Ломбард қызметкерінің жұмыс орнын автоматтандыру



М а з м ұ н ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ломбард жұмысын автоматтандырудағы негізгі мәселелер
Ломбард жұмыс тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ломбард жұмысын автоматтандырудағы кейбір мәселелер ...
Берілген тапсырманың қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бағдарламалау технологиясының негізгі түсініктері ... ... ... ...

Ломбард жұмысын автоматтандырылуы
Техникалық және бағдарламалық жабдықтың құрамын таңдаудың негізделуі және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аппаратық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ломбард жұмысын автоматтандырудағы кестелері мен өрістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ломбард жұмысының бағдарламасын қолдану тәртібі ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Қазір мәліметтер қорында өзінің жеке жобасын дайындауға маман еместердің өзі айналысуда. Бір жағынан бағдарламалық өнімдер дамиды әрі ыңғайлана түседі. Екінші жағынан мақсатқа жету үшін бағдарламалау аз, дайын объектілермен жұмыс көп болуы керек. Жасаушылардың еңбектері бұрынғыдай көп болды, мәліметтер қорын құру үшін кәсіби маманды жалдаудың әсте қажеті бар. Өзгенің көмегінсіз ақпараттық технологиядан хабары бар, бағдарламалаушы емес кәсіби адамдардың көбеюі жоғарыдағы мысалға қарсы.
МҚБЖ – мәліметтер қорын басқаратын жүйе. Бағдарламаның ең үлкен тобы. Олар өте ертеде пайда болған. Нақтырақ айтсақ экранда тек қана әріп пен санды ғана көріп, суретті көру мүмкіндігі жоқ кезде пайда болады. Сол кезде мамандар есептеу техникасын, яғни компьютердің ақпаратты сақтауға мүмкіншілігі мол екенін және сол ақпаратты өңдеуге мүмкіндігі бар екендігіне көздері жеткен. Қазір бұл шындық бұрында компьютерді қолдану аясын тарылтып, тек автоматтандырылған калькулятор ретінде саналған. Үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау қажеттілік туғанда оны қалай жасау деген сұрақ тұрған. Әр түрлі нұсқаулар, көрсетілген алайда соңғы шешім қатынастық мәліметтер қорына тоқтаған. Онда ақпараттардың барлығы бірнеше кестеде орналасса, ал кестелер өзара байланысады. Мәліметтер қоры қажет ететін жұмыстың барлығын қатынастық модельді қолдану арқылы шешуге болады.
Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлі, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды электронды-есептеуіш мәшинелерсіз (ЭЕМ-сіз) ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Мысал ретінде Ломбард жұмысын автоматтандыру:
— Клиенттер тізімі (Тегі, аты, әкесінің аты, құжат түрі, құжат нөмірі, мекен жайы т.б.)
— Кепілдер тізімі (кепіл түрі, кепіл аты, саны, кепіл мерзімі, пайыз, берілген қарыз, сыйлық беру, барлығы, берілген уақыты, төленді, сатылды т.б.)
—Кепілдемені ұзарту (Операция, кепіл түрі, кепіл аты, саны, кепіл мерзімі, пайыз, берілген қарыз, сыйлық беру, барлығы, берілген уақыты, төленді т.б.)
— операциялар тізімдері;
— ұзарту, үстеме тізімдері;
— құжат түрлерінің тізімдері;
— кепілдеме түрлерінің тізімдері;
— кіріс-шығыс тізімдері т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Самоучитель Access 2000. Автор: Харитонова И. А. издательство "Питер" Һ 2001 г.
2. Mіcrosoft Access 2003. Самоучитель. Тимошок Т.В.
3. Практическая разработка баз данных Автор: Сеннов А., Питер – 2006г.
4. Базы данных и приложения. Автор: Клименко А.К., ДиаСофт – 2001г.
5. Разработка приложений в MS Access;Король В.И.
6. Mіcrosoft Access 97 в подлиннике. Том 1;Дженнингс Роджер
7. Mіcrosoft Access 97 в подлиннике. Том 2;Дженнингс Роджер
8. Access. Ответы;Кэмпбелл Мэри
9. ACCESS: сотни полезных рецептов; Хоффбауэр Манфред, Кристоф Шпильманн
11. Информатика. Базовый курс /Симонович С.В. и др. - СПб: «Питер»
баспасы 2000 ж. – 640 бет.
12. Информатика. Учебное пособие /Под ред. В.Г. Кирия. – Иркутск:
ИрГТУ,1998 ж. 2-бөлім. – 382бет.
13. Информатика. Учебное пособие /Ломтадзе В.В., Шишкина Л.П. –
Иркутск: ИрГТУ, 1999 ж. – 116бет.

Кіріспе

Қазір мәліметтер қорында өзінің жеке жобасын дайындауға маман
еместердің өзі айналысуда. Бір жағынан бағдарламалық өнімдер дамиды әрі
ыңғайлана түседі. Екінші жағынан мақсатқа жету үшін бағдарламалау аз, дайын
объектілермен жұмыс көп болуы керек. Жасаушылардың еңбектері бұрынғыдай көп
болды, мәліметтер қорын құру үшін кәсіби маманды жалдаудың әсте қажеті бар.
Өзгенің көмегінсіз ақпараттық технологиядан хабары бар, бағдарламалаушы
емес кәсіби адамдардың көбеюі жоғарыдағы мысалға қарсы.
МҚБЖ – мәліметтер қорын басқаратын жүйе. Бағдарламаның ең үлкен тобы.
Олар өте ертеде пайда болған. Нақтырақ айтсақ экранда тек қана әріп пен
санды ғана көріп, суретті көру мүмкіндігі жоқ кезде пайда болады. Сол кезде
мамандар есептеу техникасын, яғни компьютердің ақпаратты сақтауға
мүмкіншілігі мол екенін және сол ақпаратты өңдеуге мүмкіндігі бар
екендігіне көздері жеткен. Қазір бұл шындық бұрында компьютерді қолдану
аясын тарылтып, тек автоматтандырылған калькулятор ретінде саналған. Үлкен
көлемдегі ақпаратты сақтау қажеттілік туғанда оны қалай жасау деген сұрақ
тұрған. Әр түрлі нұсқаулар, көрсетілген алайда соңғы шешім қатынастық
мәліметтер қорына тоқтаған. Онда ақпараттардың барлығы бірнеше кестеде
орналасса, ал кестелер өзара байланысады. Мәліметтер қоры қажет ететін
жұмыстың барлығын қатынастық модельді қолдану арқылы шешуге болады.
Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлі, экономикалық,
басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен
медициналық диагноз қою т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды
электронды-есептеуіш мәшинелерсіз (ЭЕМ-сіз) ұйымдастыру мүмкін емес. Осы
себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді
пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың
келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін
де қажет. Мысал ретінде Ломбард жұмысын автоматтандыру:
— Клиенттер тізімі (Тегі, аты, әкесінің аты, құжат түрі, құжат
нөмірі, мекен жайы т.б.)
— Кепілдер тізімі (кепіл түрі, кепіл аты, саны, кепіл мерзімі,
пайыз, берілген қарыз, сыйлық беру, барлығы, берілген уақыты,
төленді, сатылды т.б.)
—Кепілдемені ұзарту (Операция, кепіл түрі, кепіл аты, саны, кепіл
мерзімі, пайыз, берілген қарыз, сыйлық беру, барлығы, берілген
уақыты, төленді т.б.)
— операциялар тізімдері;
— ұзарту, үстеме тізімдері;
— құжат түрлерінің тізімдері;
— кепілдеме түрлерінің тізімдері;
— кіріс-шығыс тізімдері т.б.

Есептің өзектілігі: Ломбард администраторларының жұмысын бақылау
кезінде көптеген мәселенің алдын алу үшін тиімді бағдарлама арқылы
автоматтандыру.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты: ломбард орталығының жұмысын
автоматтандыру. Жаңадан келген клиенттерді тіркеу. Клиенттің сұранысындағы
кепілдеме затына сәйкес ақшасын тіркеу. Кез келеген уақытта келген
клиенттің сұранысына жауап беріп отыру. Клиенттердің алған алған ақшаларын
және олардың қайтарған ақыларын тіркеп отыру, Кепілдік билетін шығарып
беруді. Клиент қайтаратын ақшасын қайтармағанда 30 күн мерзімге дейін
үстеме ақыны қосып отыратындығын, 30 күннен асып кеткен жағдайда сатуға
жіберу керек екендігін қарастыра отырып бағдарламаны құру.
Осы мәселерді есептеуде керекті сұраныстар мен есептерді құруға
байланысты болытын қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс
күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған онфологиялық және
концептуалдық модельдерін құру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі және қосымшадан турады.

І Ломбард жұмысын автоматтандырудағы негізгі мәселелер ломбард
жұмысын зертеп жеңілдетуі және автоматтандыру мәселелері қарастырылады.
ІІ Ломбард жұмысын автоматтандыру. Яғни тапсырманы орындауда
пайдаланылған қолданбылы бағдарламалық пакеттер, ломбард жұмысының
бағдарламасын қолданылуын таныстыру.

І Ломбард жұмысын автоматтандырудағы негізгі мәселелер

1.1 Ломбард жұмыс тәртібі

Қазіргі таңда жедел ақша керек болған жағдайда көпшілік адамдар
ломбардтан ақша алады. Ломбардтан өте жылдам ақшаны қысқа мерзімге алуға
болады. Ол жерде бағалы затты бағалап сол затқа сәкес құнын шығарып береді.
Сол алатын ақының алдын ала клиенттен үстеме ақсын алып қалады. Клиент
қайтару мерзіміне дейін қалған ақшасын қолма қол алады. Кепілдік билетін
шығарып береді. Клиент қайтаратын ақысын уақытында қайтармаған жағдайда 30
күн мерзімге дейін үстеме ақыны қосып отырды. Клиент қайтару уақытна дейін
немесе қайтару мерзімінен 30 күн ішінде үстеме уақытын тоқтатып қайта
қайтару мерзімін создыра алады. Осылай клиент қайтару сомасын қайтарғанша
қайтару уақытын ұзарта алады. Ал 30 күннен асып кеткен жағдайда ломбард
клиенттің кепілдікке қойған затын сатып жіберуге құқылы. Осы ломбард
жұмысын автоматтандыру кезінде төмендегі кіріс мәліметтер негізгі болып
есептелінеді:
• Операция
• кепіл түрі
• кепіл аты
• саны
• кепіл мерзімі
• пайыз
• берілген қарыз
• сыйлық беру
• барлығы
• берілген уақыты
• төленді
• сатылды
• комиссионная т.б.

Осы мәселелерге байланысты ломбард қызметкерлерінің жұмысы келген
клиенттердің мәліметтерін тіркеу. Кез келеген уақытта келген клиенттердің
сұраныстарына жауап беріп отыру. Келген клиенттердің кепілдікке қойған
заттарын, алған ақыларын және олардың төлеген ақыларын тіркеп отыру,
ломбард жұмысының күнделікті кіріс-шығыс мәліметтерін шығарып беруді
қарастыра отырып бағдарламаны құру.
Осы мәселерді есептеуде керекті сұраныстар мен есептерді құруға
байланысты болатын қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс
күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған инфологиялық және
концептуалдық модельдерін құру.

1.2 Ломбард жұмысын автоматтандырудағы кейбір мәселелер

Дипломдық жұмыстың тақырыбы – Ломбард жұмысын автоматтандыру. Ол
көптеген уақыт алатын, жауапкершілігі мол жұмыстың бағдарламасын құру болып
саналады.
Бұл жұмыс ломбард қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету жолдарының бірі
болып саналады. Жаңадан келген клиенттерді тіркеу. Клиенттің сұранысындағы
кепілдеме затына сәйкес ақшасына тіркеу. Кез келеген уақытта келген
клиенттің сұранысына жауап беріп отыру. Клиенттердің алған алған ақшаларын
және олардың қайтарған ақыларын тіркеп отыру, Кепілдік билетін шығарып
беруді. Клиенттің қайтару уақытын ұзатуды. Клиент қайтаратын ақшасын
қайтармағанда 30 күн мерзімге дейін үстеме ақыны қосып отыратындығын, 30
күннен асып кеткен жағдайда сатуға жіберу керек екендігін қадағалау.
Клиенттің сұранысындағы кепілдеме затына сәйкес ақшасын тіркеу. Кез
келеген уақытта келген клиенттің сұранысына жауап беріп отыру. Клиенттердің
алған алған ақшаларын және олардың қайтарған ақыларын тіркеп отыру,
Кепілдік билетін шығарып беруді. Клиент қайтаратын ақшасын қайтармағанда 30
күн мерзімге дейңн үстеме ақыны қосып отыратындығын, 30 күннен асып кеткен
жағдайда сатуға жіберу керек екендігін қарастыра отырып бағдарламаны құру.

1.3 Берілген тапсырманың қойылымы

Қазіргі озық технологиялы дамыған заманда деректер қоры түсінігі көп
қолдалынуда. МҚБЖ – (мәліметтер қорын басқару жүйесі) бағдарламаның ең
үлкен тобы. Ол дисплейде тек қана әріп пен санды ғана емес, сонымен бірге
суретті көру мүмкіндігі жоқ кезде пайда болған. Осы МҚБЖ дами келе
мамандар есептеу техникасының, яғни дербес компьютердің ақпараттарды
сақтауға, өңдеуге мүмкіншілігі мол екендігіне көздерін жеткізен. Қазіргі
кездің өзінде Access МҚБЖ мен жұмыс жасайтын мамандар көп емес. Мысалы:
Visual Basic тілінде бағдарламалау, формалар мен есептерді орналастыру үшін
дизайннерлік білімде қажет, кестелер мәліметтер сызбаларды орналастыру үшін
логикалық тұрғыдан ойланудың өзі де аз жұмыс емес.
Үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау қажеттілігі туғанда оны қалай жүзеге
асыру керек деген сұрақ тұрған. Сол себепті МҚБЖ–ң MS ACCESS және ORACLE
т.с.с қолданбалы бағдарламалар пакеті бар.
МҚБЖ – көптігіне қарамастан Access өз атағын мәліметтер қорына
байланысты жинаған жоқ. Неге? Оның атағын шығарған Access сөзі емес.
Microsoft Office Sуstem деген бағдарламалық пакеті. Кәсіпорындардың көбісі
осы бағдарлама пакетін қолданады. Яғни МҚБЖ–ін қолданады. Осыған мысал
ретінде - Ломбард жұмысын автоматтандыру.
Ломбард жұмысын автоматтандыру – ол клиенттердің сұраныстарына
байланысты барлық жұмыстарын бір операциямен орындау. Ол дегеніміз бір
қолға қалам, кағаз ал екінші қолға калькулятор алып есептеу емес, керісінше
мүмкін болған артық шығындарды кеміту.
Тапсырманың қойылымына келер болсақ, осы ломбардқа күнделікті келетін
клиенттердің кіріс-шығыстан ақшаларының есептерін қарастыру, клиенттер
туралы мәліметтерді сақтауға, өзгертуге, сорттауға және өңдеуге, керек
болған мәліметті іздеп табуға, қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін
бағдарлама құру болып табылады.
- Клиенттер тізімі
Тегі
Аты
әкесінің аты
құжат түрі
құжат нөмірі
мекен жайы т.б.
-Кепілдер тізімі
кепіл түрі
кепіл аты
саны
кепіл мерзімі
пайыз
берілген қарыз
сыйлық беру
барлығы
берілген уақыты
төленді
сатылды
комиссионная т.б.
- Кепілдемені ұзарту
Операция
кепіл түрі
кепіл аты
саны
кепіл мерзімі
пайыз
берілген қарыз
сыйлық беру
барлығы
берілген уақыты
төленді
сатылды
комиссионная т.б.

Осының барлығын ұйымдастыра келе кіріс-шығыс мәліметтерді шығарып
беру.

1.4 Бағдарламалау технологиясының негізгі түсініктері

Бағдарлама есепті шешуге арналған компьютер командаларының ретімен
тізбегі. Бағдарламалау, программа обеспечение – құжаттар мен мәліметтерді
өндеуге арналған бағдарлама жиынтығы.
Есеп (задача) – шешу керек болған проблема
Есеп 2-ге бөлінеді. Технологиялық есеп, функционалдық есеп.
Функционалдық есеп деп – басқару функциясын информациялық жүйе шегінде құру
арқылы

Сурет 1 – Бағдарламалау технологиясы

Есептің қойылымы. – Кіріс және шығыс мәліметтері сипатталған есептің
түсініктемесі. Есептің қойылымын сипаттағанда төмендегі мәселелерді ескеру
керек:
- Есептің мақсаты, орны және басқа есептермен байланысы.
- Есептеу техникасына қойылатын шарттар.
- Функционалдық есептердің мазмұны.
- Бағдарламаның қолдану жиілігі.
- Шығыс информацияның дәлдігі және шығу уақыты.
- Шығыс мәліметтің құрамы және түрі.
- Кіріс информацияның көзі.
- Қолданушылар туралы мәлімет.

Кіріс информация деп – бағдарламаға енгізетін бастапқы мәліметтер.
Шығыс информация деп – бағдарламаның беретін нәтижесі.

Бағдарламалауға қатысатын мамандардың катигориялары

Бағдарлама 2 – ге бөлінеді.
1. Утилитардық бағдарлама
2. Бағдарламалық өнім.
Утилитардық бағдарлама. – бағдарламалардың өз мұқтаждығын
қамтамасыздандыру.
Бағдарламалық өнім – көпшілікке арналған.
Бағдарламалық өнім 1 жеке тапсырыс ретінде, 2 көпшілік сұранысына
байланысты жасалуы мүмкін.
Бағдарламалық өнімді сүйемелдеу (сопровождение) – бағдарламаның жұмыс
істеуін қамтамасыздандырылды.

Бағдарламалық өнімнің сапасын анықтайтын

- Мобильность. Тасмалданғыштығы. Көп платформалы. ОЖ таңдамайды.

- Надёжность. Сенімділігі. Бағдарламаның үздіксіз, тұрақты істеуі.
Дәлділігі талапқа сай болуы, Қателерге шыдамды болуы.

- Эффективность. Тиімділігі. Бағдарлама компьютер ресурстарын тиімді
қолданатын болу керек.

- Учёт человеческого фактора. Адам факторын ескеру.

- Модифицируемость. Жетілдіргіштігі.

- Коммуникативность. Басқа бағдарламалармен (информация) байланысы.

Бағдарламалық өнімнің өмір сүру кезеңдері

- А) Бағдарламалық өнімдер риногын зерттеу. (маркетинг жүргізу) Мұндағы
мақсат бағдарламалық өнімнің талаптарын атқаратын қызметін, техникалық
жабдықтарын зерттеу.

- В) Бағдарламалық өнімнің структурасын жобалау.

- С) Бағдарламалау, тестілеу, өңдеу.

- D) Бағдарламалық өнімнің құжаттарын дайындау. Құжат 1) Қағаздар 2)
электрондық түрде болуы мүмкін.

- Е) Бағдарламалық өнімді рыногқа шығару. Яғни сату.

- F) Бағдарламалық өнімді пайдалану.

- G) Бағдарламалық өнімді сүйемелдеу.

- H) Бағдарламалық өнімді рыногтан алып тастау сүйемелдеуден бас тарту.

Сурет 2 – Бағдарламалық өнімнің өмір сүру кезеңдері

Бағдарламалық өнімді классификациялау
Бағдарламалық өнім қолдану жағдайына байланысты 3-ке бөлінеді:
А) Жүйелік бағдарламамен қамтамасыздандыру.
Б) Қолданбалы бағдарламалар пакеті.
В) Бағдарламалау құрал-жабдықтары.

Жүйелік бағдарламамен қамтамасыздандыру дегеніміз – компьютер
техникасы мен желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалар
жиынтығы.

Қолданбалы бағдарламалар пакеті дегеніміз – нақты бір класс жұмыстарын
автоматтандыруға немесе шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалау құрал-жабдықтары дегеніміз – бағдарламалық өнім құрауға
керекті бағдарламалар жиынтығы.

Сурет 3 – Бағдарламалық өнім

Қолданбалы бағдарламалар пакеті:

1. Мәселеге бағытталған қолданбалы бағдарламалар пакеті.

2. Автоматты жобалау қолданбалы бағдарламалар пакеті.

3. Әдіске бағытталған қолданбалы бағдарламалар пакеті.

4. Офистік қолданбалы бағдарламалар пакеті.

5. Жалпы қолдану қолданбалы бағдарламалар пакеті.

6. Мультимедиялық қолданбалы бағдарламалар пакеті.

7. Интеллектуалдық жүйелер қолданбалы бағдарламалар пакеті.

8. Баспахана жүйелер қолданбалы бағдарламалар пакеті.

Бағдарламалау құрал жабдықтары
Бағдарламалау тілі – есепті шешу алгоритмін сипаттайтын формалды тіл.

Бағдарламалау тілінің кластары:

1. Машиналық код – компьютер түсінетін тіл.

2. Машинаға бағытталған тіл –

3. Алгоритмдік тіл – машинаға тәуелсіз тіл.

4. Процедураға бағытталған тіл – дайын бағдарламаларды пайдалану.

5. Проблемаға бағытталған тіл –

6. Бағдарламалау ортасы – бағдарламалардың барлығы орындалатын орта.

Сурет 4 – Бағдарламаның орындалуы

Компилятор – бағдарламалау тілінде жазылған кодты машиналық тілдегі
кодқа аударып береді.

Интерпритатор – бағдарламалау тілінде жазылған кодты компьютерде бір
командалап орындатады.

Өңдеуші бағдарлама (отладчик, debugger)

Бағдарламалау ортасының құрамы:

1. Компилятор.

2. Бағдарлама жазу ортасы.

3. Өңдеуші бағдарлама.

4. Бағдарлама кодын активизациялау құрамы.

5. Процедуралар кітапханасы.

6. Байланыстырушы бағдарламалар.

7. Сервистік бағдарламалар.

8. Көмек көрсету жүйесі.

9. Документатор исходного кода.

10. Бағдарламалау комплекстік басқару жүйесі.

Case технологиясы – күрделі бағдарламалық жүйелерде жобалауды, жобаны іске
асыруды автоматтандыратын жүйе.

Бағдарламалық өнімді жобалау әдістері

Бағдарлдамалық өнімді жобалауды компьютер техникасының араласуына қарай 2-
ге бөлінеді:
1. Қолмен жобалау.
2. Автоматтандырылған жобалау.

Бағдарламалық өнімді жобалау әдісіне қарай 2-ге бөлінеді:
1. Структуралық жобалау.
2. Объектіге бағытталған жобалау.

Структуралық жобалау элементтері:
1. Структуралық бағдарламалау.
2. Модульдік бағдарламалау.

Объектіге бағытталған жобалау қасиеттері:
1. Инкапсуляция деп - мәліметтермен атқарылатын әрекеттердің бір жерде
сақталуы аталады.
2. Полимарфизм деп – түрі бір атқаратын функциялары әртүрлі функцияларды
пайдалануды атаймыз.
3. Наследования – бір класстың қасиеттерін екінші класстың өзіне мұраға
алуы.

Бағдарламалық өнімдерді қорғау тәсілдері
1. Бағдарламалық тәсіл.
2. Заңды жолмен қорғау.

Бағдарламалық өнімді кімнен немесе неден қорғау керек?
1. Адамнан. Адамның бағдарламаны бұзуынан, ұрлауынан қорғау.
2. Аппаратурадан.
3. Арнайы бағдарламалардан.

Бағдарламалық тәсіл
1. Электрондық кілт қолдану.
Ондай кілт: 1.ішіне көшірілмейтін кілт жазылған дискета. Жолы:фискетаны
арнайы құрылғы арқылы кілт жазылған жерді бұзу.
2. Дискетаны ерекше форматтау.
3. Компьютерге жалғанатын арнайы құрылғы.
4. Компьютердің құрылғыларына байлау.
5. Киптографиялық әдістер:
a. Шифрлеу – бастапқы мәтіннің ұзындығы өзгермесе,
b. Кодтау – бастапқы мәніннің ұзындығы өзгерсе.
c. Виженер кестесін қолдану арқылы шифрлеу
d. XOR әдісімен шифрлеу.

Кодтау әдісі:
1. Қайталанатын әріптерді ауыстыру.
қысу әдісі: 11111ффффффаааккккккккк
1*5 ф*6 а*3 к*9

2. Әріптерді кодтау:
a-00001
b-00010 a b c d
c-00011 00000001 00000010 00000011 00000100
d-00100 a b c d
00001 00010 00011 00100

3. Датаны кодтау:
12 02 90
31 12 99 - болуы мүмкін.
5 4 7 - 16 байт

Кез-келген датаны санақ басы деп алады.

Бағдарламалық өнімді заңды жолмен қорғау
Заңды жолға төмендегілер кіреді:
- патентті қорғау.
- өндірістік құпия заңы.
- лицензиялық келісім шарттары.
- авторлық құқық заңы.

Құқық 2 категорияға бөлінеді:
1. Экономикалық құқық – бағдарламалық өнімді сатудан, таратудан, пайда
табуға мүмкіндік береді.
2. Моральдық құқық. Автордың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

1. Патентті қорғау – жаңа әдіске беріледі.
2. Өндірістік құпия заңы – юстицияға тіркеу.
3. Лицензиялық келісім шарт – товарды таратуға, сатуға, пайдалануға
рұқсат беретін келісім шарт. Лицензия беруші адамды – лицензияр,
алушыны – лицензият деп атайды.

Бағдарламалық өнімнің құжаттарын дайындау
1. Технологиялық құжат.
2. Эксплуотациялық құжат.

Технологиялық құжаттың құрамы:
1. Есептің қойылымы.
2. Есептің жобасы.
3. Бағдарламаның мәтіні.
4. Тесттік тапсырмалар.
5. Нәтижелер.

Эксплуотациялық құжат – бағдарламалық өнімді пайдалану үшін керекті
құжаттар.
1. Бағдарламаны қолдану ережелері.(Инструкция)
2. Қателермен жұмыс істеу. (Қағаз және электрондық түрде болуы мүмкін.)
Бағдарламаның жұмыс істеу инструкциясы бірнеше түрде болуы мүмкін:
1. Электрондық кітап
2. Демонстрайиялық бағдарлама
3. Интерактивтік көмек

Қолданушы беті:
Қолданушы бетті жобалау:
Қолданушы бетті жасаудың негізгі принциптері:
1. Қолданушы беттің күнделікті жұмысқа ұқсастығы.
2. Қолданушы беттің келісімділігі:
a. Бағдарламалық өнімнің келісімділігі.
b. Операциялық жұмыс ортасымен келісімділігі.
c. Метофораларда қолданудағы келісім.
3. Қолданушы беттің кешірімшілдігі.
4. Жауап қайтару принципы. Дыбыстық немесе визуалды болуы тиіс.
5. Қолданушы беттің қарапайымдылығы.
6. Қолданушы беттің иілгіштігі.
7. Қолданушы беттің эстетикалық тартымдылығы.

Қолданушы беттің сапасы мынадай көретіні анық:
1. Қолданушының үйреніп алуына кететін уақытпен.
2. Алған білімін сақтап қалумен.
3. Есепті шешу жылдамдығымен.
4. Қолданушының субъективтік қанағаттарымен.

Қолданушы бетті стандарттау:
1. Қолданушы беттің келісімі.
2. Бағдарламалық беттің келісімі.

Қолданушы бетті жобалау кезеңдері
Компьютер мен қолданушының арасындағы информация алмасу диалог түрінде
болады.

Диалогтардың қасиеттері:
1. Диалогқа қатысушы адамдар бір-бірін түсіну керек.
2. Бірі сөйлегенде екіншісі тыңдау керек.
3. Диалог бір тақырыпта болуы керек.

Кезеңдері:
1. Диалогтың структурасы.
2. Диалогтың даму сценарийін анықтау.
3. Компьютер мен қолданушының алмасатын басқарушы хабарлары мен
мәліметтерінің мазмұны. Хабардың семантикасы.
4. Көрсететін информацияның визуалдық атрибуттары. Хабардың синтаксисы.

Диалог струтурасын таңдау:
1. Сұрақ – жауап түрінде
2. Меню негізіндегі диалог
Менюдің стандарттары:
1. Объектілердің тізімі (тікелей таңдасың немесе нөмерін бересің)
2. Мәліметтер блогы түріндегі меню
3. Мәліметтер қатары түріндегі меню
4. Пиктограмма түріндегі меню
3. Экрандың форма негізіндегі диалог

Диалог сценарийін құру мақсаты:
1. Диалогтың даму барысында тығырықтардың мүмкін болуын анықтау және жою.
2. Диалогтың бір күйден екінші күйіне ауысудың тиімді жолын таңдау.
3. Қолданушыға көмек көрсететіндей анықталмағандық жағдайларды анықтау.

Иілгіш қолданушы бетті жобалаудың әдістері
Иілгіш бетті жобалаудың 3 түрі бар:
1. Шекті
2. Толық
3. Косметикалық
Шекті бағдарламаны ашқан кезде
1. бастауыш
2. жалғастырушы
3. эксперт деген сияқты деңгейлерге бөліп тастаймыз.
Шектінің бірнеше кемшілігі бар
1. Қолданушы жұмыс істеген сайын деңгейінің артатыны ескерілмейді.
2. Қолданушы жұмыстың бір бөлігін жақсы білгенімен, 2-ші бөлігін жақсы
білмеуі ескерілмейді.
3. Қолданушы өз деңгейін өзі білмеуі.

Толық – қолданушының жұмыс істеу мүмкіндігіне байланысты көмектесіп
отырады. Бірақ мұндай толық иілгіштік жүйе әлі толық іске аспаған.

Косметикалық бейімдеуіш төмендегідей әдістерді қолдана отырып іске асады.
- Үндемегенде алынатын мәндерді қолдану.
- Қысқартуларды қолдану.
- Жауаптарды алдын-ала енгізу.
- Көп деңгейлі көмек.
- Көп тілділік.

ІІ Ломбард жұмысын автоматтандырылуы

2.1 Техникалық және бағдарламалық жабдықтың құрамын таңдаудың негізделуі
және сипаттамасы

Access-ті пайдаланатындар – көбінесе есептеу техникаларымен жұмыс
істейтін, бірақ бағдарламалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай
қолданушыларды бұл бағдарламаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді
өздері бағдарламаламай-ақ шешу мүмкіндігі сондай-ақ БҚ-дағы қажетті
обьектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы
қызықтырады. Access-тің тағы бір артықшылығы –жергілікті желіні қолданудағы
мүмкіндіктер .
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез келген қолданушының
Access бағдарламасын оқып үйренуіне және оны қолданып, БҚ-мен жұмыс
істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені , Access бағдарламасымен жұмыс істеу
принцптері Windows жүйесіне негізделген, оның обьектілері терезе түрінде
ашылады.
Access-ті басқарудың әр түрлі тәсілдері бар: мәзір жүйесі, саймандар
тақтасы, контексті мәзір, тышқан көрсеткішін және клавиштер комбинатциясын
қолдану. Бұлардың көбі бір команданы қайталауы мүмкін, сондықтан олардың
бәрін бірдей қолданудың қажеті жоқ. Негізінде ең ыңғайлысы-контексті
мәзір мен тышқан. Контексті мәзірді керек уақытында тышқанның оң жақ
түймесін басу арқылы кез келген обьектіге байланысты қандай операциялар
жасауға болатындығы да көрінеді.
Аccess артықшылығының бірі оның графикалық интерфейсі өте қарапайым
тек қана мәліметтер базасын ғана жасап қоймай, сонымен қатар өзінде бар
жабдықтарды қолдану арқылы бағдарламалық қабықшаларда жасауға мүмкіндік
береді.
Басқа МҚБЖ –не қарағанда Аccess барлық мәліметтерді бір файлда
сақтайды. Бірақ ондағы мәліметтерді әр түрлі кестелерге бөліп
орналастырады. Бұл мәліметтерге тек қана кестедегі ақпарат қана жатпайды,
сонымен қатар мәліметтер базасының басқада объектілері жатады. Барлық
негізгі операцияларды орындау үшін Аccess көптеген шеберлерді ұсынады.
Олар қолданушының орнына негізгі жұмысты орындайды, қайталанатын
әрекеттерді қайталаудан құтылуға көмектесіп қолданушының жұмысын
жеңілдетеді. Аccess - те көпқолданушылық МБ құру үшін және ортақ базаға
бірнеше қолданушының бір уақытта рұқсат алуы бір деңгейлі жергілікті желіде
немесе файлдық сервері бар желіде мүмкін. Желі компьютерлер арасында
мәліметтер алмасу үшін ақпараттық және бағдарламалық қолдау көрсетеді.
Аccess әр түрлі қолданушылар рұқсатын тексеріп, МБ-ның қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Аccess клиент серверлі МББЖ болмағандықтан, көп
қолданушылық жұмысты қамтамасыз ету мүмкіндігі біраз шектеулі.Мәліметтердің
біртұтастылығын қолдау бойынша Аccess тек қана МБ-ның моделдеріне ғана
жауап береді. Онда триггерлер және сақталынған процедуралар сияқты
жабдықтар жоқ.
Ақпаратты қорғау жағына келетін болсақ Аccess –тің сенімді стандартты
жабдықтары жоқ. Стандартты қорғау әдістеріне МБ пороль арқылы қорғау
жатады. Бұндай порольді алып тастау специалист үшін қиындық туғызбайды.
Алайда, Аccess белгілі кемшіліктеріне қарамастан бір қатар
артықшылықтары да бар. Біріншіден ол кең таралған. Microsoft фирмасының
өнімі болғандықтан оны жиі қолданады. өйткені бұл фирнманығ бағдарламалық
қамтамасыздандырулары мен операциялық жүйелерін көптеген қолданушылар
пайдаланады. Аccess бағдарламасы Windows операциялық жүйесімен толық сәйкес
келеді. Және өндірушілермен үнемі жаңа өзгерістер енгізіліп отырады.
Жалпы алғанда Аccess аз ғана ақыға үлкен мүмкіндіктер береді. Және
әртүрлі қызметтік дайындықтағы қолданушыларға негізделгендігінде. Ол
қосымша мүмкіндіктерінің көптігінен байқалады. Сонымен қатар жетілген
анықтамасы мен түсінікті интерфейске ие. Бұл жабдықтар МБ - ын жасау мен
жобалау, одан мілеметтерді іріктеп алуды жеңілдетеді.
Бағдарлама жазбайтын қолданушының қарамағына Аccess әр алуан диалогты
жабдықтар ұсынады. Соның арқасында ол SQL тілінде сұраныстар құруға
жүгінбей – ақ немемсе VBA модульдер мен макростар тілінде бағдарлама
жазбай – ақ бағдарламалар құруға мүмкіндік береді. Аccess әртүрлі
форматтарға импорттау және экспорттау мүмкіндіктеріне ие.
ACCESS-ті іске қосу

ACCESS-ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі Іске қосу – Программалар
– Microsoft Access. Access программасы жүктеліп, экранда терзе шығады. Бұл
терезеде Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа БҚ-ын
құру; Шеберді іске қосу; Бұрыннан бар БҚ-ын ашу.

Сурет 5 – Деректер қоры терезесі

Access –тегі берілгендер қоры.

Адамның қызметі немесе жеке басы жұмыстарында әр түрлі дерек
көздерінен алынған және олардың әрқайсысы қандай да бір қызмет түрімен
байланыста болатын берілгендермен жұмыс істеуіне тура келеді. Осы
берілгендерді координациялау (жинақтап, бір жүйеге келтіру) үшін арнайы
білім мен ұйымдастыру дағдысы қажет.
Информацияны сақтау – компьютердің ең маңызды функцияларының бірі.
Оның ең көп тараған құралы берілгендер қоры болып табылады. БҚ – берілген
құрылымдағы информациялардан тұратын арнайы форматтағы файл.
Көптеген БҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда
берілгендердің адрестері жол мен бағанның қиылысуымен анықталады. БҚ – да
бағандарды - өрістер деп, ал жолдарды жазбалар деп атайды. Өрістер БҚ –ның
құрылымын, ал жазбалар ондағы информацияларды құрайды.
БҚ- ын жобалау кезеңдері.

Алдына қойылған мәселені шешу мақсатында қолданушы қандайда бір БҚ-ын
жасауы қажет болса, ол өзінің жұмысын төмендегі кезеңдер бойынша
ұйымдастыра білуі керек.
1.БҚ-ын құрудың негізін анықтау. Бұл кезеңде БҚ-ын құру мақсаты, оның
негізгі функциялары және онда сақталатын информациялар анықталуы керек.
2.БҚ құрамында болатын кестелерді анықтау. Кестелерді жобалау кезінде
олардың құрылымдарын алдымен қағазға жасаған ыңғайлы. Сондай-ақ, оларды
жобалау кезінде мынадай принципьерге сүйену қажет: информация кестеде және
кестелер арасында да қайталанбауы керек; әрбір кестеде тек бір ғана
тақырыпқа сай информация болуы керек.
3.Кестелердегі қажетті өрістерді анықтау. Кестедегі әрбір өріс оның
тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Оларды жобалау кезінде
ескеретін шарттар: әрбір өріс кестенің тақырыбымен байланысты болуы керек;
кестеге өрнектің нәтижесі болатын берілгендерді енгізудің қажеті жоқ;
кестеде барлық қажетті информация қамтылуы тиіс; информация ең кіші
логикалық бірлікте жіктеленуі қажет (мысалы, адамның аты-жөні аты және
фамилиясы деп екі өріске бөліп жазу).
4.Әрбір өріске өзіндік жеке мән беру. Әр түрлі кестелердегі
берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі жазбаның өзіндік жеке
мәнін бере алатын өріс немесе өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс
немесе өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
5.Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау. Берілгендерді кестелерге
жіктеп, олардың кілттік өрістері анықталған соң әр түрлі кестелердегі
берілгендерді байланыстыратын схеманы таңдау қажет. Ол үшін кестелер
арсындағы байланыстарды анықтау керек.
6.БҚ құрылымын жаңарту. Кестелер, өрістер және байланыстар жобаланып
болған соң, БҚ-ның құрылымын қайтадан тексеріп, оның ескерілмеген жайларын
анықтау керек. Мұны кестелерді берілгендермен толтырмай тұрып орындаған
жөн. БҚ-ын тексеру кезінде кестелерді бірнеше жазбалармен толтырып, олардың
арасындағы байланыстарды бақылап, БҚ құрылымының қойылған талапқа сай
екеніне көз жеткізу керек. Кері жағдайда оның құрылымын жаңартуға тура
келеді.
7.Берілгендерді толтыру және БҚ-ның басқа объектілерін құру егер
кестелердің құрылымы қойылған талапқа сай болса, онда оларға барлық
берілгендерді енгізуге, және де кезкелген сұраныстар, формалар, есептер
және макростар мен модульдер құруға болады.
8.ACCESS- тің талдау құралдарын пайдалану. ACCESS про-граммасында екі
талдау құралы бар: кестелерді талдау шебері; әрекеттездігін талдаушы.
Оларды ACCESS-те жұмыс істеуді меңгергеннен кейін, программа анықтамасымен
таныса отырып, қолдануға болады.
ACCESS-тің объектілері

ACCESS программасының 6 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп,
макрос, модуль бар.
Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын БҚ-ның негізгі объектісі.
Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының
анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен
берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни
өңдейді.
Форма – Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде
экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі
түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін
ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды.
Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ – да қандай да бір
операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста
жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.
Модуль – Visual Basic тілінде жазылған программалық процедура. Егер
ACCESS-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда
программалаушы процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
ACCESS программасында құрылған фомалар, сұраныстар және есептер
берілгендерді жылдам және эффектілі жаңартуға, әр түрлі сұрақтарға жауап
алуға, қажетті берілгендерді іздеуге, берілгендерді талдауға, есептер мен
диаграммаларды баспаға басуға мүмкіндік береді. Бір кестедегі берілгендерді
әр түрлі объектілерде көруге болады және кестеге өзгерту енгізгенде сол
берілгендер орналасқан басқа объектілердің барлығында да олар өзгереді.

Access бағдарламасының басты мәзірі

Файл мәзірі
Access программасының Файл мәзірі Windows жүйесі программаларына
ортақ стандартты түрде құрылған.
Құру командасы – БҚ файлын бос күйінде немесе Access программасындағы дайын
құрылымдарды пайдаланатын шебер арқылы құруға мүмкіндік береді.
Ашу командасы – БҚ файлын ашуға мүмкіндік береді. БҚ-ын ашу терезесінің,
Microsoft программалары үшін стандартты, файлды іздеу құралы бар. Жаңа
файлды ашу алдында осыған дейін ашық тұрған БҚ автоматты түрде жабылады.
Сыртқы берілгендер командасы – екі ішкі команда бар: Импорт; Кестемен
байланыс. Бұл екі команда БҚ-ның Кесте жапсырмасында жаңа кесте құру
кезінде қолданылады.
Жабу командасы – БҚ-мен жұмысты тоқтатады.
Сақтау командасы – БҚ файлын сақтайды. Ол Access-те берілгендерді
автоматты түрде сақтау процедурасы болғандықтан, көп қолданыла бермейді.
Сақтауэкспорт командасы – Access кестелеріндегі берілгендерді EXCEL-дің
жұмыс кітабы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ломбардта заттарды кепілге салу
Ломбардтар, олардың мәні мен маңызы
Ломбард деректер базасы
Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
Микрокредит мекемесіндегі кредит менеджерінің ажо жетілдіру
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі
Сақтау шарты реалды шарт
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
Робот
Пәндер