылады. Бұдан алатынымыз автоматтандыру бағдарламасында заңгерлік электронды анықтамалардағы өзгерістерді ескеру керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жоғарыда айтылғандардың бәрін есепке ала отырып, нотариустың жұмыс орнын жетілдіру және жеңілдету болып табылады.
Бұл үшін келесідей мақсаттар қарастырылады:
Объектті зерттеудің экономикалық негізделуі, бұл мақсатта объекттің техникалық – экономикалық мінездемесі жүргізіледі;
Міндетті түрде ақпараттарды жіктеу, ақпараттарға кірісшығыс анықталады. Бұл нотариустың құжат айналымын автоматтандыру құру кезінде мынадай мүмкіндіктерді береді: енгізу, өңдеу, сақтау мен шығу т.б.;
Қолданған технологияны және бағдарламамен қамтамасыздандыруды қарастыру;
Құжаттарды және мұрағаттағы құжаттарды іздестіруді тездетілген түрде жүзеге асырылады;
Нотариустың атқарған іс-әрекеттерінің есебін шығару.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы қысқартылған сөздерден, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады, негізгі бөлімнің өзі екі бөлімді құрайды.
Бірінші бөлімінде нотариустың құжат айналымын автоматтандырудағы кейбір мәселелер, нотариустың қызметінің құқықтық негіздері мен міндеттері, нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері т.б баяндалады.
Екінші бөлімде тапсырманы орындауда пайдаланылған қолданбалы бағдарламалық пакеттер, әсіресе Delphi 7 және Access 2003 бағдарламалары туралы, олардың мүмкіндіктері, компоненттері, құрылымы мен типтері туралы жазылды.
Диплом жұмысының бағдарламасы Delphi 7 ортасында жазылған. Аталған ортаның артықшылықтары:
пайдалану тиімділігі;
жоғары қуаттылығы, өнімділігі.
Ал мәліметтер қоры Access 2003 офистік бағдарламасында құрылған, себебі ол, біріншіден, кең тараған МҚБЖ құру жүйесі, екіншіден, қолданысқа өте қарапайым және жылдам.
І. Нотариус жұмыс орнының және құжат айналымының сипаттамасы
1.1 Есептің қойылымы
Тапсырманың қойылымына келер болсақ, Нотариустың жұмыс орнында ай сайын және жыл бойы жасалған іс-әрекеттердің есебін шығару, тіркелген азаматтардың мәліметтерін сақтауға, өзгертуге, сорттауға және өңдеуге, әрбір жасалынатын іс-әрекетке көмек алуға (керекті құжаттардың тізімі), керек болған азамат туралы және жасалған іс-әрекет туралы мәліметті іздеп табуға, қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін бағдарлама құру болып табылады.

1.2 Нотариустың құжат айналымын автоматтандырудағы кейбір мәселелер
Қазіргі дамыған заманда қоғамның барлық саласын реформалануда. Нотариат саласын да реформалау қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта нотариустардың қызметі автоматтандырылмаған, нотариустердің құжаттары, мұрағаттағы нотариалдық құжаттары, статистикалық есептері қолмен реттеледі.
Осы мәселені шешудің жолы, нотариус қызметіне автоматтандыру жүйесін енгізу болып табылады. Нотариустардың жұмыс жасау сапасын көтеру, сондай-ақ нотариустардың қызметтерін реттеу жасау әдістерін жеңілдету мақсатына бағытталады.
Кез келген мекеменің, компьютерлік мамандардың жұмысын да ақпараттардың маңыздылығы артып отыр. Ақпараттық жүйенің дамуы нәтижесінде сақталуы, өңделуі керек болған ақпараттың көлемі де артуда. Мәліметтерді өңдеу технологиясы және алу – мәліметтер базасының көмегімен көп қолданушының ақпараттарын сақтауды ұйымдастырады. Қазіргі заман ақпараттық технологиясын идеяның бірі мәліметтер базасы концепциясы.
Бұл технология негізгі 2 мақсатта қолданылады:
1. Есептеу технологиясын сандық есептеулер жүргізу үшін қолдану. Күрделі математикалық есептерді шешу үшін бағдарламалау тілдері т.б.
2. Есептеу техникасын автоматтандырылған немесе автоматтық ақпараттық жүйелерде қолдану. Ақпараттық жүйе мәліметтерді компьютер жадысында сақтауды, есептеуді және қолданушыға ыңғайлы қолдануды қамтамасыз етеді.
Әдетте мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады;
1-категориясы – жобалаушылар. Олардың міндетті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер қорының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер қорын нақты мәліметтермен толтырмайды.
2-категориядағы мәліметтер қорымен жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер қорын пайдалануға арналған.
Осыған сәйкес мәліметтер қорымен жұмыс істеудің екі режімі бар: біріншісі мәліметтер қорын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның объектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметер қорын пайдалануға арналған.
1.3 Нотариустың қызметінің құқықтық негіздері мен міндеттері
Нотариат – бұл қазіргі кездегі мемлекеттік құқық қорғау жүйесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Бірінші кезекте жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді және заңды бекіту мен заңдылығының дұрыстығын азаматтардың құқықтарымен міндеттерін тиянақтау арқылы біркелкі әрі өз уақытысында нотариалдық әрекет арқылы келешекте болатын не болып қалуы ықтимал заң бұзушылықтың алдын алу. ҚР-ғы нотариат құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ ҚР Нотариат туралы заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі болып табылады.
Нотариус – нотариаттың өкілетті тұлғасы, олар басқа мекемелерде
жұмыс атқара алмайды, тек сабақ берумен және ғылыми жұмыспен айналыса алады. Нотариус сөзі латын тілінен аударғанда nota заң әріпі деген мағына береді, яғни нотариус - заңды орындаушы адам.
Нотариустер нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады.Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді. Нотариус өз атына және өз атынан, өз жұбайының, оның және өз туыстарының атына және олардың атынан нотариаттық іс-әрекеттер атқара алмайды.
Оның әрқашан айналысқан және айналысатын бірқатар функциясы-ол процессуалды, еш дәлелдеуді қажет етпейтін құжаттарды куәландыру. Өзінің кәсіби міндеттемелерін орындаған кезде нотариус- заңды қорғаушы функцияларды атқарады, нотариус заң қорғаушы органдардың қатарына ешқашан кірмеген, ал Әділет министрлігі заң қорғаушы орган қатарына жатады. Заң қорғаушы орган – құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесі.Бұл құқық қорғау қызметімен нотариуста айналысады. Өз әркетімен ол адамзаттардың құқықтары мен заңды тұлғалардың құқығын қорғайды. Бір қызығы нотариус әрқашан Әділет министрлігінің номенклатурасына енгізілгенмен заң қорғау орган қатарына жатпайды..Жеке нотариус ешкіммен кәсіби-еңбек қарым қатынасында тұрмайды., себебі өзін өзі қаржыландыру жүйесі қарастырылған. Нотариус юстиция арқылы қызметке тұрса да бұл еңбек қарым қатынасына жатпайды. Жеке нотариустар Әділет депертаментінің бастығының бұйрығына бағынады. Үкімет Әділет органының атынан ерікті нотариат енгізеді, оның атынан нотариалды әрекеттер жасауға рұқсат береді. Әлемде нотариат қарым-қатынасы жайында 2 иерархия бар: бірі Әділет органы болса, екіншісі нотариалды палата.
Нотариалды палата – бақылаушы орган, координалды құрылым, кәсіби одақ, бірлестік. Ең басты қызметі – жеке нотариустарға басшылық жасап, олардың қызметін үйлестіріп отырады. Бірде-бір заң беруші актілерде кәсіби бірлестік деген ұғым жоқ , сондықтан да Әділет органында нотариалды палата қоғамдық бірлестік ретінде тіркелген. Бірақ кез-келген қоғамдық бірлестікте мүше болу еркін түрде жүргізіледі, ал заң беруші нотариалды палатада мүше болу міндетті. Әрбір нотариус аймақтық нотариалды палатаның мүшесі болып табылады. ҚР-ның әрбір облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бір нотариаттық палата құрылады.
Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім шарт жасау және сатып алу құқығын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды. Нотариат жеке меншікті қорғауға бейім және барлық азаматтық айналымға қатысушылардың құқын, мүліктік құқықтың дұрыстығын қорғауды қамтамасыз ететін азаматтық құқық институты ретінде туындады. Нотариустар жүзеге асыратын құзіреттер (функциялар) қоғаммен сұраныста, әрі жан-жақты қажетті болғандықтан тарихи нотариат кез-келген елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
1997 жылға дейін ҚР-да нотариаттық органдардың мемлекеттік жүйесі ғана – мемелекеттік нотариаттық кеңселер ғана іс жүзінде болды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқын қорғау және тұрақтандыруға ықпал етіп, азаматтық-құқықтық қатынастарды дамытуға нотариаттың рөлі айтарлықтай болды. Нотариустар мұндай қорғау құзіреттерінің толық көлемін азаматтық-құқықтық актілер мен келісім шарттарды растаумен, нақты фактілер мен құжаттарды куәландырумен атқарады және атқарып келеді.
Нарықтық экономикалық қатынасқа көшуіне меншік түрлерінің көп салалануына, кәсіпкерлердің дамуына, экономикалық кеңістікке шығуға байланысты нотариатты реформалауға қажеттігі туындады. Жүргізілген құқықтық реформа тек сотты ғана емес азаматтық құқықтарының өзге түрлерін қозғады, соның қатарына нотариаттық қызмет те жатады. Экономикада болып жатқан өзгерістер Конституциямен кепілдендірілген азаматтардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ететін механизімді жетілдіру қажеттігі туындады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқын қорғау және тұрақтандыруға ықпал етіп, азаматтық-құқықтық қатынастарды дамытуда нотариаттың рөлін айтарлықтай көтеру Конституцияның маңыздылығынан шығады. Нотариустар мұндай қорғау құзіреттерінің толық көлемін азаматтық-құқықтық актілер мен келісім шарттарды растаумен, нақты фактілер мен құжаттарды куәландырумен атқарады және атқарып келеді. Қазақстан құқықтық мемлекет құруда, ең жоғары құндылық ретінде адамның құқықтары мен оның бостандықтары танылады. Сондықтан да нотариат-азаматтардың мамандандырылған құқықтық көмек алу құқығы деген ең маңызды коституциялық кепілдіктердің бірін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінгі таңда нотариат ұлттық құқықтық жүйені қамтамасыз етудің және еліміз тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттырудың маңызды факторы болып саналады.
Осы заманғы нотариатты азаматтардың құқықтарын қарайтын және азаматтардың құқықтық қарым-қатынасына қатысушы басқалардың да мүддесін қорғайтын тиімді құқық қолдану институты деп айтуға болады.
Ешбір талассыз юрсдикция институты саналатын осы заманғы нотариат азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушыларды бірқатар кикілжің жағдайлардан тез арылуына мүмкіндік жасап, құқықтық механизімдерді құруға елеулі үлес қосуда. Нарықтық экономиканың құқықтық негізін құрайтын түйінді заңдардың бірі – Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 14 шілдесінде қабылданған Нотариат туралы Заңы. Бұл заң еркін дербес нотариаттың ашылуына мықты дүмпу берді және оның дамуына кеңінен жол ашты. Осы сәттен бастап мемлекеттік нотариаттың әлемдегі өркениетті көпшілік елдерде жүзеге асырылатын бюджеттік емес-жеке нотариатқа көшу кезеңі басталды.
Осы заңға ҚР-ның 1998 жылдың 13 қарашадағы № 302-1 Заңымен өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Бұл заң нотариаттық құрылымдық негізінің өзгеруін ескере отырып, мемлекеттік нотариатпен қатар жеке меншік нотариаттардың пайда болатынын айқындады. Мемелекеттік және жеке меншік нотариустардың нотариалдық қызмет атқарудағы құқықтары мен міндеттері біркелкі. Олар рәсімдейтін құжаттардың да заңды күші бірдей.
Нотариатты реформалаудың алғашқы кезеңінде көп жағдайда нәтижелерге қол жеткізілді, нотариуске келу көп уақыт алмайтын болды, өйткені, барлық дерлік нотариустардың офистері келушілерге ыңғайлы жерлерде орналасқан және техникамен жақсы жабдықталған.
Кәсіби құпияны қатаң сақтауға міндетті алалаусыз әрі тәуелсіз нотариустардың арқасында азаматтар мен заңды тұлғалар жасалатын келісім-шарттарды еркін рәсімдеуге және құқықтық белгідегі өзге де құжаттарды нотариттық растауға мүмкіндік алды.
Нотариат - даусыз келісімдерді, фактілерді дәлелдеуді, құжаттарды куәландыруды және азаматтардың құқықтарын заңды түрде бекітуге бағытталған басқа да нотариалдық іс-шараларды орындау қызметтерін жүзеге асырушы органдар жүйесі болып табылады
Дәл қазіргі уақыттағы нотариаттың қызметі ҚР-ның негізгі Нотариат Заңымен қарастырылған және ҚР-ның Азаматтық кодекстің тиісті баптарымен көрсетілген.
Нотариалдық мекеме қызметінің мазмұнын мынандай топтарға бөлуге болады:
1) Нотариалды әрекеттер, даусыз деректерді куәландыруға бағытталған. Бұл топқа азаматтық-құқықтық қатынастарды куәландыру жатады. Соның ішінде заң үшін қарастырылған нотариалды форма түрі, атап көрсеткенде: сатып алу – сату келісім шарттары, сыйға тарту шарттары, тұрғын үй кепілі, пәтерлер, жер телімдері және т.б. және сатып алушы мұндай жолмен тұрғын үйдің иесі бола алмайды. Тағы да осы нотариалды әрекет түріне сенімхаттарды, өсиеттерді куәландыру, басқа меншік иесінің мүлкін иелену құқығы, сонымен сотта іс жүргізуге рұқсат алу құқығы, құжат алу, пәтерді уақытша мерзіммен алу, және т.б. құқықтар жатады.
2) Нотариалды әрекеттер даусыз құқықты куәландыруға бағытталған, бұған ерлі-зайыптылардың, ата-ананың, туған-тумалардың, басқада тұлғалардың мұраға құқық туралы куәліктерін беру. Ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығы туралы куәлік беру, егер мұндай келісім екі жақ бойынша келісілген болса, не бір ерлі-зайыптының бірі қайтыс болған жағдайда, нотариус ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.
3) нотариалды қорғау әрекеттері,яғни мұрагерлердің мүмкінділік мерзіміне дейін қорғау, бұл топқа мүлікке мәмілелердің жүзеге асырылуына тиым салу және құнда қағаздарды нотариалды қорғауға алу жатады.
4) Құжаттың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру.
5) Сот тергеуі кезінде қажетті дәлелдердің нотариуста болуы істің ақ-
қарасын ашуға көмектеседі.
6) Деректер бойынша нақты бір азаматтың тірі болу фактісін, не бір азаматтың белгілі бір жерде табылу фактісін, құжаттардың көрсетілу уақытын куәландыру.
Нотариустың құқықтары.
Нотариус:
өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес ҚР Нотариат туралы Заңында және ҚР – ның басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;
нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;
ҚР – ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге;
ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға құқықты.
Нотариустың міндеттері.
Нотариус:
Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңында және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес нотариатттық іс-әрекеттер жасауға;
Азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдалануы мүмкін болмау үшін, жасалған нотариаттық іс-әркеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
Кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
Кәсіптік әдепті сақтауға міндетті.
Негізгі ұғымдар
Азаматтық құқықтың субъектісі - азаматтық құқықтармен мен міндеттерге ие болу мүмкіндігіне қолы жететін жеке және заңды тұлға.
Азаматтық құқықтың субъектілері болып :
жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;
заңды тұлғалар;
мемлекет, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, ұжымдық құрылымдар, бірлестіктер, қорлар.
Жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесі мен негізгі құқығы мен міндеттері ҚР Конститутциясында заңдар мен заңға тәуелді актілерінде көрсетілген.
Жеке тұлға - бұл нақты жас шамасына жеткен , қабілетке ие болған және заңмен белгіленген тәртіп бойынша шектелмеген тұлға.
Азаматтардың категориялары:
1. 14 жасқа дейін толық әрекет қабілеттілігі жоқ. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, ҚР азаматтық кодексінің 23 бабына сәйкес ,олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаушылары жасайды;
2. 14 жастан -18 жасқа дейін шектеулі қабілетті. Олар заң өкілдерінің келісімімен азаматтық құқықтық қатынастарға араласа алады (АК-тің 22-бабы, 1 тармағы);
3. 18 жасқа толғаннан кейін толық әрекет қабілетті.
Жеке тұлға ретінде азаматтың субъективтік ортақ белгілері:
Қабілеттілік - адам өзінің атқарған әрекеттерінің мәнін түсінетін және басшылық ете аталатын күйі.
Қабілеттілік - азаматтың өз әрекеті арқылы азаматтық құқықтарды иелену және оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді қалыптастыру және орындау, 18 жасқа толу, яғни кәмелеттік жасқа толудан бастау алады (ҚР Аз 17 бабы).
Эмансипация - кәмілет жасқа толмаған он алты жастағы баланы толық қабілетті деп тану, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін (ҚРАК 22бап).
Заңды тұлға - өзінің меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы керек (ҚА АК 33 бабы).
Заңды тұлғаның негізігі белгілері:
оқшау мүлкінің болуы;
мүліктік жауапкершіліктің болуы;
азаматтық айналымға өз атынан қатыса алуы.
Заңды тұлғалар деп мемлекеттік кәсіпорындарды, шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды және өндірістік кооперативтерді айта аламыз.
Заңды тұлғалар дегеніміз - мүлікке құқығы бар құрылтайшылар мемлекеттік және муниципиалды біртұтас кәсіпорындарды қаржыландыратын мекеме болып табылады.
Мүліктік құқығы жоқ заңды тұлғаларға қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлары және заңды тұлғалардың біріктірулері жатады.
Сауда-саттық бірлестіктері заңды азаматтық құқыққа ие және өзіне азаматтық міндеттемеледі жүктейді.
Қызметтің жеке түрлерімен айналысу заңмен белгіленеді және лицензия негізінде ғана айналыса алады. Заңды тұлғалар мемлекеттік тұлғаны басқарушы актісінің негізінде, заңдастыру кезінде пайда болады Рұқсат етілген ретпен мекеме мен бірлестіктің, жеке тұлғалардың, заңды тұлғаны қалыптастырғысы келгенде пайда болады.
Заңды тұлға ликвидация кезінде, заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) кезінде жойылады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
1.4 Нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың негізгі ережелері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі ҚР Нотариат туралы Заңымен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен белгіленеді.
Біріншіден, нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды. Адамның жеке басын анықтау нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың жеке куәлігі немесе паспорты негізінде жүргізіледі. Нотариус ҚР Нотариат туралы Заңының 49 бабы бойынша аталған лауазымды адамдар жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттер тізілімге тіркеледі. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімге, тегі, аты, әкесінің аты және туған жері, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат туралы деректерді көрсетіп, құжатқа қол қойған адам туралы мәлімет енгізеді.
Нотариустың жасайтын нотариаттық іс-әрекеттері:
1. мәмілелерді куәландырады;
2. шарушылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
3. мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды;
4. мұраға құқық туралы куәлік береді;
5. ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
6. мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7. құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
8. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9. құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10. Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
11. Азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
12. Құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
13. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
14. Ақшаны депозитке қабылдайды;
15. Вексель наразылықтарын жасайды;
16. Сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
17. Теңіз наразылықтарын жасайды;
18. Дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
ҚР-ның заң актілерінде нотариус жасайтын өзгеде нотариаттық іс- әрекеттер көзделуі мүмкін.
Нотариатық іс-әрекеттер барлық құжаттар түгелімен берілген күні, нотариустың кеңсесінде жасалады, басқа жағдайда нотариус кеңсесінен тыс жерлерде (емханада, үйде) жасалынады .
Елді мекенде нотариус болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды адамы келесі әрекеттерді іске асырады:
1. Өсиетті куәландырады
2. Сенімхатты куәландырады
3. құжаттаркөшірмелерінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куландырады
4. құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куландырады.
Мәмілелерді куәландыру
Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанды мәмілелерді куәландырады. Тараптардың тілегі заңмен міндетті нотариаттық нысан белгіленбеген мәмілелер мен басқа да мәмілелер куәландырылуы мүмкін.
Мәміленің 2 түрі кездеседі:
1. Кеңге таралғаны: Келісім – екі жақтың еркі (екі жақты мәміле) немесе үш не көптеген жақтардың (көп жақты мәміле) келісімдері.
2. Бір жақты мәмілелер – мәміле, заң бойынша іске асырылатын, бір ғана жақтың келісімі түйінді шешуге бағытталған (мыс.,сенімхат, өсиет т.с.с.)
Қолданылып жүрген заңға сәйкес мәмілелердің мынадай түрлері міндетті нотариаттық куәландыруға жтады:
1) рента шарты;
2) өсиеттер;
3) мүлік басқаруға, егер заңда өзгеше көрсетілмесе нотариаттық куәладыруды талап ететін мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар;
4) азаматтық заңдармен көзделгендегіден басқа жағдайларда қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхаттар;
5) неке шарттары және т.б.
Мәміле нақты болу үшін, мына көрсетілген шарттарды орындау қажет:
1. заңға қарсы шықпайтын негізгі екі жақтың қалаулары бойынша орындалатын мәміле.
2. әрекеттер заңға сәйкес болуы керек.
мәміле жасау сәтінде әрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкагольдік немесе есірткелік масаю халінде болса нотариус мәмілені куәландырудан бас тартуы тиіс.
Мәміле пішіні - бұл қатысушылардың еркін білдіруі. Мәміле екі жақ келісімі бойынша жазбаша түрде жазылмаса, ауызша түрде атқарылуы мүмкін.
Нотариалды пішінді мәмілелер жай жазбаша түрде болмаса шындық болып табылмайды.
Жазбаша мәміле. Жазбаша мәмілелер құжатты құрастыру кезінде қатысушы жақтардың қол қоюымен реттеледі.
Екі жақты (көп жақты) мәмілелер заңның құқықтық актілері мен екі жақтың келісім арқылы жүзеге асырыллады.
Мәміле кезінде механикалық және көшірмелерді қолдану, электрондық сандық қол қою заңға сәйкес рұқсат етіледі.
Егер азамат өз ауруына байланысты қол қоюға шамасы келмей оның орнына басқа адам қол қоюына рұқсат. Екінші адамның қолы нотариуспен немесе басқа өкілет тұлғасы арқылы куәландырылады.
Алайда мәміле жасауда мәмілеге қол қоюшы азамат жұмыс істейтін жермен, өзі қол қоя алмайтын адам, не аурухана администрациясы куәландыра алады.
Шартты бұзу мәмілелері тіркеуші органда тіркелген жағдайда шартқа қосып келісім құру жолымен рәсімделеді. Мұнда нотариус тиісті келісімді куәландырады және оны белгіленген тәртіп бойынша тіркейді.
Мүлікті ақысыз пайдалануға немесе жалға беру туралы шарттарды куәландыру
Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқық беретін Нұсқаулықтағы көрсетілген құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипатталарын талап етеді.
Мүлікті уақытша пайдалану немесе жалға беру туралы шарттың жағдайлары тараптардың келісімімен, қажет жағдайларда – сондай-ақ ҚР-да қолдалынып жүрген заңдар талаптарымен айқындалады.
Нотариус азаматтардың және заңды тұлғалардың, оның ішінде шетел азаматтарының ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.
Өсиеттерді куәландыру
Нотариус ҚР-ның заң талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті азаматтар жасаған және олардың өздері нотариусқа табыс еткен өсиеттерді куәландырады, мұндай жағдайда өсиет қалдырушының азаматтығына мән берілмейді.
Бірнеше тұлғалар атынан не өкілдер арқылы өсиеттерді куәландыруға жол берілмейді (Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 1-тармағы).
Құпия өсиетті куәландырғанда нотариус ҚР-ның АК-нің 1050-бабында көрсетілген өсиет нысанына қойылатын талаптарды өсиет қалдырушыға түсіндіруге міндетті.
Егер өсиет қалдырушы дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті жеке өзі оқи алмайтын жағдайда болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә жария етеді, бұл туралы өсиет қалдырушының жеке өсиетті оқи алмауының себебі көрсетілген куәландырған жазбаға дейінгі өсиет мәтініне тиісті жазу жазылады.
Сенімхаттарды куәландыру
Нотариустар бір немесе бірнеше адамның атынан бір немесе адамның атына сенімхаттарды куәландырады. Өкіл тікелей өзіне қатысты, бір мезгілде өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты сенімхат бойынша іс-әрекеттер жасай алмайды.
Сенімхат мәтінінде оның жасалған (қол қойылған) жері мен күні, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен туған жері, тұратын жері және сенім білдірген адамның тегі, аты, әкесінің аты мен тұратын жері, ал қажет болған жағдайларда атқаратын қызметі де көрсетілуге тиіс.
Сенімхаттың қолданылу мерзімі жазбаша көрсетіледі және үш жылдан аспауы керек. Егер сенімхатта мерзім көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жылға дейін күшін сақтайды. Жасалған күні көрсетілмеген сенімхат жарамсыз болып есептеледі.
Нотариаттық кцәландыру талап етілетін мүлікті басқаруға, мәмілені жасауға арналған сенімхат, сондай-ақ қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін сенімхат (ҚР-сы Азаматтық Кодексінің 167-бабының 4-тармағында көрсетілген сенімхаттан басқа) нотариаттық куәландыруға жатады.
Сенімхат заңды тұлғаның талабы бойынша оның атынан нотариаттық куәландырылуы мүмкін. Бұл жағдайда сенімхатқа қол қойған лауазымды адамның өкілеттігі тексерілуне тиіс.
Сенімхат беруші тұлға кез-келген уақытта сенімхатты немесе қайта сенім білдіру туралы сенімхатты бұзуға құқылы, ал сенімхат берілген тұлға кез-келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл құқықтардан бас тарту жөніндегі келісім жарамсыз болып табылады.
Жеке нотариустардың нотариалды іс-әрекеттерді жасау төлемі ҚР-сы салық заңнамасында көрсетілген мемлекеттік баждардың өлшеміне сәйкес ставка бойынша жүзеге асырылады.
Мұраға құқық туралы куәліктер беру
Нотариус мұраның ашылған орны бойынша мұраға құқық туралы куәлік мұрагердің өтініші бойынша беруге міндетті. Мұраға құқық туралы куәлік заң бойынша, сонымен бірге өсиет бойынша да беріледі.
Мұраға құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.
Мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арызды нотариус мұраның ашылған орны бойынша, ол өзінің мұраға қатыстылығы жөнінде білген немесе білуне тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде қабылдайды. Дәлелді себептер болған кезде бұл мерзімнің сотпен, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік бергенде нотариустың тексеретіндері:
1) мұра қалдырушының қайтыс болу фактісі;
2) мұраның ашылу уақыты мен орны;
3) мұрагерлердің мұра қалдырушылармен туыстық және басқадай қатыстарының барлығы,
4) мұраға құқық туралы куәлік берілетін мұралық мүліктің құрамы мен орналасқан жері;
Өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берілген кезде нотариус мыналарды тексереді:

2) өсиет қалдырушы жоймаған өсиеттің бар екендігі;
3) мұраның ашылу уақыты мен орны;
4) мұраға құқық туралы куәлік беріліп отырған мұралық мүліктің құрамы мен тұрған жерін;
5) мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамдар шеңбері және жұбайлардың жалпы мүлкіндегі орташа үлеске құқығы бар көзі тірі жұбайының бар болуы;
Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүліктері
Үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру
Мүлкі ортақбірлескен меншілте тұрған адамдардың бірлескен жазбаша арызы бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.
Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) неке қатынастарын куәландыратын құжат (неке туралы куәлік);
2) ортақ бірлескен меншік режимінен ерекшеленетін, мүліктің өзге режимін белгілейтін неке келісімінің бұрын олардың арасында жасалғандығы туралы жұбайлардың арызы;
3) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
4) автокөлік құралдарына техникалық төлқұжат (тіркеу туралы куәлік және т.б.) және т.б.
5) жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттар (тұрғын үй-құрылыс, тұрғын үй және өндірістік кооперативтерді жинақтар, ақша салымдары, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестер).
Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру
Нотариус құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын егер ол Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмеген және заңдық мәні болған жағдайда куәландырады.
Нотариус заңды мағынасы жоқ жеке хаттарды, монографияларды, мақалаларды, кітаптарды, газеттік шығарылымдарды және де нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың көшірмесінің дұрыстығын куәландыруғв құқы жоқ.
Нотариус тазартылған, қосымша жазу жазлған, сызып тасталған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген өзге де түзетулері бар құжаттың, немес егер құжат қарындашпен жазылса, мәтіні түсініксіз болса, тиісті түрде нөмірленбеген, бауланбаған және бекітілмеген бірнеше бетке жазылса, немесе мөрдің бедерлемесі анық емес, өшіріліп қалған құжаттың көшірмесінің дұрыстығын куәландыруға құқылы емес.
Нотариалды куәландырылған көшірмеде түпнұсқа құжаттың дәлме-дәл мәтіні болуға, лауазымды адамдардың қолдарының бар екендігі көрсетілуге, сондай-ақ құжат бекітілген мөрдің нақты мәтіні болуға тиіс. Көшірмеде нотариустың куәландыру жазбасы, оның қолы және мөрдің бедерлемесі қойылады.
Азамат берген құжат көшірмесінің дұрыстығы жеке тұлға қолының дұрыстығын заңда белгіленген тәртіппен нтариус немесе нотариаттқ іс-әрекет жасауға заңмен өкілеттік алған лауазымды тұлға куәландырған жағдайда куәландырады.
Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру
Нотариаттық әрекет жасату үшін нотариусқа арызды өзі берген адам қолының дұрыстығы арыз берумен қатар (жұбайының мүлікті меліктен шығаруға келісім беруі және т.б.) арыз берушінің жеке басы анықталады, ал оның қолының дұрыстығы жеке басын куәландыратын құжат негізінде тексерілді деген нотариустың қол қоюымен (тізбеде тіркелме) куәландырылады.
Нотариус құжатта 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың қолының дұрыстығын ата-аналарының біреуінің (асырап алушының, қамқоршының) қатысуымен, ал әрекет қабілеттігі шектеулі адамдардың – қамқоршылардың келісімімен куәландырады.
Егер құжатта куәландыру құқығы мемлекеттік органға берілген жағдайлар көрсетілген болса (мәселен, туу, неке қию, қайтыс болу уақыты және т.б.), азаматтың құжатқа қойған қолының дұрыстығы куәландырылмайды.
Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру
Егер нотариус тиісті тілдерді білген жағдайда, ол бір тілден екінші тілге жасалған аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер нотариус құжат жазылған тілді немесе құжаттың оның ішінде нотариаттық куәландрылған мазмұнын аудару қажет болған тілді білмесе аударманы аудармашы жасауы мүмкін. Бұл ретте нотариус осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес және аудармашының өкілеттігін тексереді, жеке басын анықтайды.
Газет басылымдарының, кітаптардың, мақалалардың, монографиялардың, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерінің аудармалары мен нотариаттық әрекеттер жасау авторлық құқықтар сақтала отырып және заңмен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Түпнұсқадан бөлек мәтінде орналастырылған аударма түпнұсқа құжатқа бекітіледі, нөмірленеді, бауланады, нотариустың қолымен және мөрімен бекітіледі.
1.5 ҚР – да нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Жалпы ережелер
1. Нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі Нұсқаулық 6.38-72 Мемлекеттік Стандарттың ұйымдастыру-әкімшілік құжаттарына қойылатын негізгі ережелері мен талаптары ескеріле отырып жасалған және нотариатта іс қағаздарын жүргізудің біртұтас тәртібін орнықтырады.
2. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңның 4-бабына сәйкес нотариаттық іс-қағаздарын жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік нотариат кеңсесінде іс қағаздарын жүргізудің және мұрағаттың дұрыс ұйымдастрлып жүргізілуі үшін жауапкершілік аумақтық әділет органы басқармасы бастығының бұйрығымен мемелекеттік нотариат кеңсесі нотариустарының біріне жүктеледі.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың, іс-қағаздарын жүргіуі мен мұрағатының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне жауапкершілікті жеке практикамен айналысатын нотариустың өзі көтереді.
3. Мұрағат үшін жауапты жекеше нотариаттық нотариус жұмыстан шыққын немесе басқа жұмысқа ауысқан жағдайда, оның міндеттері басқа нотариусқа жүктеледі, бұл жөнінде қабылдау-өткізу актісі жасалады. Жеке жұмыс істейтін нотариус өз өкілеттігін тоқтатқан жағдайда аумақтық әділет органы және нотприаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немес тиісті жекеше нотариаттық мұрағатқа тапсыру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті (Нотариат туралы Заңның 12-бабының 3-тармағы).
Іс номенклатурасын құрастыру
Мемлекеттік нотариат кеңсесінің және жеке практикамен айналысатын нотариустың құжаттары олар орындалғаннан кейін белгілі бір мәселелер бойынша құжаттар жиынтығы ретінде іске топтастырылады.
Құжаттарды топтастыру іс жүргізуде олардың (істер, тізілімдер, кітаптар, журналдар) сақталу мерзімдері көрсетілген жүйеленген тақырыптар тізбегінен тұратын үлгі номенклатурасының негізінде N 5-қосымшы іс номенклатурасында тізіледі.
Нотариат істері номенклатурасының даналары қажетті мөлшерде басылады және клер жылдың 1қаңтарынан бастап іске қосылады.
Статистикалық есеп берулер жасалған уақтына қарамастан мазмұнына қарай қай жылға жататын болса сол жылдың нарядына тігілуі тиіс.
Құжаттарды қалыптастыру, сақтау және оларды мұрағатқа тапсыруға дайындау.
Нарядтарды қалыптастыру барысында мна ережелерді сақтак қажет:
бекітілген іс номенклатурасына сәйкес келетін атқарылған, дұрыс рәсімделген құжаттарды ғана нарядтарға енгізу;
бір мәселені шешуге қатысы бар барлық құжаттарды бірге орналастыру;
көшірілетін істерден басқа бір жылдың ұжаттарын нарядтарға топтастыру;
тұрақты және уақытша сақталатын құжаттарды нарядтарға жекелей қалыптастыру;
нарядтарға қайтарылуы тиіс құжаттар, артық даналар, бастапқы қолжазбалар тігілмеуі тиіс;
нарядтағы парақтар саны 250-ден аспауы тиіс.
Нотариат іс қағаздарындағы Құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың негізгі Ережелеріне сәйкес қалыптастырылған және рәсімделген, бағалық сараптаудан өткен тұрақты және уақытша (10 жылдан астам) сақтаудағы барлық аяқталған нарядтар мен жеке құрам жөніндегі нарядтарға нарядтар тізімдері жасалады.
Нарядтар тізімі – бұл нарядтардың құрамы мен мазмұнын ашатын нарядтар тақырыптарының жүйеленген тізбесі.
Нарядтар тізімі:
- тұрақты сақталатын нарядтарға;
- уақытша (10 жылдан аса) сақталатын нарядтарға;
- жеке құрам жөніндегі нарядтарға жеке жасалынады.
Мұрағатта нотариаттық іс-әрекеттердің сақталу мерзімдері
Кесте-1
№
Iстiң индексi
Iс атауы
Сақтау мерзiмi
1
2-1
Бөлінген жер учаскесінде тұрғын үй салу туралы шарт
75 жыл
2
2-2
Жеке тұрғын үйлердi, пәтерлердi, жер учаскелерiн иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттар соның негiзiнде куәландырылған құжаттар
75 жыл
3
2-3
Басқа да шарттар (мүлікті, жерді иеліктен алу және басқалар)
75 жыл
4
2-4
Нотариаттық куәландырылған өсиеттер
75 жыл
5
2-5
Мұралық iстер
75 жыл
6
2-6
Сенiмхаттар
оларды қолдану мерзімі біткен күннен бастап 3жыл
7
2-7
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік
75 жыл
8
2-8
Автокөлікті иеліктен алу
75 жыл
9
2-9
Мұралық істерді есепке алу кітабы
75 жыл
10
2-10
Иеліктен алуға тыйым салынған мүліктерді тіркеуге арналған тізілімдер
75 жыл
11
2-11
Орындау жазбаларының көшірмелері, оарға қатысты құжаттар
3 жыл
12
2-12
Ноатриаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер
тұрақты
13
2-13
Дәлелдемелерді қамтамасыз етумен байланысты жасалған құжаттар
5 жыл
14
2-14
Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың арыздарын басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға беру
3 жыл
15
2-15
Автокөлікті иеліктен алу шарты
75 жыл
Нотариаттық іс-әрекетті тіркеудің тізілімін жүргізу тәртібі
Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес барлық нотариаттқ іс-әрекеттер тізілімдерде тіркеледі.
Тізілімдер нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бекітіледі (Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы).
Әрбір нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу үшін жеке өзінің тізілімін иеленеді, сол үшін жеке индекс беріледі. Нотариаттық куәландырылған құжатта тізілім индексі мен тізілімдегі реттілік нөмірге сәйкес келетіндей нөмір қойылады. Әрбір тізілімнің индекс нөмірі жыл бойы өзгеріссіз сақталады.
Куәландыру жазбасына немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойғвннан кейін нотариус нотариаттық іс-әрекетті тізілімге енгізеді. Тізілімдегі жазуды өшіріп тазартуға жол берілмейді, ал түзетулер нотариустың колымен және мөрімен бекітілуі тиіс. Тізілімді қарндашпен жазуға жол берілмейді. Егер жіберілген қателер анықталған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттерді нөмірлеу барысында нотариустың қолымен анықтама жасалады да тізілімнің соңында тігіледі.
Тізілім кітабы 7 бағанадан тұрады, олар мынадай тәртіппен толтырылады:
1. тіркелген нотариаттық іс-әрекеттің реттік нөмірі көрсетіледі;
2. нотариаттық іс-әрекеттің жасалынған күні;
3. нотариаттық іс-әрекеттер жасалған азаматтардың немесе олардың өкілдіктерінің (ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар) тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты орындары, заңды тұлғалардың атауы мен тұрған орны көрсетіледі. Егер мәмілеге қатысушылардың біреуі сенімхат бойынша әрекет жасайтын болса, сенім білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты, сенімхаттың нөмірі мен уақыты қосымша көрсетіледі. Өз бетімен қол қоя алмайтындар үшін қол қойған азаматтардың, сондай-ақ аудармашылардың тегі мен аты-жөні, тұрғылықты мекені де осы бағанада көрсетіледі.
Егер нотариаттық рәсімделген құжаттың (мысалы шарт, өсиет және т.б.) бір данасы мемелекеттік нотариат кеңсесеінде немесе жекеше нотаруста қалдырылатын болса, тараптардың мекен-жайы көрсетілмейді;
4. нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген азаматтардың жеке куәліктері мен төлқұжаттарының деректемелері көрсетіледі;
5. құжаттар көшірмелерінің растығы куәландырғанда көшірмелердің неше дана, неше беттен тұратыны, құжаттардың атауы, құжат берілген адамның тегі, аты-жөндерінің бастапқы әріптері, сол құжатты берген органның атауы көрсетіледі;
- бұл бағанада жасалған мәмілені куәландыру кезінде тек мәміленің тірі, мәселен өсиет, сатып алу – сату шарты деп көрсетіледі, сондай-ақ берілген куәліктер туралы мәліметтер, мысалы меншік құқығы туралы куәлік, мұрагерлік құқық туралы куәлік деп жпзылады;
- сенімхатты куәландыру барысында сенімхат тірі көрсетіледі;
- біркелкі нысандағы құжаттарға бір мезгілдегі бірнеше орындау жазбалары жазылып берілгенде олардың тек жалпы саны ғана көрсетіліп, борышты өндіріп алу үшін борышкерлердің нотариат кеңсесіне қалдыратын тізіліміне сілтеме жасалып көрсетіледі;
6. мемлекеттік нотариус өндірген мемлекеттік баж салығының сомасы немесе нотариаттық іс-әрекетті жасағаны үшін жекеше нотариусқа төленген қаржы мөлшері көрсетіледі, төлемдік тапсырыс бойынша көрсетілген қаржы ұсталынғанда оның нөмірі мен берілген уақыты көрсетіледі. Егер азамат мемлекеттік баж салығын немесе жекеше нотариусқа қаржы төлеуден босатылған жағдайда ″төлеуден мынадай негізде босатылды...″ деп көрсетіледі;
7. нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш білдірген адамның қолы қойылады.
Нотариустың мөрі
Нотариустың өз тегі, аты-жөні көрсетілген жеке мөрі болады, сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) немесе нотариусқа берген лицензия нөмірі мен күні (жеке практикамен айналысатын нотариустың мөрі) көрсетіледі, бұл мөр металдан арнайы жабдықта дайындалуы, оны дайындауға қойылатын бүкіл талаптар сақталуы және жоғары дайындау сапаллығымен, жалған дайындаудан қорғалуымен, беріктігімен және бояғыштарға төтер беру секілід айрықша қасиеттерімен сипатталуы тиіс.
Жекеше практикамен айналысатын нотариус мөрінің сипаттамасы:
Жекеше практикамен айеалысатын нотариустың мөрі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғ 25 мамырдағы N 61 Бұйрғымен бекітілген ″Жекеше нотариустың мөрі туралы″ ереженің 1-тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.
Мөр мәтініне нотариустың тегін, аты мен әкесінің атын жазу төлқұжатқа (жеке куәлікке) сәйкес жүргізіледі.
ІІ. Нотариустың құжат айналымын автоматтандырудың ақпараттық моделі
2.1 Аппараттық талаптар
Бұл бағдарлама үшін:
операциялық жүйе WІNDOWS ХР
WІNDOWS 2000
WІNDOWS 2003
WІNDOWS 2007
WІNDOWS VISTA
бағдарламалар: Mіcrosoft Offіce ХР
Mіcrosoft Offіce 2000
Mіcrosoft Offіce 2003
Mіcrosoft Offіce 2007
Delphi 6
Delphi 7
оперативті жады 128 МБ және одан жоғары
қатты дискінің көлемі жоғарыда көрсетілген операциялық жүйелерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz