Алтын орда мемлекеті



Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталды. Оның себебі бұл территорияны мекен-деген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді».
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды. Орнына Жошының екінші ұлы Батк (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы қалың қолды бастаған Бати хан орыс қняздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы ұздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молда-вияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ сағасына қайта оралды.
Бати хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорық-тары арқылы Алтын Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұла!н-байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төменгі ағысын-дағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан. жоғарырак) көшірілді

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ

Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте қыпшақ ұлысы деп аталды. Оның
себебі бұл территорияны мекен-деген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар
еді. Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді.
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды.
Орнына Жошының екінші ұлы Батк (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны
місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал
өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы
қалың қолды бастаған Бати хан орыс қняздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде
Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс
княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы ұздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды,
Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молда-вияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ
сағасына қайта оралды.
Бати хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорық-тары арқылы Алтын
Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі
ұла!н-байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай
қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-
салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер
жиналатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай
салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төменгі ағысын-дағы ұлан-байтақ қазақ
сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы
кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек
Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан. жоғарырак) көшірілді.
Бати хан шығыс Европаға жасаган жеті жылдық (1236—1242) жорығынан
кейін, Арал теңізінің шығыс солтүстігі жағындагы жерлерді ағасы Орда-Еженге
берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді
інісі Шайбанға берді, ол Көк орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт омақ
ел: қосшы, найман, бұйрат және қарлық тайпалары еді'.
Алтын Орданың жағдайы өзге ұлыстардың қай-қайсысынан да күрделі еді.
Онда негізінен көшпенді мал шаруашылы-ғымен шұғылданған далалық өңір,
отырықшы егінші аймақ-тар, мәдениеті марқайған қалалар қатар өмір сүрді.
Отырықшы аймақтар мен қала-кенттерінде Еділ бұлғарлары, гжелгі хазарлар мен
аландар, қала қыпшақтары, хорезм-діктер, орыстар, армяндар, гректер тұрды.
Алтын Орданың кең-байтақ далалы өңірлерін қыпшақ, қаңлы, арғын;
найман, қоңырат, керей, уақ, т. б. тұркі тілдес тайпалар мекендеп,
негізінен мал шаруашылығы кәсібімен айналысты. Алтын Орданың халқы
этникалық әркелкі болғанымен, оның негізгі тұлғасы осы түркі тілдес
тайпалар, негізгі әскери күші қыпшақтар болды. Бұл түркі тілдес тайпалар
бастабында жеке-жеке яки одақтасып Шыңғыс-ханға қарсыласып көрді, нәтижеде
бәрі де жеңіліске тап болды. Бұлар ақырында жаппай бағынды да, оның жоры-
ғына қатынасты. Әсіресе батысқа аттанған қалың қолдың басым көпшілігі
осылар еді. Ол кезде қыпшақ деген сөз жоғарыда аталған түркі тілдес
тайпалардың жалпы аты ретінде де қолданылатын. Сол • заманда жасаған әйгілі
араб тарихшысы, маңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари дешті
қыпшақ жайында былай дейді: Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді,
Ал оларды татарлар (маңғолдар) билеп алғаннан кейін, қыпшақтар солардың қол
астына қарап қалды. Сонан кейін олар (маңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен)
араласып, туысып кетті; жер олардың табиғи және нәсілдік сипатын өзгертіп
жіберді. Олардың бәрі бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті, осыдан
келіп маңғолдар қыпшақ жеріне мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып,
осылардың (қып-шақтардың) жерінде тұрып қалды.'
Алтын Орда хандығы өз құрамына енғен түркі тілдес тайпалар мен
халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзғертпей бурынғы
қалпында қалдырды. Жергі-лікті басқару орындарының қызметін бұрынғыша жерғі-
лікті феодалдар атқарып отырды. Алтын Орда хандары жергілікті халықты өз
феодалдары арқылы басқарды.. Түркі тілдес тайпалар мен халықтардың феодал-
шонжарлары да өзінің халық бұқарасына үстемдігі мен төтенше құқығын сақтау
және нығайту үшін Алтын Орда үстемдігіне ынта-сымен қызмет етті. Жергілікті
түркі тілдес тайпалардың фердал-шонжарлары мен маңғолдардың әскери феодал
шонжарлары арасындағы ауыз жаласқан одақ барған сайын күшейіп, олар өзара
құдаласып қыз алысты. Маңғолдардың феодал-шонжарлары мен туркі тілдес тайпа
шонжарларының құдаласып қыз алысуы бұдан әлдеқайда бұрын басталған. Мысалы:
Шыңғысханның шешесі Ұлұн Еке ханым қоңырат қызы, Шыңғыстың бәйбішесі Бөрте
де қоңырат қызы, екінші әйелі Хот оқтай меркіт қызы, Жошы ханның бір әйелі
Сартақ қоңырат қызы, енді бір әйелі Бектумыш қерей қызы болатын. Ал
Шыңғысхан бір қызын ұйғыр идиқұтына, енді бірін қарлық Арсылан ханға
берген. Жошы хан өзінің үлқен қызы Бикені қаң-лының ұлыс-бегі Тұғырылдың
баласы Сұнақ тегінге берген. Бұл барыс Алтын Орда дәуірінде одан әрі үдей
түсті. Маңғол шонжарларының түркі тілдес тайпалардың қызынан туған балалары
отбасында аналарының тілін үйреніп түрік-ше тілі шықты, бұл жағдай жаулап
алушылардың жергілікті халыққа сіңіп кетуін тездетті. Келе-қеле маңғол
хандары мен шонжарлары да қыпшақ тілінде сөйлейтін болды. Сөйтіп, Алтын
Орда мемлеқетінің ресми әдеби тілі — бұ-рыннан осы өңірде қалыптасқан
қыпшақ тілі болды.
13-ғасырда Шыңғысхан ұлы маңғол патшалығының тәуелді үлесі болған Жошы
ұлысы ұзамай-ақ өз алдына дербес мемлекетқе айналды. Бұл мемлекет Жұңғоның
тарихи деректерінде қыпшақ ордасы, шығыс деректерін-де кек орда, орыс
жылнамаларында алтын орда деп аталды. Бати (1256-жылы қайтыс болды),
Берқе (1257— 1266), Мөңқетемір (1266—1280), Туда Мөңқе (1280— 1287),
Төлебұқа (1287—1291), Тоқты (1291 — 1312), Өзбеқ (1312—1342), Жәнібеқ
(1342—1357) хандар тұсын-да Алтын Орданың қуаты қемеліне келіп, биліғі
мейлінше қүшейді. Егер Жошы мен Бати Маңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір
дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін
тәуелсізбіз деп есептеді.
Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алайда, Алтын Орда
мемлеқетінде жасаған халықтардың даму дәрежесі эр қелкі болды. Оның Еділ
алқабы, Бұлғар, Хорезм, Қырым, және солтүстіқ Кавказ қатарлы дамыған
отырықшы-егінші аймақтарында феодалдық қатынастар үстем болды. Ал далалық
мекенді меқендеп, негізінен мал шаруашылыгымен шұғылданған түркі тілдес
тайпалар мен түріктенген маңғол тайпалары арасында жартылай патриархалдық,
жартылай феодалдық қатынас өмір сүрді.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы әскери негізде болды. Алтын Орданы
билеуші хан ондағы барлық қарулы куштердің бас қолбасшысы саналды.'
Мемлекет билігінің белді ұйымы — әскери феодал-шонжарлар мен алпауыт
бектердің құрылтайы болды. Шешуші кезеңдерде осы құрылтайлар ашылып,
мемлекет тағдырына қатысты, ма-ңызды саяси, әскери мәселелерді ақылдасып
шешіп отырды. Алтын Орданың қарулы күштері оң қол (баронғар) сол қол
(жұңғар) деп екі қолға (қанатқа) бөлінді. Шың-ғыстың ұлкен ұлы Жошы хан
өлген (1227) соң, оған мұрагерлік еткен Жошының екінші ұлы Бати хан қарулы
күштердің оң қанатын тікелей өзі басқарды да, сол қанатын ағасы (Жошының
үлкен ұлы) Орда Еженнің басқаруына берді. Қарулы кұштердің әрқайсы канаты:
тұмендік, мың-дық, жүздік және ондықтарға бөлінді, оларды түмен басы,
мыңбасы, жұзбасы, және онбасылар басқарды. Қарулы күштердің жоғарғы
қолбасшылық міндеттерін хан тұқымы-нан шыққан ханзадалар, әскери феодалдық-
шонжарлар — нояндар атқарды. Олар өз қол астындағы әскерді бас-қарумен
қабат сол әскер алынған ру-тайпаларды да биледі. Аса маңызды әлеуметтік
қызметтерді баскаруға әмірлер, дарғы бектері белгіленді. Мемлекеттік
мекемелердің басын-да атақты билер мен олардың көмекшілері — бақауыл
(бөкеуіл), тұтқауыл, жасауыл, бітікші, тамғашы, тартынақ-шылар отырды.
Алтын Ордаға бағынышты шеткері аймақ-тарды басқару үшін өкіл әкімдер —
даргы бектері мен тамғаш және басқақтар тағайындалды.
Олардың басты міндеті — жергілікті халықтарды билеп-төстеу, олардан
хан қазынасына алым-салым жинау еді.
Алтын Орданың алғашқы мезгілдерінде оның құрамына кірген халықтардың
көпшілігі мұсылман болганымен, билік басындағы маңғол ақсүйектері өздерінің
байырғы діні шаманизм нанымын тұтынып келген еді, уақыт өте келе олар
жергілікті халықтардың ислам мәдениетін қабылдады. Берке хан тұсында Алтын
Орданың билік басындағы ақсүйектері арасында ислам діні ене бастады.
1312—1342-жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын орда туралы ақпарат
Ақ Орда мемлекетінің территориясы және қоғамдық саяси құрылымы
Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы
Алтын орда дәуіріндегі әдебиеттің даму ерекшеліктері
Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығы
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Ақ орда мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы
Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы
Астанасы Алмалық қаласы
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
Пәндер