Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері


КІРІСПЕ

І ТАРАУ ЖЕКЕ МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ОСЫНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР БОЙЫНША КЕЙБІР ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы

1. 2 Тергеу әрекеттерін дайындап-жүргізу әрекеттері.

1. 3 Қарау барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдарды дайындау

ІІ ТАРАУ ҰРЛЫҚ БОЙЫНША ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді жалпы шолып қарау

2. 2 Ұрлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді егжей-тегжейлі қарау

2. 3 Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекіту

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық, ҚР ҚК 175-бап ) Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады.

Соңғы жылдардың практика материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.

Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.

Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды. Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.

Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ол екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып келуде.

Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына алаңдаушылығын туғызытын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне айналдырды. Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне түрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген. Зорлық көрсету арқылы жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс күн өткен сайын ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие боп барады.

Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада, саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып отыр. Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай территорияларды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң шығару, атқару органдарына енеді.

Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.

Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық мінез құлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық құқық бұзушылықтармен қьлмыс

қатысты виктимділігі өсті. Азаматтардың мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр. Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңейуі, объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы -осының бәрі бөтен біреудің мүлкін ұрлауға әкелетін себептердің бір бөлігі ғана. Қылмыстық тактиканың дамуының алғашқы кезеңінде кеңестік криминалистика «оқиға болған жерді қарау» деген ұғымды білмеді. Криминалистиканың алғашқы оқулықтарында қылмыстық тактиканы баяндау қылмыс болған жерді қараудың мақсатын анықтаумен шектелді. «Оқиға болған жерді кез келген тұрғыдан қараудың» мақсаты қылмыскердің жеке басын анықтауға көмектесетін белгілерді, сол жерде табылған заттар, іздер арқылы анықтау.

Кеңестік криминалистикада «оқиға болған жерді қарау» ұғымының пайда болуы Якимов И. Н, Грамов В. И, Тарасов - Радионов, Винберг А. И сияқты ғалымдардың атымен байланысты. Осылардың ішінде ең дұрыс анықтамасын Винберг А. И келесі түрде берген болатын: «Оқиға болған жерді қарау» -қылмыс іздерін меңгеру, анықтау үшін сонымен қоса болған оқиғаның жағдайларын анықтау үшін оқиға механизімін меңгеруге бағытталған тергеулік әрекет». Оқиға болған жерді қарау анықтамасының әркез өзгергеніне қарамастан ол түсінік отандық криминалистикаға нық кірді.

Көптеген қылмыстық істер бойынша оқиға болғап жерді қарау алғашқы тергеу бағытын анықтайтын тергеулік іс-әрекет болып табылады. ¥рлық, тонау, кісі өлтіру, көлік апаты және т. б қылмыстар нәтижесінде қылмыскердің іс-әрекетінен кейбір жағдайларда жапа шегушілердің іс-әрекетінен туындайтын әртүрлі іздер қалады. Мұндай іздерге адамның қолы мен аяғының іздері, бұзу құралдарының, суық қарулардың, қанның, шаштың және т. б. іздер жатады. Оқиға болған жерде қылмыскер тастап кеткен әр түрлі қылмыс құралы, киімдер, темекі тұқылдары, қағаз қалдықтары және т. б. болуы мүмкін. Мұндай іздер мен заттар оларды ұтқыр пайдаланса қылмысты тергеу мен ашуда маңызды рөл ойнауы мүмкін.

Оқиға болған жерді қарау жеңіл деп шаруа ойлау қателік болар еді. Қарау үрдісінде пайда болатын қиындықтар алдында әртүрлі қателіктер кетуі мүмкін. Сонымен қоса шиеленіскен психологиялық атмосферада жұмыс істеуге дайын болу керек, өйткені оқиға болған жерді жапа шегушінің мүрдесі, қайтыс болған адамның туыстарының қайғысы мен көз жасы бәрі оқиға болған жерді қарау едәуір қиындауы мүмкін. Кейде лас және жағымсыз жұмыстарды, мысалы қоқыс контейнерлерін қарауға, бұзылып кеткен мүрделерді жерден қазып алуға, судан шығаруға тура келеді[1, 25] .

Қылмысты ашудағы жұмыс деңгейін бағалай отыра, тергеушінің кәсіпқойлығы, осы тергеу әрекетін жүргізуге септігін тигізетін анықтау органы қызметкерлерінің де кәсіпқойлықтары нақты көрінбейді. Көптеген тергеуі жедел уәкіл қызметкерлері қылмысты жасыру әдістерін аз біледі, оларды болған жерді тауып алу мүмкіндігіне көңіл бөлмейді. Зерттеу көрсеткендей зерттелген істер бойынша қылмыскерлердің 30% қылмыс орнында із қалдырмаудың амалын жасағаны, ал 25, 6% қылмыс қаруларын, іздерін жойып отырған.

Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмысты ашу жұмысын жақсартудың едәуір резерві тергеу мен анықтау (жауап алу) қызметкерлерінің шебері артуын қамтамасыз ету сонымен қоса ізді іздеп, таба білу болып табылады. Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың мақсаты оқиға болған қарау тиімді және нәтижелі жүргізуге қатысты практикалық ұсыныс ойлап табу.

Осы дипломдық жұмыста криминалистика жөніндегі оқулықтармен қосатергеулік іс әрекеттерді жүргізу тактикасы, қылмыстың кейбір түрлерін тергеу әдістемесі бойынша жұмыстар қолданылады. Терминдер мен ұғымдарды, анықтауда атақты ғалым Р. С. Белкиннің криминалистік сөздіктері пайдаланылды.

Қолданылған әдебиеттер арасынан А. А. Левидің жалпы редакциясымен жазылған «Оқиға болған жерді қарау» 1979 ж, 2-басылым 1982ж жұмысын атап өтуге болады. Осы күнге дейін оқиға болған жерді қарауды жүргізу жөнінде толық және кең қамтыған жұмыс жоқ деп айтуға болады. 90жылғы шыққан біраз жұмыстардың көптеген бөліктері А. А. Левидің «Оқиға болған жерді қарау» еңбегінен тікелей алынғандықтары байқалады.

О. Я. Баевтің «Тергеу іс - әрекеттерінің тактикасы» (1995ж ) деген еңбегін атап өтуге де болады. О. Я. Баевтің жұмысы қарапайым тілде жазған, сонымен қоса онда практикадан алынған мысалдар көп келтірілген. Көлем жағынан шағын жұмыста О. Я. Баев оқиға болған тақырыбын жерді қарау тақырыбын әжептәуір толық және кең қарастыра білген.

Ұрлықтармен байланысты қылмыстар жөніндегі оқиға болған жерді қарау- едәуір кең тақырып, оны бір дипломдық жұмыстың шегінде толық қарастыру мүмкін емес. Сондықтан келесі міндет жұмыстың шегінде қарастырып отырған тақырыпты кеңірек қамту болды.

Және тілек ретінде айтар болсам оқиға болған жерді қарауда өзіне «елемеушілікті» көтермейді, оны жүргізуге неғұрлым «ықтиятты» болсаңыз істі одан әрі тергеуде кедергі аз болады.

Осы жұмыстың мақсаты осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.

І ТАРАУ ЖЕКЕ МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ОСЫНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР БОЙЫНША КЕЙБІР ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабына сәйкес ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау.

¥рлықтың объектісі болып меншік табылады. Қарастырылып отырған қылмыс заты ретінде шын мәнінде нақты құндылығы бар материалдық дүние заттары түріндегі бөтен мүліктер жүреді.

Ұрлықты сипаттайтын белгі - ұрлаудың жасырын тәсілі. Жасырын ұрлауды саралау үшін мүлікті алу зат иесімен қатар, оны күзететін немесе басқа да адамдарға белгісіз, көзге түспейтіндей болу керек. Аталмыш қылмыс түрі аяқталды деп кінәлі затты шын мәнінде иемденген кезде емес, ол затты алып білгенінше пайдалану мүмкіндігі болған мезеттен бастап саналады.

¥рлықтың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер қатарына кінә түрткі (мотив) және қылмыс мақсатын жатқызуға болады. Субъективтік жағынан ұрлық тікелей қасақаналықпен жасалынатын іс-әрекет. Ұрлықты жасай отырып, кінәлі өз қимылдарының заңсыз екендігін және мүлікті жасырын иемденетіндігін сезінеді. Ұрлықтың қозғамы болып пайдакүнемдік табылады.

Жәбірленуші және басқа адамдарға білдіртпей қимылдауына сенімді болған кінәлі мен мүлікті жасырын қымқыру тәсілі - ұрлықты тонаудан және шабуыл жасап тонаудан ажыратады. Заңсыз біреудің үй-жайына, бөлмесіне немесе басқа да қоймасына кіре отырып ұрлық жасағаны үшін заңда ауырлататын жауаптылық көрсетілген. Осымен ол алаяқтықтан немесе қорқытып алушылықтан ажыратылады.

Бөтен мүлікті ұрлауды тергеу әдістемесіндегі анықтауға жататын жағдайлар:

  • ұрлық фактісі болды ма;
  • ұрлықты жасау тәсілі;
  • ұрлықтың жағдайы (уақыты, орны және т. б. ) ;
  • ұрланған зат нақты кімдікі;
  • нақты не нәрсе ұрланды (заттарды және олардың белгілерін тыңғылықты түрде суреттеу) ;
  • ұрланған заттың құны;
  • ұрлыққа катысқан барлық түлғалардың жеке басы;
  • егер ұрлық топпен жасалынған болса, онда әрбір топқа қатысушының рөлі;
  • қылмыстан келген жалпы зиян мөлшері;

- ұрлық жасауға итермелеген жағдайлар.

Аталмыш қылмыс әртүрлі жерлерде жасалынады. Көбіне ұрлық жасалынатын жерлерге дүкендер, қоймалар, басқа да құнды және бағалы заттар сақталынатын әртүрлі орындар, азаматтардың пәтерлерінен және қора-аулаларынан, сондай-ақ вокзалда, поезда қол жүктерін, адамдардың көп жиналған жерлерінде (базар, автобус, жәрмеңке сияқты) қалтадан ұрлық жасау жатады.

Ұрлық затына ақша, әшекей заттар, күрделі тұрмыстық техника (телевизор, үн және бейнетаспа, компьютерлер, көлік құралдары, қымбат ыдыстар, коллекциялық заттар, иконалар, көне жазулар және антиквариат және басқаларды жатқызуға болады.

Ұрлық жасаудың негізгі тәсілдері:

1) бөтен мүлікті үй-жайдан ұрлау:

- бұзу арқылы;

- бұзусыз;

2) сенімділікті пайдалану арқылы жасалынатын ұрлықтар:

- үй-жайға кіру арқылы;

- үй-жайға кірмей;

3) үй-жайға кірумен байланысты емес жасалынған ұрлықтар:

- қалтадан ұрлау (соның ішінде сумканы және қалтаны тілу арқылы жасалынғандар) ;

- маскүнемдердің қалтасынан алып қою;

- чемодан, сумка, велосипед және заттарды ұрлау;

  1. вокзалдағы жүк сақтау автоматты камераларынан ұрлау;
  2. автокөліктерден ұрлық жасау [2, 225] .

Ұрылар үй-жайға құлыпты, есікті, терезені бұзу немесе қабырғаны төбесін, еденін қирату арқылы енеді. Құлыптар қиратылады немесе желбезекті кілт (отмычка) не таңдалған кілтпен ашылады. Есіктің өзін көсігінен ұрып шығарады, есіктегі құлыптарды қылмыскерлер кесіп алады немесе жабу механизімін теседі; терезелерді сындырады немесе кесіп алады (пластырь көмегімен) ; кірпіштен жасалған қабырғаларды дөрекі балға (кувалда), шлямбурмен жарып кіреді. Қалтаға түсу екі тәсілмен жасалынады: қандай да бір затпен бүркемеленіп немесе ондай затсыз сығылысқан кезде.

Ұрылардың бүркемелеу заттары ретінде емшектегі баланы, гүлшоқтарын, кішкентай иттерді, мысықтарды пайдаланғандығын тәжірибе байқауға болады. Ұрлықтың жасалу тәсілін анықтау оны әшкерелеу үшін елеулі болып келеді.

Тергеуді жоспарлау

Осындай санаттағы істер бойынша типтік болжамдардың үш түрі болады: а) ұрлық шынында да болған; ә) ұрлық болмаған, арыз жасаушы арам ниетсіз жаңылысқан (құлыпты бүзақылар сындырып, мүлікті үй иелеріне айтпай, олардың туысқандары басқа жерге көшірген және т. б. ) ; б) ұрлықты жасағансу.

Қылмыстық іс қозғауға кажетті және тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау үшін керек түпнұсқалы мәліметтер мыналар жатады:

  1. мемлекеттік, қоғамдық және басқа да жалпы мүлікті ұрлау жөнінде лауазымнан, объект басшысынан немесе ұрлық фактісін тікелей тапқан тұлғадан келіп түскен хабар. Арыз жасаушыдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау, куәлардан, соның ішінде объектіні күзеткен қызметкерлерден жауап алу жоспарланады. Кінәлілерді және ұрланған мүлікті іздеу және анықтауға қатысты жедел іздестірушілік шаралары да алдын-ала қарастырылады;
  2. үй иесінің немесе басқа да тұлғалардың пәтерден ұрлық жасалғандығы туралы арыз жасауы. Арыз жасаушыдан (жәбірленушіден) жауап алу, оқиға болған жерді қарау, куәлардан жауап алу, қылмыс және қылмыскер іздерін сараптамалық зерттеуден өткізу, іздеу салу шараларын жүргізу бойынша жоспар алдын-ала қарастырылады;
  3. сапар кезінде қол жүгі ұрланғандыгы жайлы жолаушыдан келіп түскен арыз. Арыз жасаушыдан жауап алу, куәларды анықтау және олардан жауап алу, көлік құралы қызметкерлерінен (жол серік автобус жүргізуші және басқалар) жауап алу, іздеу салу шараларын іске асыру жоспарланады;
  4. көлік құралы ұрланғандығы жайлы иесінен келіп түскен арыз. Ұрлықты анықтау жағдайлары, ұрланған көлік құралының белгілерін туралы арызданушыдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау (тұрақ, гараж), куәгерлер мен куәлардан жауап алу жоспарланады;
  5. анықтаған сәттен бастап, қалтаға түсу жайлы арыз жасау. Ұрлық заты, оны анықтау жағдайлары бойынша арыз берушіден жауап алу, кінәліге іздеу салу, кейде жәбірленушінің өзінің қатысуымен;
  6. анықтау органының ынтасымен (оперативтік деректер негізінде) . Тергеу жоспары жедел іздестірушілік шараларымен ұштастырылады;
  7. қылмыскерді ұрлық үстінде немесе жасағаннан кейін бірден ұстау. ¥сталғаннан жауап алу, жеке басын және үй-жайын тінту жоспарланады.

«Үй жайға ену» сияқты біліктілік белгісінің және мұндай ұрлық үй- жайға ену арқылы жасалумен байланысты азаматтардың жеке мүліктерін ұрлаудың біліктілігінің басқа мәселелерінің пайда болу тарихын қысқаша қараймыз.

Басқа мемлекеттердің заңнамасының дамуының оң тәжірбиесін пайдалана отыра заң шығарушы жоғарыда керсетілген біліктілік белгісін басқаша қалыптастырады Біріншіден, «үй - жайға ену түсінігі» заңнамада қолданылып жүрген (бұрынғы кеңестік республикалардың заңнамасымен салыстырғанда) «үй - жайға ену» түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды білдіреді. Екіншіден, осы біліктілік белгісінің орны өте жақсы шешілген: ол өте қауіпті рецидивистпен бір нормаға біріктірілмеген.

ҚР ҚК 175 - бабының бірінші тармағында ұрлық былай сипатталған: ұрлық бұл бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау.

Заң ұрлықты «жасырын ұрлау» деп анықтайды. Ұрлықтың қымқырудың басқа нысандарынан басты ерекшелігі мүлікті алу және иелену әдісінде. Бұл ұрлық туралы көпшілік қабылдаған анықтамаға дәлірек келетін жасырын әдіс ретінде сипатталады.

«¥рлау» етістігі «жасырын», «тығым» қимылдау дегенді білдіреді.

Жасырын ұрлық мүлік тиесілі меншік иесінің келісімінсіз, одан тасалау арқылы мүлікті иемдену болып табылады.

Жай пәтер тонау немесе өндірістік ғимаратқа, кеңсеге, қоймаға заңға қарсы кіру соған мысал бола алады. ¥рлық иесінің көзінше де жасала береді, мысалы қалта тонау. ¥рлық жәбірленушіден оның дәрменсіздігін пайдалана отырып немесе ес - түссіз жатқандығын пайдалана отырып мүлкін иелену боп табылады.

Ұрлық бөтеп адамдардың көзінше де жасала береді, өйткені олар ұрының іс - әрекетінің заңсыздығын аңғармауы да мүмкін. ¥ры мүліктерге өзі ие екендігін көрсете білсе көпшілік сырт адамдар ешнәрсе сезбей қалады.

¥рлықты ашық түрде жасалатын тонаудан жекелеп алған дұрыс. Егер қылмыскер ұрлықты құпия жасадым деп қате есептесе, яғни онда қылмыс көпшіліктің көзінше жасалған, ал жәбірленуші бәрін көрсе, онда жасалған әрекет оны пиғылына орай ұрлық ретінде қабылдану керек.

¥рлық зорлықсыз жасалған қылмысқа жатады. Сондықтан оның әрекетін бақылау мүмкіндігінен күштеу арқылы айрылған (есінен танған, басқа бөлмеге қамалған) тұлғаның мүлкін иеленуді көрсетілген зорлықтың сипатына орай біліктеу (саралау) қажет.

Енді талан-тараждың не екенін қарастырайық. Жымқырудың астары ҚР ҚК баптары бойынша бөтен біреудің мүлкінің осы мүлік иесіне зиян келтіріле отырыла құқыққа карсы, қайтарымсыз ашкөздік мақсатпен алынуы түсіндіріледі.

Алу дегеніміз меншік иесінің немесе басқа заңды иесінің мүлігін кінәлі тараптың іс жүзінде иеленуі.

Бөтен мүлікті өз кәдесіне жарату дегеніміз кінәлінің заңсыз алған мүліктерді иеленіп, жұмсау болып табылады.

Қымқыраудың ең маңызды екі белгісін қарастырайық - бұл заңға қарсылық пен қайтарымсыздық

Бөтен мүлікті алудың заңсыздығы мен өз пайдасына жаратуы, кінәлінің ол мүліктерді иесінің немесе заңды қожайынының келісімінсіз іс жүзінде иемденуі.

Мүлікті қымқырған адам оны иемденсе де, пайдаланса да өз меншігі сияқты бәрібір зандық тұрғыдан меншік иесі боп табыла алмайды. Қымқыру, меншік иесінің қымқырылған мүлікке деген құқығының жоғалғанын білдірмейді. Заңдылығы субъектімен дауға түсіп жатқан мүлікті алу қымқырауды қалыптастырмайды. Мұндай іс - әрекеттер мысалы өз бетімен басқару сияқты басқа қылмыстар үшін жауапкершілікке тартқызуы мүмкін.

Бөтен мүлікті алудың қайтарымсыздығын егерде кінәлі оны тегін иеленсе орнына ештеңе бермесе ( мысалы тауардың бағасын заңсыз төмендету) сонда байқауға болады.

Бөтен мүлікті алудың кайтарымсыздығы меншік иесіне немесе мүліктік зиянның басқа иесіне тиетіндей қоғамдық қауіпті салдардың пайда болғаның білдіреді.

Әрі қарай ұрлық ұғымына кіретін «бөтен мүлік» сөз тіркесін қарастырамыз.

Қымқыруды жүзеге асырғанда бөтен мүлікті иемдену оны меншік иесінен (немесе басқа біреудің күзетіндегі мүлік) алуды білдіреді. Егер мүлік белгілі бір себептермен меншік иесінің қарамағынан шығып қалса ондай затты иемдену қымқыру болып есептелмейді. Тауып алғанды немесе кінәліде кездейсоқ болған мүлікті иелену кылмыс ретінде қарастырылмайды. Меншік иесінің қарамағындағы деп тек қана арнайы қозғалатын, жасырылған мүлік қана емес, оның шаруашылық аумағындағы уақытша қараусыз қалған меншік иесімен жоғалтылмаған мүлік саналады.

Қымқыруды анықтаудағы басты түсініктердің бірі мүлік анықтамасы. Меншікке қатысты қылмыстық мүліктік қылмыстар қатарына жатқызылуы тегіннен тегін емес. Мүлік, қымқыру заты болып табылады, оны мүліктің қоғамдық қатынастар объектісінен айыра білген жөн. Қымқыру заты әркез материалдық әлемнің бөлшегі болып табылады, яғни заттық белгісіне ие. Идеялар, көзқарастар, адам зердесінің көріністері мүліктік қылмыстағыдай қышқыру заты болып табыла алмайды. Интеллектуалдық меншікті қымқырылуы туралы бейнелік мағынада ғана, мысалы авторлық құқықты бұзылуы сияқты айтуға болады [3, 225] .

Электр немесе жылу энергиялары (заттық белгісінің жоқтығынан қымқыру заты болып табыла алмайды. Қымқыру заты болып өзінің шынайы жағдайына байланысты табиғи байлықтар да бола алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША КӨРСЕТУЛЕРДІ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУДЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
Криминалистика пәнінен дәрістер
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Меншікке қарсы қылмыстырдың жауап алу ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz