Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп

Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, қаржылық жағдайымен танысу

Мен, _ 2014 жылдан бастап _ 2014 жыл уақыт аралығында ААҚ «Халық Банкі» өндірістік іс-тәжірибені өттім. Іс-тәжірибенің алғашқы күні ұйымның қызметімен, қаржылық жағдайымен, қызметінің негізгі бағыттарымен, шаруашылық құрылымдық бөлімдерімен таныстым. Танысу барысында банктің жарғысы мен есеп саясатын пайдаландым.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді.

2007 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2, 7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

Банк операцияларын жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас лицензия (Қосымша 1) .

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.

Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.

Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.

1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.

Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986 ж. ) .

60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.

Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.

1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.

1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.

1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.

Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.

1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.

1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2007 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.

2007 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33, 33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.

Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.

Талдықорған аймақтық филиалы АҚ «Халық Банк» 2001 жылдың 3 қазанында тіркелген.

Талдықорған аймақтық филиалында тұрғындарға қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:

Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер:

  1. Ұлттық және шетел валютасында банктік шоттар ашу;
  2. Клиенттердің банктік шоттары бойынша қызмет көрсету;
  3. Депозиттер қабылдау;
  4. Ақша аударымдары;
  5. Несиелендіру;
  6. Пластикалық карточкалар шығару;
  7. Бағалы қағаздармен операциялар;
  8. Валюта шығаруға анықтама беру;
  9. Коммуналдық төлемдер қабылдау.

Банктік шот-банк және тұтынушы арасында депозит және келесілер мен байланысты операцияларды орындауды келісім-шарт енгізінде бейнелеу тәсілі:

а) тұтынушыларға тиесілі ақшаларды банктің қолдануы және барлығын қамтамасыз ету;

б) тұтынушы пайдасына ақшаларды алу;

в) тұтынушының көрсеткен талабы бойынша аударымдар жасау.

Төлемдер мен аударымдар: Төлем-қолма-қол немесе ақша аударымы жолын пайдалану, ақша төлемі жөніндегі бұйрық, ақшалық міндеттемеден тұратын төлемдік құжатты беру болып табылады Мерзімді белгіленген мерзімге тартылған қаражаттарды кесте 1. көруге болады.

Ақша аударымы- төлемді немесе басқа мақсаттарды іске асыруымен байланысты ақша аударымы жөнінде жөнелтушілердің қабылдаушы банкінің нұсқауларын орындау.

Ақша төлемдері және аударымдары іске асыру әдістері:

  1. Қолма-қол ақшаны аудару;
  2. Төлемдік тапсырытсы көрсету
  3. Банктік шотты тікелей дебеттеу;
  4. Төлемдік карточкаларды пайдалану;
  5. Төлем талап тапсырысты көрсету;
  6. Инкассалық нұсқауларды көрсету;
  7. Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен қабылданған басқа жағдайлар.

Келесі қызметтің түрі депозитерді қабылдау.

Депозиттер-белгілі бір ереже бойынша халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың ақшалай қаражаттары.

Талап ету депозиттері-клиент тарапынан хабар етусіз талап ету қаражаттары. Оларға қаражаттарды мақсатты пайдаланумен байланысты ағымдағы, есептік және басқа да шоттағы қаражаттар жатады.

Мерзімді депозиттер- банктің белгілеген уақытында ғана алынатын депозиттер.

Сонымен банктің өзіне тартқан депозиттері бойынша сандық көрсеткіштерді төмендегі екінші кесте арқылы көре аласыздар.

Кесте 1

Талдықорған аймақтық филиалы АҚ “Халық Банк” халықтан салымдарды тарту түрлері

Салымдар түрлері

01. 01. 2011

жыл

01. 01. 2012

жыл

01. 01. 2013

жыл

Салымдар түрлері: Талап ету депозиті
01. 01. 2011жыл: 209600
01. 01. 2012жыл: 456400
01. 01. 2013жыл: 471400
Салымдар түрлері: Мерзімді
01. 01. 2011жыл: 58087
01. 01. 2012жыл: 78988
01. 01. 2013жыл: 106503
Салымдар түрлері: Валюталық
01. 01. 2011жыл: 132095
01. 01. 2012жыл: 160578
01. 01. 2013жыл: 179012
Салымдар түрлері: Барлығы
01. 01. 2011жыл: 399782
01. 01. 2012жыл: 695966
01. 01. 2013жыл: 756915

Кесте 1 бойынша талдау беретін болсақ, барлық депозиттер арасында ең үлкен үлес салмағы 2013 жылдың аяғына барлық депозиттер қалдығынан талап ету депозиті-58, 4% және валюталық-26, 3% құрайды, яғни 2014 жылы депозитердің көбеюі байқалады.

Банк келесі қызметі банктің ұсынатын несиелері. Несиелер: Несиелер-қайтарылу мерзімі жағдайында қарыз алушы ға берілетін ақшалай немесе тауарлық формадағы қарыз, қарыз алушының қолданған қарыздары үшін пайыздық төлем.

Несие-бұл қайтару негізінде несие беруші мен несие алушыға ақшалай немесе тауар түрінде берілетін несие: көбінесе несие үшін процент төлеу түрінде, несиенің сан алуандығы, ережесі, ұсыну мерзімі, проценттерді төлеу бойынша ажыратылады.

Несиелік келісім-шартта несиелік қарым-қатынастардың субъектілері- несие беруші және қарыз алушы. Несие берушілер ретінде белгілі бір мерзімге меншікті бос ақша қаражаттарын несиеге беретін тұлғалар болып табылады. Қарыз алушы-белгілі бір мерзімде қайтаруға қаржыны пайдалану үшін қажет ететін несиелік қатынастардың бір жағы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастар субъектісі-бұл жерде міндетті түрде екі тұлға несие беруші және қарыз алушы.

Бұл көбінесе тартылған қаражаттар негізінде жұмыс істеумен байланысты, яғни шаруашылық органдар, халық және мемлекетке қатысы бойынша банктегі шоттарда жатқан қаражаттар иесі ретінде қарыз алушы саналады. Қажет ететін тұлғалардың пайдасына өзіндегі ресурстарды бөле отырып, банктер несие беруші ретінде болып отырады.

Халық банкте пайдалану мерзімі бойынша несиенің келеаі түрлерін ұсынады: қысқа мерзімді-негізінен бір жылға дейінгі мерзімге және кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру мақсатында беріледі, орташа мерзімді, бес жылға дейінгі мерзімге, ұзақ мерзімді-бес жылдан артық мерзімге берілген және инвестициялық капитал ретінде қолданылады.

Қамтамасыз ету бойынша несиелер: кепілдірілген сәйкес, қамтамасыз етуге, кепілдікке беріледі, бланктік (сенімділік) несие кепілдікпен қамтамасыз етілген, теке қана қарыз алушыға жеке сенім негізінде берілетін несие, несиелік карточкалар бойынша қарыздар, депозит кепілдігіне қарыз.

Мақсаты бойынша несиелер: банктермен ақшалай формада ұсынылады, коммерциялық заңды және жеке тұлғаларға тауарлы түрде қарыз міндеттемелері бойынша беріледі, халықаралық-сатып алушылардың сатушылардан тауарларды алу үшін формасы түрінде беріледі.

Клиенттерге ұсынылған несиелердің көлемі мен үлесін келесі үшінші кесте арқылы көре аласыздар.

Кесте 2. Талдықорған аймақтық филиалы АҚ «Халық Банктің» несиелендіруі.

Несие түрлері

2011

жыл

Үлесі, %

2012

жыл

Үлесі,

%

2013

жыл

Үлесі, %
Өнеркәсіп
2860
24, 6
32675
32, 3
-
-
Сауда
5108
44, 0
35397
35, 0
-
-
Микронесие
-
-
6271
6, 2
1000
9, 1
Ауыл шаруашылығы
-
-
2024
2, 0
-
-
Халық
3640
31, 4
19640
19, 4
-
-
Мемлекетік өндіріс
5207
5, 1
10015
90, 9
Барлығы
11608
100, 0
101214
100, 0
11015
100, 0

Сонымен кесте3. бойынша 2011 және 2012 жылдарды салыстырғанда, ең үлкен үлес салмағы өндіріске берілген несиелер, сәйкесінше 6, 25% және 36, 8% өнеркәсіпке берілген барлық несиелер қарыз портфелінің жалпы көлемінен 57, 5% құрайды. Ал 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда барлық түрлеріне сұраныс болмаған, бірақта несиенің көлемі сәйкесінше төмен

Банкте қазіргі кезде қарқынды даму қызметінің түрі клиенттерге пластикалық карточкалар ұсыну.

Пластикалық карточкалар шығару: АҚ “Халық Банк” заңды және жеке тұлғалармен жеке кәсіпкерлер үшін еңбекақыны алудың жеке және ыңғайлы әдісін ұсынады, яғни пластикалық карточкалар пайдалану. Кәсіпорындар мен ұйымдар үшін банк ALTYN-VISA және EVROPAY/MASTERCARD жүйелерінің халықаралық пластикалық карточкаларын ұсынады.

.

Талдықорған аймақтық филиалы АҚ «Халық Банктің» ұйымдық құрылымы.

Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғаммен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді. Коммерциялық банктердің жоғары органы болып жылына 1 рет өтетін акционерлердің жалпы жиналысы табылады. Онда сенімхат негізіндегі банк акционерлерінің барлық өкілдері қатысады. Кәсіпорын басшылары акционерлердің қатысуы міндетті емес. Жалпы жиналыс банк акционерлерінің төрттен үш бөлігі қатысқан кезде, оның қатарына берілген сұрақтарды заңды түрде шешіледі.

Банк іс-әрекетінің жалпы басшылығын банк кеңесі шешеді. Оған сондай ақ банк басқармасы жұмысына бақылау жіргізу жүктелген. Кеңес құрамы, оның мүшелерін таңдау тәртібі және мерзімі коммерциялық банк жарғысымен анықталады.

Банк кеңесі банк іс әрекетінің жалпы бағыттарын, несие жобаларының және өзге де банк жоспарларын қарастырады, банктің кірісі мен шығысы есебін бекітеді, банк филиалдарын ашу және жабу жөніндегі сұрақтарды, сондай ақ банк іс әрекетімен, даму перспективасы және клиенттер арасындағы өзара байланыспен байланысты сұрақтарды қарастырады.

Коммерциялық банк іс әрекетіне басқарма жетекшілік етеді. Ол жалпы акционерлер жиналысы және банк кеңесі алдында үлкен жауапкешілікке ие. Әдетте Коммерциялық банк басқармасының құрамына біршама күрделі банк қатысушыларының өкілдері кіреді.

Банк басқармасы отырысы үнемі жүргізіледі. Шешім дауысының көптігіне байланысты қабылданады. Тең дауыс болған кезде төраға дауысы шешуші болып есептеледі.

Егер басқарма мүшелері немесе оның мүшелері басқарма шешімімен келіспейтін болса, олар өз ойларын кеңеске немесе жалпы жиналысқа білдіре алады. Бұл жерде соңғы шешімді банк кеңесі шешеді. Басқарма шешімі банк басқармасы Төрағасының бұйрығы болып табылады. Ревизиялық комиссия қатысушыларының жалпы жиналысымен таңдалады және банк кеңесіне есеп береді. Банк басқармасы ревизиялық комиссияға тексеруге қажетті материалдарды міндеттейді. Жүргізілген тексеріс нәтижесін комиссия банк басқармасына жібереді. Коммерциялық банктердің ревизиялық комиссиясының басты тапсырмасы-теріс пайдаланушылықты болдырмайтын жағдай туғызу. Ревизиялық комиссия жылдық есептеулер мен банк балансы бойынша қорытындылар шығарады. Ревизиялық комиссия қорытынды шығармай банк балансын жалпы акционерлер жиналысы растамайды.

Ірі банктер көбінесе функционалды белгілері бойынша құрвлатын, депортаиенттерден, басқармалардан және бөлімшелерден тұрады. Олпрдың басшылары осы бөлімшелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Департаменттер директоры, басқарма бастығы және олардың орынбасарлары, бөлімшелермен қызметтердің іс әрекетін үйлестіреді, олардың жұмысына кеңес береді, бақылайды және бағалайды. Бөлімдердің саны банк іс әрекетінің көлемі мен сипатына, банк операцияларының күрделілігі мен клиенттерге көрсететін қызметтердің әртүрлігіне байланысты.

Коммерциялық банктегі есептер Ұлттық Банк бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Банктер ҰБ-ке немесе оның басқармасына, (Коммерциялық банктердің орналасқан жеріне байланысты) айдың алғашқы күніне баланс, 4 кварталға айналым ведомостісін және жылға бухгалтерлік есеп беруді ұсынады. .

Коммерциялық банктер жұмысын жария ету және олардың қаржылық жағдайы жөнінде ақпараттарға қол жеткізу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысымен расталған жылдық баланс, кіріс және шығыс шоттары баспада басылып шығуы қажет, (ондағы мәліметтердің аудиторлық ұйымдарымен расталғаннан кейін. Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғаммен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді. Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымын төмендегі сызбадан көре аламыз.

Сызба-1. 1. Коммерциялық банкті басқарудың ұйымдық-экономикалық құрылымы

Сызба - 1. 1. 2 «Халық Банк» АҚ-ның Талдықорған қаласындағы филиалының ұйымдық құрылымы.

Акционерлер жиналысы кеңес (басқарма) құрамынан банктік қызметіне шұғыл жетекшілік ету үшін банк басқармасының төракғасын сайлайды.

Ірі банктер, әдетте, функционалдық белгісі бойынша құрылатын бөлімшемен басқармадан тұрады. директорлар кеңесі іс-тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банктің басқару құрылымын құрады. Басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.

  1. жоғары менеджер
  2. администраторлар
  3. қадағалау жіне ревизиялық функциялар берілген тұлғалар

Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай; ббанктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органға адамдар іріктеу, комитеттерді құру, қарыздық және Инвестициялық операцияларды баіылау, кеңес беру, банктік қызметтерін тексеру және т. б. қызметтер атқарады.

Банк қызметінің қаржылық көрсеткіштері.

Банк үшін негізгі құралдарды тартудың басты қайнар көзі болып, клиенттердің депозиттері саналады, олар барлық міндеттемелердің сомасына 90% таяу немесе 67% құрайды, яғни Қазақстандағы жеке тұлғалардың барлық депозиттердің 2/3 бөлігі Халық Банкте сақталуда, яғни бұл Халық Банктердің сенімділікпен қамтамасыз етуін және халық жағынан Халық Банкке деген сенімділік деңгейін көрсетеді.

Сонымен, “Халық банктің” қызмет көрсетуіне баға беретін болсақ, келесі төртінші кестені қолданамыз.

Кесте 3.

Қарағанды аймақтық филиалы АҚ “Халық Банктің “қызмет көрсетуінің негізгі көрсеткіштері

Қызметтер түрлері

20011

жыл

2012

жыл

2013

Жыл

Қызметтер түрлері:
20011жыл: Жоспар
2012жыл: Нақты
2013Жыл: Жоспар
Нақты
Жоспар
Нақты
Қызметтер түрлері: Салымдарды тарту
20011жыл: 4
2012жыл: 399782
2013Жыл: 65
695966
75
756915
Қызметтер түрлері: Несие беру
20011жыл:
2012жыл: 11608
2013Жыл:
101214
11015
Қызметтер түрлері:

Бағалы қағаз

дардармен операциялар

20011жыл: 200
2012жыл: 201
2013Жыл: 300
298
400
431
Қызметтер түрлері: Валюта айырбастау
20011жыл: 5
2012жыл: 431528
2013Жыл: 53
512365
57
585213
Қызметтер түрлері: Басқа да операциялар
20011жыл: 400
2012жыл: 439
2013Жыл: 500
581
600
672

Кесте 3 бойынша 2012 жылдың басына салымдар қалдығы 695996 мың тенгені құрды, 2011 жылдың басындағы қалдықпен салыстырғанда 172% құрды. Салымдар көлемінің ұлғаюы, Халық Банктің жеке тұлғалардың жеке топтарына бағытталған депозиттердің жаңа түрлерін ұсынумен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Тәжірибе базасымен танысу
Тәжірибе жетекшілерінің міндеттері
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Еңбек ақы шығындары
Компания Бағлан ЖШС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz