Өндірістік іс тәжірибе АО Халық Жинақ БАНК


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ жалпы сипаттамасы
1. 2 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ есеп-аналитикалық қызметі
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері және өзге де дебиторлық берешек
2. 3 Қорлардың есебі
2. 4 Негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі
2. 5 Міндеттемелер есебі
2. 6 Еңбек және оны төлеу есебі
2. 7 Капитал және резервтер есебі
2. 8 Инвестициялар есебі
2. 9 Өндіріс шығындарының есебі
2. 10 Дайын өнімді шығару және сату есебі
2. 11 Қаржылық есептілікті ұсыну
3 Жылдық түгендеу жүргізу
4. Аналитикалық жұмыс
5. Құқықтық жұмыс
6. Салық салу
7. Аудит
қОРЫТЫНДЫ
қОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Өндірістік іс-тәжірибесі - мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Өндірістік іс-тәжірибесі студентің жоғарғы оқу орнында алған білімін пысықтайды, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру облысында практикалық білім алуға, өндірістегі ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық сұрақтар бойынша профессионалды компетенциялық білім алуға көмектеседі.
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2014 жылдың ақпан айының 3-шы жұлдызынан 2014-жылдың 12-ші сәуіріне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы, Жамбыл аудандық «Халық Жианқ Банкі» Акционерлік қоғамында өттім. Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен филиал басшысы Бекжанова Шамшагуль Елтайкызы болды.
Тәжірибедегі ең басты мақсат - филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым.
Өндірістік іс-тәжірибесі негізгі міндеттері:
-практика базасымен танысу, оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымымен, менеджментімен танысу;
-банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру шараларымен танысу;
-банкте қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерімен танысу;
- бухгалтерлік есептің жеке бөлімдерімен танысу;
- ұйымда жұмыс атқару, шешім қабылдау үшін келіссөздер жүргізу бойынша практикалық жұмыстар атқару.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ жалпы сипаттамасы
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
Талдықорған аймақтық филиалы АҚ «Халық Банк» 2001 жылдың 3 қазанында тіркелген.
Талдықорған аймақтық филиалында тұрғындарға қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:
1. Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
2. заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;
3. заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;
4. заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу;
5. филиалдар клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну;
6. аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау;
7. кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау;
8. Банктің кез келген филиалынан заңды тұлға өкілінің басқа филиалда ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;
9. инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі; 10. шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу;
11. әр түрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;
12. «Клиент - Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;
13. тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;
14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету - клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалары арқылы аудару және беру;
15. жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдікесеп айырысулары»; «Экспресс аударымдар», маниграмма жүйелері бойынша жүргізу;
16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу;
17. жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;
18. вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;
19. сейфтік операциялар: клиент құжаттары мне құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтарын, үй жайларды жалға беру операциялары;
20. қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу;
21. құжаттамалық операциялар жүргізу (аккредитивтер, құжаттамалық инкассо) және банктік кепілдемелер беру;
22. корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;
23. шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.
Сызба-1. 1. Коммерциялық банкті басқарудың ұйымдық-экономикалық құрылымы
Кесте 1 - Ұйымның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
1. 2 Қазақстан «Халық Банкі» АҚ есеп-аналитикалық қызметі
Қаражаттарды қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.
Дамыған елдердің орталық банктерінің қызметін игеру, сондай- ақ ақшалай- кредиттік саясатының әдістерін қолдану, Қазақстанда нарықтық экономиканың негізін құруына мүмкіндік береді.
Есептік саясат деп- орталық банктің вексельдерді сатып алатын шарттарын айтады. Бұл саясат кредиттік институттардың өз клиенттеріне беретін, несиенің бағасына әсер тигізетін есептік проценттің реттелуіне негізделген. Экономикалық циклға байланысты бұл пайыз өзгеріп, қайта қарастырылуы мүмкін. Мысалы Германиядағы Бундесбанк (орталық банк) 1948-1989 жылдар аралығында ресми пайыздық мөлшерлемесін 76 рет өзгерткен болатын. Есептік саясаттың қолданылуы тікелей вексель айналымына және құнды қағаздар нарығына тәуелді.
Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғаммен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді. Коммерциялық банктердің жоғары органы болып жылына 1 рет өтетін акционерлердің жалпы жиналысы табылады. Онда сенімхат негізіндегі банк акционерлерінің барлық өкілдері қатысады. Кәсіпорын басшылары акционерлердің қатысуы міндетті емес. Жалпы жиналыс банк акционерлерінің төрттен үш бөлігі қатысқан кезде, оның қатарына берілген сұрақтарды заңды түрде шешіледі.
Департаменттер директоры, басқарма бастығы және олардың орынбасарлары, бөлімшелермен қызметтердің іс әрекетін үйлестіреді, олардың жұмысына кеңес береді, бақылайды және бағалайды. Бөлімдердің саны банк іс әрекетінің көлемі мен сипатына, банк операцияларының күрделілігі мен клиенттерге көрсететін қызметтердің әртүрлігіне байланысты.
Коммерциялық банктегі есептер Ұлттық Банк бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Банктер ҰБ-ке немесе оның басқармасына, (Коммерциялық банктердің орналасқан жеріне байланысты) айдың алғашқы күніне баланс, 4 кварталға айналым ведомостісін және жылға бухгалтерлік есеп беруді ұсынады. .
Коммерциялық банктер жұмысын жария ету және олардың қаржылық жағдайы жөнінде ақпараттарға қол жеткізу мақсатында акционерлердің жалпы жиналысымен расталған жылдық баланс, кіріс және шығыс шоттары баспада басылып шығуы қажет, (ондағы мәліметтердің аудиторлық ұйымдарымен расталғаннан кейін. Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы Акционерлік қоғаммен жалпы бекітілген баскару сызбасына сәйкес келеді.
Директорлар кеңесінің негізгі қызметтері мынадай; ббанктің стратегиялық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органға адамдар іріктеу, комитеттерді құру, қарыздық және т. б. қызметтер атқарады.
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1 Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ақша қаражаты деп - бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім - шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.
- Бухгалтерлік есеп шоттары - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;
- Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Кассалық операциялардың есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 27. 07. 1993 жылғы кассалық операциялар туралы уақытша тәртібімен жүргізіледі. Кассаға ақшалар әр түрлі шоттар бойынша түседі және кіріс касса ордерімен (Қосымша 1), ал ақшаның шығуы шығыс касса ордерімен (Қосымша 2) толтырылады.
Ордерлер тіркеме журналына тіркеледі (Қосымша 3), ал оларға номер жазылады және күннің соңына сальдо енгізіледі. Кассалық есепті құру міндетті болып табылады. Әр айдың соңында касса бойынша айлық есеп құрылады.
Уақытша бос ақшаларды және қолма-қолсыз ақшаларды сақтау үшін, кәсіпорындар өзінің қалаған банкіден есеп айырысу шотын аша алады.
Есеп айырысу шоты мына құжаттар арқылы ашылады:
- шот ашу туралы өтініш;
- қолдары және мөр(печать) таңбасы қойылған карточка;
- салық органынан субъектінің салық есебін жүргізетінін дәлелдейтін анықтама;
- мемлекеттік тіркемеден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
- жарғысының және келісімінің көшірмесі.
Банк ақшаны қабылдау, беру және аударуды келесі құжаттардың негізінде орындайды:
- кассадағы қолма-қол ақшаны есеп айырысу шотына аудару;
- әр түрлі мақсаттарға кассадан алынған чек;
- басқа субъектілер мен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы толтырылады;
- субъекті сатып алушыдан жіберілген тауардың құнын, орындалған жұмыстың, қызметтің құнын талап ету үшін төлем-талап тапсырмасы толтырылады.
Субъектінің шотындағы барлық төлемдер күнтезбе кезегі юойынша, банкке түскен есеп айырысу құжаттары бойынша жүзеге асырылады. Банктің төлемге қабілетсіз деп хабарлаған міндеттемелер бойынша төлем кезегін банк басшысы анықтайды.
Банк белгілі бір уақытта немесе күн сайын шот иесіне есеп айырысу шотында болып жатқан операцияларды қосымша құжаттар арқылы, енгізі және шығару негізінде пайда болған операцияларды хабарлайды.
Банкте жұмыс істей жүріп, кассир кассадағы ақшаларға толық материалды жауапкершілікті өз мойнына алады және күннің соңына қарай кассаға келіп түскен ақшаларды санап тексеретінін байқадым.
2. 2 Қысқа мерзімді активтер: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешектері және өзге де дебиторлық берешек
Дебиторлық берешек деп көрсетілген қызмет, жабдықтаушыларға тауарлар және қызмет көрсетулері және т. б. үшін алдын ала төлем жүргізу нәтижесінде туындаған банк әріптестерінің қарызын айтады.
Шаруашылық қызметі бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың есебі мен бақылауы бас банктің әкімшілік- шаруашылық қызметін бағдарлау және бақылау Департаментінің жауапты бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Күрделі қаржы жұмсалымы бойынша дебиторлық берешек есебі жөндеу-құрылыс материалдары, жабдықтар мен құрал-саймандар үшін жабдықтаушылармен есеп айырысу, сатып алу және күрделі жұмсалым мен күрделі жөндеу бойынша шығындар үшін есеп беретін адамдарға аванс нәтижесін көрсететін 1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» баланстық шотында жүргізіледі.
Банк қызметкерлерімен есеп айырысу іс-сапар шығыны мен басқа да шығындар бойынша банк қызметкерлеріне берілген аванстық төлемдер сомасын көрсетіп 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» баланстық шотында жүргізіледі.
Басқа да дебиторлар мен кредиторлар есебі уақытша және кездейсоқ сипатқа ие банктің дебиторлық берешек сомасын, басқа баланстық шоттар бойынша түсу мезетінде анықталмаған тағайындау сомасын, сондай-ақ шаруашылық қызметі бойынша есеп айырысу сомаларын көрсететін 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Кепіл бойынша дебиторлық берешек есебі берілген кепілдік бойынша қарыз алушының берешегін көрсететін 1861 «Кепілдіктер бойынша дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Дебиторлар және кредиторлармен операциялардың шоттарда көрініс табу тәртібі
1. Алдағы кезең шығындарын алдын ала төлеу (жалдау, жазылу, жарнама, пошта және т. б. ) :
Дт 1799 - «Өзге де алдын ала төлемдер»
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 - «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
2211 - «Клиенттердің талап етуі бойынша салымдар».
2. Негізгі құралдарды, ғимараттарды ағымдағы жөндеу және т. б. қызметтер үшін алдын ала төлеу:
Дт 1860 - «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 - «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
2211 - «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары».
Негізгі құралдар, ғимараттарды күрделі жөндеу үшін алдын ала төлем:
Дт 1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 -«Банктің Қазақстан Республикасьшьщ Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоттары».
4. Алынған, бірақ төленбеген ТМҚ және НҚ кірістеу:
Дт 1851 - «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
1856 -«Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
1602 - «Өзге тауар-материалдық қорлар»
Кт 2856 - «Күрделі қаржы бойынша кредиторлар»
2860 - «Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар»
12. Мәжбүрлі шығынды есептеу кезінде:
Дт 5400 «Банктік қызметпен байланысты дебиторлық борыштар бойынша жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5453 «Банк қызметімен байланысты дебиторлар бойынша арнайы резервтерге ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5461 «Банктік емес қызметпен байланысты дебиторлыққ борыштар бойынша жалпы резервтерге ақша бөлу»
1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлык берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1879 «Есептелген тұрақсыздық»
Кт 5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
5459 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлык берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрл: шығындарға) ақша бөлу»
13. Мәжбүрлі шығындар құрылған дебиторлық берешек сомасын өтеу кезінде:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлык берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
1878 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »
Кт 5460 «Банктік қызметпен байланысты дебиторлық борыштар бойынша жалпы резервтерге ақша бөлу»
5453 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға ақша бөлу».
5459 «Банктік қызметпен байланысты дебиторлық берешек бойынша резервтерге ақша бөлу.
5461 «Банктік емес қызметпен байланысты дебиторлық борыштар бойынша жалпы резервтерге ақша бөлу» банк айсайын, айдағы соңғы жұмыс күніне 5 күн қалғаннан аспайтын жағдай бойынша
2. 3 Қорлардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шарты көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты, көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде яғни жабдықтау бөліміне келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
- Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі
- Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
- ФИФО әдісі
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған.
Жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі.
Бұл бағаны кәсіпоынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады. Бухгалтерлік өткізбелерді жүргізу үшін келесі шоттарды іске асыру қажет:
1602 «Басқа тауарлы-материалдық қорлар»
1351, 2151 «Бас офиспен есеп айырысу»
1352, 2152 «Жергілікті филиалдармен есеп айырысу»
1867 «Негізгі емес қызмет бойынша басқа дебиторлар »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz