Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
1. 1 Псаммофитті өсімдіктер туралы жалпы мәлімет . . . 5
1. 2 Псаммофитті өсімдіктердің биологиясы . . . 6
1. 3 Псаммофитті өсімдіктерді қорғау . . . 11
ІІ Тәжірибелік бөлім
2. 1 Псаммофитті өсімдіктердің түрлері және таралу аймақтары . . . 15
2. 2 Псаммофитті өсімдіктердің емдік қасиеттері . . . 20
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Қосымшалар
Кіріспе
Псаммофитті өсімдіктер құмдарда, өзеннің құмды жағасында, құмды шөлдерде өсетін құм өсімдіктері. Олар азырақ булануға (әсіресе ыстық шөлдерде), құмдардың жылжуымен күресуге бейімделген. Бұл өсімдіктердің құмды біріктіріп ұстап тұратын топырақ астындағы ылғалды терең горизонтқа жететін төселме ұзын тамырлары болады. Мысалы, құмдық қалампыр, құм таспа, сексеуіл және басқалар осыған жатады.
Псаммофитті өсімдіктер өсетін жерлер құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т. б. ) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Міне осы жерлерде псаммофитті өсімдіктер өседі.
Олар: Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр.
Ақ сексеуiл - бойы 1, 5-тен 2, 5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар.
Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi.
Адыраспан ( Harmal немесе Peganum harmala ) - түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді.
Ақ таспа (Astragalus brahуpus) - бұршақтар тұқымдасы, таспа туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал маңында, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм өңірлерінде Балқаш - Алакөл ойысында Іле Алатауындағы (Пұшықнұра) құмды және құмды-сазды жерлерде, бұталар арасында өседі.
Шеңгел (Halіmodendron) - бұршақ тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанның шығыс, орталық және оңтүстік облыстарының далалық аймақтарында, құм, саз, топырақты жерлерде, жайылымдардағы бұталардың арасында, өзен-көл жағасында, қиыршық тасты сортаңдарда, тақырларда өсетін 1 түрі - ақ шеңгел (Н. halodendron) бар. Оның биіктігі 50 - 200 см.
Курстық жұмыстың мақсаты. Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктерін анықтау, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Псаммофитті өсімдіктер жайлы жалпы мәлімет;
2. Псаммофитті өсімдіктердің түрлерін және таралу аймақтарынт анықтау;
3. Псаммофитті өсімдікке жататын сексеуілдің биологиялық ерекшелігі;
4. Псаммофитті өсімдіктерді қоғау;
5. Псаммофитті өсімдіктердің дәрілік, емдік қасиеттерін зерттеу;
Курстық жұмыстың обьектісі: Псаммофитті өсімдіктер.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, бақылау - байқау т. б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу, талдау.
І Псаммофитті өсімдіктер
1. 1 Псаммофитті өсімдіктер туралы жалпы мәлімет
Псаммофиттер - құмдарда, өзеннің құмды жағасында, құмды шөлдерде өсетін құм өсімдіктері. Олар азырақ булануға (әсіресе ыстық шөлдерде), құмдардың жылжуымен күресуге бейімделген. Бұл өсімдіктердің құмды біріктіріп ұстап тұратын топырақ астындағы ылғалды терең горизонтқа жететін төселме ұзын тамырлары болады. Сонымен бірге кейбір псаммофиттердің жапырақтары мен бұтақтары құммен жабылып қалған жағдайда да жылжып жоғары орналаса алады. Псаммофиттердің көпшілігінде ұрық пен жемістері болады, олар жел арқылы таралып кетеді. Мысалы, құмдық қалампыр, құм таспа, сексеуіл және басқалар осыған жатады.
Жоғарыда көрсетілген құмды шөлдердің ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне қарағанда өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды.
Эфемерлер (грек. ephemeros - тез өсетін) - шөл және шөлейтті жерлерде, сирек далалық аймақта өсетін бір жылдық өсімдіктер. Эфемерлерге тұқымынан бастап, жеміс беруге дейінгі барлық даму циклі 2 - 6 аптадан 5 - 6 айға дейін жететін өсімдіктер жатады. Мыс., құм ботагөзі, дала шегіргүлі, шөл жауылшасы, жалпақ жеміс, т. б. Бұл өсімдіктердің вегетац. кезеңі негізінен ерте көктемде (ақпан - мамырда) қуаңшылық түскенге дейін болады. Ал күздік Эфемерлерсолт. аймақтарда жертаған түрінде қар астында қыстап, көктемде вегетациясын қайта бастайды. Эфемерлерді мезофиттерге (топырақ пен ауа ылғалдылығы біршама жеткілікті, бірақ шамадан артық емес ортаға бейімделген өсімдіктер) жатқызады, бірақ Эфемерлердің олардан айырмашылығы тұқымдары ыстыққа төзімді келеді. Өсіп-өнуі, тіршілік ету ұзақтығы және өлшемдері ауа райы жағдайына байланысты қатты өзгеріп отырады; сондықтан да Эфемерлераса биік болмайды (1 - 3 см) . Эфемерлерді негізінен орамжапырақ және астық тұқымдасына жататын өсімдіктер құрайды. Шөл аймақтарда Эфемерлер эфемероидтермен бірге көктемде барлық мал түлігіне жайылым ретінде пайдаланылады.
Псаммофитті өсімдіктер өсетін жерлер құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т. б. ) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.
1. 2 Псаммофитті өсімдікке жататын сексеуілдің биологиялық ерекшелігі
Псаммофитті өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері оларға жататын өсімдіктер сексеуіл.
Сексеуiл шөлге ең төзiмдi өсiмдiк, ғалымдар оны көлеңкесiн түсiрмейтiн ағаш деп атайды. Бiр ғажабы, сол даланың төл перзентi Төлеген Айбергенов өлеңiнде «Мен сенiң ақ төсiңе шаңқай түсте, көлеңкем түспесiн деп тiк тұрамын», - деген жолдар бар . . . Өзгеге масыл болмай, өзiне ғана сенудi шөл даланың басты заңы санайтын ол өңiрдiң елi де бiреулердi «көкелеп», кiсi көлеңкесiнде күн кешкендi ұнатпайды. Қиындық көрсе құдiретi күштi Құдайына жалбарынып, аруақты аталарына сыйынады, қазағынан қайыр дәметсе де, бөтеннен көмек күтпейдi, халқына сенгенмен, бөгдеге үмiт артпайды, жұртына сүйенгенмен, өз күшiмен өмiр сүредi.
Сексеуiлден бағалы отын дайындалады, оның дiңiн кесу де, балтамен жару да қиын, бiрақ бiрiмен бiрiн ұрсаң быт-шыты шығып, тез сынады. Сексеуiлдiң шоғына жылынып, қызуын бойына сiңiрген қазақ та сыртқы жауға берiлмейдi, оны тек бiр-бiрiне айдап салып қана жеңесiң. Олар өзгенiң өсегiне ерiп, өздi-өзiмен қырқысып, құрып кете жаздап барып дұрысы мен бұрысын пайымдап, «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» деп бастарын шайқап, бүлдiргенiн бүтiндеп, бұрынғы тiршiлiк күйбеңiне көшедi.
Сексеуiлдiң күлiнде калий карбонаты бар, ертеде оны сабын қайнатуға пайдаланған. Қазақ сексеуiл күлiн темекi жапырағына қосып, қарабұйра насыбай шығарады да, шақшасын етiгiнiң өкшесiне бiр ұрып, айналасындағы ұшы-қиыры жоқ кеңiстiкке көз тастап, оның жалғыз ғана иесi өзi екенiне масаттанады, осынау ұлан-ғайыр байтақ даланы ұрпағына мұраға қалдырған бабаларына риза болады. Алдына барғанда атасының да құнын кешетiн сол қазақтың бiр атым насыбайдан көңiлi қалады.
Сексеуiл әбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлiнедi. Сексеуiлдi өңiрдiң сортаң болатыны, төңiрегiне көп өсiмдiк шыға бермейтiнi содан көрiнедi. Шөлдi аймақтарда сексеуiлдi құм көшкiнiн тоқтатуға пайдаланады, өйткенi оның тереңге бойлайтын тамыр жүйесi өте мықты. Төлеген ақын айтқандай: «Он күн соққан дауылдан, сексеуiлдер бүгiлмес . . . » Ал Есенғали Раушанов: «Сексеуiл деген ағам бар, Ана Алғидың ала шөлiнде, Бұтағын жайған өнiп ол. Жөн сұрар болсаң, жарандар, Ағамды көр де, менi көр», - дейдi. Шындығында да, тарихи тамыры тереңге кететiн үстiрт халқы да осал емес.
Тәуелсiздiгiмiздiң он жылдығына орай Елбасы пәрменiмен жасақталып, кезiнде батыс аймақтарды аралаған, құрамында өнер саңлақтары мен қызмет көрсетушi тобы бар «Менiң Қазақстаным» арнайы пойызының мүшелерi сол елге таңдай қаға таңқалып, «иiлмейтiн емендер» деп атаған . . . Кешегi ата-баба сан ғасырлар бойына сынбай иiлiп, ұрпағын сақтап қалды. Бүгiн бiз егемендiгiмiздi алып, ел мен жердiң иесiн қалыптастырдық. Тәуелсiздiктiң төл перзентi, ертеңгi ұрпақ ешкiмнiң алдында ендi иiлмесе болғаны.
Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты - бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.
Ақ сексеуіл ( Haloxylon persіcum ) - алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. Биіктігі 5 метрдей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 метрге дейін) кете береді. Діңінің жуандығы 20 - 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. Гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. Сәуір - мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек - қазанда жеміс береді. Жемісі - қанатты жаңғақша. Ақ сексеуілдің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. Ағаштың жылдық сақинасы болмайды. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. Ақ сексеуіл Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.
Ақ сексеуiл - бойы 1, 5-тен 2, 5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз. Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.
Қара сексеуіл ( Haloxylon aphyllum ) - сексеуіл туысына жататын бұта.
Шөлді аймақтардағы құмды, сортаңды жерлерде, тақырда өседі. Биіктігі 4 - 9 кейде 12 м-дей. Діңі тырбиған, қисық әрі жуан (диам. 20 - 40 см), көп бұтақты болып біткен. Қабығы қар сұр түсті. Бір жылдық шөптесін өркендері көгілдір не көк түсті, жыл сайын үзіліп түсіп қалады. Жапырағы ұсақ қабыршаққа ұқсайды. Гүлі майда, бір-бірден орналасқан. Сәуір - маусымда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі - қанатты жаңғақшауылы 50 - 70, кейде 100 жылдай жасайды. Сүрегі тығыз, ауыр, суға салсаң батып кетеді. Қызуы мол отын. Қара сексеуілді түйе ( жыл бойы ) мен қой ( күзде және қыста ) жақсы жейді.
1. 3 Псаммофитті өсімдіктерді қорғау
Соңғы жылдары Қазақстанда халықаралық туризмдi кеңiнен дамытуға көңiл бөлiне бастағаны көңiлге қуаныш ұялатады. Осы кезге дейiн өзге жұрттардың тамашасына ғана тамсануды терiс әдетке айналдырып алғанымыз соншалықты, бiз үшiн бөтен жұрттардың тасы да таңсық, қарапайым бұтасы да бас шайқатар ғажайып болып көрiнедi.
Сөйтiп өз Отанымыздың ғажайыптарын, кiршiксiз табиғат сұлулығын, қазақ даласында сақталған ондаған мың тарихи, мәдени жәдiгерлерiмiздiң қайталанбас ерекшелiктерiн елеп-ескере бермейтiнiмiз де өкiнiштi. Халқымызда «Ел мен жердiң иесi өзiң екенiн ұмытпа» деген ұлағатты сөз бар. Елiмiздегi әрбiр азамат туған жердiң қайталанбас сұлулығын айрықша қастерлей бiлгенде ғана бiз отаншылдық, туған жердi шын сүюдi өмiр сүру ережесiне айналдыра аламыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz