Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысы

1.1. Баланың дағдарысына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2 Баланың тілінің дамуы барысындағы дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.11

2 Баланың үш жастағы дағдарысының дамуы

2.1 Баланың үш жастағы дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.16
2.2 Баланың үш жастағы дағдарысының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Мектеп жасына дейінгі дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Жұмыстың мақсаты. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.
Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Дағдарыс жасы туралы буржуазиялық теорияға қарсы болудың да қажеті жоқ сияқты. Өйткені баланың даму процесін түйіні мол шырмаулы мәселе екен деп санау да артық. Бұл жерде дамуды тек ішкі табиғи процесс деп түсіну де дұрыс емес. Жалпы алғанда ішкі дамуды биологиялык даму деп санасак, онда бүл ішкі секреция бездерінің өзгеруі болып шығады. Міне осы заңдылыққа сәйкес дағдарыс жасын мен ішкі даму жасы деп атамаған болар едім. Алайда, мен ішкі даму процесін баланың жеке басы мен ортаның бірлігі нәтижесінде оның дамуына ықпал етуші жағдайлар деп тұжырым жасар едім. Өйткені бала дамуындағы бұрынғы сапалар мен оның жасы өскен сайын жаңа қадамдар жасауына тірек болып, елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын көрсетеді. Егер дамудың ішкі процесін дұрыс түсініп, оның себептерін анықтайтындай деңгейге көтерілсе, онда баланың дағдарысқа ұшырауы туралы теорияларға қарсы болудың да қажеті бола қоймайды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
12.Хрестоматия по детской психологии // Под. ред. Г.В. Бурменской. М., 1996
13.Волков В.С., Волкова Н.В. Балалар психоолгиясынана жаттығулар жинағы // Аударма: Бусурманова С.Т., Бердібаева С.Қ. Алматы, 1993.
14.Практикум по возрастной и педагогической психологии // Под. ред. А.И. Щербакова М. 1989
15.Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка – 8-е междунар. Изд. – Спб: Питер 2002. – 640 . (Серия «Мастера психологии»).
16. Кулагина И.Ю. Колюцкий В.Н. Возрастная психология М., 2002.
17. Оден Е.Е. Возражденные роды. М., 1997.
18. Кон. И.С. Психолгия ранней юности. М., 1989
19.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций М., 1960
20. Эриксон Э. Детство и общество. СПб.: ИТД «Летний сад», 2000

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Баланың дамуындағы үш жастағы дағдарыс

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысы

1.1. Баланың дағдарысына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
1.2 Баланың тілінің дамуы барысындағы дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-11

2 Баланың үш жастағы дағдарысының дамуы

2.1 Баланың үш жастағы дағдарысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-16
2.2 Баланың үш жастағы дағдарысының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .16-23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Мектеп жасына дейінгі дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Жұмыстың мақсаты. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.
Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Дағдарыс жасы туралы буржуазиялық теорияға қарсы болудың да қажеті жоқ сияқты. Өйткені баланың даму процесін түйіні мол шырмаулы мәселе екен деп санау да артық. Бұл жерде дамуды тек ішкі табиғи процесс деп түсіну де дұрыс емес. Жалпы алғанда ішкі дамуды биологиялык даму деп санасак, онда бүл ішкі секреция бездерінің өзгеруі болып шығады. Міне осы заңдылыққа сәйкес дағдарыс жасын мен ішкі даму жасы деп атамаған болар едім. Алайда, мен ішкі даму процесін баланың жеке басы мен ортаның бірлігі нәтижесінде оның дамуына ықпал етуші жағдайлар деп тұжырым жасар едім. Өйткені бала дамуындағы бұрынғы сапалар мен оның жасы өскен сайын жаңа қадамдар жасауына тірек болып, елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын көрсетеді. Егер дамудың ішкі процесін дұрыс түсініп, оның себептерін анықтайтындай деңгейге көтерілсе, онда баланың дағдарысқа ұшырауы туралы теорияларға қарсы болудың да қажеті бола қоймайды.
Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әр түрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жана сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.
Баланың қажеттілігі мен ниеттілектерінің өсіп, олардың жасы өскен сайын түрлі мазмұн-сапаларды игеруі жалпы психикалық дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріл отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-әрекетіне орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасына қатынасы десек, соған орай оның саңасы да жақа мазмұнға ие бола бермек.

1 Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысы
1.1. Баланың дағдарысына сипаттама
Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады. Жаңа дағдылар қалыптасады, жауапкершілікті, тәртіпті сезінеді. Ойлау қабілеті дами бастайды. Бойларының ұзындығы шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады.
Физикалық дамудың негізгі жетістіктері:
1) заттық әрекет, яғни бала заттарды мағынасына сай пайдаланады;
2) тік жүру, өз бетіншелік артады және қолдары босайды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Үлкендерге тәуелділік сақталады, олар балаға заттарды қолдану тәсілдерін ашады.
Осы жастағы жаңа құрылым. Сөйлеу. Көркем-әрекеттік ойлау. Сөйлеу- активті және пассивті. Активті сөйлеудің дамуы келесі заңдылыққа сүйенеді: 1,5 жасқа дейін тіл баяу дамиды. Бала 30-40- тан 100 сөзге дейін игереді. Оларды сирек пайдаланады. 1,5 жастан кейін бала бастамашыл бола бастайды. 2 жасқа келгенде оның сөз қоры 300 сөзге дейін ұлғаяды. 3 жасқа келгенде 300-ден 1,5 мың сөзге дейін ұлғаяды.
Жетекші іс-әрекет. Заттық - қарулық іс-әрекет, осы іс-әрекет процесінде заттарды қолданудың қоғамдық өндірілген тәсілдерін игеру жүзеге асады.
Танымдық дүниенің дамуы. Қабылдау. Балада 1 жаста заттық қабылдау қалыптасады, бірақ тым шала түрде. Екі жасқа көшкен бала әлі де болса заттардың қасиеттерін анықтай алмйды, ал заттардың өзі айқын белгілерімен танылады. Үшінші жылда бала форманы, көлемді, түсті анықтай алады, үлгі бойынша көзше таңдау жасай алады. Сондықтан баланы негізгі түстермен, формалармен, көлемі бойынша заттардың арақатынастарымен таныстыру қажет. 3 жастағы бала 5-6 форма мен 8 түс жайлы елестетулерді игере алады.
Есту қабылдауы қарқынды дамиды. Зейін ырықсыз. Зейіннің көлемі аз. Ес ырықсыз. Негізгі рөлді қайталау ойнайды. Қозғалыстық ес басым. 1 - ден 3 жасқа дейінгі баланың ақыл-ойын тәрбиелеу, баланы заттармен әрекетті ұйымдастыру арқылы қоршаған дүниемен таныстыру болып табылады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Тұлға қалыптасуының алғышарттарының, балада өзі туралы пікірдің қалыптасуы - өзіндік сана, өз менін саналы ұғыну.
Мінез-құлық жағдайға байланысты болып табылады, яғни бала дәл қазіргі сәтте пайда болған сезімдер мен тілектер әсерімен әрекеттенеді.
1-ден 3 жасқа дейін адамгершіліктік сезімдердің алғашқы нышандары қалыптаса бастайды: симпатия, эмпатия.
3 жас дағдарысы. Мәні: баланың өз бетіншелігін танытуы. Дағдарыстың байқалуы: қырсықтық, негативизм.
Осы баяндалған мазмұндар баланын даму процесіңце нендей өзгерістер болатындығын және ондай өзгерістерден туындайтын сапалар жөнінде кейбір теориялық тұжырымдар жасап көрейік. Үш жастағы баланың дағдарыстык кезеңі оның мінезіндегі дөрекілік көрсету қылықтары арқылы көзге тұседі. Мұндай дөрекі қылықтарды анықтау мақсатымен тиісті бақылау жүргізіліп, оның себеп-салдары зерттеледі. Мұңдай зерттеушілердің мақсаты бір жағынан дағдарысты кезеннін алдын ала болжап, оны дұрыс бағалауға арналса, ал екінші тараптан сол дағдарыс ерекшеліктерін анықтауда объективті де сипат алуы мүмкін. Біз үш жастағы дардарысты балаңың әлеумеутгік ортадағы қатынасын өзекті мәселе деп санадық. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет тіл алмауын дағдарыстың негізгі көрінісі қасарысудан айыра бідмуіміз керек. Сондай-ақ бұл сипат баланық қайсарлығынан да өзгеше бағдарда қарастырылуға тиіс.
1. Баланың бойындағы жағымсыз әрекет оның ересектер талап еткен тілектерді орыңдамауынан басталады. Оның тиісті талаптарды орындаудан бас тарту себебі оған қойылған талаптың мазмұнында емес, баланың сол ересектерге көңіл-күйінің қатынасына байланысты.
2. Баланың жағымсыз қылығынын көрініс беруі қойылған талаптан тәуелсіз түрде пайда болатын оның өзіндік қылығы, өз ойындағы мақсатка жету ниеттілігі.
Қасарыс да дәл сондай. Тіл алмайтын қиын балалары жайындағы аналардын шағымы олардың қасарысьш қалатындығын жиі айтады. Бірақ қайсарлық пен қасарысу екі түрлі нәрсе. Егер сәби бір мақсатқа қалайда жеткісі келсе, ол қайсарлық көрсетеді. Бұл қасарысу қылығына ешқандай ұқсамайды. Қасарысу кезіңде бала өзіне қажетсіз нәрсені талап етеді. Бала өз қажетінің болмысы үшін емес, сол кажетгі қалайда талап етіп отыруына сәйкес қайсарлық көрсетеді. Бұл орайда әлеуметгік жағдайдың себебі орын алады.
Дардарыстың сан қилы ерекшеліктері Өзге адамдарға қатысты әлеуметтік себептермен ұштасты екенін білдіреді.
Егер үш жастағы баланың дағдарысын іс жүзіңдегі сипаттарымен ашып көрсеткіміз келсе, оның мәні әлеуметтік қатынастар дағдарысы деп аталады, солай деп атауға да болады.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын психикалық. өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдарына - әкесі мен шешесіне және олардың беделіне деген әлеуметтік көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың мен деген өзіндік ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-қьшыктары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке түлғасы мен оның маңындағы адамдардың өзара әлеуметгік қарым-қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын психикалық фактор деп санаумыз керек.
1 2. Баланың тілінің дамуы барысындағы дағдарыс
Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт - бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің' алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым - бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі - құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу - аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс - екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. С-а-ғ-а-т деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың сағат ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.
Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория -- -қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.
Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, - дей; Штерн, - біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.
Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, - дейді Штерн, - қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. ;
Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні - сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты Бұл нс? деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай?
Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни Бала тілі деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.
Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.
Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.
Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: Өйткені оның мүйізі бар немесе Өйткені ол сүт береді деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.
Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын сәби кейін де бұл шарттылықты түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың пікір айтты.
Гумбольдтік тіл туралы күлдіргі әңгімелерінде орыс солдатынын судың түрлі тілде әрқилы аталатыны жөнінде терең ойға шомып, судың атауы тек біздің тілде ғана дұрыс аталады, ал басқалардың бәрі суды дұрыс атамайды деп қасарысады. Гумбольдтің бұл әнгімесіңде түйінді мәселе етіп қойып отыруының мәні заттың аты сол нәрсенін өзімен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі баланың сөздің сырын ұрынуда мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.
Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, арба аттын алдына жегіледі; Істің мәні мынадай: сәбидің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар мынаны былай атайық, ананы олай атайық деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды.
Штерн де дәл осыны айтады. Сәбидін белгі мен мағына арасындағы байланысты түсінуі қалай пайда болатынан, өмірдің әр түрлі сатысында бұл түсінік алуан турлі болатынын түсіндіру орнына ол былай деп қателік жіберді. Ең алдымен жаналық жасалады, яғни тілі шықпаған сәби тіл деген түсінікті игері үлгереді. Бұл теория бойынша тіл ол туралы түсініктен шығады ал бұл ретте іс жүзіндегі даму барысы былай өтеді: сөйлеу процесінде сәбидің тіл туралы белгілі түсінігі қалыптасады. Штерн көзқарасындағы тағы бір жайт бала тілінін, оның ұғымдық жа-ғының дамуы туралы мәселені мүлде жоққа шығарады, ягни мен бір жарым жасымда өз өмірімдегі ғаламат жаңалықты ашсам, одан кейін өзіме кажет қорытындылар жасағаннан басқа маған ещтеңе де қалмайды.

2 Баланың үш жастағы дағдарысының дамуы
2.1 Баланың үш жастағы дағдарысы
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзғерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың сіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңца ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.
Біз клиникада өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтірейін. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. Оңда бері келе ғой, - деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: Мына көйлектің түсі қара десе, ол қарсылық' көрсетіп, бұл. көйлектің түсі ақ дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.
Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік - баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға үмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жандайда көрініс табады.
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі - қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі - жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Үшінші сәт - баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жекё бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол ой қойшы! деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.
Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді,
Еңді төртінші ерекшелік - өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.
Талданып отырған дағдарыс түрлерінін бұдан басқаша үш түрі бар деп жұр, бірақ олардың қосықша ғана маңызы бар. Оның біріншісі - қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысьш, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айналды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған семьяда бала өз анасына сен ақымақсың дейді. Бюлер осы тақырыпқа сәйкес семьяның ренішің суреттеп жазды.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі. жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш жасар баланың мінез-құлқы
Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Мектепке дейінгі балалық шақ
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Бала психологиясы туралы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қазіргі ойын мәдениетінің дағдарысы
Балалардың психикалық даму белгілері
Пәндер