Фашизм және оның саяси идеологиясы



Кіріспе
Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді. Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады. Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
2. http://kk.wikipedia.org
3. http://malimetter.kz
4. Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. 1918-1990 жж. Түркістан, 2004,
5. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,
6. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді. Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады. Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.

ФАШИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯСЫ

Фашизм теориясының авторлары
Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы. Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды. Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Фашистік диктатураның алғашқы тәжірибесін талдай келіп, ИККИ XIII пленумы (1933 жылғы қараша-желтоқсан) фашизмге түпкілікті ғылыми анықтама берді. Ал, коминтерннің VII конгрессі оны одан әрі тереңдетіп, фашизмге толық талдау жасады. Міне, осы құжаттар тарихнамадағы осы мәселеніің бұдан бұлайғы мазмұнын анықтады. Муссолини Бенито Амилькаре Андреа (Mussolini, Benito Amilcare Andrea)- (29 шілде 1883 жыл, Предаппио, Италия - 28 сәуір 1945 жыл, Донго маңы), италяндық мемлекеттік және саяси қайраткер. Тілазар, бірақ жастайынан қабілетті, белсенді социалист болып, 1912-14 жылдары партиялық Аванти! газетін басқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бас редактор қызметінен кетіп, Пополо д'Италия газетін басқарады. Италияны тезірек соғысқа қатысуға үндегені үшін оны партиядан шығарып тастайды. 1915-17 жылдары италян әскерінде ерікті әскер қызметінде болды, кейін редакторлық жұмысына қайта оралды. Билікті мемлекеттегі диктатураға беру қажеттілігін насихаттады. 1919 жылы Ардагерлер одағын (Фаши ди комбатгименто) құрды, бұл фашизм деген атауға ие қозғалыстың басталуын білдірді. Екпінділігімен әрі тамаша шешендігімен Муссолини өзінің партиясын бұқаралық партияға айналдырды. 1922 жылы Рим жорығын ұйымдастырды, жорық барысында оған билікті қалыптастыру тапсырылған болатын, ол Италия тарихындағы ең алғашқы жас премьер-министр болды. Италияны фашизмдеу барысында бір партиялы мемлекет етіп құруға қол жеткізіп, ұлт көсемі деген атаққа ие болды. Муссолини қатаң шараларымен мемлекетке тәртіп орнатты, қылмысты қысқартты, әлеуметтік реформалар жүргізді, көлік және т.б. жұмыстарын реттеді, соның арқасында көпшіліктің қолдауына ие болды. Оның империя құрам деген арманы 1935 жылы италян әскерінің Абиссинияға (Эфиопияға) басып кіруіне әкеп соқты. Германиямен, А.Гитлермен тығыз қарым-қатынаста болып, сонымен бірге оның қуатты одақтасынан қауіптене отырып, Муссолини Рим-Берлин осін құруға мәжбүр болды, 1940 жылы гитлерлік коалиция мемлекеттеріне соғыс жариялады. Италян әскерлерінің Греция мен Солтүстік Африкада жеңіліс табуы, Муссолини саясатына наразылық тудырды, бұл наразылық Италияда күшейе берді. Одақтастарын Сицилиядан (1943 жыл, шілде) шығарып тастағаннан кейін Үлкен фашист кеңесі дучені барлық қызметтен алып тастады. Муссолини қамауға алынды, алайда 1943 жылдың қыркүйек айында оны неміс диверсиялық командасы босатып алады. 1943 жылдың қыркүйек айында Италия социалистік республикасының қуыршақ билігін басқарды, оның орталығы Солтүстік Италиядағы Сало қаласы болды. 1945 жылынеміс әскерлері Италияда жеңіліс тапқаннан кейін, Муссолини Австрияға қашпақшы болды, бірақ италяндық коммунист жансыздар оны ұстап алып, атып тастаған.
Нәсілшілдік тұжырымдамаларының бірін XIX г. ортасында француз Ж.А.Гобино ұсынды,ол "жоғарғы нәсіл" деп арийлерді (үндіеуропалық халықтар, үндіиран тілдік қауымдастығына жататындар; тар мағынада - солтүстік герман халықтарының өкілдері) атады. XX ғ. нәсілшілдік теориялар фашистік және нацистік тәртіптердің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Кейбір елдерде расизм нәсілдік кемсітушілікті, сегрегация мен апартеидті ақтау мақсатында қолданылады.
1934 жылы Р.Пальм Даттың Фашизм және социалистік революция деген еңбегі ағылшын тілінде басылып шықты. 1935 жылы оның толықтырылған орысша нүсқасы басылды. Бұл халықаралық фашизмге теориялық талдау жасауға тырысқан бірінші ғылыми еңбек болды. Еңбектің құндылығы сол, онда фашизм еңбектің өне бойына империализмнің жалпы экономикалық және саяси мәселелерімен байланыстырылды. Алайда, ол мемлекеттік-монополистік капитализмге өту міндетті түрде фашизмге әкелді деп жалған пікір айтты.
Кейбір еңбектерде герман фашизмнің ерекшелігі бірінші кезекте қаралып, оны монополистік реттеу, әскери экономиканың қарыштап дамуы, әскери шараларды жүзеге асыру сияқты күрделі міндеттерді орындаудағы фашистік диктатураның ролі басым көрсетіледі. Осындай еңбектің бірі - 1960 жылы шыққан Г.Л.Розановтың монографиясы. Ол фашистік диктатураның ішкі, сыртқы саясатын жан-жақты талқылады. Автор бірінші кезекте фашистік террордың мемлекеттік жүйесінің пайда болуын ашып көрсетті, фашизмді өкімет басына әкелеген герман монополистерімен өзара қарым-қатынасын қарастырды.
1967 жылы А.А.Галкиннің өте маңызды зерттеуі пайда болды. Ол капиталистік қоғамдағы фашизмнің әлеуметтік-экономикалық және саяси орынын ашып көрсетті, фашизмнің әр түрлі әлеуметтік топтарға көзқарасын, қатынасын талдады. А.А.Галкин орта топтардың фашизмнің әлеуметтік сүйеніші болғанын көрсетті, фашистердің ұзақ уақыт бойы оларды өздеріне пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтады.
Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап герман фашизмі тарихының алғашқы сатылары белсенді түрде зерттеле бастады. Гитлер партиясының алғашқы кездегі тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын зерттегендердің бірі - Д.С.Давидович.
Герман фашизмі қалыптасуның алғашқы дәуірін зерттеуге А.С.Бланктің бірнеше еңбегі арналған. Ол фашизмнің пайда болуының қозғаушы күштерін, нацистік партияның қалыптасуын, шамамен жиырмасыншы жылдардың ортасына дейінгі уақытты қамтып көрсетеді. Автор нацизмнің рухани тірегіне, идеологисының қалыптасуы мен әдістеріне, таралуына, оның белгілі бір әлеуметтік топтарға әсеріне көп көңіл бөлді.
Фашизмнің пайда болуы туралы мәселеге және оның тарихнамасына көп көңіл бөлген автор - Л.Ю.Рахшмир. Ол фашизмнің пайда болуын жеңілдеткен әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар рухани күш берген факторларды атайды. Фашизмнің бүқаралык базасын сақтап қалудағы үгіт-насихат жұмыстарының әдістері мен диктатураны күшейтуге бағытталған шараларын, фашистік тәртіптің құлауының саяси мәселелерін қарастырған Г.Н.Горошкова болды.
Герман фашизмінің тарихындағы үлкен мәселеніің бірі - аграрлық саясат пен шаруалардың жағдайы. Бұл мәселемен негізінен монографиялары жетпісінші жылдардың соңында жарияланған А.Аникеев айналысты. Бұл еңбектерде бүрынғы Герман Демократиялық Республикасының мемлекеттік архивінің, Дрезденнің жер туралы архивінен материалдар кіреді. Ол фашистік үкіметтің аграрлық саясатының нәтижесінде әр түрлі шаруа топтарының жағдайы қандай болғанына талдау жасайды.
1978 жылы СССР Ғылымдар академиясы жалпы тарих институтының ғалымдары дайындаған История фашизма в Западной Европе деген еңбек шықты. Онда бүкіл Батыс Еуропа елдеріндегі фашистік қозғалысқа талдау жасалған. Жинаққа Г.С.Филатов, Л.И.Пищберг, Г.Н.Горошкова, В.Д.Ежов, И.И.Жигалов, Б.Р.Лопухов, С.П.Пожарская, И.К.Шириня еңбектері кірді.
Фашистік тоталитарлық мемлекеттердің құрылуы және дамуы, оның саяси жүйесі туралы мәселе Ж.Желеевтің еңбегінде зерттелген. Гитлердің жеке басы, психикалық ауруы шетелдік зерттеуші Эрих Фроммның еңбегінде талданды.

Фашизм теориясының мазмұны мен ерекшеліктері
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар - Фаши ди комбаттименто (ағымның атауы осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы қазанда келді. 1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол 1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл топтарға, юнкерлік - дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді. Осылайша билік басына келген Германия фашистік режиммінің негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес қылмыс жасады.
Фашизм - XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда, Германия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша, Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Фашизмге тән белгілер:
билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,
* демократиялық еркіндіктермен күрес,
* адам құқының кұрт шектелуі,
* шовинизм,
* расизм,
* экстремистік ұлтшылдық,
* элитаризм, әскери агрессияға талпыну.
Фашистік жетекшілер жұмысшыларды тұрақты жұмыспен және ауқаттылығын қамтамасыз етуге, шаруалардың, ұсақ дүкеншілердің, қолөнершілердің қарыздарын жойып, салықтарын азайтуға даурыға уәде берді. Олар монополиялар мен банктерді сөз жүзінде сынап, буржуазиялық демократия мен парламентаризмге шабуыл жасады, өздерінің насихатында версаль шартының Германияны кемсітіп, басқа елдермен салыстырғанда оны қомсыну жағдайына қойған статьяларды кенінен пайдаланды. Нацистер адамның жеке басын құрметтеуге қарсы шығып, мейрімсіздік пен озбырлыққа табынуды дәріптеді.
Фашистер ең алдымен ұсақ буржуазияны, одан кейін жұмысшылар мен шаруалардың біраз бөлігін өздеріне ерте білді. Бүған олар әлеуметтік даурықпа, нәсілдік сандырақ және террор арқылы жетті. Фашизмнің жаппай тірегіне айналған әлеуметтік топтар өздерінің түбірлі мүдделеріне қарсы шығып, финанс капиталының ең реакцияшыл топтарына зығырданы қайнай қызмет етті.
Жиырмасыншы жылдардың басынан-ақ Германияның кейбір өнеркәсіп және финанс алпауыттары нацистерге жаны ашып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады.
1934 жылы Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы Крупп фон Болен мен Адольф Гитлердің кездесуінен кейін келісім жасасты. Бұл келісім бойынша Империялық одақ фашистер саясатына толық қолдау көрсетіп, мынындай міндеттемелер алды:
1. Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағы экономикалық жағдайды саяси қажеттілікке сәйкестендіруге қызмет етді.
2. Жаңа ұйымның міндеттері империялық үкімет мақсатына сәйкес келетіндей жағдай жасау. Оның ұлттық, экономикалық жағынан да жақсы құрал бола алатындай етіп қайта құру.
Бұл екі міндет тек Неміс өнеркәсіпшілерінің империялық одағының қайта құруына ғана емес, сонымен бірге экономиканы кәсіптік-сословиелік түрде құрудың үлкен сүрақтар тобына кіреді. Сондықтан шаруашылық пен өнеркісіптің бірінші кезетегі міндеті ұйымдық көптеген қондырмаларды жойып, қарапайым және пайдалы құрылымды құру болып табылады. Кеңестер Одағынан Германияға еріксіз жұмысқа 5 млн-ға жуық адам айдалды. Жұмысшы күші монополиялар үшін құнсыз түрге айналды. Монополистік капитализмнің пайдасының өсуін мына цифрлар көрсетеді. Крупп концерні 1933-1934 жылдары 6,6 млн. пайда тапса, ал, 1938-1939 жылдары пайда көлемі 21,1 млн-ға жетті. Дразнер Банктің таза пайдасы 1933 жылы 1,6 млн. болса, 1940 жылы 90 млн-ға жетті. Фарбениндустри фирмасының таза пайдасы 1933-1940 жылдары 9 есе өсті. Фашистік қозғалыстың өкімет басына келуіне көп қаржы берген монополистер енді өз ақшаларын еселеп қайтарып жатты. Фашизм дүниежүзілік монополистік капиталдың белгілі тобының мүддесін көздегенімен Батыстың империалистік елдерімен де тіл табысқан жоқ. Герман фашизмі туында дүние жүзіне үстемдік орнату мақсаты жазылды. Демек, Гитлер Кеңестер Одағына қарсы соғысты да бүкіл империализм мүддесі үшін емес, фашистік Германияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италиядағы фашизм
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат
1929-1933 жж Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жайлы ақпарат
Саяси режим түрлері
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Италияда фашизмнің пайда болуы
Пәндер