Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері мен әдіс.тәсілдері
1.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Бухгалтерлік есептің әдіс.тәсілдері және оған түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 бөлім. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мәселелері
2.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.2. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу мәселелері.17
2.3. Бухгалтерлiк қызметтiң мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Кіріспе

Бухгалтерлік есеп саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, оны одан әрі дамыту мақсатында көптеген іс- шаралар атқарылуда. Бухгалтерлік есепті реформалаудың басты мақсаты бухгалтерлік есеп жүйесін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшіру және ол келесідей себептерге негізделді:
Біріншіден, есептілікті қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сай жасау қазақстандық ұйымдарға халықаралық капитал нарығына шығуға мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады. Капитал, соның ішінде шетелдік капитал, инвесторлар алдында менеджмент есептілігі мен ұйым қызметі туралы қаржылық ақпараттың айқын болуын талап етеді. Шетелдік инвестор қаржылық есептілік арқылы өзі берген инвестицияның қалай пайдаланылып жатқанын түсініп, көргенше, Қазақстан тәуекелділігі жоғары аймақ болып қала береді, сәйкесінше, халықаралық капитал нарығынан қаржы ресурстарын тартуда басқа елдерге қарағанда артта болады.
Екіншіден, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сай жасалған есептілік пайдаланушылар үшін жоғары ақпараттылығы мен пайдалылығымен ерекшеленітіндігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.
Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және ұйымның нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық
1. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы. - Алматы: Экономикс, 2003 ж.
2. Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп принциптері – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева – 2007ж.
3. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.zakon.kz
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа» - www.zakon.kz

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері мен әдіс-тәсілдері
1.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Бухгалтерлік есептің әдіс-тәсілдері және оған түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2 бөлім. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мәселелері
2.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін реттеу мәселелері.17
2.3. Бухгалтерлiк қызметтiң мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп саласындағы осындай кемшіліктерді жойып, оны одан әрі дамыту мақсатында көптеген іс- шаралар атқарылуда. Бухгалтерлік есепті реформалаудың басты мақсаты бухгалтерлік есеп жүйесін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшіру және ол келесідей себептерге негізделді:
Біріншіден, есептілікті қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сай жасау қазақстандық ұйымдарға халықаралық капитал нарығына шығуға мүмкіндік беретін маңызды қадам болып табылады. Капитал, соның ішінде шетелдік капитал, инвесторлар алдында менеджмент есептілігі мен ұйым қызметі туралы қаржылық ақпараттың айқын болуын талап етеді. Шетелдік инвестор қаржылық есептілік арқылы өзі берген инвестицияның қалай пайдаланылып жатқанын түсініп, көргенше, Қазақстан тәуекелділігі жоғары аймақ болып қала береді, сәйкесінше, халықаралық капитал нарығынан қаржы ресурстарын тартуда басқа елдерге қарағанда артта болады.
Екіншіден, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сай жасалған есептілік пайдаланушылар үшін жоғары ақпараттылығы мен пайдалылығымен ерекшеленітіндігін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.
Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнын және ұйымның нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сон-дықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.

1. бөлім. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері мен әдіс-тәсілдері
1.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Бухгалтерлік есеп -- заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт -- есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал -- есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп - есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы - бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы - ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі - есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай - ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір - бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір - біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге - ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.

1.2. Бухгалтерлік есептің әдіс-тәсілдері және оған түсінік

Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек.
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына - мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі - шаруашылық операциясы деп атау қалыптасқан. Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат.
Құжат дегеніміз - ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі.
Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық құбылыстың жасбаша куалігі және оның заңдылық құқысы болады. Сондықтанда құжаттауда бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады.
Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшклігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады.
Құжат көрсеткіштерін реквизит - деп атайды. Шаруашылық операциялардың мазмұнына және атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с.
Қорыта келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді.
Келесі бухгалтерлік есеп әдісінің бір түрі кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын шығару. Шаруашылық процесі мейлінше жан-жақты, әр-түрлі. Олар құжатта бірнеше түрлі көрсеткіштермен, өлшемдермен жазылады. Ал бухгалтерлік есептің ерекшелігісол, ол барлық көрсеткіштерді, бір өлшеммен ақша өлшемінде көрсетеді. Сол үшін еңбек көрсеткіштерін, заттай өлшемдегі көрсеткіштерді ақша өлшеміне аударып, кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын анықтайды.
Кәсіпорын жұмысын басқару үшін, сол шаруашылықтағы процестердің барысын бақылап, ондағы шығынның нақты көлемін мүлтіксіз дәл анықтап біліп отыру керек. Бізге белгілі, өндіріс процесіне үш түрлі элемент қатысады, ол адам еңбегі, шикізаттар мен материалдар және негізгі қордың амортизациясы. Әрине, өндіріс процесінде көптеген қосалқы шығындар болады. Бухгалтерлік есеп сол шығындарды жеке-жеке есептеп қана қоймай, олардың қортынды есебін шығарады да, онымен қатар өндіріс өнімінің құнын немесе өзіндік бағасын анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілді калькуляция деп атайды.
Халық шаруашылығы есеп-қисабының мақсаты туралы айтылғанда, оның ерекше орындайтын міндетінің бірікәсіпорын мүлкінің түгелдігін қамтамасыз ету дегенбіз. Бұл үшін бухгалтерлік есепте инвентаризация немесе түгелдеу тәсілі қолданылады.
Кәсіпорын шаруашылығында әрбір өндіріс қоры, еңбек қоры, қаржыландыру қоры түгелдей қатысады да, ал негізінде әрбір шаруашылық процесі нәтижесінде олардың әрқайсында өзгеріс болады. Осы орайда олар өзара өте тығыз байланысты. Онымен қоса кәсіпорын шаруашылығына басшылық ету жұмысын ұйымдастыру үшін, кәсіпорын мүлкінің қай уақытта қаншасы бар екенін, қанша кіріс немесе қанша шығыс болғанын білу өте қажет. Осындай құбылысты түгелдей бір жүйедегі есеп-қисапқа алу үшін, кәсіпорын мүлкін жеке-жеке, түр-түрімен бөлек еесптеу керек.
Қорыта келгенде, кәсіпорын мүлкінің және қаржыландыру қорларының шаруашылық құбылысындағы өзгерісін, тағы басқа шаруашылық операцияларды топтап, бір жүйеге келтіріп, есептеу үшін қолданылатын тәсілді счеттар жүйесі немесе бухгартерлік счет дейді.
Шаруашылық процестерді шоттар жүйесіне тіркеу үшін қолданылатын бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілді екі жақты жазу дейді. Бұл әдістің негізі сол, шаруашылық процестерді өзара байланысты екі бухгалтерлік счетқа тіркеу арқылы есепке алады.
Бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілдің бірі-бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс дегеніміз, кәсіпорын мүлкін және оның қаржыландыру қорын өзара қарама-қарсы байланыстыра отырып, бір жүйеге келтіріп, қорытындылап, нақты бір күнге қандай қалыпта екенін, қандай мөлшерде екенін экономикалық топтау нұсқауында көрсететін әдістәсіл.
Есеп беру. Бұл тәсіл кәсіпорын шаруашылығын өткен бір мерзіміндегі қорытындасын (нәтижесін) көрсететін әдіс-тәсіл. Негізінде кәсіпорын жұмысының қорытындысы әрбір ай сайын шығарылады. Мысалы, айлық пайда жоспарының орындалуы, тағы басқа көрсеткіштер туралы есеп жасалады.

2 бөлім. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мәселелері
2.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алуды, осы Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер бойынша, және олар бойынша жүргізілген төлемдер (бұдан әрі - Ақылы қызметтер бойынша ҚБШ), мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер бойынша (бұдан әрі - қайырымдылық, демеушілік көмек ҚБШ), мемлекеттік мекемелер алдын ала айтылған үстемақымен немесе онсыз ол бірінші талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзім өткеннен кейін, толық немесе бөліктермен қайтарылуы тиіс пе, қарамастан, атаулы түрінде оларды қайтару шарттарында жеке немесе заңды тұлға, тікелей жеке немесе заңды тұлға, немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге (бұдан әрі - жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыру ақшасының ҚБШ), шетел валютасындағы операцияларды жүргізу үшін шетел валютасындағы шоттарға (бұдан әрі - шетел валютасындағы шоттар), бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоттарына (бұдан әрі - сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары) беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаның бақылау шоттары түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін.
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Қаржылық бақылауы: түрлері, нысандары, әдістері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен тиімді пайдалануының есебі мен аудитін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Пәндер