Мектеп жасына деиінгі балалардың тілін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 122 бет
Таңдаулыға:   

Бұл кітапті жазуға ат салысқандар: Л. П. Федоренко, педагогика ғылымдарының докторы-1, 2, 3, 4, 5 («Практикалық сабақтары» және §3 басқасын), 7, 8, 9 тараулар; Г. А. Фомичева, педагогика ғылымдарының кандидаты-5 тарау және 6 тараудың §3; В. К. Лотарев, педагогика ғылымдарының кандидаты - 10 тарау және 6 тараудың «Практикалық сабақтары».

Л. П. Федоренко және басқалары.

Мектеп жасына деиінгі балалардың тілін дамыту. Пидучилищелердің мектепке деиінгі бөлімінің оқушыларына арналған оқу құралы. А., «Мектеп», 1981, 244 бет.

Мазмұны

1 тарау. Ана тілінің мектепке деиінгі мекемелердегі балалардың дамуының факторы ретіндегі ролі . . . 5

2 тарау. Балалар бақшасында жасанды сөилем ортасын ұимдастыру . 33

3 тарау. Сөздің дыбыстық мәдиетіне тәрбиелеу . . . 52

4 тарау. Сөздіңқорын бакиту . . . 81

5 тарау. Грамматикалық дағдылардң қалыптасуы . . . 113

6 тарау. Мектеп жасына деиінгі кішкене балаларды баиланыстыру сөилеуге үирету . . . 136

7 тарау. Мектеп жасына деиін балаларды диалог сөзге оқыту . . . 157

8 тарау. Мектеп жасына деиінгі балаларды монолог сөзге үирету . . . 174

9 тарау. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру . . . 189

10 тарау. Көркем шығармалармен сабақтан тыс уақытта танысу . . . 229

ИБ 1201

МЕТОДИКА РАЗВИТИЯ РЕЧИ ДЕТЕИ

ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

Лидия Прокофьевна Федоренко

Галина Алексеевна Фомичева

Владимир Константинович Лотарев

( на казахском языке )

АВТОРЛАРДАН

Сәбилер мен мектеп жасына деиінгі балаларды өз ана тіліне үирету тәрбиешініңкәсіби кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың табиғат сыиға тарқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің онда да мектепке деиінгі кезде меңгерудің арқасындапаида болады және дамиды. Бала ана тілінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани баилығын мұра ете ме, одан арғыжерде тәрьиеленушілер өз заманының ғылыми жетістігіне саи бола ма, олар адмзаттың алдынғы қатарлы этикалық мұраттарын боиына сіңіре ала ма, яғни коммунистік қоғамның белді құрылысшысы бола ала ма-осының бәрі тәрбиешіге баиланысты. Балаларды ана тіліне оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ

тәрбиешіге методика теориясы ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру., яғни осы әдістерді жүзкге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауғ жаттығу қажет. Методика тиориясын білу-баланың ана тілін меңгерудегі заңдылықтарды түсіну деген сөз.

Қолыңыздағы оқу құралы тілді меңгерудің табиғи процесінің маңызды заңдылықтарын баяндаудан басталады . оқу құралының негізгі мазмұны тілді меңгерудің методикалық принцептеріне құрылған, сөилеуге үирету тәсілдерінің заңдылықтарына сүиенген баяндаудан тұрады. Оқыту тәсілдерін баяндау оқушылар-болашақ тәрбиешілер өз оқытушыларының жетекшілігімен базалық балалар бақшасының балаларымен жұмыс істегенде орындауға тиісті практикалық . Сөитіп олар училище қабырғасында-ақ алғашқы кәсіби дағдыларды үирене бастаиды.

Егер болашақ тәрбиеші сөилеуге үиретудің белгілі бір тәсілі балаларға неліктен паида әкелетінін, неліктен бала ынталы да нәтижелі оқитынын жүрегімен ұғынса, ол сол тәсілді жеңіл меңгереді. Осы «неліктен» деген сұрақтарға методика теориясы жауап береді:теория тәрбиешінің іс жүзіндегі қызметінің нәтижесін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Демек болашақ тәрбиеші үшін методика теориясын ұғыну-б іріншіәрежелі міндет. Өз пәнінің теориясын білу білімділік ұғымын тудырады, ал білімді адам, әдетте, өзі таңдаған мамандықта аз білетінге қарағанда, анағұрлым жоғары нәтижеге жетеді.

Балаларға ана тілін оқыту жөніндегі практикалық жұмысты орындаудағы білімділік пен жаттығу - өзінің жауапты жұмысын абыроимен орындау үшін болашақ тәрбиеші боиына сіңіретін кәсіби қасиеттері, міне, осылар.

I тарау

АНА ТІЛІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ РОЛІ

§1Баланың психикалық дамуының оның тілінің

дамуына байланыстылығы.

Даму туралы түсінік. Адамның жасына қарай даму сатылары.

Қарапайымнан неғұрлым күрделіге, төменгіден жоғарыға ауысатын өзгеру процесін сандық өзгерістің біртіндеп қор жинауы сапалық өзгеріске алып келетін процесті даму деп атайды.

Адамның жасына қарай дамуы мынандай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік шақ, бозбалалық шақ, есею.

Адам организмі жасына қарай дамудың әрбір сатысында белгілі бір дене өлшемімен және құрылысымен(сандық) әрі белгілі бір психикалық мүмкіндіктермен (сапалық) ерекшеленеді.

Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға қарай дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің, сондай-ақ сезімталдық-еріктік сфераның(сезімнің, еріктің) 2 жетілуін көрсетеді.

Тіл дамуының адам психикасының жан-жақты дамуымен

байланысты

Интелектінің болуы, яғни сыртқы ортаны есте сақтау, көзге елестету, қиялдау, ойлау көмегімен тану, сондай-ақ сөйлеу-адамныңжануардан басты өзгешілігі осы. Адамда интеллекті де, сөйлеу де ерте балалық шақта пайда болып, мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасында және жас өспірімдік шақтарды қарқынды түрде жетіледі.

Бірақ организм өскендіктен ғана емес, адам сөйлеуді сөзсіз игергенде ғана балада интеллекті пайда болып, жетткіншектік пен жасөспірімдік шақтардажетіле түседі.

Егер баланың айнасындағы ересектер оны сәби кезінен дұрыс сөилеуге үиретсе, ондаи бала қалыпты дамиды:көзге елестету қабілеті, содан соң оилау мен қиялдау қабілеттері паида болады; жасына қараи даму сатысында бұл қабілеттер жетіле түседі. балада интеллектінің дамуымен қатар сезімталдық-еріктік сфера да дамып, жетіле түседі.

Тілдік қарым-қатынассыз, яғни әлеуметтік (қоғамдық) ортасыз адам баласы жан-жақты жетілген адам (homo Sapiens) бола алмаитындығы жөнінде көптеген дәлелдер бар. Әлдебір қаиғылы жағдаиларға баиланысты балалар сәби шағында аңдардың (қасқырдың, қабыланның, иттің) , үнгіріне тап болып, оларды аңдардың асырағаны тарихта белгілі. Мұндаи балаларды адамдар үш жастан асқаннан кеиін тауып, адам қоғамынаәкелгенде, олар әрдаиым өзін асыраған аңдардың қылығын сақтап қалған және адамды аңнан ерекшелеитін психиканың әлеметтерінен мүлдем хабарсыз болып шыққан:оларда оилау жүиесі қалыптаспаған, жоғарғы сезімі жоқ, оларды сөилеуге үирету мүмкін болмаған. Ересек адамдардың қараңғылығы арқасында белгілі: балалар психикалық жағынан жетілмеген, сөилеуді нашар меңгерген ( мектепте әзер оқыған ), өиткені ата-аналары сәбилік, балалық, және мектепке деиінгі шақтарында олардың тілін дамытумен айналыспаған.

Тілді үйрете бастаудың дер шағы шағы туралы түсінік .

Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Алғашқы жас сатысында баланың дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасу кезеңінде жаттықтыруға оңай белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.

«Тіл үшін, -деп жазады профессор М. М. Кольцова, -дамудың мұндай «қиын -қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады:осы кезге қараи негізінен мидыңанатомиялық сөилеу желісінің жетілуін аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинаиды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмаса, кейін олқылықты орнын толықтыру үшін қыруар күш-жігер жұмсауға тура келеді».

Сөйлеу бұлщық еттері мен интеллекті

дамуының байланысы туралы.

Адамның сөйлесу қызыметі-ең алдымен мидың көптеген саласының үйлескен қызметінің нәтижесі. Мида «естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциянуүшін қажетті қозғалыс программасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұлшық еттеріне бұйрық жолданады»2. Атап айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз қуысы және мұрын, тіс, ерін, тіл, көмей, өкпе) -бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмінің атқару мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері де дамиды. Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің дыбыстарын қиналып айтады, өсе келе ол барынша таза, сөз тіркесін барынша еркін айтады, яғни ми, «сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру» салалары дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру қабілеті дамиды.

Бірақ тәрбиеші кері байланысты да есте сақтауға тиіс: егер тілдік қарым-қатынас процесінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, оны тыңдаса, ми дамиды (интеллекті механизмі жетіле түседі) . Бала дыбыстарды неғұрлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикулдеуді үйренсе (және дауыс ырғағын үндестірсе), ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені іштей сөйлеу- сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері бұлшық еттерінің жұмысы.

Сөйті, тілдің, демек баланың интеллектісінің дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің дамуы арасында немесе, айтылып жүргеніндей, артикуляция, айтылу дағдыларрын, дамыту арасында тікелей байланыс бар.

Сұрақтар

  1. Өз дамуында адам қандай жас сатыларыннан өтеді?
  2. Баланың психикалық және тілдік дамуының арасында қандай байланыс бар екендігін қалай дәлелдеуге болады?
  3. Сөйлеу мүшесі ретінде мидың дамуы мен сөйлеу бұлшық еттері жаттықтырудың арасында байланыс қалай көрінеді?

§2 Сөйлеу ортасыны даму потенциялары .

Тіл еліктеу процесінде дамиды. Физиологтардың мәліметі боиынша, адамның еліктеуі -шартсыз рефлекс, инстинкт, яғни тыныс алу, ему, жұту және т. б. сияқтыүир етуді қажет етпеитін, туа біткен қасиет.

Бала алғашында өзімен сөйлескен адамның (анасы, тәрбиеші ) бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.

. -У-у-у, біз қандаймыз!-дейді анасы бала кереуетіне еңкейіп. Анасының бет-жүзін көрген сәби инстинкт бойынша ернін созады:

-У . . . У . . . У . . .

-А-а-а, -деп әндетеді анасы. Сәби де қайталайды:

-А . . . а . . . а . . .

Сөйлеу қозғалысына бұл еліктеу әлі ойсыз. Инстинктті ғана.

Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын (адамды, тамақты, белгілі бір қимылды) байланыстыруды үйренгенде де ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе, соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинкті бола бермек. Бала балалар бақшасында сөйлеу мәнерінде тәрбиешіге, мектепте мұғалімге, сонымен бірге бала сол маңда тұратын барлық адамның сөзіне еліктейтін болады, егер сол жерде тұрып қалса, оның сөзінде әдеби нормадан айырмасы бар, сол жердің тіліндегі жалпы ерешеліктер болады, яғни балажергілікті диалектіде сөйлейді.

Сөйлеуде еліктеуге ересек адам да бейім келеді: әдеби тілде сөйлейтін адам, диалектілік сөйлеу бар жерде 1-2 ай тұрғаннан кейін еркіннен тыс, инстинкт бойынша сол жердің ерекшелігін қабылдайды. Әйтсе де ересек адам өз ойын саналы түрде реттей алады. Ал бала еліктеу объектісін таңдай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді. Ол тіпті сөйлеудегі кемшілікті де қабылдайды. Мәселен, ересектері кекештеніп сөйлейтін жанұяда балалар да, балалар бақшасына немесе мектепке барып, онда олармен логопед айналасқанша, кекештеніп сөйлейді.

Бала тәрбиеленетін стихиялы қалыптасқан сөйлеу ортасы табиғи сөйлеу ортасы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасы сөйлеу үшін, демек жалпы психиканың дамуы үшін қолйлы(егер баламен дұрыс сөйлейтін адамдар қарым-қатынас жасаса, егер олар оның «тіліне» үнемі назар аударса, сәби шағында оның сөйлеугеталпынысын құптап, кейінірек сұрақтарына жауап берсе және т. б. ) және қолайсыз (баламен қарым-қатынас тамақтанумен ғана шектелсе, егер онымен сөилеспесе, яғни оның «тіліне»назар аударылмаса, сондаи-ақ баланың аиналасындағы адамдар дұрыс с өилемесе, дауыс ырғағы нашар, немесе кекештенетін, ысылдаитын кемшілігі болса және т. б. ) орта болуы мүмкін. Бала өсіп отырған сөйлеу ортасының даму мүмкіндігі сөйлеу ортасының даму потенциялы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасының даму потенциалы ішкі себептердің әсерінен қалыптасады, реттелмейді. Балалар мекемелерінде-яслилерде, балалар бақшаларында, мектепте- әр жастығы балалар үшін даму потенциалын жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму потенциалы әдейі жоғарылатылған сөйлеу ортасы жасанды сөйлеу ортасы деп аталады.

Орыс методикасын дәстүрінде жасанды сөйлеу ортасы тек шет тілін үйреткенде міндетті түрде жасалады. Алайда ана тілін оқыту тәжіребиесі өсіп келе жатқан адамның интеллектісі мен сезімталдіқ-еріктік сферасын дамыту үшін де жасанды сөйлеу ортасын ұйымдастыру қажет екендігін көрсетеді.

Сұрақтар.

  1. Шартсыз рефлекс немесе инстинкт дегеніміз не?
  2. Табиғи сөйлеу ортасы дегеніміз не?
  3. Сөйлеу ортасында даму ортасы дегеніміз не?
  4. Жасанды сөйлеу ортасы деп нені атайды?
  5. Тіл дамуының сөйлеу ортасы н ұйымдастыру шарттарына байланыштылығы қандай?

§3. Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы.

Сәби өз дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңіндегі сөйлеу алдындағы дауыстық реакция деп аталатын айқаймен: «Тамақ ішкім келеді», «Су күйі жатқым келмейді» және т. б. түрлі тілектерін білдіреді. Айқайға тән түрлі ырғақтар баланың дүниеге келген алғашқы аптасында-ақ пайда болады, бала күн санап өскен сайын айқай айқындала түседі де, оның мәнін анасы ғана емес, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар да түсіне бастайды. Демек, сәбидің айқайы белгілі бір ара қатынастық қызмет (қарым-қатынас) белгілерін атқарады.

Бір жарым айлығынан бастап сәби тілдің дыбыстың артикльдеуге талпынады. Әрине, алғашында бұл әлі сөйлеу алдындағы дыбыстық реакциялары ғана: гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлау. Сөйлеуге дейінгі реакциның айқын бір ізділігі бар.

Баланың жасы Дыбыстық реакциялар

1, 5 айлық . . . . гуілдеу: а-аа, э-ээ-сәби дауысты

дыбыстар шығарады.

2-3 айлық . . . гуілдеу: г-г-у, ш-и, бу-у, з-и- сәби дауысты және дауыссыз

4 айлық . . . дыбыстар шығарады.

7-8, 5 айлық . . . ызыңдау: аль-ле-е-лы-агы-аы- дыбысты тізбектеп шығарады. Былдырлау: ба-ба, да-да-да-сәби жеке буындар шығарады.

8, 5-9айлық . . . түрленген былдырлар; сәби буындарды дауыс ырғағымен қайталайды.

Бала ның бұл кезеңдегі сезімталдық қарым-қатынас жасау процесі ойын сипатында болды:ересек адам мен баланың кезектесіп бірін бірін қайталайды, бір біріне еліктейді -егер ересек адам жымиса сәби де жымияды.

Сәби буындарды түрлендіре отырып, онымен жай ғана ойнамай оған белгілі бір мағна беретін кез де болады (10-12айлығының арасында) . Ол буын қандай болсада бір сөзге қатысты:

-Ми . . . -дейді ол мысықты көрсетіп және және растауын күтіп ересек адамның бетіне қарайды.

-Мияу, -деп үн қатады ересек адам. Сәби де қанағаттанған сезіммен:

Ми, -деп қайталайды.

Бала сөйлейді. Оның алғашқы «сөздері»-бұл өзіне таныс сөздердің «ка»(каша), «толь» (стол), «кө»( көйлек) екпінді буындары, бірақ бұл буындар жеке сөздер ғана емес, тұтас сөйлемді де («ка»-бұл «Толя ботқа жеп отыр» немесе «әжем ботқа пісіріп жатыр» дегені) білдіреді.

Бір жастан жеті жасқа дейінгі тіл дамуында мынандай кезеңдер байқалады:

Бірінші кезең-формасыз түбір-сөзден сөйлем құрау кезеңі:

1жас3ай-1жас8ай. Бір сөзді буын сөйлемдерді айта алады.

1жас8ай-1жас10ай. Бірнеше буын сөздерден тұратын сөйлемдерді айта алады.

Екінші кезең-сөйлемдердің граматикалық құрылымын меңгеретін кезең.

1жас10ай-2жас1ай. Сөйлемдерді толық, бірақ жалғауы жоқ дұрыс емес сөздерді қолданады.

2жас1ай-2жас3ай. Сөйлемдері қалыптасқан сөздер қолданады. Зат есім, сын есімнің септік жалғауларын, етістіктің жіктік жалғауларын түсіне бастайды. 2жас3ай-3жас. Сөйлемдерде синтаксистік қатынасты білдіретін шылау сөздерді қолданады.

Үшінші кезең. -орыс тілінің граматикалық жүйесін меңгеретін кезең.

3жас-7жас. Тілдің грамматикалық құрылымы мен дыбыстық жағы жетіле түседі, сөздік қоры баюының алғы шарты жасалады.

Әр жастағы балалар тілінен мысалдар (мұнджа жағдай біркелкі: сәби ботқа жеп отыр және мысыққа да ботқа беруді талап етеді)

-Ки- . . . -дейді ол, мысық жаққа қасығын созып, күтуші адамның көзіне бұрылып қарап.

Валя, 1жас10айда:

-Ки ка . . . («кисе-каши»), -деп мысықтың табағын көрсетеді

Коля, 2жаста:

-Кисе, дать-дать!-деп ол талап етеді де мысыққа ботқа беру үшін отырғыштан түсуге талпынады.

Сева, 2жас2айда:

-Кисе касю дай!-деп айқайлайды ол, өзі тамақ ішіп отырған үстелге мысықтың жақындағанын көріп.

Вова 3жаста:

-Кисекусьрни-кусьни («вкусная-вкусная») деп и у киси кусьная. Вова кисе касю, касю дала кусьную.

Мысалдан көргеніміздей сәбидің тілі бірізділікпен жетілуде:

1) Сөйлемнің синтаксистік құрылысы сондай-ақ оның дауыс ырғағымен айқындығы, 2) сөздің морфологиялық жасалуы, 3) сөздің дыбыстық құрамы.

Үш жас пен жеті жас арасындағы кезеңінде баланың тілі грамматикалық формалармен тез баийды, сөйлеу ордасының даму потенциялы жеткілікті болған кезде, бала ана тілінің грамматикалық құрылысын және оның фонетикалық жүйесін жетік меңгере алады, мұның өзі сөздік қорын жылдам байытады.

Сұрақтар

  1. Сәби тілі шыққанға дейінгі кезеңде қалай «сөйлейді»?
  2. Гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлауды сипаттап беріңіздер.
  3. А. Н. Гвоздевтің теориясы бойынша баланың тілінің даму кезеңдерін атаңыздар.
  4. Формасыз түбір сөзден тұратын сөйлем құрау кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?
  5. Сөйлемнің граматикалық құрылымын меңгеру кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?
  6. Тілдің грамматикалық жүйесін меңгеру кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?

§4. Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы.

Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: Қатынастық, танымдық, реттеушілік.

Қатынастық қызмет-ертеректегі: өмірінің тоғызыншы айынан он екінші айына дейін түрленген былдырауларынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді.

Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады: бала жаңа сөздерді және жаңа грамматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді.

Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірте оның мініз-құлқын реттеуші ретінде меңгеру басталады. Баланың мінез-құлқын реттеуші алғашқы сөздер -болады, болмайды және етістіктің бұйрық рай түріндегі іш, жүр сияқты сөздер.

-Болмайды!-дейді ересек адам, пышақтың жүзіне немесе жалынға қол созған балаға үрейленген дауыс екпінімен.

-Витяның қолы ауырады (ақылды болу, яғни өз қылығының неге апарып соғатынын болжай білу керек) .

-Болмайды!-дейді ол ренішті дауысымен, егер бала саусағымен оның көзін түртіп қоймаса. -Ауырады ғой. Онанда сен мені аяп, қолыңмен сипа (ешкімді ренжітпей, басқаға зияндық жасамай, мейірімді болу керек) .

-Болмайды!-дейді анасы кесімді түрде, ол жыртпақ болмақ кітапты қолынан алып. -кітап Витядан кетіп қалады да: «Витя жаман екен» дейді (бұл мәдениетсіздік, яғни саған арнап кітап шығарған адамды сыйламау, бұл сенің абыройыңды кемітеді-бәрі: ол нашар бала екен, -деп ойлайды. )

Мұндай сөздер баланың санасын өздігінен оятады, (оның) еркін машықтандырады, тәртіптендіреді. Жеке адамның қасиеті ретінде тәртіп, кейінірек болатын өзін өзі тәрбиелеу-адамға қажетті мінез-құлық дамуының кепілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Үйлесімді сөйлеуді дамыту балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz