Қазақстандағы еңбек ресурстарының қалыптасу негіздері және оның дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің қандай жүйе бойынша дамып келе жатқандығына қарамастан, оның шешуші қызметі болып табылады. Әрине, бұл Қазақстанға да қатысты мәселе. Сондықтан мамандарды басқарудағы әдістемелік жолдарды білген жөн. Дамыған елдерде бұл мәселені зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді.Экономиканың өндірістік салалары халық шаруашылығының аса маңызды өнім өндіретін өрістері болып саналады. Қазіргі нарықтық экономика және қаржы-экономика дағдарысынан кейінгі кезеңде бұл өндіріс шаруашылықтарының дамуы мемлекеттің экономикасының жаһанданып, оның көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да, шаруашылық салаларындағы еңбек ресурстарын басқару, оны ретке келтіру, нарық жағдайына бейімдеу өзекті мәселелердің негізгілерінің бірі болып есептелінеді.Қазақстан Республикасы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жүргізіліп жатқан өндірістердегі реформалар шаруашылық салаларының дамуына айтарлықтай әсерін тигізсе де, бұл кешендерде өндірістің өнімділігі дүниежүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттерге қарағанда әлде қайда төмен. Ол, әсіресе, экономиканың аса маңызды саласы ауыл шаруашылығында, бірнеше есеге төмен екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2010 жылғы 29-шы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айрықша тоқталды.Осыны ескере отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа 10 жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бағдарламасында 2020 стратегиялық даму жоспарын ұсынды. Елбасы бұл Жолдауында - «жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканы тұрақты өсуіне қол жеткізу» - деген мәселені атап өтті.Осы мәселелерді іске асырудағы факторлардың бірі, еңбек ресурстарын басқару мен оны тиімді пайдалану, өндіріс шаруашылықтарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Атап айтқанда, өндірістік шаруашылықтардың өнімін көбейту арқылы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ең алдымен өнім өндіруші еңбеккерлерге қатысты еңбек ресурстарын тиімді басқару. Сондықтан да, барлық өңірдегі өндірістік салаларында еңбек ресурстарының құрылымын, демографиялық жағдайын анықтай отырып, оларды тиімді пайдалану деңгейіне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтай түсті.Өндіріс шаруашылықтарында еңбек ресурстарын реттеуде тиімді заңнамалық жолмен ұйымдастыру мен әлеуметтік-экономикалық механизмдерін, мемлекет тұрғындарының жұмыспен қамтылуын анықтау, бүгінгі күн талабына сай - негізгі мәселелердің бірі болып отыр және зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.Түбегейлі экономикалық реформалар жүргізудің табысты нәтижелері еңбек ресурстарының жағдайынан, олардың сапалық сипаттамаларынан: білім деңгейінен, жеке түлғаның табиғи, интелектуалдық және әлеуметтік қасиеттерін тиімді жүзеге асырумен тікелей байланысты.Еңбек ресурстарының дамуының маңызды факторларының бірі болып тұрғындар көші-қоны табылады. Макроэкономикалық деңгейде көші-қон еңбек рыногының қызмет етуінің маңызды шарттарының бірі. Оның ауқымы мен бағыттары кәсіпорындар мен салалардың сандық тұрғыдағы еңбек жарамдылығымен ғана емес, сонымен бірге, жеке қызметтердің әлеуметтік сапасымен де байланысты.Өндіріс шаруашылықтарында еңбек ресурстарын реттеуде тиімді заңнамалық жолмен ұйымдастыру мен әлеуметтік-экономикалық механизмдерін, мемлекет тұрғындарының жұмыспен қамтылуын анықтау, бүгінгі күн талабына сай - негізгі мәселелердің бірі болып отыр және зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.Дипломдық жұмыстың мақсаты- еліміздегі еңбек ресурстарының даму үдерісін талдау, оларды тиімді басқаруды қалыптастыру және қазіргі даму барысына талдау жүргізу, еңбек ресурстарын жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.Жұмыстың міндеттері:Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттігі туады.«еңбек ресурстары», «жұмысшы күші», «еңбек ресурстарының дамуы» сияқты зерттелетін мәселенің түсініктемелік аппаратын нақтылау;еңбек ресурстарының өсіп-өнуінің әдіснамалық негіздерін талдау;еңбек ресурстарының даму динамикасының кезеңдегі ерекшеліктері, ағымдағы бағыттардың теориялық негіздерін айқындау, еңбек ресурстарының сандық және сапалық белгілерін талдау;Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын пайдаланудың аймақтар бойынша қазіргі жағдайдағы ерекшеліктеріне баға беру;Қазақстандағы еңбек ресурстарының дамуының бүгінгі жағдайын бағалау;еңбек ресурстарын жетілдіру жолдарына ұсыныстар жасақтау.Зерттеу пәні- еңбек ресурстарының даму үдерісінде қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.Зерттеу нысаны- Қазақстан Республикасындағы еңбек ресурстары.Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізінотандық және шет елдік экономикалық ғылыми мектептердің макроэкономика теориясы және еңбек қатынастары саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы қаулылары, заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары және басқа да ресми деректер пайдаланылады.Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық қағидасы, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистика және тағы басқа әдістер қолданылды. Мұнымен бірге зерттеудің әдіснамалық негізін сараптамалық бағалау, динамика және болжау өлшемінің статистикалық әдістері және зерттеу нәтижелерін графика тәсілдері құрады.Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.Еңбек ресурстары жағдайында еңбек ресурстарының әлеуетін көтерудегі аймақтардың ұйымдастырушылық басқару механизмдерін жетілдіру мен кадрларды кәсіби дайындау қажеттілігі ғылыми - тәжірибелік тұрғыдан нақтыланып, мемлекеттік қолдау іс-шараларын ұсыну негізінде тұжырымдалды.Жұмыстың практикалық қажеттілігі.Дипломдық жұмыстың негізгі құрылымы үш мақсатқа бағытталған және қисыны жағынан келесі мәселелерді шешуге негізделген: өңірдегі шаруашылық салаларда еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістерде еңбек ресурстарын басқару тетіктерін реттеу, экономикалық-ұйымдастыру басқару жағдайларын жетілдіру.Алынған теориялық талдаулар, ұсынылған тәсілдер негізделген ғылыми ұсыныстар мен нәтижелер еңбек ресурстарын басқару механизмін жетілдіру бағдарламаларын және еңбек нарығының даму үрдісінен талдау барысында, нақты сектор дамуының кешенді, мақсатты бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру барысында қолданылуы мүмкін. Автор әзірлеп ұсынған негізгі теориялық қағидалары жоғарғы оқу орындарында «Еңбек нарығы», «Еңбекті нормалау», «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәндерін оқыту барысында пайдаланылады.Ақпарат көздері ретінде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, басқа да министрліктер мен ведомствалардың мәліметтері мен ресми құжаттары, еңбек ресурстарын мемлекеттік реттеуге қатысты ақпараттық материалдар қолданылады.Дипломдық жұмыстың құрылымы.Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбек ресурстарына анықтама беріліп, құрамы талданып, еңбек ресурстарын басқару тәсілдері көрсетіледі.Екінші бөлімде Қазақстандағы еңбек ресурстарының кезеңдегі ерекшеліктеріне, аймақтар бойынша даму динамикасына талдау жасалынады.Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде еліміздегі еңбек ресурстарының дамуын жетілдіру жолдары ұсынылады.1 ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1. 1 Еңбек ресурстарының мәні, мазмұны қалыптасу тетіктері«Еңбек нарығы - жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц) .Еңбек нарығы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т. б. мүмкіндік тудырады.Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т. б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы - ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады [1] .«Жұмысшы күші» және «Еңбек ресурстары» экономикалық категория. Алайда, осы күнге дейін бұл ұғымдарды біріңғай қарап, бір ғана түсінік ретінде пайдалану орын алған. Негізгі себеп - осы экономикалық категориялардың күрделілігі мен ерекшелігі әлі де болса жете зерттелмеуінде. Бұлар әр түрлі ұғым.К. Маркс жұмысшы күшінің қоғамдық өндіргіш күшінің бірінші және ең басты элементі екендігін ерекше атап көрсеткен. Жұмысшы күші қатыспайынша қандай да бір материалдық және рухани игіліктерді жасалынып, қоғамды алға дамыту мүмкін емес. К. Маркс жұмысшы күші қоғамдық күштің элементі ретінде қандай да бір тарихи кезеңінде пайда болмағандығын ескертеді. Керісінше, қоғам дамуының барлық сатысына барлық экономикалық формацияларға тән құбылыс.Енді бір жерде К. Маркс жұмысшы күшінің ерекше экономикалық формасы бар екендігін айтады. Ол демократияда тауар күйінде көзге ұшырайды, ал тарихи құбылыс ретінде жұмысшы күшінің өзі емес, оның қоғамдық-экономикалық формасы екендігін дәлелдейді. Сонымен жұмысшы күші әрбір жеке әлеуметтік -экономикалық қоғамда белгілі бір формаға ие болады. Міне, осы форма экономикалық категория бола алады. Қорыта айтқанда жұмысшы күші мен оның әлеуметтік - экономикалық формасы түсінігі өте тығыз байланыста болғанымен, бір ғана түсінік емес. Белгілі бір нақтылы қоғамда жұмысшы күші өндіріс құралдарымен ұштастырылып, материалдық және рухани игіліктерді өндіруге объективті мүмкіндік тудырады. Сөйтіп осы жағдайда жұмысшы күші өзінің әлеуметтік немесе экономикалық формасына ие болады. Ол қоғамдық қатынастың сипатын айқын көрсете алады, өндіргіш күштің элементіне айналады. Осы процестің жиынтығын беретін түсінікі - жұмысшы күшінің әлеуметтік - экономикалық формасы деп атаймыз. Бұл барлық қоғамда өздеріне тән мазмұнға ие болатын жалпылама экономикалық категория [2] .Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады.Енді «Еңбек ресурстары» категориясының мазмұнын ашайық. Еңбек ресурсы деген ұғымды жиырмасыншы жылдары алғаш пайдаланған академик С. Г. Струмилин. Кезінде белгілі себептермен ұмыт болған бұл түсінік жетпісінші жылдың басында экономикалық категория ретінде зерттеле бастады. Бұл кезде экономистер жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіндегі бұрын белгісіз болып келген экономикалық құбылыстардың бетін ашты, халықтар проблемасын жақсы түсіне білуге біршама қол жетті. Қазір еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі жаңа типтегі бағытқа ие болды. Бұл еңбек ресурсын экономикалық категория ретінде қайта қарауды қажет етеді. Алайда, еңбек ресурстары жөнінде біркелкі түсінік жоқ. Бір топ зерттеушілер «жұмысшы күші» мен «еңбек ресурстары» түсінігін біріктіріп қарайды, қайсыбірі - бұларды қарама -қарсы қояды, енді бірі - «еңбек ресурстары» мен «еңбекке қабілетті адамдар» түсінігін шатастырады [2] .Жұмысшы күші - еңбекке қабілеттілік адамның игіліктерді өндіретін қасиеті. Адам - еңбек ресурстарының негізгі элементі, яғни сандық бейнесі. Еңбек ресурстары - жұмысшы күшін, еңбекке қабіліеттілікті қосатын еңбекшілердің жйынтығы. Сонымен еңбекке қабілетті адамдардың қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін және резервте тұрған бөліктері еңбек ресурстары түсінігін береді. Еңбек ресурсты нақтылы қоғамдық қарым-қатынасты бейнелейді. Демек, әрбір қоғамдағы еңбек ресурстарын өндіру, бөлу және пайдалану процесін жан-жақты көрсетеді.Еңбек ресурстары дегеніміз - халықтың белсенді бөлігі, қоғамның еңбекке қабілетті мүшелері, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы. Оған жататындар:Экономикалық белсенді халық - жұмыс күші, халықтық тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Оған халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.Экономикалық белсенді емес халық - халықтың дәл осы уақытта қоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.Жұмыссыздық деп- халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі.Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз 15 пен 72 жас аралығындағы тұлғалар құрайды. Осылайша, экономикалық белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар жиынтығы ретінде анықталады [3] .Еңбек ресурстарына қандай жастағы адамдар жатады, жоғары және төменгі жас аралықтары қандай? Біздің елімізде еңбек ресурстарына келіп қосылудың төменгі жас шегі экономикалық және әлеуметтік дамуға байланысты өзгерісте болды. Ол бірінші бесжылдықта - 14 жас, екінші бесжылдықтың алдында - 16, сұрапыл Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңде - 14 жас болды. Ал қазіргі кезде - 16 жас. Бұндай жас шегі АҚШ-та - 16, Жапонияда - 15, ГРД-де, Швеция мен Италияда - 14 жас.Еңбек ресуртарының жоғары жасына да шек қойылады. Біздің елімізде әйелдер үшін мұндай жас шегі - 58, еркектер үшін - 63 . АҚШ-та - 62 және 65 жас. Кейбір капиталистік мемлекеттерде әйелдер және еркектер үшін бірдей жас мөлшері белгіленген. Ирландия мен Норвегияда - 70, ГРД-де - 65 жас.Еңбек ресурстарының жас жағынан осылай шектелуі нақтылы қоғамдық құрылысытың сипатына және даму кезеңдеріндегі саяси және әлеуметтік -экономикалық міндеттерге тікелей байланысты. Елімізде жүзеге асып жатқан консепция төменгі және жоғарғы жас шегіне тың көзқарасты, жаңаша ойлауды ұсынды. Бұл жерде жастардың жан - жақты физиологиялық, әлеуметтік, азаматтық өсуі ерте басталып, ал жоғарғы жас шегіндегі адамдардың әлі де болса тың, қартаю шегіне жетпегендігін ескеру қажет. Олай болса жоғарғы жас шегін ұзарту жөнінде айтқымыз келеді. Бұған адамдардың өз ниетттері мен пікірлері және объективті жағдайлар куә бола алады.Елімізде осы айтылған жас мөлшеріндегі адамдардан басқа, пенсия жасындағы және 16 жастан төмен жас өспірімдер қоғамдық ұйымдасқан еңбек процесінде жұмыс істесе олар еңбек ресурстары қатарына жатады. Ал, жұмыс істемейтіндері І және ІІ топтағы еңбек және соғыс мүгедектері, әскери міндетін өтеп жүрген жастар, көп балалы аналар еңбек ресурстары түсінігіне кірмейді. Үй және үй маңындағы қосалқы шаруашылықтарда ғана жұмыс істейтін адамдар жөнінде де осыны айтуға болады. Сонымен еліміздегі халық құрамы үш топқа бөлінеді. Біріншісі, сәбилер дүниеге келген күннен бастап 16 жасқа дейінгілер. Бұл еңбекке әлі араласа қоймағандар. Екінші топ 16-25 және 25-54 арасындағы еңбек жасындағылар. Үшіншісі 65 жастан асқан - яғни зейнеткерлер. Аталған топтар өзгермелі шама. Бұған қоса 16 жасқа дейінгілердің халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны өте аз. Жұмысқа рұқсат етілген жастар күніне төрт сағат жұмыс істейді, оларға 30 күн демалыс беріледі, денсаулығына зиян келтіретін жұмыс түрін істеуге тиым салынады [4] . Сөз болып отырған экономикалық категорияларды дұрыс түсіну үшін «Жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі» түсінігіне тоқталған жөн. Қоғамдық игіліктерді шығаруды өндіріс процесі деп атаймыз. Өндіріс процесі адамдардың өмір сүріп, қоғамды дамыту үшін әрдайым тоқтаусыз, қайталанып отыруы шарт. Өндірістің тоқтаусыз әрдайым қайталанып отыруын ұдайы өндіріс, - деп атайды. Оның үш түрі бар: материалдық игіліктерді шығару, қоғамдық қарым-қатынас және жұмысшы күшінің ұдайы өндірістері.Жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі жоспарлы түрде еңбек ресурстарын өндіру, бөлу және пайдалану түсініктерін қамтиды. Оның сипаты және даму заңдылықтары нақтылы қоғамдық қарым-қатынасқа байланысты әр түрлі болып келеді.Жұмысшы күшінің ұдайы өндірісінің экономикалық мазмұнына нені жатқызуға болады. Бұл жөнінде әртүрлі тіпті қарама қайшы пікірлер бар. Бір топ экономистер бұл процестің экономикалық мазмұнынан еңбек ресурстарын халық шаруашылық саласы және территория бойынша бөлуді, ал екінші бір топатағылар оларды пайдалану процесін алып тастауды ұсынады. Сөйтіп жұмысшы күшінің ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мазмұнын едәуір кемітеді [5] .Еңбек ресурстарының ұдайы өндірісінің келесі баспалдағы олардың экономикалық заңдарын білу. Демек, еңбек ресурстарының күрделі мәселелері экономикалық заңдарды дұрыс пайдалану арқылы жүзеге асады. Іс жүзінде еңбек ресурстарын жоспарлы түрде дамытып отырудың пайдасы зор. Еңбек ресурстарының қоғамдық қажетті мөлшерін, жаңа халық шаруашылық саласын немесе жаңадан іске қосылған кәсіпорындарды жұмысшы күшімен қаматамасыз ету, кадрлардың кәсіптік құрамы мен мамандық дәрежесін ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай реттеп отыру, келешекте халық санының өсуін және оның құрамындағы сан алуан өзгерістердің алдын ала біліп отыру және т. б. жоспарлы түрде даму заңын дұрыс пайдалануға тікелей байланысты. Айтылғанға қоса сөз болып отырған экономикалық заң еңбек ресурстары ұдайы өндірісін жоспарлы түрде ретке келтіріп отырады. Атап айтқанда, өндірістен босап қалғандарын басқалармен алмастыру, даярлау және өндіріске жаңа адамдарды әкеліп қосу, кадрлардың мамандық дәрежесін көтеру, қажетті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың нақтылы өзгеріп отырған жағдайларға байланысты халық шаруашылық салалары, территория мен экономикалық аудандар сұранысы бойынша белгілі пропорцияда өте тиімді бөлу, қайта бөлу.Еңбек ресурстарының табиғи негізі - халық. Ол саяси, әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, құқықтық, отбасылық және т. б. қарым-қатынаста болады. Демек, халықтың дамуын және құрамындағы өзгерістерді қоғамдық қатынастан жеке дара бөліп алуға болмайды.Біріншіден, халық барлық игіліктерді өндіруші және пайдаланушы, екіншіден - өмірді жалғастырушы ретінде қаралуға тиіс. Сонымен халықтың еңбек ресурстарының табиғи негізі ретінде қарап, оның дамуына және құрамына талдау жасау керек. Халық құрамына - олардың территориялық қоныстануы және тығыздығы, мекені, табы мен ұлты, отбасы жағдайы, жынысы мен жасы және т. б. құрылымы жатады.Халықтың дамуына әсер ететін жағдайлар мен факторлар көп. Негізгілері: қоғамдық формациялардың сипаты, саясат, білім мен медицина, әлеуметтік және экономикалық даму дәрежесі, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат, қоршаған табиғат пен ауа-райы жағдайлары.Еңбек ресурстарын қалыптастырып және дамытудың негізгі жағдайларының бірі - отбасы.Еңбек ресурсының қалыптасу және өсу қарқыны халықтың табиғи өсіміне тікелей байланысты. Осы күрделі демографиялық процесс үш көрсеткіштен тұрады. Олар: дүниеге келуші сәбилер, өлім және табиғи өсім дәрежесі. Көрсеткіштер қоғамдық қарым-қатынастың сипатына байланысты.Жоғарыда айтылған жағдайлар еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, адам фактрының ролі мен беделін дұрыс бағалауды қажет етеді. Еңбек ресурстары аса күрделі, көп қырлы проблема. Сондықтан комплексті зерттеуді қажет етеді. Еңбек ресурсы экономикасы - қоғамдық -экономикалық ғылым саласының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырып, материалдық және рухани байлықты өндіріп, қоғамдық дамытудың алғы шарты - еңбек құралдары мен жұмыс күші [6] .Еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда әлеуметтік факторлардың күші үлкен дәрежеге ие болады. Еңбекті ұйымдастыруда моральдық факторлар мен коллектив ахуалы, әлеуметтік әділеттілік, демократияның жаңа қыры жөнінде де осыны айтуға болады.Еңбек ресурстарының құрылымы және өсіп-өнуін зерттеудің әдіснамалық негіздері:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еңбек ресурстарын басқару

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру жайлы ақпарат
Қазалы қаласының құрылу және даму тарихы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Адам ресурстарын басқару стратегиясы
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Еңбек нарығы және оның түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz