Бастауыш мектеп математикасында проблемалық оқыту технологиясын қолдану



Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Математика сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... 10
2.2 Проблемалық ахуал тудыруға арналған тапсырмалар (үлгі ретінде) ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2006жылдың 1-наурыздағы халыққа жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі – деген. Сонымен қатар, Білім беру сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру, қоғам мүшесінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру керек», - деген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен, екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Курстық жұмысымның зерттеу нысаны ретінде бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту мәселесі алынды.
Зерттеудің мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
Зерттеудің міндеті:
-Ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анықтау;
-Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдарын қарастыру;
-Оқушылардың даму деңгейін
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
2. Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастаукыш мектеп, №12, 1998ж.
3. Математиканы оқыту методикасы. Ә. Бидосов.
4. « Тәрбие құралы » журналы.
5. « Бастауыш мектеп » журналы. «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту». Тұрғанбаева.
6. Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.
7. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.
8. Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .7
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Математика сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... 10
2.2 Проблемалық ахуал тудыруға арналған тапсырмалар (үлгі ретінде) ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2006жылдың 1-наурыздағы халыққа жолдауында: Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі - деген. Сонымен қатар, Білім беру сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру, қоғам мүшесінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру керек, - деген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен, екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Курстық жұмысымның зерттеу нысаны ретінде бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту мәселесі алынды.
Зерттеудің мақсаты: Проблемалық оқыту тәсілі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру, оқушыларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйрету, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу.
Зерттеудің міндеті:
-Ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың теориялық негізін анықтау;
-Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдарын қарастыру;
-Оқушылардың даму деңгейін педагогикалық және психологиялық жағынан сипаттау;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға болар еді.


1. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.
А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік
беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы.
М.И.Махмутов: Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткені, ол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді,-деп көрсетеді .
Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде
туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске
асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық
ойлауын дамытады деген сөз.
Жоғары білім беретін мектептің міндеттеріне сүйене отырып, оқытудың дәстүрлі типін проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған
қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін
тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлеміз. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет
тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері төмендегідей
болып бөлінеді:
- білімді шығармашылық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу (логикалық
әдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тәсілдерін қолдану);
- алған білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларына (жаңа
ситуацияларда) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау
(ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу және шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу);
Біз проблемалық оқытудың барлық міндеттерінің ішінен аса маңызды екі міндетті бөліп көрсетеміз. Біріншісі - оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру; екіншісі - ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.
Танымдық белсенділік - жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы,
оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес-алты жас аралығында
қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді
орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді .
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу,оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты
болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі
мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің
нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі
тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң
нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылық - оқушының танымдық
қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Шығармашылық дербестік ұғымы төңірегіндегі тұжырымдар, анықтамалар бұл ұғымның өзіндік ерекшеліктерін, әртүрлі психикалық прцестерден туындайтын интеллектуалдық, эмоциялық, бағыттаушы байланысын және жеке тұлғаға беретін білімнің маңызын ашып көрсетеді.
Біздің пайымдауымызша, шығармашылық дербестік - жеке тұлғаның
танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық
ізденімпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі
шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілеті.
Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру
бағдарламаға ашылған жаңалықтар туралы материалды ендірумен, ғылым
негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес,
сондай-ақ, оның таным қайшылықтарын шешуге бағытталған әдістерін оқып-
үйренумен де қамтамасыз етіледі. Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні, оның элементтерінің өзара байланысы ғылымда бақылау, сипаттау, түсіндіру, болжау сияқты зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін жүзеге асыру барысында ашылады.
Проблемалық оқыту технологиясы негізінде оқушылардың білімді
меңгерудің ғылыми дәрежесін арттыру екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
Бірінші әдіс - оқытушының түсіндіруін күшейту. Әңгіме дәстүрлі оқыту жағдайындағы оқыту материалын сипаттай түсіндіруден проблемалық оқыту жағдайындағы дәлелді түсіндіруге көшу туралы болып отыр. Оқытушының негізгі міндеті - түсіндіру жаңа сапаға ие болады, бұл сапа мыналармен сипатталады, оқытушы: а) өзі жасаған проблемалық ситуация арасында жаңа ұғымның мәнін түсіндіреді; ә) түсіндіре отырып, сол ғылым тарихында белгілі бір проблеманы шешуге алып келген ғылыми зерттеудің жолдарын, логикасын көрсетеді.
Меңгерудің ғылыми дәрежесін арттырудың екінші әдісі - сабақ беру мен оқудың жаңа қатынасын белгілеу, атап айтқанда, оқытушының түсіндірушілік міндетін орынды түрде шектеп, оқу проблемаларын шешу жолымен оқушылардың ұғымдарды өздігінен ашу және түсіндіру жөніндегі іс-әрекетін кеңейту. Бұл анағұрлым маңызды тәсіл болып табылады. Өйткені проблемалық оқыту процесінде жаңа ұғымдардың мәніноқушылардың өздері продуктивтік шығармашылық қызмет барысында (оқытушының көмегімен және басшылығымен) ашады, оның үстіне қызмет зерттеу әрекеттерінің шеберліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ал, білімді бір ғана зердемен емес, өзойының күш салуымен алады. Сөйтіп, бір жағынан оқытушы неғұрлым күрделі әрі өздігінен оқып үйрену үшін шама жетпейтін жаңа ұғымдарды түсіндірудің сапасын арттырады, екінші жағынан, жеке өзінің түсіндіруінің санын азайтып, оқу проблемаларынан тұратын, сол дәрежеде білім алған оқушылардың шамалары ұғымдарды өздігінен оқып үйрену процесін ұйымдастырады. Бұл процесс сапалы және берік есте қалдыру үшін оқу материалын жеңілдету жолымен емес, қайта оқу процесін біртіндеп күрделендіру арқылы интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау жолымен жүруге тиіс. Бұл дамыта оқытудың басты бағыты және білімді саналы, терең әрі берік меңгерудің шешуші шарты болып табылады.
Қорыта айтқанда, проблемалық оқыту - ғылыми дүниетанымды
қалыптастырудың негізгі тәсілі, ол адамның танымдық және практикалық
қызметін реттеп отыратын белгілі бір жеке бастық субъективтік тұрғы ретінде ұғынылады, дүниетаным теориялық білімнің, практикалық тәжірибенің, идеялық-эмоциялық бағалардың жоғары синтезі ретінде анықталады.

1.2 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Атамыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. Мен білдім! деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалық оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды - бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Математика сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда үлес ұғымдарын оқытудың әдістемесі
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамыту
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Пәндер