Мұрагерлік құқық

Мазмұны
1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі
2. Мұрагерлік құқықтың түрлері
3. Мұрагерлік қатынастардың субъектілері
4. Мұрагер бола алатын тұлғалар
5. Мұрагерлік объектілер
6. Мұрагерлік негіздері
7. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерлерге ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
2. Мұрагерлік құқықтың түрлері
1.Өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің ережелері мен ерекшеліктер
2.Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет
3.Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік және мұрадағы міндетті үлес
Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.
Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.
Мұрага ие болудың келесі кезеңдері бар:
Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.
Заң бойынша мүрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.
Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т. с. с. Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.
Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады.
Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:
- заңға сай мұрагерлер;
- заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;
- мемлекет пен жеке үйымдар.
Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқықтың маңызды саласы болып табылатын мұра алудың ұүұұытыұ негіздері мен реттелуін зерттеу
- Мақсатқа сай келесі міндеттер анықталды:
- Мұрагерліктің теориялық құқықтық негіздерін ашу;
- Мұрагерліктің ұғымы және түрлерін анықтау;
- Мұраның ашылуын талдау;
- Өсиет бойынша мұрагерліктің құқықтық реттелуін зерттеу;
- Өсиет бойынша мұрагерлік түсінігін зерттеу;
- Өсиеттен бас тарту ( легат) мәнін ашу;
- Заң бойынша мұрагерлік және мұраны алудың негіздерін зерттеу.
3. Мұрагерлік қатынастардың субъектілері. Мұрагер бола алатын тұлғалар
Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынща мұраны алуға құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.
Осындағы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады. (Азаматтық Кодекстің 1057-бабы)
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.
4. Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
5. Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асады.
Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.
6. Қазақстан Республикасында мұрагерлік құқықтың қалыптасуы және дамуы
Алдымен мұрагерлік құқыққа тоқталмас бұрын мұрға жалпы сипаттама бере кетсек. Мұра дегеніміз - бұл мүліктік немесе басқа да мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің қайтыс болған адамның мұрагерлеріне заңды түрде қалуы. Ал, Мұрагерлік құқық дегеніміз - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға беріледі. Көптеген әдебиеттерде мұра алғаш рет Ежелгі Римде hereditas, - деп аталып, қолданылатын болған деген пікірлер бар [1. 10-11].
Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Қазақ отбасындағы көп балаларының ішінен кенже баласын ата-анасы қолында қалдырып, шаңырақ иесі деп есептейді.Осы кенже баланың тұратын үйін Қара шаңырақ, деп атайды. Басқа балалары үйленіп, жеке отау тіккенде қара шаңырақтан енші алады. Қара шаңыраққа қазақ даласының жазылмаған заңы бойынша, әрқашанда үйдің кенжесі ие болып қалған. Отбасының үлкен балалары бөлінген еншіге көңілі толмай өкпелеуге барғанмен, қара шаңыраққа мұрагер болуға таласпаған. Салт бойынша кенже бауырын ата-аналарымен бірге қалдырып, өздері бөлек отау құрған. Бірақ жастары үлкен екендігіне қарамастан кенже бауырлары ие болып отырған қара шаңырақты ешқашан аттап өтпеген, әрліберлі жол жүргенде, алыс сапарға шыққанда қара шаңырақтан дәм татып, бата жасаған. Қазақтың бұл салты ағайын арасындағы мүлікке таласулардың, алауыздықтың болмауына бағытталған. Керісінше, ынтымақтастыққа, бірлік-берекеге шақырып, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Қазақтың бұл салты біршама өзгергенмен, қазір де сақталған. Бұрынғы заманда әкесі көзі тірісінде балаларына енші бөліп, салт-дәстүр бойынша реттеп отырса, енді атадан балаға қалатын мирасты Азаматтық кодекстің баптары бойынша рәсімдеп, мұраға қалдыратын болды. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады. [2. 9-10].
Мұрагерлік құқық жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұрагерліктің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік - бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Егер де азамат қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс болғанның мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыс та өзгереді. Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып келеді, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір экономикалық құрылыстың өзі өндірістік күштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әр түрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.
Азаматтық кодесінің 1040-бабына сәйкес мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер кірмейді:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi [3. 18-19].
Заң бойынша азаматтардың меншік құқығының объектілері: интеллектуальдық және материалдық қызмет өнімдері, кәсіпорындар, өндіріс құрал-жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақша, тұрғын үйлер, пәтер, саяжай, бау-бақша, өндірілген өнім, одан алынған кіріс және басқа да болып табылады. Өзіне пайдалануға берілген пәтер, саяжай, гараж, өзге де мүліктерге өзінің үлесті жарнасын толық өткізген тұрғын үй құрылыс кооперативінің мүшесі сол мүлікті меншіктену құқығына ие болады. Сонымен қатар пәтерді жалдап алушы адам немесе оның отбасы мүшелері осы пәтерді иемдену құқығына ие болады. Егер ол азамат осы пәтерді сатып алатын болса, онда пәтерді өз қалауынша пайдалануға, сатуға, уақытша жалға беруге, мұрагерлікке қалдыруға және басқа да келісімдер құқығы болады.
Меншік құқығының мазмұнын - меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер (элементтер) құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген жеке меншік құқығының объектілері азаматтың мұрагерлік мүлкінің құрамына кіреді, ал азамат қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагерлеріне өтеді.
Мұраға ие болу кезектегі мен үлестеріне қарамастан, кәдімгі үй жиһаздары мен бұйымдары мұра қалдырушы ол өлгенге дейін кемінде бір жыл бойы бірге тұрған мұрагерге көшеді. Үй жиһаздары мен бұйымдарына күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттар, мысалы: жиһаз, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек кіреді. Мұра қалдырушы азаматтың теңге, алтын, күміс, хрусталь бағалы металдар мен қымбат тастар және інжуден жасалған бұйымдары мұрагерлік мүліктің құрамына кіріп, заң бойынша мұрагерлерге тең үлеспен бөлініп беріледі.Ал, автомашина, мотоцикл және басқа да транспорт түрлері қайтыс болған адамның меншігінде болып, сол адамның атына тіркелесе ғана мұрагерлік мүлік болады [4. 15-16].
Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі. Сондықтан қазіргі күші бар заң бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады. Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. Отағасы қайтыс болғаннан кейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруға құқылы .Мұрагерлік мүліктің ең көп тарағаны-тұрғын үй. Егер мұралық мүліктің құрамына тұрғын үй болса, нотариус үйдің мұра қалдырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжатты, техникалық инвентаризация бюросының анықтамасын талап етеді. Сондай-ақ, тұрғын үй орналасқан жердегі нотариалдық кеңсесінің құжаттары бойынша үйден айыруға тыйым салынғандығын немесе мекен-жайдың бар жоқтығын тексереді. Егер тыйым салыну сауда алуға байланысты болса, нотариус сауда берген мекемеге сауда алушының мұрагерлеріне мұрагерлік құқық куәлік берілгендігін хабарлайды. Тұрғын үйдің мұра қадырушының жеке меншігі екені туралы құқық белгілейтін құжат техникалық инвентаризация бюросында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz