Саяси режимдердің типологиясы



Жоспары:

1. Кіріспе
2. Демократиялық режим
3. Тоталитаризм
4. Авторитаризм
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің, тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі типін анықтайды.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы - саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билік ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге асыру әдістері мен құралдар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде бір-біріне ұқсас режимдердің 160-тай түрі туралы айтуға болады. Антикалық фәлсәфашы Аристотель саяси режимді топтарға жіктеуге болатындай екі критерий берді:
1) билік кімнің қолында;
2) бұл билік қалай қолданылады.
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктеген көбінесе мемлекет аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба, билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты принциптік мәселелерді негіз етіп ұстайды. Саяси режимнің мәнін анықтауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: 1) Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, қанат жаюына жағдай туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматық қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем. 2) Мемлекеттің айбыны асқақтап, бүкіл қоғамды "жұмса - жұдырығында, ашса алақанда" ұстап тұрады. Азаматтық қоғам мемлекеттің өңешіне кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болып айтқанына көніп, айдауына жүреді. 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-тендік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты саяси режимдерді қарапайым түрде классификациялауға – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерге бөлуге болады. Сонымен саяси режимдердің типологиясы:
а) демократиялық саяси режим;
б) тоталитарлық саяси режим;
в) авторитарлық саяси режим;
Қолданылған әдебиеттер:

1) Д. Жамбылов. Саясаттану. Алматы, «Жеті жарғы». 2003
2) Ұ. Сыдықов. Саясаттану. Алматы. 1996
3) Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.
4) Вятр Е. Лекции по политологии Т- 1. Типология политических режимов. 1991.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Саяси режимдердің типологиясы

Жоспары:

1. Кіріспе
2. Демократиялық режим
3. Тоталитаризм
4. Авторитаризм
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Саяси режим қоғамда саяси мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің,
тәсілдер мен құрылыстарының жиынтығын, саяси бостандық дәрежесін, қоғамда
жеке адамның заңға сүйенген жайын және сол елдің саяси жүйесінің белгілі
типін анықтайды.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-
қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-
әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән
билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген
түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы - саяси режим қоғамындағы саяси
бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен,
қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билік
ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
Режим – үстемдік етуші кластың экономикалық және саяси билігін жүзеге
асыру әдістері мен құралдар жиынтығы.
Қазіргі уақытта әлемде бір-біріне ұқсас режимдердің 160-тай түрі туралы
айтуға болады. Антикалық фәлсәфашы Аристотель саяси режимді топтарға
жіктеуге болатындай екі критерий берді:
1) билік кімнің қолында;
2) бұл билік қалай қолданылады.
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктеген көбінесе мемлекет
аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба,
билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты
принциптік мәселелерді негіз етіп ұстайды. Саяси режимнің мәнін анықтауда
азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль атқарады. Бұл
тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: 1) Мемлекет азаматтық қоғамның
өмір сүруіне, қанат жаюына жағдай туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматық
қоғамның мәртебесі жоғары, қуаты үстем. 2) Мемлекеттің айбыны асқақтап,
бүкіл қоғамды "жұмса - жұдырығында, ашса алақанда" ұстап тұрады. Азаматтық
қоғам мемлекеттің өңешіне кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында
болып айтқанына көніп, айдауына жүреді. 3) Азаматтық қоғам мен мемлекет
арасында тепе-тендік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты саяси режимдерді қарапайым түрде
классификациялауға – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық
режимдерге бөлуге болады. Сонымен саяси режимдердің типологиясы:
а) демократиялық саяси режим;
б) тоталитарлық саяси режим;
в) авторитарлық саяси режим;

Демократиялық режим

Демократия – (грек тілінен demos – халық және crutos – билік) –
халық билігі – басқаруда және шешім қабылдауда мүшелерінің тең құқықты
болуына негізделген белгілі бір ұйым құрылғысының басты тұлғаларының бірі;
қоғамдық құрылғының мақсаты: бостандық, теңдік, адам абыройын құрметтеу,
ынтымақтастық және т.б.; халық өкіметі үшін әлеуметтік және саяси қозғалыс.
Демократиялық режим – адамның саяси бостандығының жоғары дәрежесімен,
қоғамды мемлекеттік басқаруына мүмкіндік беретін оның құқықтарының нақты
түрде сақталуымен сипатталады. Демократиялық режим – мезгілімен еркін жоне
әділетті түрде өткізіліп отыратын сайлаудан көрініс табатын халық еркіне,
сондай-ақ, адамның кісілік қасиеттерін құрметтеуге және заңның
құдіреттілігін мойындауға негізделген.
Демократиялык мемлекеттер бұрын да, осы заманда да баршылық өзара
айырмашылықтары да жетерлік. Бірақ олардың барлығына да ортақ
мынадай мәнді белгілер бар: 1) биліктің бастауы – халық; 2)
азаматтардың сайлаушы есебіндегі теңдігі, ал сайлаудың әділ, жарыс
үстінде ұдайы мезгілімен өтіп тұруы; 3) саяси шешім қабылдап, оны
орындау барысында азшылықтың көпшілікке бағынуы; 4) мемлекеттің негізгі
органдарының сайланбалығы, яғни үкімет құрамы сайлау нәтижесіне орай
калыптастырылады.
Демократияның негізгі принциптері мыналар: 1) Көпшілікке мойын ұсынып,
бағыну. Бұл принцип халықтың билік бастауы екендігінен туындайды және де
екі түрлі жолмен - тікелей және өкілетті демократия арқылы - іске асады.
Тікелей демократия барлық азаматтардың тендігін, олардың сайлау құқығын
мойындайды және мемлекет басшысын, мемлекеттік органдарды,
басқару органдарын халықтың жасырын дауыс беруге қатысып сайлауын
білдіреді. Сондай-ақ, тікелей демократия қоғам және мемлекет тағдырына
қатысты аса маңызды мәселелерді шешуде халық пікірін анықтауды мақсат
ететін референдумдер өткізуді де қамтиды. Өкілетті демократия жалпы
халықтың, түрлі әлеуметтік топтардың және саяси партиялар мен
қозғалыстардың саяси биліктің әр деңгейдегі тармақтары мен органдарына
өз өкілдерін сайлап, өкілеттік беруін білдіреді. Мәселен
парламент депутаттарын және облыс, аудан, қала деңгейінде мәслихат
депутаттарын сайлау – осы өкілетті демократияның. көрініс табуы. Сонымен
бірге көпшіліктің белгілі бір мәселелерге қатысты өз саяси мүддесін
жиналыстар, митингілер ереуілдер мен шерулер ұйымдастыру арқылы білдіріп,
саяси шешімдер қабылдататын кездері де болады. Оны саясаттану ғылымында
охлократиялық (тобырлық) демократия деп атайды.
2) Азшылықпен (оппозициямен) санасу. Шынайы демократиялық қоғамда
мемлекеттік органдардың бағдарламаларына, билік жүргізу тәсілдеріне толық
қосыла бермейтін, өзіндік пікірі, жол жобасы бар оппозицияның болуы әбден
заңды. Оппозициямен үнемі санасып, оның сын-пікірін, тың идеяларын дәйекті
ұсыныстарын ескеріп отырған мемлекет билігі ғана өз іс-әрекетінде жемісті
нәтижелерге жетіп отырады. Бірақ азшылық өз тарапынан занды түрде
қабылданған саяси шешімдерге мойын ұсынуға тиіс.
3) Азаматтардың құқығы мен бостандығын конституциялық тұрғыдан
бекіту. Демократиялық қоғамда адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оған кепілдік беру –
мемлекеттің басты мақсаты және бүкіл қызметінің мәні. Мәселен, Казақстан
Республикасы Конституциясында былай деп атап көрсетілген:
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайды (14-бап). Әркімнің жеке басының бостандығына, ар-ождан
бостандығына құқығы бар, сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік
беріледі, оның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды (ІІ- бөлім).
4) Көппартиялық. Демократиялық қоғамда барлық партиялардың
конституция шеңберінде өмір сүріп, қызмет атқаруына кедергі жасалмайды.
5) Биліктің тармақталуы. Бұл принцип демократиялық қоғамның
атрибуттық қасиеттерінің бірі болып табылады. Биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтары өз қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік
жүйесіне негіздей отырып өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге
асырады.
6) Мемлекет органдары қызметінің жариялығы. Халық – жариялық бар жерде
ғана биліктің бастауы бола алады, ал мемлекеттік органдар халықтан
бөлінген, оның үстінен өктемдік жүргізетін күшке айнала алмайды.
7) Түрлі қоғамдық күштердің аса жоғары әлеуметтік және саяси
белсенділігі. Халықтың әртүрлі топтары мен қатпарлары өз саяси мүдделерін
танып, алдына нақты мақсат қойып, саяси процеске белсене араласқанда ғана
саясаттың субъектілеріне айналып, биліктің бастауы ретінде орныға алады.
Демократиялық режим әртүрлі нысанда калыптасып, өмір сүруі мүмкін.
Оларды президенттік және парламенттік деп ажыратуға болады. Парламенттік
режим өз алдына үш түрге бөлінеді:
1) Бір партиялық парламенттік режим - парламентте жеке дара бір
партияның күші басым түсіп, үкімет құра алатын болса. Мәселен, Ұлыбритания
парламентінде лейбористік немесе консервативтік партия сайлауда жеңіп
шыққанына қарай сайлану мерзіміне үкімет құрады.
Парламенттік коалициялық жүйе – биліктің атқарушы органдары сайлау
қорытындысы бойынша дара үзіліп шықпаған әртүрлі партиялардың одақтасып бас
біріктіруі нәтижесіңде құрылады (Италия).
Консенсустік парламенттік режим – аймақтық және этностық ерекшеліктерді
міңдетті түрде ескере отырып атқарушы билік тұтқасын қалыптастыру (Белгия).

Тоталитаризм

Тоталитаризм - өз алдына саяси жүйенің бір түрі, қоғамдық құрылыс, XX
ғасырдың құбылысы. Тоталитаризм сөзінің мағынасы кейінгі латын тілінен
аударғанда "тұтас", "бәрі" дегенді білдіреді. Бұл сөзді саясат саласына
біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарының бас кезінде Б. Муссолини енгізген
болатын.
Тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің құзырына бас
ұрып, ресми идеологияға бағынсақ қоғам мен жеке адамға билік тұтқасы
тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау қойылған мемлекеттік құрылыс.
Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған
(диктатор) ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия
принциптері аласталып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен
бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру, бұйыру тәсілдері
арқылы адамдар рухани езгіге салынып жанышталады. Қоғамның барлық саласы
түгел, оның ішінде өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім,
мәдениет, адамның жеке тіршілігі, отбасы бәрі бар, мемлекеттің ашса –
алақанында, жұмса – жұдырығында болады.
Адам – жүйенің кішкентай ғана бұранда тетігіне, айтқанды істеп,
айдағанға жүретін құлына айналады. Тоталитаризмнің негізгі белгілері:
1) Бүкіл ел аумағын қамтыған бір ғана бұқаралық партия бар, ол –
басқарушы. Елдегі саяси биліктің тұтқасы осы партияның қолында. Басқа
партиялардың құрылуына, қызмет атқаруына, жалпы қандай бір саяси
оппозицияның бас көтеруіне қатаң тиым салынған.
2) Басқарушы партия демократиялық емес жолмен ұйымдасып, көсемнің
төңірегіне топтасқан. Билік төменнен (халық ортасынан) емес, жоғарыдан
төмен келеді. Яғни билік бастауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саясат тарихы туралы ақпарат
Мемлекет саяси институт ретінде
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар
Құқықтың пайда болуы
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Мемлекеттің пайда болуына байланысты көптеген басқа тарихи деректер
Қоғам өміріндегі саяси жүйе және адам қоғамы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси жүйенің функциялары
Пәндер