Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Мемлекеттік мекемеделердегі қаржы инвестициялары
1.1. Инвестицияның мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қаржы инвестицияларының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.3. Инвестицияның экономикалық мәні мен инвестиция түрлері ... ... ... ... ... . 15

2 бөлім. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі
2.1. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі ... 21
2.2.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар ... . 30
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады.
Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды.
Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды.
Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқыл
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп. – Қарағанды, 2008. – 568 б.
2.Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі. — Алматы: Экономика, 2008. – 832 б.
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. — Алматы: LEM, 2008. – 500 б.
4. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы. - Алматы: Экономикс, 2003 ж.
5. Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп принциптері – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева – 2007ж.
6.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.zakon.kz

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 бөлім. Мемлекеттік мекемеделердегі қаржы инвестициялары
1.1. Инвестицияның мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Қаржы инвестицияларының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Инвестицияның экономикалық мәні мен инвестиция түрлері ... ... ... ... ... . 15

2 бөлім. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі
2.1. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі ... 21
2.2.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар ... . 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Инвестициялық іс-әрекет - кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықтлады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі - инвестиция тиімділігі болып табылады.
Инвестиция тиімділігі - кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.
Елімізде шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды.
Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды.
Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын инновациялық тұрпаттағы инвестор елдің тұжырымдамасы деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Осы курстық жұмыста мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестицияларын анықтау, олардың міндетемелерін есепке алу тәртібі туралы айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық - құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторларн айшықтау;
Осы курстық жұмыста:
Бірінші бөлім Инвестицияның экономикалық мәні мен инвестиция түрлері деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау; Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық - құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар; ҚР-ғы шетелдік инвестициялық саясаттың дамуы мен оны жетілдіру жолдары;- деген тақырыптар қарастырылған.
Екінші бөлім ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі деген мәтінде. Бөлім мазмұнында ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі; Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері; Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу;- деген тақырыптар қамтылған.

1 бөлім. Мемлекеттік мекемеделердегі қаржы инвестициялары
1.1. Инвестицияның мәні, қызметі

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік.
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар) - инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал, капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға, реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес. Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда. Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді. Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай - химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. 1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары.
Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды, өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады. 2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп. 2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды. Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді. Инвестициялық қызмет дегеніміз - шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар - сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы - 48.5%-ға ; 1999 жылы - 33.0%ға ) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі - 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі - 23.9% , халық үлесі - 1.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді. Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған. Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді. Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.

1.2. Қаржы инвестицияларының түсінігі

Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындарды,кәсіпорындарға үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқада борыштық міндеттемелер, нарық экономикадағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар ьорыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар - заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір белгіленген уақытта қайтаруға міндеттенеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды-акцияларды сатып алады.
Акция-акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын, осы қоғамдарды және т.б дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестицилық жобаларды тақарады.Акциялар эмиссиясы - дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу, компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды. Қарыздық міндеттемелерге - облигациялар, мемлекеттік заемдар,банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар - опциондар, фъючерстік келісімдер.
Опцион - еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар.
Қаржылық фьючерс - белгілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.
Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орнына берілетін бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен, қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Сертификаттың бір түріне - жамбо - сертификат немесе номиналдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы: Швейцарлық жамбо - сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана ) біріктіреді де, сомасы наминал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқада да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады.Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар - инвестролар, ал бағалы қағаздар шығарушылар - эмитенттер деп аталады.
Инвесторлардың негізгі мақсаттарына жататындар:
- Салымдардың қауіпсіздігі;
- Салымдардың табыстылығы;
- Салымдардың өсуі;
- Салымдардың өтімділігі.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігі жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтиежесінде анықтау қажет.
Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру. Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады. Негізгі талдау аспектілері:
- Техникалық талдау. Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.
- Коммерциялық талдау (маркетингтік) Инвестицилық жобаны іске асырғаннан кейін,шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.
- Институционалдық талдау - жобаны іске асырудың ұйымдық - құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сай келтіру; тағы бір басты жай - фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.
- Әлеуметтік (әлеуметтік - мәдени) талдау жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.
- Қоршаған ортаны талдау - жобаның қоршаған ротаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтау және ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қарастыру.
- Қаржылық талдау.
- Экономикалық талдау.
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттер нарық экономикасының есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар борыштық және борыштық емес болып бөлінеді.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысу үшін бағалы қағаздарды - акцияларды сатып алады. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Қарыздық міндеттемелерге - облигациялар, мемлекеттік заемдар, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді.
Олар: опциондар, фьючерстік келісімдер. Опцион - еңбек ұжымының мүшелеріне тегіне берілген бағалы қағаздар.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1 жылдан көп), қысқа мерзімді (1 жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат қоюшылар - инвесторлар.
Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.
Анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда:
- коммерциялық тиімділік - қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін;
- бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін;
- экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
- таза дисконтталған құн немесе таза дисконтталған табыс;
- табыстық ішкі нормасы қажеттерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз.
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған инвестициялық саясат бірқатар жағымдылықтармен сипатталады, солардың арасынан шетелдік инвестицияны тарту үшін тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ауалдың сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институтционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлі күшейгенін атап өткен жөн.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелшілдік кездеседі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру да болатын белгісіздік жағдайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар.

1.3. Инвестицияның экономикалық мәні мен инвестиция түрлері

Қазақстан инвестициялық қоры туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575-II Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң Қазақстанның инвестициялық қоры қызметiнiң мәселелерiн реттейді, оның мақсаттарын, міндеттерiн, инвестициялық саясаттың бағыттарын, оның мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялары - Қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары.
Қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі.
Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені;
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:
- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
- жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;
Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, біріңғай мемлекеттік органның болуы.
Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:
oo Жаңа технологияларды,алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;
oo Жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;
oo Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;
oo Экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;
oo ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану.
oo Менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;
oo Жаңа жұмыс орындарын құру;
oo Жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу;
oo Өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;
oo Қоршаған табиғи ортаны жақсарту.
Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие.
Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.
Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол мынадай функцияларды атқарады:
oo Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
oo инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
oo барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;
oo инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру.
Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген, ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері: Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;
Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелдік деңгеймен байланысты - венчурлық инвестициялар.
Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту.
Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер,жұмысты орындаушылар,инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Валюталық операциялар есебі
Мемлекеттік басқару органдары және ішкі бақылау жүргізу тәртіптері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР ҰЙЫМДАРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігі
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Пәндер