ҚР Президенті


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ . . . 2 1. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері . . . 5

1. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкілеттігі және сайлау тәртібі . . . 9

1. 3. ҚР президентінің нормативтік құқықтық актілері . . . 13

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 15ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 16

КІРІСПЕ

Соңғы он төрт жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі - тотолитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, ССРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процесстер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық, адамгершіліктік және психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының кенет ашылуы салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік дағдарысты басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті. Қазақстан Республикасында Президентті Н. Назарбаев 1994 жылы маусым айының тоғызыншы жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде былай деді: «ірі мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей дағдарыстың тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз бұрыңғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының барлық ауырпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық» /1/. Осыдан он төрт жыл бұрын жетпіс жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан алғаш рет өзінің шынайы дербестігін алды, Маркстік, Лениндік теориядан және идеологиядан алшақтады, адам құқығы мен бостандығының артықшылығын мойындады және нағыз демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Мұндай жағдайда Президенттік басқару формасы туралы мәселе ерекше қаралды. Президенттік институт әлдеқашан пайда болғанмен (жаңа тарихта мұндай басқарудың алғашқы бастауы 1787-жылғы Конституциямен

2

құрылған Америка Президентурасы болды), біздің Республикамыз үшін, сондай-ақ ТМД-ның қалған Республикасы үшінде басқарудың бұл формасы жаңа, зерттеліп дайындалмаған болып табылады, өйткені Президенттік институт «билікті бөлу» қағидасын мойындауды ұйғарады, ал ССРО-да ол ұзақ жылдар бойы теріске шығарылып келді.

Басқа қағида-кеңестердің толық биліктік қағидасы Конституциямен бекітілді. Оған сәйкес барлық басқа мемлекеттік органдар Кеңестердің бақылауында және оларға есеп беретін болды. Қазақстан Республикасының Президенті қызметін құру кезінде бірнеше мақсат көзделді: «билікті бөлу» қағидасының жағымды жақтарын ескере отырып сипаты бойынша Преғзиденттің функциялары мен өкілеттіктерін Праламент жұмысын ұйымдастыру функцияларынан бөлу, бірінші топтағы өкілеттіктің неғұрлым жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету әсіресе, төтенше жағдайларда, заң шығарушы, атқарушы-басқарушы, сот органдарының қызметін келісімге келтіру механизмін жетілдіру, заңдылықтың және атқару тәртібін нығайту.

Қазақстан Республикасының 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995-жылы 28-қыркүйекте қабылдаған Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралың жарлығы, 1990-жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақстан ССР-ның тәуелсіздігі туралы Деклорациясың, сонымен қатар 1994 жылы 12-ақпанда шыққан «құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы» және «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылы 12 қыркүйекте шығарылған «Республика Президентінің Қазақстанның мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті туралы» Жарлығы.

Жұмысты жазу процесінде біз ежелгі гректің ойшылдары Платонның

3

«Мемлекет» және Аристотельдің «Саясат» еңбектеріне жүгіндік. Сонымен қатар құқықтық мемлекет туралы мәселелер бойынша бірқатар монографиялар қолданылды:

М. Т. Баймахановтың «Құқықтық мемлекет қағидаларын Қазақстан Конституциясында іске асыру проблеммалары» мақаласы, С. В. Боботовпен Д. И. Васильевтың «Құқықтық мемлекеттің функциялық үлгісі», Ф. М. Рудинскийдің «Кеңес Конституциялары: адам және азамат құқығы» мақалалары.

4

1. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері.

1. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі.

Ұзақ он жылдықтар бойы үстемдік еткен құқықтық нигилизм эрасы азаматтарды құқықтың тек жазалау жақтарын қабылдауға үйретті. Соның арасында адамзаттың ғасырлар бойғы тарихи құқықты бірден-бірге көшпейтін әлеуметтік құндылық ретінде көрсетеді.

Атап айтқанда, негізінде теңдіктің формалдік қағидасы жатқан құқық кез келген ерікті қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Адамдар болмысынан тең емес қабілеттіліктерге ие. Бірақ олардың барлығы да өздігінен іске асуы үшін тең құқықтық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Яғни бұл жерде Қазақстан қоғамының әр мүшесінің таңдау еркі, ал жалпы қоғамда даму жолын анықтауда альтернативасының болуы туралы сөз болып отыр. Тек осы жағдайлар сақалғанда ғана қоғамдағы еріктілік перспиктивасы туралы айтуға болады. Таңдау мүмкіндігі құқық жоғарылығы және құқықтық жүйенің негізгі идеясы мемлекеттің негізгі құжаты болып табылатын Конституцияның жоғарғы қағидалары салтанат құрған кезде көрінеді. Конституциялық реформаның қажеттілігі туралы пікірлер қоғамда көптен бері айтылды, тіпті 1993 жылғы Конституция қабылданған күннен бастап десек те болады. 1993 жылғы Конституция мемлекеттік құрылымның барлық мәселелерін шешпегені үшін, екі жақтылықты сақтағаны үшін Қазақстан мемлекетінің табиғаты және Тілдер статусы мәселелерін толық айтып жеткізбегені үшін, жерге жекеменшілікке жол ашпағаны үшін орынды сынға тартылды.

Ал бүгін жағдай негізінде өзгерді - Қазақстан дүниежүзілік бірлестік мойындаған мемлекетке, халықаралық құқықтың толық құқылы субъектісіне

5

айналды, оның дауысы адамзаттың ең беделді форумы - БҰҰ-да сенімді және салмақты естіле бастады. Ия, Қазақстандықтардың менталитеті де өзгерді, байқау және қателесу жолымен болса да, сапалы жаңа экономикалық және саяси жағдайдарда баға жетпес өмір тәжірибесін жинақтаған нарықтық қайта құрулар жүре бастады. Біздің бәріміз де өткен он төрт жыл ішінде басқаша бола бастадық. Сондықтан жаңа кезеңге елдің ішкі және сыртқы кезеңдеріне сай келетін Конституция қабылдау қажеттілігі туды. Өйткені, реформалауға Қазақстанның барлық мемлекеттік құрылымы жатады: нарықтық экономиканың талабына негізделген Конституциялың экономикалық блогын толық, Конституцияның жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларымен сәйкестендірілген бөлімі де түзетілді.

Конституциялық реформаның ерекшелігі - оның бастаушысы мемлекет басшысы болып табылатындығы. Президенттің тікелей қатысуы Конституцияның жобасын жасау жұмысы төңірегінде ведомствалық, бірлескен және рушылдық мүдделер ықпалынан аулақтауға мүмкіндік туғызды. Конституцияның бірінші бабы былай деп тұжырымдалады: «Қазақстан Республикасы өзін жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді».

Демократиялық мемлекет деген не? Бұл, кез келген адамзаттың басқаруға қатысуға, белгілі бір жағдайда оның саясатына ықпал етуге мүмкіндігінің бар болуы дегенді білдіреді. Мемлекет барлық азаматтардың мүддесіне орай саяси басқару құралы ретінде рөл атқарады.

Демократиялық мемлекеттік өкіметтің жалғыз қайнар көзі - халық болып табылады, әрине, әр азамат мемлекет саясатына өз тілегіне орай бағытта ықпал етуге тырысады. Сондықтан Қазақстан республикасында Парламент жергілікті өкілетті органдар, Президент сайлаулары, сондай-ақ бүкіл

6

халықтық референдум арқылы идеологиялық және саяси алуан түрлілік танылады. Арнайы әзірленген келісілген өкілетті және есеп беретін институттардың алмасу және жаңарып отыру процедурасы жүзеге асырылады. Осылай Қазақстанда саяси және идеологиялық әр түрлілік, көп партиялылық, партияда тұрмайтындардың негізінде демократия жүзеге асырылады.

Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан ұлттық және нәсілдік алауыздықты туғызуға тиым салынады. Сонымен қатар, ҚР Конституцияның 39-бабының 2-тармағына сәйкес халықаралық келісімді бұзуға қабілетті кез келген әрекет Конституциялық емес деп танылады. Біз нарықтық экономика жолына түстік, сондықтан тектік және нәсілдік әлеуметтік төзбеушілік туғызудың кез келген әрекеті заңға сыйымсыз деп танылады, өйткені, азаматтық қоғамда барлығы да заң және сот алдында тең /14-бап/.

ҚР жаңа Конституциясының 9-бабында мемлекет ту, елтаңба, әнұран 3-бабтың 2-тармағы Астана статуысы туралы тұжырымды бекітті. Конституцияның 40-бабында ҚР Президентін халық бірлігінің және мемлекеттік үкіметтік бірлігінің символы және кепілі ретінде анықтайды.

Негізгі заңның 7-бабы былай тұжырымдалады: «ҚР мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда қазақ тілімен қатар ресми орыс тілі де қолданылады. Сонымен, мемлекеттік тіл ретінде - қазақ тілінің және мемлекеттік үкімет жүйесінде ресми түрде қолданылатын жеке қарым-қатынастарда кеңінен пайдаланатын тіл ретінде - орыс тілінің статусын анық бекіту шындыққа, өмір қажеттілігіне, халықаралақ тұрақтылық, өзара түсінісу және халықтар достығын сақтау және нығайту міндетіне сәйкес келеді».

Конституцияның 2-тарауы «Адам және азамат» деп аталады. Алғаш рет Конституцияда адам және оның адам ретінде құқықтары пайда болды. Құқық

7

және бостандық дүниеге келгеннен бастап әр азаматқа тиесесі екендігі туралы /12-бап, 2-тармақ/ басты анықтама да осыдан шығады. Демек, ол құқық пен бостандықтарды тартып алуға, жоққа шығаруға болмайды. Конституцияда көптеген құқықтар мен бостандықтар бірінші рет қолданылуды. Мысалыға: туған тілі мен мәдениетін қолдану құқығы /19-бап, 2-тармақ/ цензураға тиым салу /20-бап, 1-тарм. / өзінің ұлттық, партиялық және дінге қатыстылығын анықтау және көрсету.

8

1. 2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкілеттігі және сайлау тәртібі

Республика Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады. . Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. 3. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және «Алтын қыран» орденiн тапсырады.

Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмi:

1. Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады

2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

3. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгi:Республика Президентi: 1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық

9

шарттарына қол қояды; 2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi; 4) бекiту грамоталарына қол қояды;

Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi: 1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды; 3) өзiне бағынышты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды; 4) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi; 5) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.

Республика Президентiнiң Парламентке және оның Палатасына қатысты өкiлеттiгi:1) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды; 2) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады; 3) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды; 4) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады; 5) әдетте, Парламент сессияларын ашады; 6) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді

Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты өкiлеттiгi:1) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; 2) Премьер-Министрді

10

тағайындағаннан кейінгі он күн мерзім ішінде оның енгізген ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын айқындайды, Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; 3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды; 6) аса маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына төрағалық етедi; 7) Үкiметке Парламент Мәжiлiсiне заң жобасын енгiзудi тапсырады; 14) Республика Үкiметiне заң шығару тапсырмаларын бередi.

Республика Президентiнiң Конституциялық Кеңеске қатысты өкiлеттiгi:1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы; 3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.

Республика Президентінің соттарға және судьяларға қатысты өкілеттіктері:1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады; 2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Республика Президентiнiң прокуратура органдарына қатысты өкiлеттiгi: Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады. 2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) әр тоқсанда кемiнде бiр рет Бас Прокурордың елдегi заңдылықтың жай-күйi туралы есебiн тыңдайды.

Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi:1) жыл сайын Қазақстан

11

халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессияда жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды; 5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi; 6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады; 8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi; 9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады;

Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң ауысуы. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына ауысады; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.

12

1. 3. ҚР президентінің нормативтік құқықтық актілері

Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасының Президенті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасын Президентті сайлау тәртібі мен оны тіркеу
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Парламенттің қалыптасу тарихы
Мемлекеттік органдар жүйесі
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz