Ақша Қазақстан халқының сақтау және жинақ ретінде



Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ТАРАУ. АҚШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Құн өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Айналыс кұралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.3 Төлем құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.4 Қор және қазына жинау құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.5 Дүниежүзілік ақша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АҚШАНЫ САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУДЫҢ ЕРЕКШЕ ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Банктер қаржы делдалдары ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Депозит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

3 ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.1 Ақшаның қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.2 Ақшаның мәні және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе

Қазіргі кезде қандай жеке тұлғаға, заңды тұлғаға не болмаса кәсіпорын басшылығына қандай да бір қаражат көзі қажет. Онсыз қазір болашақта пәтер де, жаңа бір істі бастай да алмайсыз. Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай сақтаудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың қаражатын неғұрлым қолайлы әрі сенімді сақталатынын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну. Қолда бар қаржының сенімді сақталуын қамтамасыз ететін және осы қаржының белгілі бір шарттарға сай өсіп отыратынына кепілдік беретін банктер мен олардың қызметтеріне тоқталдым.
Осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым:
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай:
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге асыруға талдау жасау.
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Курстық жұмысымды жазғанымда мен мынадай мәселелерге тоқталдым:
1. Ақша қызметтері туралы жалпы мағлұмат
2. Ақша қызметтерінің ерекшеліктеріне және олардың қолдану ерекшеліктеріне тоқталу
3. Қаржы делдардарын анықтап, соның ішінде депозитке баса назар аудару
Курстық жұмысым 3 тарауды қамтиды:
1. Ақшаның негізгі қызметтері;
2. Коммерциялық банктердің ақшаны сақтаудың және жинақтаудың ерекше ұйымы ретінде және депозиттер түрлері;
3. Ақшаның экономикадағы рөлі.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ақша арқылы қандай операцияларды орындауға болады? Ол операциялардың орындалу мүмкіндігі қаншалықты қолайлы және қол жетімді? деген сұрақтарға жауап жаздым. Ең алдымен, мен, ақшаның негізгі бес қызметіне тоқталып, олардың әрқайсысына толыққанды анықтама беріп, басты ерекшеліктерін айқындадым.
Ал, екінші бөлімде, коммерциялық банктердің, соның ішінде уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту қызметіне, тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін құрайтын депозиттерге тоқталдым. Бұнда депозиттердің пайда болуын, оның бір-бірінен айырмашылықтары мен бөліну ерекшеліктерін қарастырдым. Соңғы бөлімде ақшаның экономикалық категория ретіндегі қоғам өміріндегі рөлі мен оның мәнін, қажеттілігін ашып көрсеттім. Сондай-ақ курстық жұмысымда бір кесте, екі сызба және бір диаграмманы қолдандым.
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады. Қазіргі кезде ақшаның 5 қызметі бар. Адам өмір сүруі үшін ақша қажет. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі, тауар айналысының дамуынан тауындайды. Негізінен ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар болып табылады.
Ақшаның төлем және айналыс құралы ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы каражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банк клиенттерінің жинақ салымдарынан баска мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
"Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Ақша, несиие, банктер, валюта қатынастары», Б.Көшенова, Экономика, 2000 ж.
2. «Коммерциялық банктер операциялары», Мақыш С.Б. ИздатМаркет, Алматы, 2004 ж.
3. Кудайбергенова Л.Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Экономические реформы: особенности переходного периода: сборник научных трудов Алматы 1999ж.
4. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» оқу құралы. Алматы. 2004ж.
5. «Банки Казахстана» журналы №3; №8 2007 ж.
6. ҚР «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру» туралы Заңы, №169- III ҚРЗ, 7 шілде, 2006 ж.
7. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
8. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы, «Экономика», 2005.
9. «Банк ісі», Н.Н.Хамитов, Алматы, Экономика, 2006 ж.
10. Банковская система Казахстана. 2006. /Финансы и кредиты. 2006 №2,
11. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. –М., Банки и биржи: ЮНИТИ, 1998.
12. «Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО да оқыту» журналы, №5-6 (24), 2007 ж; №1 (25), 2008 ж.
13. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл.
14. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.
15. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2005ж.
16. Льюис К.Ф. Методы прогнозирования экономических показателей. –М., Финансы и статистика, 1993.
17. Лаврушин О.И. Банковские операции. –М., Инфро, 1998.
18. Баян Көшенова. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары: Алматы, «Экономика». 2000ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Банк ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ақша, несие және банк пәні бойынша

Тақырыбы: Ақша Қазақстан халқының сақтау және жинақ ретінде

Ф-21-к топтың студенті
Ермекбаев Т.

Тексерген: оқытушы, магистр
Исанов А.С.

Қарағанды 2013

Жоспар

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. АҚШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Құн өлшемі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Айналыс кұралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 6
1.3 Төлем құралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 7
1.4 Қор және қазына жинау құралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.5 Дүниежүзілік ақша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9

2 ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АҚШАНЫ САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУДЫҢ ЕРЕКШЕ
ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТЕР
ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .11
2.1 Банктер қаржы делдалдары
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Депозит
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..14

3 ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.1 Ақшаның
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19
3.2 Ақшаның мәні және оның экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Қазіргі кезде қандай жеке тұлғаға, заңды тұлғаға не болмаса кәсіпорын
басшылығына қандай да бір қаражат көзі қажет. Онсыз қазір болашақта пәтер
де, жаңа бір істі бастай да алмайсыз. Менің бұл курстық жұмысты таңдаған
себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек.
Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай сақтаудың
амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық
институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың қаражатын неғұрлым қолайлы
әрі сенімді сақталатынын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін
кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну. Қолда
бар қаржының сенімді сақталуын қамтамасыз ететін және осы қаржының белгілі
бір шарттарға сай өсіп отыратынына кепілдік беретін банктер мен олардың
қызметтеріне тоқталдым.
Осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым:
-  Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
-  Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен
ертеңін дәлелдеу;
-  Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай:
-   Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
-  Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын
жүзеге асыруға талдау жасау.
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық
экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды
қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан
Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша
массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып
ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан курстық жұмыс
тақырыбы өзекті болып табылады.
Курстық жұмысымды жазғанымда мен мынадай мәселелерге тоқталдым:
1. Ақша қызметтері туралы жалпы мағлұмат
2. Ақша қызметтерінің ерекшеліктеріне және олардың қолдану
ерекшеліктеріне тоқталу
3. Қаржы делдардарын анықтап, соның ішінде депозитке баса назар аудару
Курстық жұмысым 3 тарауды қамтиды:
1. Ақшаның негізгі қызметтері;

2. Коммерциялық банктердің ақшаны сақтаудың және жинақтаудың ерекше
ұйымы ретінде және депозиттер түрлері;

3. Ақшаның экономикадағы рөлі.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ақша арқылы қандай операцияларды
орындауға болады? Ол операциялардың орындалу мүмкіндігі қаншалықты қолайлы
және қол жетімді? деген сұрақтарға жауап жаздым. Ең алдымен, мен, ақшаның
негізгі бес қызметіне тоқталып, олардың әрқайсысына толыққанды анықтама
беріп, басты ерекшеліктерін айқындадым.
Ал, екінші бөлімде, коммерциялық банктердің, соның ішінде уақытша бос
ақшалай қаражаттарды тарту қызметіне, тартылған қаражаттар ішінде ең көп
бөлігін құрайтын депозиттерге тоқталдым. Бұнда депозиттердің пайда болуын,
оның бір-бірінен айырмашылықтары мен бөліну ерекшеліктерін қарастырдым.
Соңғы бөлімде ақшаның экономикалық категория ретіндегі қоғам өміріндегі
рөлі мен оның мәнін, қажеттілігін ашып көрсеттім. Сондай-ақ курстық
жұмысымда бір кесте, екі сызба және бір диаграмманы қолдандым.
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде
көрініс табады. Қазіргі кезде ақшаның 5 қызметі бар. Адам өмір сүруі үшін
ақша қажет. Ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі, тауар айналысының дамуынан
тауындайды. Негізінен ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет. Ақша
үнемі тауарға қарама-қайшы. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас
категориялар болып табылады.
Ақшаның төлем және айналыс құралы ақшалай қорлардың құрылуын талап
етеді. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты
болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны
жинау қажет.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған
қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз
клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде
осы каражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банк
клиенттерінің жинақ салымдарынан баска мерзімді және мерзімсіз
салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды
салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары
депозиттік операциялар деп аталады.
"Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл
афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген
мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның
мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда
пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

І ТАРАУ. АҚШАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

1.1 Ақша құн өлшемі ретінде

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс кұралы, төлем
құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны
анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн
өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған,
құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар
атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған
құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына (31,1
г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы
доллардың деваливациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850
долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келді. [12]

1.2 Ақша айналыс құралы

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып
табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады. Тауар айналысы кезінде,
ақша делдал рөлін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі
ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сау келмейді. Сатушы тауарын
сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды
бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі
ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялык саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол)
ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар –
ақша
белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс кажеттілігі
олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни
өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне қызмет
ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың
қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.[8]

1.3 Ақша төлем кұралы

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы
міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша
құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.
Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы
түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
• тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі акшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем кұралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы
ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу
үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер сомасы
айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен
берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.). [13]

1.4 Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде

Ақшаның төлем және айналыс құралы ақшалай қорлардың құрылуын талап
етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т–А–Т айналымының екі актілерге Т–А
және А–Т айрылуымен байланысты. Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер
үшін байлықты таза қазына формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым
қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ,
себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм
тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда
әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау
қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын
немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет. Әрбір тауар
тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты
білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы
ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы
қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана
ақша айналысын реттеуші рөлін атқарған болатын. Өндірістің және тауар
айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып
отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі.
Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта
бөлу процесіне дәнекер болады.

1.5 Дүниежүзілік ақша қызметі

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар
қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық
құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз
ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік
ақша кызметін алтынға балап бекітті. Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша
бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К.
Маркстің айтуынша: ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат
бағалы металл формасын киеді, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына
өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етгі. 1913 ж. халықаралық есеп
айырысулардың 80%-ы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон-Вудстағы (1944 ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт
стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқа шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан
несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. Қазіргі уақытта
дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже
жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті
кұндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның
қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы
операциялар арқылы алтын атқарады.

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АҚШАНЫ САҚТАУДЫҢ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУДЫҢ ЕРЕКШЕ
ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТЕР ТҮРЛЕРІ

2.1 Банктер қаржы делдалдары ретінде

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс–әректтерді
орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.[2]
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- Ақылы негізде депозиттерді тарату;
- Клиенттер мен банк–корреспонденттерінің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- Қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- Инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- Заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды
және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- Төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- Ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру;
- Тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- Банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- Клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
- Коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай–ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- Клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- Банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- Лизингтік операцияларды жүзеге асыру. [7]
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- Уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік
операциялар);
- Экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- Қолма– қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- Инвестициялық қызметі;
- Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
- Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі–базалық қызметі. Банк ресурсы банктің
пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі
банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және
тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды
жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған
ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір–бірімен тығыз байланысты.
Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты кең жағынан банктің активтік
операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк
саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің
салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің
өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді
болуы үшін қажет.
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай–ақ,
банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге қорлар, сақтандыру резервтері және
жыл ішінде бөлінеһген пайда жатады. [9]
Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы
нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капитаолдың қалыптасуы әр түрлі
болады.
Банктің ұйымдық – құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры
толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының
есебінен қаллыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк
несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі–беріден соң банк
қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат
жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны
салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін
алып отырады.
Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі
акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың
мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай
акция).
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция
бойынша дивидндтерді есептеу резервтік қордың есебіен жүргізіледі. [10]
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған
залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі
ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция
бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор
түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебіен қалыптасады.
Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100%
деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік
қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу
қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың
есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына
арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық
есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі. [14]
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты
операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол
(сақтандыру резерві) – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының
нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын
жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың
міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы – банктің өз салымшылары
арасындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы
мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік
береді. Банк іс–тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы
салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін
сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік
қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі
өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте,
Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын
дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай
белгіллейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй–ғимаратты, машинаны,
құрал–жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек–жарақтарды сатып алады.
Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен
қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатаын қор
жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) коммерциялық банктер көптеген
факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
1. Банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
2. Өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
3. Өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік
ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді.
Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ,
коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді, әрі банкке
қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз
дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік
қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде
арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
- Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
- Пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын)
арттыру.
Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру
әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында
пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы
мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе
жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды талап етпейді.
Отандық коммерциялық банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын
(позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің депозиттік операцияларын реттеу
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң даму тенденциясы
Меншікті мерзімді депозиттер
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң қалыптасуы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
Депозиттік рыноктың дамуы, банктердің депозиттік саясаты
Банктің атқаратын қызметтері
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Банк жүйесі туралы
Пәндер