Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Наурызым қорығының қорғауға алынған өсімдіктері
1.1 Наурызым қорығына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.2 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері ... ... ... .7

2 Тәжірибелік бөлім

2.1 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.2 Наурызым қорығындағы өсімдіктердің дәрілік қасиеттері ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Мәртебесі: республикалық мағынасы бар табиғатын қорғау және ғылыми мекеме мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Жалпы сипаттамасы: Наурызым қоры үш учаскеден тұрады. Орталық учаскесін (1 39714 га) жайылмалық шалғындар, сондай – ақ Наурызым қарағайлы орманы, қайыңды орманды жыра өзектер мен көк теректер қоршаған тұщы және ащы көлдер.
Сыпсың (38720) Наурызым – қарасу өзенінің жайылмасындағы ұсақ жапырақты тікенді ормандарды, құрғақ шалғындарды, әр түрлі шөпті-құмды, бұталы – селеулі, бетеге – селеулі далаларды, азғантай батпақтанған көлді елестетеді.
Терсек (12947) Дала-Бике өзенінің аңғарындағы тікенді қарағайлы орман, бетеге – селеулі далалардың аймақтық беткейлері, әр түрлі шөпті -бұталы – селеулі, бетеге-селеулі далалар жатады.
Учаскелер бір бірінен 9 км –ден 14 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.
Курстық жұмыстың мақсаты. Наурызым қорығының көпшілік жері орманды жерлерден тұрады. Сондықтан бұл тақырыпты зерттеу маңызды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Наурызым қорығының қорғауға алынған өсімдіктері
2. Наурызым қорығына жалпы сипаттама
3. Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері
4. Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
5. Наурызым қорығындағы өсімдіктердің дәрілік қасиеттері
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
Пайдаланылған әдебиетер
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
2. Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010
3. Құлжанова Н.А, Құрманова С. Е, Садырбекова Н.Қ. "Орталық Қазақстан облысының өсімдіктері мен жануарлары”
4. Дарбаева Т, Отаубаева А, Цыганкова Т. "Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер әлемі” Орал 2003.
5. Жақыпов Б.Ө. "Қазақстан табиғаты” ІІ том, Алматы 2009.
6. " Ол кім Бұл не” энциклопедиясы
7. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
8. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы :
9. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
10. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959,
11. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.
12. Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 -
13. Табиғатты қорғау М.Мәметқазиев, Қ.Сыбанбаев, Қайнар, Алматы 1990
14. 4. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша, орысша, латынша атаулар сөздігі
15. Арыстанғалиев С.А. Рамазанов Е.Р. Қазақстанның өсімдіктері, - Алматы 1997 жыл
16. Общая биология Москва Просвешение 1983
17. Өсімдік – табиғат қазынасы Әлімқұлова Алматы. Қайнар
18. Молдабергенов А. Атамекен. Алматы, Қайнар 1983

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Наурызым қорығының қорғауға алынған өсімдіктері
1.1 Наурызым қорығына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.2 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері ... ... ... .7

2 Тәжірибелік бөлім

2.1 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.2 Наурызым қорығындағы өсімдіктердің дәрілік қасиеттері ... ... ... ... ... ... . 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мәртебесі: республикалық мағынасы бар табиғатын қорғау және ғылыми мекеме мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Жалпы сипаттамасы: Наурызым қоры үш учаскеден тұрады. Орталық учаскесін (1 39714 га) жайылмалық шалғындар, сондай - ақ Наурызым қарағайлы орманы, қайыңды орманды жыра өзектер мен көк теректер қоршаған тұщы және ащы көлдер.
Сыпсың (38720) Наурызым - қарасу өзенінің жайылмасындағы ұсақ жапырақты тікенді ормандарды, құрғақ шалғындарды, әр түрлі шөпті-құмды, бұталы - селеулі, бетеге - селеулі далаларды, азғантай батпақтанған көлді елестетеді.
Терсек (12947) Дала-Бике өзенінің аңғарындағы тікенді қарағайлы орман, бетеге - селеулі далалардың аймақтық беткейлері, әр түрлі шөпті -бұталы - селеулі, бетеге-селеулі далалар жатады.
Учаскелер бір бірінен 9 км - ден 14 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.
Курстық жұмыстың мақсаты. Наурызым қорығының көпшілік жері орманды жерлерден тұрады. Сондықтан бұл тақырыпты зерттеу маңызды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Наурызым қорығының қорғауға алынған өсімдіктері
2. Наурызым қорығына жалпы сипаттама
3. Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері
4. Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
5. Наурызым қорығындағы өсімдіктердің дәрілік қасиеттері
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау - байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
1 Наурызым қорығының қорғауға алынған өсімдіктері
1.1 Наурызым қорығына жалпы сипаттама
Мәртебесі: республикалық мағынасы бар табиғатын қорғау және ғылыми мекеме мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Жалпы сипаттамасы: Наурызым қоры үш учаскеден тұрады. Орталық учаскесін (1 39714 га) жайылмалық шалғындар, сондай - ақ Наурызым қарағайлы орманы, Аққансай дала өзені, даланың әр түрлі түрлері (әр түрлі шөпті-құмды, бұталы - селеулі, бетеге - селеулі), қайыңды орманды жыра өзектер мен көк теректер қоршаған тұщы және ащы көлдер.
Сыпсың (38720) Наурызым - қарасу өзенінің жайылмасындағы ұсақ жапырақты тікенді ормандарды, құрғақ шалғындарды, әр түрлі шөпті-құмды, бұталы - селеулі, бетеге - селеулі далаларды, азғантай батпақтанған көлді елестетеді.
Терсек (12947) Дала-Бике өзенінің аңғарындағы тікенді қарағайлы орман, бетеге - селеулі далалардың аймақтық беткейлері, әр түрлі шөпті -бұталы - селеулі, бетеге-селеулі далалар жатады.
Учаскелер бір бірінен 9 км - ден 14 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан.
Экотуризм. Қорықта 6 экскурсия маршруттары әзірленген, табиғат мұражайы бар.
Наурызым қорығы - Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта "Табиғат мұражайы" жұмыс істейді.[1]
1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда түяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппак қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді
Наурызым қорығы - Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық, Ол Қостайдан 190 км. оңтүстікке қарай Торғай жырасындағы ғажайып жер, оған Терсек, Сыпсың және Наурызым орман алқаптары кіреді. Соңғы шатқалдың айтарлықтай бөлігін ғажайып Наурызым орманы алып жатыр.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстанның ертеден келе жатқан қорықтарының бірі, ол 1931 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі кездегі алаңы 1914,0 мың гектарды құрайды. Әкімшілік жағынан Қорық Қостанай облысының Науырзым мен Әулиекөл аудандарында орналасқан. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Науырзым қорығын Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері номенация құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды.
Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
Қорық аумағы үш телімнен тұрады - Науырзым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп.
Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастырылады.
Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады. Орман шабындықында ашық-сары түс адонистер, ал саз телімдерінде иіліп тұрған қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады. Мамыр айының басында ідемі Шренк қызғалдағы шығады, ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды.
Қарағай ормандарын ежелгі деуге болады, себебі оның қалпы әлі күнге дейін өзгермеген. Наурызым қайыңдары Ресей қайыңдары сияқты жіңішке болмаса да әсем, тұзды көлдің маңындағы қайыңдар да сондай. Бұл қайыңның өзгеше түрі - қырғыстан қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемикі. Ол салыстырмалы түрде алғанда аса үлкен емес аумақта өседі және де әлемнің басқа еш бір бұрышында кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сықырмалы аққу. Сонымен қатар қорық рәмізі бүркітте бола алады, себебі бұл жерде оның 30 жұбы мекендейді. Қорықтағы ең әсем аңдар, Наурызым қорығының сәні - еліктер.Қорықта "Табиғат мұражайы" жұмыс істейді.
1.2 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің түрлері
Қарағай - еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. Солардың бірі Наурызым қорығында кездеседі. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын "тау қарағайы" деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Ақ қайың, қотыр қайың, сүйелді қайың (Betula Pendula, Betula alba) - қайың тұқымдасына жататын ағаш.
Қазақстанның Тобыл - Есіл, Ертіс бойында, Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өсетін 15 түрі бар.[2] Ең көп тараған түрі - сүйелді Қайың (B. pendula). Оның биікт. 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диам. 60 - 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті. Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады. Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді. Жемісі - ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 - 4 мм). Тұқымы тамыз - қыркүйекте піседі. Сүйелді Қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін және елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Қазақстанда өсетін жуансырға Қайың (B. crassіjulіs), қызыл Қайың (B. kіrghіsorum), талас Қайыңы (B. talassіca) және Ярмоленко Қайңы (B. jarmolenkoana) - эндемиктер, соңғы 3 түрі өте сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қызыл қайың
Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол -- Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған.
Бүгiнде қайыңның бұл түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш ареалы тарылу үстiнде. Қызыл қайыңның тағдыры бүгiнде қыл үстiнде десек те болады. Өйткенi ол -- Нарынқол ауылы тұрғындарының негiзгi отын көзiне айналған. Биіктігі 2 -- 4 м, жалпақ жапырағының ұзындығы 3 -- 4 (5) см, ені 1,5 -- 3 см, қабығы ақшыл-қызғылт түсті. Аналық сырғасы сопақша (ұзындығы 1,8 см-дей, ені 0,7 см). Мамыр айында гүлдейді. Жемісі -- қанатты жаңғақ. Әсемдік үшін де өсіріледі. Тау беткейлеріне топырақ эрозиясына қарсы егіледі. Ал Наурызым және Аманқарағай орманында өсетін өте сирек кездесетін Қызыл қайың қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.[1]
Ресми дерек көздерiне сүйенсек, соңғы он бес жыл көлемiнде қызыл қайыңның өсу аймағы 15-20 пайызға қысқарған. Айталық, 1990 жылы қайың ареалы 225 гектарды құраса, бүгiнде 180 гектарға әзер жетедi.
Көктерек (лат. Pópulus trémula) -- жапырағын тастайтын тал тұқымдасына жататын ағаштар туысы. Діңі колонна тәрізді, биіктігі 35 метрге, диаметрі 1 метрге жетеді. Сыртқы қабығы жылтыр. Оның түсі жасыл-сұртүсті. Жапырақтары дөңгелек келген, сәл иректі, сағаты ұзын, жас жапырақтарының астында шырын бездері бар. Дәнінен және тамырымен көбейеді. Қошқыл түсті қылқан жапырақты ормандарда, кесілген, күйген орман орнында, шоқ қарағайлы жерлерде, орман шеттерінде, өзен жағалаулары мен батпақты-сазды жерлерде өседі. Әдетте, 80-90 жыл (кейде 150 жыл) өмір сүреді. Жұмсақ келген ақ ағашын қағаз, сіріңке, токарлық бұйымдар, сондай-ақ бөшке жасауға пайдаланады. Жоңқасы орауыш материал саналады.
Тобылғы (Spіraea) - раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар. Биіктігі 15 - 200 см. Сабағы түзу. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қс жынысты, аталығының саны 10, аналығы - 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр - шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі - қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Балды өсімдік, жақсы мал азығы. Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланылады. [1]
Мойыл (Padus) - раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштар және бұталар. Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. 2 түрі бар. Жиі кездесетін түрі - кәдімгі мойыл (Padus racemosa). Оның биіктігі 10 - 17 метр, бұтақ шоғыры қалың, жайқалып тұрады. Жапырағы сопақша, кезектесе орналасқан, жиегі ара тісті. Гүлдері ұсақ, ақ, кейде қызғылт түсті, 8 - 12 см-дей болатын шашақ гүлшоғырына топтанған. Жемісі сүйекті, қоңыр, қызғылт, қара түсті. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады. Мойылдан бояуыш зат және дәрілік препараттар алынады. Балды және әсемдік өсімдіктер. Сүрегі мықты, ағаш өңдеу шауашылығында қолданылады. Жемісімен құстар қоректенеді. Мәдени түрде де өсіріледі.
Қырыққұлақ (лат. Polypodióphyta) -- жабайы өсімдік. Қазақстанда тау Шренкі шыршасы өсетін жерлерде көп кездеседі. Тамыр сабағынан алынған қою сығындысы ішек құртына қарсы қолданылады.[1]
Кәдімгі қырыққұлақтар (Polypodiaceae) - жоғары споралы өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік Еуропада жиі кездеседі. Қазба қалдықтары ертедегі триас кезеңінің қабаттарынан табылған 50-ге жуық туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 14 туысы, 27 түрі белгілі. Жапырақтары (оларды вайя деп атайды) жуан, етті тамырларының жоғарғы жағында екі қатар болып орналасады. Олардың сыртын қабыршақтар немесе түктер жапқан. Бұл тұқымдастың өзіне тән ерекшелігі эллипс немесе домалақ сорустары (жабынсыз) жапырақ тақтасының төменгі жағында жатады. Спорангийлері 13 - 14 қалың қабықты клеткалар мен саңылаудан тұрады. Осы саңылауы (стомий) арқылы споралары шашылады. Спорангийлерінің аяқтары екі қатар орналасқан клеткалардан құралады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктерді эпифиттер деп атайды. Бұлар өсімдіктердің діңінде, бұтағында, кейде тіпті ағаштың ұш жағында өз бетінше қоректеніп өседі. Эпифиттердің осы ерекшеліктері ағаш қабығының ылғалдылығын арттырады. Сондықтан өсімдіктердің эпифиттер орналасқан бөлігінде бактериялар, саңырауқұлақтар мен әр түрлі жәндіктер жиналады. Мысалы, кейбір қырыққұлақтардың тамырында пайда болған құмырсқалардың үйірі, оларды әр түрлі жағдайлардан (ірі жануарлардың қоректенуіне жол бермейді) қорғайды.
Балқарағай (лат. Lárix) -- қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі -- Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3 - 4 см, ені 1 - 1,5 мм, қыста түсіп қалады. Сібір Балқарағайы -- қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15 - 20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300 - 500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді болғандықтан Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады. Самырсын Қарағайы Самырсын қарағай жаңғағыҚарағайКәдімгі Қарағай Кәдімгі қарағай жаңғағы Қайың Көктерек Тобылғы Мойыл Қырыққұ лақ Кәдімгі қырыққұлақНаурызым қорығы2 Тәжірибелік бөлім2.1 Наурызым қорығындағы қорғауға алынған өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріҚарағай (лат. Pіnus) -- қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш, кейде бұта.
Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 - 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 - 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 - 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы - қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 - 500 жыл жасайды.
Еуразияның қоңыржай және субтропиктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығын экологиялық туризм мақсатында қолдану
Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Қазақстан аумағындағы қорықтар
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктері
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Пәндер