Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік



Кіріспе
1 Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс.әрекеттер жасауға тарту
1.3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
2 Отбасына қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
2.1 Баланы ауыстыру
2.2 Баланы асырап алу құпиясын жария ету
2.3 Баларын немесе еңбекке жарамсыз ата.анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару
2.4 Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттері және оны орындамау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік– құқықтық қасиеттерінің дамуы мен бекітілуіне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстрады болдырмауға немесе жоюға бағытталады. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын – алу шаралары.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын – алу шараларын дамыту мәселері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Жас тұлғаны жалпылама тәрбиелеу арқылы оның жүріс – тұрыс ережелері мен нормаларды біліп, сақтауын ; заңға сенімділігін тудыру арқылы сана – сезімін дамыту бағыттарында жүргізілген кешенді іс – шаралар әсерінен тұлғаның заңды әрекеті тәртіплігі қалыптасады.
Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары тек мектеп қана емес, сонымен бірге құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Жасөспірімнің теріс қылық жасауына негізгі себеп, оның құқықтық білімі мен тәрбиенің төмендігі. Сондықтын жасөспірімге бастапқы көзден дұрыс тәрбие беру мәселесінің өзектілігі белгілі. Құқықтық тәрбиелеу практикасы – адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасақан үрдіс. Оған дәлел ежелгі мемлекеттердегі заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негізінде адамдардың тәрбиеленуі.
Қоғамның қарқынды немесе бәсең дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектен бастап тәрбиелеу үрдісіне байланыстылығы айқын көрінеді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзшылықты алдын алу шаралары қазақ даласында да даналық сөздер және дұрыс тәрбие арқылы жүзеге асырылған. Осыған орай, '' Жеті Жарғының '' бесінші жарлығын негізге ала отырып, Әділ би әке – шешесін балағаттап, адам қатарына қоспайтын кәмелетке толмаған баланың мойына құрым ілім, есекке немесе қара сиырға теріс мінгізіп, бүкіл ауылды айналдырып шығару және қамшымен ұру жазасын тағайындап, жарияланған.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын - алу шараларының мемлекеттің өзекті мәселесі ретінде қолданылуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының басым болуына байланысты қалыптаса бастады. ғасырдың басы мен ортасында кәмелетке толмаған қылмыскерлерге
(құқық бұзушы жасөспірімдерді жазалау шараларымен қорқыту мақсатында қылмыстың алдын алу шаралары ретінде ) өлім жазасы тағайындалып отырған.
Дұрыс берілген тәрбие тәрбиеленушінің жан – жақты білімін, санасы мен мәдениетін тәрбиелей отырып, өз Отанын сүйетін, заң нормаларын силайтын, ұғынатын; өз құқықтары мен бостандықтарын білітін; заңды міндеттерін бұлжытпай орындайтын құқықтың , демократиялық мемлекеттің үлгілі азаматтың тұлғасында қалыптсатырып, дамытады. Тұлғаның құқықтық даму мәселелері құқықтық тәрбиенің мақсатын құрайды. Құқықтық дамыған адам – құықықтық білімді ; өзін тұлға ретінде
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Ресбуликасының Конституциясы.-Алматы 2007
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі-Алматы 2009
3. Ағыаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім-Алматы Жеті жарғы, 2003
4. Құлжақаева Р.Б. Қылмыстың құрамы: Оқу құралы-Қарағанды, 2000
5. Жүнісов Б.Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)-Қарағанды 2000
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Ерекше бөлім-Алматы, Жеті Жарғы, 2001
7. Оңғарбаев Е.Ә. Сұмағұлов А.А Қазақстан Респуликасының қылмыстық құқығы. Қарғанды: Болашақ-баспа, 2005

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тақырыбына
курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе
1 Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
1.3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
2 Отбасына қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
2.1 Баланы ауыстыру
2.2 Баланы асырап алу құпиясын жария ету
2.3 Баларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару
2.4 Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттері және оны орындамау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Құқықтық тәрбие алдымен тұлғаның адамгершілік - құқықтық қасиеттерінің дамуы мен бекітілуіне, ал кейбір қажетті жағдайларда негативті құбылыстрады болдырмауға немесе жоюға бағытталады. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын - алу шаралары.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын - алу шараларын дамыту мәселері қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Жас тұлғаны жалпылама тәрбиелеу арқылы оның жүріс - тұрыс ережелері мен нормаларды біліп, сақтауын ; заңға сенімділігін тудыру арқылы сана - сезімін дамыту бағыттарында жүргізілген кешенді іс - шаралар әсерінен тұлғаның заңды әрекеті тәртіплігі қалыптасады.
Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары тек мектеп қана емес, сонымен бірге құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Жасөспірімнің теріс қылық жасауына негізгі себеп, оның құқықтық білімі мен тәрбиенің төмендігі. Сондықтын жасөспірімге бастапқы көзден дұрыс тәрбие беру мәселесінің өзектілігі белгілі. Құқықтық тәрбиелеу практикасы - адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасақан үрдіс. Оған дәлел ежелгі мемлекеттердегі заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негізінде адамдардың тәрбиеленуі.
Қоғамның қарқынды немесе бәсең дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектен бастап тәрбиелеу үрдісіне байланыстылығы айқын көрінеді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзшылықты алдын алу шаралары қазақ даласында да даналық сөздер және дұрыс тәрбие арқылы жүзеге асырылған. Осыған орай, '' Жеті Жарғының '' бесінші жарлығын негізге ала отырып, Әділ би әке - шешесін балағаттап, адам қатарына қоспайтын кәмелетке толмаған баланың мойына құрым ілім, есекке немесе қара сиырға теріс мінгізіп, бүкіл ауылды айналдырып шығару және қамшымен ұру жазасын тағайындап, жарияланған.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын - алу шараларының мемлекеттің өзекті мәселесі ретінде қолданылуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының басым болуына байланысты қалыптаса бастады. ғасырдың басы мен ортасында кәмелетке толмаған қылмыскерлерге
(құқық бұзушы жасөспірімдерді жазалау шараларымен қорқыту мақсатында қылмыстың алдын алу шаралары ретінде ) өлім жазасы тағайындалып отырған.
Дұрыс берілген тәрбие тәрбиеленушінің жан - жақты білімін, санасы мен мәдениетін тәрбиелей отырып, өз Отанын сүйетін, заң нормаларын силайтын, ұғынатын; өз құқықтары мен бостандықтарын білітін; заңды міндеттерін бұлжытпай орындайтын құқықтың , демократиялық мемлекеттің үлгілі азаматтың тұлғасында қалыптсатырып, дамытады. Тұлғаның құқықтық даму мәселелері құқықтық тәрбиенің мақсатын құрайды. Құқықтық дамыған адам - құықықтық білімді ; өзін тұлға ретінде ұстай білітін; заң нормалары мен құқыққа оң көзқарстағы адам болып табылады. Құқықтың білімді азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды. Жасөспірімдерді құқықытық тәрбиеге баулу арқылы оның құқықтық білімі, санасы мен мәдениеті қаланады . Осы жағдайда тәрбиеленуші оқушылардың барлығы да құқықтық тәрбиелеу арқылы құқықты позитивті бағытта ұғына бермейді. Сондықтан құқық бұзушылықты алдын алу шаралары - құқықытық тәрбиенің бір бағыты ретінде қарастырылады.
К.Бегалиев өзінің Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних' атты еңбегінде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын жеткіліксіз жүргізілген тәрбие және оның немқұрайлықпен ұйымдастырылу негізінде пайда болуына негізгі себепші жағдайларға тоқтаған. Кәмелетке толмағандардың арасында пайда болған құқық бұзушылыққа себепші факторларды мынандай топтарға бөлген :
Біріншіден, ҚР Білім туралы Заңын, сондай - ақ оған негізделген нормативті актілеріндегі нормаларды жүзеге асырушы орта және кәсіби техникалық білім беру оргондарының сапасыз жұмыстары ;
Екіншіден, кәмелетке толмағандар жөніндегі комссиялар мен инспекциялардың, прокурорлық қадағалаудың, сот және тергеу
оргондарының алдын алу жұмыстарының жеткіліксіз жүзеге асуы; Үшіншіден,мектептегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы; Төтіншіден, жадайлары төмен өмір сүріп жүрген кәмелетке толмағандарды арнайы мекемелерге уақытылы орналастыру шараларының орындалмауы және жанұядағы тәрбиенің болмауы.

1 Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-анасының етене құқығы әрі міндеті (2); Кәмілетке толған еңбекке қаблетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (3)-делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Адам құқығыжөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекетпен қоғам тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленеді. 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған "Бала құқықтары жөніндегі" Конвенцияда балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасыда отбасы және кәмілетке толмағандар жөніндегі халықаралық құық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға ерекше мән береді.
1997 жылғы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-тарауы отбасы және кәмлетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген. Бұл тарауда осы тұрғыдағыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмлетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмлетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); баланы асырап алу құпиясын жария ету(135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналлған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмлетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі мідеттерді орындамау (137-бап); балаларының өмірімен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мінднттерді тиісінше орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қамқоршы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналармен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмлетке толмағандардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс құрамының әрқайсысына жекежеке талдау жасап өтейік. 1
Кәмлетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі-кәмлетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандары қылмыстың тікелей орындаушы немесе өзге де көмектесуші болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмлетке толмаған адамдарды үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын деген әрекекттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мұндай қорқытулар жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына берілуі хақ.
____________________
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.-Алматы, 2009

Субъектінің болашақта кәмлетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге (оқуға түсіруге, жұмысқа тұрғызуға немесе оларға басқалай игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп таналады. Кәмлетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн, мысалы, ересек адам кәмлетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиесілі жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі. Кәмлетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қараниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмлетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады.
1.1 Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге кәмлетке толмағандарды тартқаны үшін ғна жауаптылық көзделген. Субъективтік жағынан ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әр түрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқада зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін, бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектіс-заңда тура атап көрсетілгендей кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тарқан жасы 18-ге толған адам. Кәмлетке толмаған адаиның екінші бір кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кәмлетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет-осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы). Көрсетілген адамдардың кәмлетке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың қоғамға қауіптілігін едәуір үлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанында
қабылданған заңына сәйкес шешіледі. Педагог деп тәрбие немесе оқу продцесімен айналысатын адамдар танылады. Педагогті қылмыстың субъектісі деп тану үшін оың жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күдізгі сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді.
Кәмлетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзгеде адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі балалар мекемелердің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген-жақын туыстары, жақын туыстары, ағасы немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (131-бабтың 3-тармағы)-осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндай күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерін қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру арқылы қылмыс істеуге көндірулер жатады, егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, ода кінәләнің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Осы баптың бірінші, екінші, немесе үшінші тармақтарында көзделген кәмлетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға байланысты әрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көсетілген қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылыады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4,5-тармакқтарында берілген
1.2 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмлетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқада қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әртүрлі жұқпалы аурулар көбейе түскен, бұл әрине, ертеңгі болашағымыз өте қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмлетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмлетке толмаған адамды есірткілік немесе басқада есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немсес оданда көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмлетке толмаған адамды көрсетілген әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.
Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау анаулы сарапшылық қортынды бойынша анықталады.
Екі немесе оданда көп реттерде кәмлетке толмағандар үнемі спирт ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының бір белгісі жүзеге асырылғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмлетке толмағандармен бірге бір мәрте білесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік қүқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмлетке толмаған ақшаға немесе басқа материалдық сыйақы үшін
нәсіпқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі-қорқыту, тәуелділік жағдайларды пайдалану арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі адам өзі жезөкшелікке тарқан адамды зорласа немесе істеген қылмыстардың жиынтаға бойынша сараланады. 1
Кәмлетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқада еңбексіз табыстармен
күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады.
Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе басқандай материалдық құндылықтардысұрап алып табыс табуға әр түрлі тәсілдермен кәмлетке толмағандарды көндіру, оны қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап қылмыс аяқталды деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Кінәлі адам кәмілетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Кінәлі адам кәмілетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін заттармен медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқаын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмлетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрект, осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында қарастырылған бірнеше рет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

1 Құлжақаева Р.Б. Қылмыстың құрамы: Оқу құралы. Қараганды, 2000, 52 бет.
жауаптылық көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе оданда көп әрекетті жасау бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады. (Қ.К-тің 11бабы).
Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық кодекстің 131-бабаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен бірдей.
1.3 Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
Кәмлетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан Респуликасының аумағында қолданылған қылмыстық заңда мүлдем көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмлетке толмағандар зат, товар ретінде пайдаланып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды.Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құблыстарға сәйкесҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдаға іс-әрекет қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі-кәмлетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан- кәмлетке толмаған адамды сатып алу не кәмлетке толмған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұрақты өтіп кетуге байланысты көрсеткен көмегі үшін немесе шын достықтың белгісі ретінде тегін беру); қарызын немесе басқандай міндеттерін өтеу үшін беру; басқа біреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмлелер жасасу деп танылады. Қылмыс жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге қол жеткізілген және кәмелетек толмаған адамды басқа біреуге берген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс-кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмысты істеуге кінәлі болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге бағытталған өзгеде мәмілелер жасауға қатысқандар (жәбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1-тармағында тілеген әрекеттерді:
А) бірнеше рет;
Б) екі және оданда көп кәмелетке толмағандарға қатысты;
В) адамдар тобының алдынала сөз байласуы бойынша немесе ұймдасқан топпен;
Г) адамның өзінің қызыметтік жағдайын пайдаланып;
Д) кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасынан тыс жерге заңсыз әкетумен немесе оны Қазақстан Республикасына заңсыз әкелумен;
Е) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзгеде іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
Ж) Кәмелетке толмаған адамның мүшелерін немесе тінін ауыстырып алу мақсатында.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзелген кәмелетке толмаған адамның өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы
Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және тағайындалатын жазалар
Пәндер