Леопардтың биологиялық ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау Леопардтың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Леопардтың сыртқы және ішкі құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Леопардтың қаңқасының құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Мысықтектестер тұқымдастарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Леопардтың түрлерін және таралу аймақтарын анықтау ... ... ... ... ... ..
2.2 Леопардты қорғау және сақтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Мысықтектестер тұқымдасы - құрлық омыртқалыларының ішіндегі жыртқыш тобы болып табылады. Олардың қорегі елік, арқар, шошқа, марал, бұғы т.б. кейде ит, қасқырға да шабуыл жасайды. Бұл тұқымдастың негізі тіршілік ортасы шатқалдар, таудың ең биігінде және т.б. жерлер. Олардың табиғатта алатын орны ерекше. Табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Олардың табиғатта негізгі маңызы ауылшаруашылық және кәсіптік. Сонымен бірге зиянды жақтары да бар. Мысалы Қызыл кітапқа енген басқада жануарлардың азаюына себепші болады. Мысықтектестер тұқымдасының 36 түрі бар. Олардың сыртқы пішіндері әр түрлі болып келеді. Жеке немесе жанұялық топ құрып тіршілік етеді. Мысықтәрізділер тұқымдасының бірнеше өкілдері бар. Олар: Жолбарыс, арыстан, ірбіс, леопард, сілеусін, сабаншы, қарақал, мәлін, сарбалақ т.б.
Соның ішінде леопард (лат. Panthera pardus) — сүтқоректілер класы жыртқыштар отрядының мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесі созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107- 180, құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің үстінде қара дақтары болады. Тұтас қара түстілерін — пантера деп атайды. Аталығы 60, аналығы — 30 — 40 кг тартады. Леопард негізінен Африкада (тек Сахарада кездеспейді) тіршілік етеді. Азияда, Түрікменстанда, Ресейдің Қиыр Шығысында ұшырасады. Тропиктік, субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойында, тоғайларда мекендейді. Леопард, негізінен, тұяқты аңдарды (бұғы, елік, арқар, т.б.) аулайды. Қорегін, көбіне түнде аулайды. Көбіне қаңтар — наурыз айларында ұйығып, 90 — 105 күннен кейін балалайды.
Леопардтар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа, сарышұлақ, қоян, кекілік, ұлармен қоректенеді. Өзінің күштілігі, ептілігі мен құпиялылығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертегі кейіпкері болатын, ал қазір Қазақстанның мемлекеттік белгісі. Леопард - өте сирек кездесетін аң. Түсі көк сұр, шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Күшті, әсем, энергияға толы, ол өте бауырмал және өз өмірінің қозғалыспен араласусыз көре алады. Қазір әлем бойынша қар барысының азайып кету кауіпі бар. Олар Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енді. Леопардты аулауға немесе атуға тыйым салынған.
Зерттеу мақсаты: Леопардтың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Леопардтың түрлерін және таралу аймақтарын анықтау
2. Леопардтың қорғау және сақтау жолдарын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: Леопард
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау, болжау.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.А.Кузнецов. Большая книга животных. Москва, «Олма- Пресс» 2003г. 346 бет.
2. М.Қ.Жұмалиев, Б.Е.Есжанов. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі (Сүтқоректілер), 4-бөлім. –Алматы, «Қазақ университеті» 2007ж. 127-128беттер.
3. Х.Қыдырбаев. Терісі бағалы аңдар: оларды пайдалану және қорғау. – Алматы, «Қайнар», 1982ж. 74-78 беттер.
4. В.Е.Соколов. Редкие изчезающие животные. Москва, 1986г. 306 ст.
5. Н.А.Бобринский. Мир животных. Москва, 2005. «ЭКСМО» баспа 254 бет.
6. А.Ф.Ковшарь, В.А.Ковшарь. Қазақстандағы жануаралар әлемі.
-Алматы, кітап баспасы 2009ж.14бет.
7. Абрикосов Г.Г. и др. Зоология. /Учебник, 1-том. –М.: Высшая школа, 1996г. 221ст.
8. С.П.Наумов. Омыртқалылылар зоологиясы. -Алматы, «Мектеп»
1970, 257-бет.
9. Дәуітбаева А.А. Жануарлардың алуан түрлілігі. «Алматы» кітап 2011, 709-бет.
10. Т.Сұлтанқұлов. Хайуанаттар тіршілігінің ғажайыптары. –Алматы, «Қайнар» баспасы 1977ж. 115 бет.
11. М.Қ.Жұмалиев, Ә.А.Бәйімбет. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі (Хордалылар) 1-бөлім. -Алматы «Қазақ университеті» 2005. 250бет.
12. Қайымов Қ. Қызықты зоология. - Алматы «Мектеп» баспасы, 1989ж.
13. http://savageworld.ru/zhivotnye/leopard-afrikanskiy-panthera-pardus-html
14. http://www.google.com/imgres/imgurl=http://upload.wikimedа
15. http://kk.wikipedia.org/wiki/Қабылан

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Систематикалық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
І тарау Леопардтың биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Леопардтың сыртқы және ішкі
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Леопардтың қаңқасының
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мысықтектестер тұқымдастарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
2.1 Леопардтың түрлерін және таралу аймақтарын
анықтау ... ... ... ... ... ..
2.2 Леопардты қорғау және сақтау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Мысықтектестер тұқымдасы - құрлық омыртқалыларының ішіндегі жыртқыш
тобы болып табылады. Олардың қорегі елік, арқар, шошқа, марал, бұғы т.б.
кейде ит, қасқырға да шабуыл жасайды. Бұл тұқымдастың негізі тіршілік
ортасы шатқалдар, таудың ең биігінде және т.б. жерлер. Олардың табиғатта
алатын орны ерекше. Табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Олардың табиғатта негізгі маңызы ауылшаруашылық және кәсіптік. Сонымен
бірге зиянды жақтары да бар. Мысалы Қызыл кітапқа енген басқада
жануарлардың азаюына себепші болады. Мысықтектестер тұқымдасының 36 түрі
бар. Олардың сыртқы пішіндері әр түрлі болып келеді. Жеке немесе жанұялық
топ құрып тіршілік етеді. Мысықтәрізділер тұқымдасының бірнеше өкілдері
бар. Олар: Жолбарыс, арыстан, ірбіс, леопард, сілеусін, сабаншы, қарақал,
мәлін, сарбалақ т.б.
Соның ішінде леопард (лат. Panthera pardus) — сүтқоректілер класы
жыртқыштар отрядының мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Денесі
созылыңқы, аяқтары қысқа әрі мықты. Дене тұрқының ұзындығы 107- 180,
құйрығының ұзындығы 75 — 110 см. Тығыз, жұмсақ сары немесе қызғылт жүнінің
үстінде қара дақтары болады. Тұтас қара түстілерін — пантера деп атайды.
Аталығы 60, аналығы — 30 — 40 кг тартады. Леопард негізінен Африкада (тек
Сахарада кездеспейді) тіршілік етеді. Азияда, Түрікменстанда, Ресейдің Қиыр
Шығысында ұшырасады. Тропиктік, субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау
беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойында, тоғайларда
мекендейді. Леопард, негізінен, тұяқты аңдарды (бұғы, елік, арқар, т.б.)
аулайды. Қорегін, көбіне түнде аулайды. Көбіне қаңтар — наурыз айларында
ұйығып, 90 — 105 күннен кейін балалайды.
Леопардтар 15 жыл өмір сүреді. Ымыртта белсенді. Тұяқтылардан басқа,
сарышұлақ, қоян, кекілік, ұлармен қоректенеді. Өзінің күштілігі, ептілігі
мен құпиялылығына байланысты барыс үнемі ертедегі аңыз, ертегі кейіпкері
болатын, ал қазір Қазақстанның мемлекеттік белгісі. Леопард - өте сирек
кездесетін аң. Түсі көк сұр, шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары
бар, жүні ұзын әрі қалың. Күшті, әсем, энергияға толы, ол өте бауырмал және
өз өмірінің қозғалыспен араласусыз көре алады. Қазір әлем бойынша қар
барысының азайып кету кауіпі бар. Олар Халықаралық табиғатты қорғау
одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енді. Леопардты
аулауға немесе атуға тыйым салынған.
Зерттеу мақсаты: Леопардтың биологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Леопардтың түрлерін және таралу аймақтарын анықтау
2. Леопардтың қорғау және сақтау жолдарын зерттеу.
Зерттеу обьектісі: Леопард
Зерттеу әдісі: Бақылау, анықтау, болжау.
Систематикалық орны
Тип: Хордалылар- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар –Vertebrata
Класс: Сүтқоректілер немесе аңдар –Mammalia seu Theria
Класс тармағы: Жоғары сатыдағы аңдар –Elitheria
Отряд: Жыртқыштар - Carnivora
Тұқымдасы: Мысықтәрізділер- Felidae
Туыс:
Леопард (лат. Panthera pardus)
Түрлері:
• Африкалық леопард (Panthera pardus pardus)
• Үнділік леопард (Panthera pardus fusca)
• Үндіқытайлық леопард (Panthera pardus delacouri)
• Явалық леопард (Panthera pardus melas),
• Цейлондық леопард (Panthera pardus kotiya)
• Солтүстікқытайлық леопард (Panthera pardus japonensis)
• Қиыршығыстық (амурлық) леопард (Panthera pardus orientalis)
• Парсылық леопард (Panthera pardus saxicolor)
• Арабтық леопард (Panthera pardus nimr
• Алдыңғы азиялық леопард (Panthera pardus tulliana)
І Леопардтың биологиялық ерекшеліктері
1.1 Леопардтың сыртқы және ішкі құрылысы
Леопардтардың сыртқы құрылысы. Эпидермис қабаты мүйіздене
беретін көп қабатты. Эпидермисінде 5 қабаты болады. Эпидермистің қалың
қабатындағы базальды клеткалар призматәрізді, жұқа қабатты – олар жалпақ
және шоқтанып орналасады. Астыңғы қабаттың клеткалары митоздық көбею
процесі тән. Сүтқоректілерге тән қасиеттің бірі – түктің болуы. Түк
эпидермисінің өсу қабатының кейбір учаскелері дермаға қарай қалыңдап
өседі. Дерманың терең қабатында тығыз эпителиальды желіден түктің
бастамасы – түк қапшығы – пайда болады, оның түбінде түк емізікшесін
қалыптастыратын мезенхималық клеткалар жиналады. Эпителиальды клеткалар
жиынынан талшық пайда болады. Түк сабағы өз кезегінде үш қабаттан – ішіне
ауа толған борпылдақ қуыс өзектен, түкке мықтылық және серпімділік
беретін тығыз қабаттан және шатыртәрізді орналасқан жалпақ клеткалардан
тұратын сыртқы қабат – теріден немесе кутикуладан тұрады. Эпидермис
клеткалары негізінен өте терең қабаттары, көптеген жағдайда бояулызаттармен
– пигменттермен толған. Ұрықта пигментті клеткалар жүйке тарақшасының
материалынан пайда болып, одан барлық денеге пигменттенбеген меланобластар
түрінде жылжиды. Пигменттер пигментті клеткалардың цитоплазмасындағы арнайы
органоидтар – пигментті түйіршіктерде синтезделеді [1].
Қан айналу жүйесі. Лепарттардың қанайналу жүйесі екі қанайналым
шеңберінен – үлкен және кіші қанайналу шеңберінен тұрады.
Зат алмасу мен организмнің бүкіл клеткаларын қоректік зат пен
қамтамасыз етуде, қан мен лимфаның маңызы өте зор. Қанда гормондар мен
ферменттер, сол сияқты қанның құрамында індеттен сақтайтын иммундық
(қорғаныш) денелер болады. Олар организмге кірген (микроорганизмдер,
вирустар, токсиндер, т.б.) жат денелермен күресте үлкен рөл атқарады.
Ғалымдардың айтуы бойынша қан жануардың бойында жүріп жатқан неше түрлі
процестің өзіндік айнасы іспетті. Олай болса қан айналысының жануарлар үшін
рөлі зор. Қан ішектерден келген барлық қоректік заттарды денеге және
клеткаларға таратады. Қан айналыс жүйесінде қан жасайтын органдар да
(бауыр, талақ, сүйек майы) жатады. Леопарт организмінде қанның мөлшері 32-
67 мл, салмағының 5-6,7 проценті. Жүрек минутына 120-140 рет соғады. Қан
тамырлары организмдердің қалауына қарай кеңіп және тарылып отырады. Қан
айналысы органдардың жұмысын орталық нерв жүйесі реттейді. Бір минут
ішінде, дене көлемі мен тамыр соғысының шапшаңдығына қарай, гепарттың
жүрегі арқылы 27-150 текше см қан айналады. Қан бүкіл денеде 4,75 секунд
ішінде бір айналып шығады. Қаны мөлдір, түсіз сұйық лазмадан және қан
түйіршіктерінен, яғни қызыл (эритроцит), ақ (лейкоцит) қан түйіршіктері мен
қан пластинкаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Гемоглобин қан тканьдарына
оттегін жеткізіп, организмнен көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Лейкоциттер
организмге енген бактериялардан денені қорғайды, олар өздерінің формасын
өзгерте алады, бактерияларды ұстап алып, жойып жібереді. Бұдан басқа, олар
иммундық (қорғағыш) денелерді құрауға қатысады. Лейкоциттер қоректік заттар
шығарады. Қызметі ауруларға, әсіресе іріңді ауруларға ұшырағанда
лейкоциттердің саны көбейіп кетеді. Тромбоциттердің құрамында тромбокиназа
ферменті болады, жарақаттанғанда ол плазмаға шығып, қанды ұйытады [9].
Орталық жүйке жүйесі. Нерв жүйесі организмнің тіршілік
әрекетінде үлкен қызмет атқарады. Ол барлық ішкі сыртқы қабылдауға жәрдем
береді де, оларға жауап қайтарады. Сөйтіп, организмнің барлық органдарының,
тканьдердің, клеткаларының жұмысын реттейді және бағыттайды. Нәтижесінде
оны сыртқы ортаның жағдайына бейімдейді. Сөйтіп арақатынасын
сәйкестендіреді. Осындай жан-жақты және әр алуан түрлі нерв жүйесі
қызметінің арқасында, организмнің барлық тіршілік әрекеті тұтас бір
дүниедей қамтамсыз етіледі. Нерв жүйесі орталық және шеткі нервтер болып
бөлінеді. Орталық нерв жүйесі бас пен арқалық мидан (жұлыннан) тұрады.
Шеткері жатқан нервтер барлық дене клеткаларына баратын, тарамдалған бас ми
мен жұлыннан тұрады. Жануарлардың организмі тіршілік процесінде неше түрлі
қоздырғыштың әсерін сезінеді және оларға жауап қайтарылады. Леопард өте сақ
жануар.
Тыныс алу жүйесі. Леопардтар далалы жерлерде тіршілік етуге
бейімделген жануарлар. Тіршілік әрекетінің дұрыс жүруі үшін оттегі қажет,
сол сияқты дер кезінде организмнен көмірқышқыл газы шығуы қажет. Осы газ
алмасу процесіні тыныс алу органдары нашар дамыған. Қоян өкпесінің салмағы
денесінің 1-1,2 процентіндей болады. Леопардтың екі өкпесінің салмағы 300-
400г, оң жақ өкпесі, сол жағынан бірнеше есе үлкендеу болып келеді.
Леопардтарда газ алмасу интенсивті түрде жүреді. Олар 1 кг тірі салмағына,
бір сағатта 478-690см оттегін сіңіріп, 451-632см көмірқышқыл газын бөліп
шығарады[14].
Ас қорыту жүйесі. Азықтың жануар бойына сіңіп таралуы, ең алдымен ас
қорыту жүйесіне байланысты. Леопадт организмінің өсуі мен дамуы үшін
белоктар, майлар, углеводтар минералды тұздар және витаминдер қажет. Бұлар
леопард жейтін азықтың құрамында кездеседі. Басқа да жан- жануарлармен
салыстырғанда, қарын шырыны азықты тез қорытады, өте қышқылды келеді, оның
құрамында қою шөгінді мен органикалық заттар көбірек болады. Қарын
шырынында тұз қышқылы мен ферменттер (пепсин, липаза, және ұлтабар
ферменті) бар. Леопардтар белок пен майдың 68-69 процентін, азотсыз
заттардың 83 процентін, етқоректі жануар болғандықтан, қарынының көлемі
ұлғайған. Ұсақталған және аздап өңделген азық қарында қорытылады. Қорыту
нәтижесінде қоректік заттар суда еритін жәрежеге жетіп, ішектегі кілегей
қабықтың бетін тегіс қатпар түктерге сіңеді. Әрбір қатпар түктің ішінде қан
лимфа тамырлары орналасқан, ішектегі азықтан оректік заттар бөлініп, осы
тамырларға сіңеді. Қарынның қабырғаларында құрамынан пепсин ферменті мен
тұз қышқылын және қарын сөлін бөлетін бездер орналасқан[1].
Көбеюі мен дамуы. Леопардтардың тұқым бездері бұршақтәрізді
пішінді және құрсақ қуысының артқы бөліміне қарай орналасады. Аталық тұқым
бездері үйректің қасында бел аймағында қалыптасады. Уақытқа байланысты олар
вентрокаудальды бағытта орын алмасады және жыныстық жағынан жетілген
дарақтарда шап арнасы арқылы ұмаға түседі. Аталық безге ось бойынша
созылған түйіршікті дене – тұқым безінің қосалқысы түйісіп жатады, ол дене
бүйрегінің алдыңғы бөлігінде жатады. Аталық бездерінен шумақталған,
ирелеңдеген тұқым шығару каналдарынан тұрады. Ол төмен түсе Вольф каналының
өзегіне қосылып, зәр-жыныс каналына ашылады. Тұқым жолдары өздерінің
төменгі бөлімінде ірі, бөліктерге айқын бөлінбеген тұқым көпіршіктерін
түзейді, олар сілемейлі секрет бөледі. Жыныс жүйесімен сол тәрізді Купер
бездерімен, олар зәр-жыныс каналының қышқыл ортасымен бейтараптандырады,
және препуциальды бездермен, олар иіс секретін бөледі, байланысады.
Нәтижесінде шәует, немесе эйкулят тұқым көпіршіктері, қуықасты, Купер,
препуциальды бездер мен сперматозоидтар сұйықтықтарының жиынтығы болып
саналады.
Сперматзоидтарының әрбіреуі бас және құйрық деп аталатын екі
бөліктен тұрады. Олар еркек леопардтың жыныс безінің ұрық өзектерінде жыл
бойы пайда болып отырады. Жиі шағылысып жүдемеген леопард бір шағылысқанда
2-3 текше сантиметр ұрық сұйығын шығарады. Ұрық сұйығы дегеніміз –
сперматзоидтар мен қосымша жыныс бездерінен шығатын сұйық заттардың
қоспасы[1].
Аналық ұрық клеткасының протоплазмасына бір ғана сперматозоид
кіреді, мұнан кейін оның қабықтары ширайды. Ұрық клеткасына енген
сперматозоидтың ядросы аналық ұрық клеткасының ядросымен қосылады. Мұның
нәтижесінде пайда болған зигота (ұрықтанған аналық ұрық клеткасы) басқа
сперматозоитармен қоректенеді. Аналық ұрық клеткасы (овуляциясы) шамамен 10-
12сағат өтісімен-ақ аналық безден бөліне бастайды. Ұрықтық даму процесі
одан әрі өрби береді. Бірінші қабатты ұрық жапырақшасы пайда болып, ол
екінші қабатты ұрық жапырақшасының қалыптасуына негіз болады. Ұрықтық даму
процесінде ұрықтың сыртын плацента - ұрық қабы қаптайды.
Леопардтың баласы ширақ әрі шапшаң болып жетіледі.[1].
2. Леопардтың қаңқасының құрылысы
Леопардтың бас сүйегінің ерекшелігі ми сауытының көлемі үлкен және
бет бөлімі ұзарған. Ми сауытының дамуы мен мөлшерінің үлкенділігіне
байланысты. Бет бөлімінде күрделі құрылысты иіс-сезу мүшелері орналасқан
мұрын қуысы біршама үлкен болады. Леопардтың бас қаңқасына сүйектерінің
жойылуы және бірігіп тұтасып кетуіне байланысты сандарының аз болуы да тән.
Леопардтың бас сүйегі синапсидті типті, яғни жалғыз шықшыт доғасы шықшыт
сүйектен және қабыршақты сүйектің өсіндісінен пайда болған. Мидың
прогрессивті дамуына байланысты көзаралық перде қысқарады, көз шарасы
жанына қарай ығысқан және бас сүйек платибазальды түрге ие болады.
Леопардтың ми сауытының шүйде бөлімінде төрт шүйде сүйек: үстіңгі
шүйде, екі бүйір шүйде және негізгі шүйде сүйектер қалыптасады. Ересек
жануарда барлық төрт сүйек бір – бірімен қосылып бір ғана шүйде сүйегін
түзейді. Көптеген сүтқоректілерді үстіңгі және бүйір шүйде сүйектері мойын
және жақ бұлшық еттері бекитін шүйде қырын құрайды. Шүйде сүйектерінің
бүйір бөлімдері бір-бірімен шүйде ілмешегін түзеді. Екі шүйде ілмешегінің
болуы қосмекенділер сияқты сүтқоректілерге де тән.
Нейрокраниумнің түбінде шүйденің алдына қарай сына пішіндес тақ
негізгі сына тәрізді сүйек жатады. Бұл сүйек артында негізгі шүйде
сүйегімен, ал алдынан алдыңғы сына сүйегімен шектеседі. Көз шарасы
аймағында негізгі сына тәрізді сүйектер бірігіп кетеді, ол ми сауытының
астыңғы бөлігінің алдыңғы бүйір қабырғаларын құрауға қатысады. Қанатсына
тәрізді сүйек маңдай, қабыршақты, көзсына тәрізді сүйек бүйір бөлімдерімен
көз шарасының төменгі бөлігінде жататын көзсынатәрізді сүйекпен бірігеді.
Барлық сынатәрізді сүйектердің арасындағы жапсарлар жойылып кетуі мүмкін,
ондай жағдайда барлық сүйектер сфеноид, ал көзсынатәрізді сүйектер кіші
және үлкен қанаттар деп аталады[3].
Есту аймағында, орта құлақтың қуысында, тереңде жатқан тек бір тасты-
емізікше сүйегі ғана болады, оның ішінде ішкі құлақтың лабиринті
орналасады. Кейбір авторлар тасты сүйекті құлақалды сүйегінің, ал
емізікшені – құлақарты сүйегінің гомологы деп есептейді.
Иіс – сезу аймағында иіс – сезу кеуілжірлерінің күрделі жүйесі
қалыптасады. Бас қаңқаның ми қуысын мұрын қуысынан сүйекті мұрын пердесі
және торлы сүйек бөледі. Даму барысында мұрын пердесінің сүйекті бөлімі
ортаңғы иіс-сезу сүйегіне, ал торлы тақтайша мен иіс-сезу кеуілжірлері –
екі бүйір иіс – сезу сүйектеріне сәйкес келетінін көрсетеді [9].
Дерматокраниумнің қақпағын жұп төбе, маңдай, мұрын және тақ
төбеаралық сүйектер құрайды. Төбе сүйектер бас қаңқа сауытының қақпағын
және артқы бүйір қабырғаларын түзейді. Әрбір төбе сүйектің жоғарғы шеті
шайнау бұлшық еттері бекінетін сагиттальды қырды құрауға қатысады. Төбе
және үстіңгі шүйде сүйектерінің аралығында тақ төбеаралық сүйек жатады,
бірігіп кетеді. Маңдай сүйектер ми сауытының алдыңғы бөлімінің қақпағын
мұрын қуысының бөлімін жауып жатады. Көз шарасының жоғарғы шетінің
деңгейінде әр маңдай сүйек көзарты өсіндісін құрайды, ол буындар арқылы
шықшыт сүйекпен байланысады, сол себепті оны кейде маңдай сұйектің шықшыт
өсіндісі деп атайды. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қақпағын жіңішке әрі
ұзын мұрын сүйектері құрайды. Мұрын сүйектерінің ішкі бетінен жіңішке
тақтай пішіндес мұрын кеуілжірлері байланысқан. Мұрын кеуілжірлері – торлы
сүйектің үшкір өсінділері.
Бас сүйек сауытының бүйір бөлімін үлкен қабыршақты сүйек алып
жатады. Көптеген сүтқоректілерде бұл жеке сүйек, ал приматтарда ол тасты
және дабыл сүйектерімен бірігіп, жалғыз май сүйегінен түзейді. Қабыршақты
сүйектің түбінен шықшыт доғасының артқы бөлімін құрайтын шықшыт өсіндісі
шығады. Шықшыт өсіндісінің астыңғы бетінде төменгі жақ бекитін байланыс
шұңқыры болады. Шықшыт доғасының алдыңғы бөлімі шықшыт сүйектен құралған,
ал оның алдыңғы жағында жас және үстіңгі жақ өсіндісі болады, оларға осы
аттас сүйектер келіп байланысады. Шықшыт доғасының ортаңғы бөлімінде шықшыт
сүйек қабыршақты сүйекпен бірігіп маңдай сүйекпен байланысатын маңдай
өсіндісінен құрайды. Иіс-сезу бөлімінде қатты таңдайдың үстіне қарай мұрын
пердесінің түбін құрайтын тақ өре сүйек жатады. Өре сүйектін артқы шеті
сынатәрізді сүйекке жетсе, ал бүйір шеттері таңдай сүйектерімен шектеседі.
Жұп таңдай сүйектері күрделі құрылысты: оның өсінділері көзшарасының
алдыңғы астын, мұрын қуысының төменгі бүйір бөлімдерінің қабырғаларын және
мұрын – жұтқыншақ өзегінің бүйір қабырғаларын, сол сияқты қатты таңдайдың
артқы бөлімдерін құрайды. Таңдай сүйектерінің артқы жағына тік бағытта
орналасқан қанаттәрізді сүйектер байланысады.
Есту қапшығының тасты – емізікшетәрізді сүйектері үстінен дабыл
сүйектерімен жабылған. Дабыл сүйегінің ішінде сақинатәрізді жуан жер –
дабыл сақинасы – пайда болған ол шеттерімен дабыл жарғағы бекиді.
Сүтқоректілердің ортаңғы құлағының қуысында алғашқы жақ доғасы
элементтерінің өзгеруі нәтижесінде пайда болған үш есту сүйегі: шаршы
сүйектің гомологы – төс және байланыс сүйектің гомологы балға, ал үшінші –
тіл асты доғасы гиомандибуляресінің гомологы – үзеңгі сүйектер
орналасады[4].
Леопардтардың бас сүйегі жеңіл, жеке сүйектері кеуекті құрылысты.
Бас қаңқасында қысқа сүйекті таңдай болады, ол күрек тістер қуысының
артында бірінші азу тіс деңгейінде орналасады. Күрек тістердің қуысы ірі
сопақша пішінді және ұрт (жалған азу) тістерінің арасында аяқталады. Бет
бөлімі, әдеттегідей, ми саутынан қысқа. Жақ алды сүйектерде мұрын
сүйектеріне жететін өсінді болады. Леопардтың тірек қаңқасы әдетте бес:
мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады.
Сүтқоректілерге тән омыртқаларының байланыс беті жалпақ – бұл платицельді
омыртқалар, олар бір – бірінен дөңгелек шеміршекті дискілер – менискілер
арқылы бөлінген. Мойынның ұзынды-қысқалығына байланыссыз, мойын бөліміндегі
омыртқалар саны тұрақты жетеу. Алғашқы мойын омыртқа – атлант, екінші мойын
омыртқа – эпистрофей. Кеуде бөліміндегі омыртқалар саны 24, әдетте олардың
саны 12-13. Омыртқа денесінің бүйір бөлімінде алдыңғы және артқы қабырға
сайшалары болады, олар қабырғаның басы бекитін буын бетін құрайды. Бос
жатқан қабырғалар көршілес омыртқалардың арасына бекиді, яғни
интервертебральды. Омыртқалардың жұп үстіңгі доғалары артқа қарай
бағытталған тақ үшкір өсіндімен бірігіп, невральды өзекті құрайды.
Көлденең өсінділер алға қарай бағытталған емізік тәрізді өсіндіге және
артқа бағытталған қосымша өсіндіге бөлінген.
Бел бөлімі 2-5 омыртқадан тұрады. Олардың денелері үлкен,
байланыс өсінділері жақсы дамыған. Үшкір өсінділері кішкентай және кеуде
омыртқаларының өсінділеріне қарай алға бағытталған. Алға қарай бағытталған
көлденең өсініділер біршама жақсы жетілген, олармен қабырғалардың
қалдықтары тұтасып кеткен. Сегізкөз бөлімі бірігіп кеткен 2-4 омыртқалардан
тұрады. Омыртқа денесі сегізкөздің түбінде тұтасады. Невральды доғалары
омыртқа өзегін құрайды және кішкентай үшкір өсіндімен аяқталады. Алғашқы
екі омыртқалардың көлденең өсінділері бірігеді және сегізкөз сүйегінің
қанаттарын құрайды, ал олардың бүйір омыртқаның көлденең өсінділері өз
бетінше қалады. Құйрық бөлімі 3-46 омыртқадан тұрады. Тек бірінші
омыртқалар ғана қарапайым құрылысты. Артқа қарай омыртқалардың доғалары мен
өсінділері жойылып, ұзарған сүйектерге айналады.
Тірек қаңқасына көкірек клеткасының қаңқасы да жатады, ол төс пен
қабырғалардан тұрады. Төс төс сүріншегінен, денесінен және семсертәрізді
өсіндіден тұрады. Төстің денесі – сегментті тақтайша, оның алдында
сүріншегі, ал артында семсер тәрізді өсіндісі орналасады. Төс денесі мен
сүріншегінде қабырғалар бекитін шұңқырлар болады. Сүтқоректілердің
қабырғалары екі бөлімнен – үстіңгі сүйекті қабырғадан және астыңғы қабырға
шеміршегінен тұрады. Сүйекті қабырғаның дорсальды ұшы қабырғаның жалпақ
басымен аяқталады, онда екі көрші омыртқаның қабырға буындарымен
байланысатын буындар болады. Қабырға ұштары өз бетінше төспен байланысатын
алдыңғы қабырғалар нағыз қабырғалар деп аталады [12].
Леопардтың иық белдеуінде тек жауырын мен бұғана дамыған. Жауырын
үшбұрышты тақтайша пішінді, сыртқы бетінде жауырын қыры болады. Жауырын
қыры акромиальды өсіндісімен аяқталады. Қарға сүйек кішірейген және
жауырынға каракоид өсіндісі түрінде біріккен. Ол алға қарай бағытталған
және жіліктің үстінде жатады. Таяқшатәрізді бұғана буын көмегімен ұшымен
акромиальды өсіндімен, ал екінші ұшымен – төс сүріншегімен байланысады.
Сүтқоректілердің жамбас белдеуі екі жамбас сүйектен тұрады.
Олардың вентральды бөлігі бір-бірімен бірігіп, симфиз құрайды, ал дорсальды
бөлімі сегізкөзбен байланысады. Әр жамбас сүйек үш сүйектен: мықын,
шоңданай, және шат (қасаға) сүйектерінен тұрады. Үш сүйектің біріккен
жерінде жамбас шұңқыры пайда болады, ол артқы аяқтың байланысатын орны
болып табылады.
Бетімен сегізкөз сүйегінің қанатымен байланысады. Шоңданай сүйек
жамбастың артқы бөлімі болып табылады. Оның біреуі жамбас шұңқырының артқы
бөлімін, екіншісі жамбастың қарама-қарсы жағындағы өзіне сәйкес өсіндімен
және шат (қасаға) сүйегімен бірігеді. Қасаға сүйек көлденең бағытта созылып
жатады. Оның бір ұшы жамбас шұқырын құрауға қатысса, екіншісі жамбастың
тұтасуына қатысады. Қасаға және шоңданай сүйектерінің арасында жұп тесік
болады.
Жұп аяқтарының қаңқасы үш қарапайым бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқ
күрделі құрылысты рычаг, ол қолдың қары, қол білегі және қолдың басынан
тұрады. Ұзын біршама иілген тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігі – денесін және
екі ұштары – эпифиздерін ажыратады. Кәрі жіліктің екі сүйегі бір-бірімен
қозғалмалы байланысқан және біршама бұралған. Шыбық сүйек бірінші, ішкі
саусаққа қарай бағытталған. Оның проксимальды эпифизінде тоқпан жіліктің
білігімен қосылуға арналған байланыс беті және шынтақ сүйекпен қосылуға
арналған бүйір қыры болады. Шынтақ сүйектің проксимальды эпифизі шынтақ
өсіндісімен, ал сүйектің дистальды ұшы бұдырлы өсіндімен аяқталады. Қол
басының қаңқалары көптеген майда сүйектерден тұрады. Білезік рет-ретімен үш
қатар орналасқан 8-10 сүйекшеден түзіледі. Қол басы сүйектері бес ұзарған
сүйектерден құралған, әрқайсысының дистальды ұшында башпайдың бірінші
буындарымен байланысуға арналған біліктері болады. Башпайлары әдетте үш
буыннан тұрса, басқалардан ерекше болатын бірінші башпай екі буыннан
тұрады. Артқы аяқтың қаңқасы саннан, сирақтан және табаннан тұрады. Ортан
жіліктің денесі салмақты әрі созыңқы тұрады және эпифиздері жақсы жетілген.
Үстіңгі эпифиз ортан жіліктің басымен аяқталады, жамбастың ұршық шұңқырына
енеді.
Сирақтың қаңқасы үлкен асықты жіліктен және оның садақшасынан
тұрады. Олар ұзына бойына бірдей, бірақ жуандығы мен орналасу жағдайына
қарай әртүрлі болады. Үлкен асықты жілік ішке қарай орналасып бірінші
башпайға бағытталған. Оның үстіңгі, ортан жіліктің ілмешегімен байланысуға
арналған, буын беті болады. Тілерсек сүйектері үш қатар орналасқан.
Табанда башпайлардың бірінші буындары байланысатын бес сүйек болады.
Башпайлары әдетте үш бөлімнен тұрады, тек үлкен башпайда ғана, көпшілік
жағдайда, екі буын болады. Алдыңғы аяқтарында қолдың қары сүйектері мен
білезік қатарының арасында, ал артқы аяқтарында асық пен жілік пен өкше
сүйектерінің арасында жылжымалы буын болады [9].
1.3 Мысықтектестер тұқымдастарының түрлері
Мысықтектес тұқымдасы Австриядан баска барлық континенттерде тараған
36 түрді біріктіреді. Тұқымдас эоценнің аяғында пайда болған, ал олигоценде
олар алуан түрлі болады. Дене тұрқы 46 см – ден 317 см-ге дейін жетеді.
Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ. Басы домалақ, бет бөлімі қысқа. Көздері
үлкен, қарашығы тік. Саусақпен жүретіндер, табаны дөңгелек. Алдынғы аяқтары
5, ал артқылары - 4 саусақты. Тырнақтары жиырылады үшкір және иілген.
Барлық мысықтектестер құрлықта тіршілік етеді, орманда, саваннада және
шөлде мекендейді. Көптеген түрлері ағаш бойымен жақсы өрмелейді,
кейбіреулері жақсы жүзеді. Етпен қоректенуге бейімделген. Жеке немесе
жанұялық топ құрып тіршілік етеді. 2-3 соқыр әрі жәрдемсіз мырсын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz