Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
КІРІСПЕ
1 БАЛА АСЫРАП АЛУ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
1.1 Бала асырап алудың түсінігі мен тәртібі
1.2 Бала асырап алудың құқықтық салдары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
2.2 Бала асырап алудың күшін жою мәселелері
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі күні кәмелетке жасы толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтарының жай-күйі көрсетіп отырғандай, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының өзгерістерінен болған, оның келеңсіз зардаптары, ең алдымен балаларға кері әсерін тигізді.
Неке мен отбасы, әкелік, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады [1]
Кейінгі жылдары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне назар аударыла бастады. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, балалар үйлері мен өзге осындай мекемелердің жұмысындағы оң өзгерістерге қарамастан, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіндегі шешімін таппаған проблемалар өткір күйінде қалуда.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың бір нысаны болып бала асырап алу табылады.
Бала (ұл немесе қыз) асырап алу – асырап алушы мен асырап алынушы арасында, ата-ана мен бала арасында пайда болатын қатынас сияқты құқықтық қатынасты (жеке және мүліктік) көздейтін заңды акт. Бала асырап алудың пайда болуының құқықтық негізі болып бұны жүргізуге мүдделі мемлекеттік органның заңды актісі - соттың шешімі табылады. Бала асырап алудың бір шарты - болып бала асырап алушының еркі. Бала асырап алу туралы шешімді сот шығарады. Ал бала асырап алудың құқықтық салдары осы шешім заңды күшіне енген соң ғана пайда болады. Сондықтан, бала асырап алудың негізі болып заңды деректердің құрамы табылады: асырап алушының бала асырап алуға еркін білдіруі және бала асырап алу туралы соттың шешімі.
Бала асырап алудың асырап алған бала мен асырап алушы үшін ғана емес, сонымен бірге өзге тұлғалар үшін де құқықтық салдары бар. Асырап алған бала жеке басының және мүліктік құқықтар мен міндеттемелері бойынша асырап алушының туған балаларының құқықтары мен міндеттеріне толықтай теңестіріледі. Кәмелетке толмаған өз балаларының заңды өкілдері болып қатысатын туған ата-аналарының құқығын қорғайтын барлық нормалар, бір-бірін өзара асырап, бағу жөніндегі балалар мен ата-аналардың міндеттері, мұрагерлік құқығы және т.б. асырап алушылар мен асырап алған балаларға теңдей қолданылады.
Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды. Бала асырап алушының және асырап

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж, өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2007ж
2. Антокольская М.В. Семейное право. М.,1997
3. ҚР «Неке және отбасы туралы» N 321-I заңы, 17.12.1998ж., өзгертулер мен толықтырулар 27.07.2007
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13.07.99ж, соңғы редакциядағы күні 29.06.2007
5. Ермакова Л.Н., Утешева К.Ш. Судебная практика по рассмотрению споров, связанных с рождением детей. Гражданское законодательство РК. В.10-А.,2001.
6. Шакенова Б. Проблема усыновленных детей// Юридическая газета № 16, 12.04.2006г.
7. «Қазақстан Республикасының азаматы болып келетін ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігінің №655 бұйрығы, 17.06.1999ж,. Соңғы редакциядағы күні 27.07.2007
8. «Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы мәліметтер» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №79 бұйрығы
9. Романова Л.М. О судебной практике по применению законодательства об усыновлении (удочерении). Гражданское законодательство РК. В.10-А., 2005
10. Нечаева А.М. Семейное право: курс лекций. М.: Юрист, 2000г.
11. Гаагская конвенция 1993г. «О защите детей и международном сотрудничестве в области межгосударственного усыновления».
12. Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы ережені, азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы ҚР Үкіметінің № 620 қаулысы, 09.09.1999ж
13. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік, әлеуметтік жәрдемақылар туралы № 126 заң. 16.06.97ж.
14. Бала құқығы туралы Конвенция 20.11.89
15. Баймолдина З.Х.Гражданское процессуальное право РК, Алматы, часть 2, 2003
16. Усеров Н.Н. Қазақстардың дәстүрлі отбасы және неке құқығы. З.ғ.к. диссертациясының авторефераты, Алматы, 2005ж
17. Адамдардың бала асырап алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы, 24.06.1999
18. Антокольская М.В. Курс лекций по семейному праву. М.,1996.
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) 27.12.1994ж. Соңғы редакциядағы күні 19.02.2007
20. Шакенова Б.М.Тірі тауар: олардың тағдыры кімді ойландырады? //Заң. 3 қазан 2006
21. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» №2337 заңы, 19.06.1995ж. Соңғы редакциядағы күні 12.01.2007
22. Отбасылық, қылмыстық және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Минск Конвенциясы. 1993
23. Оспанова М.М. Бақытқа бастар баспалдақ //Егемен Қазақстан. 23 маусым 2005
24. Айтжан Е.Шіркінбаев С. Отбасы құқығы. Практикум, Алматы, 2005
25. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі (жоба). 11.09.2007
26. ҚР «Соттардың бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулысы. 22.12.00ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
1 БАЛА АСЫРАП АЛУ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
1. Бала асырап алудың түсінігі мен тәртібі
1.2 Бала асырап алудың құқықтық салдары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Бала асырап алуды жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
2.2 Бала асырап алудың күшін жою мәселелері
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
РЕТТЕУ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні кәмелетке жасы толмағандардың қараусыздығы мен құқық
бұзушылықтарының жай-күйі көрсетіп отырғандай, елдің әлеуметтік-
экономикалық ахуалының өзгерістерінен болған, оның келеңсіз зардаптары,
ең алдымен балаларға кері әсерін тигізді.
Неке мен отбасы, әкелік, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады
[1]
Кейінгі жылдары ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен
жасөспірімдердің тәрбиесіне назар аударыла бастады. Бұл бағытта біршама
жұмыстар атқарылды. Алайда, балалар үйлері мен өзге осындай мекемелердің
жұмысындағы оң өзгерістерге қарамастан, ата-аналарының қарауынсыз қалған
балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіндегі шешімін таппаған проблемалар өткір
күйінде қалуда.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың бір нысаны
болып бала асырап алу табылады.
Бала (ұл немесе қыз) асырап алу – асырап алушы мен асырап алынушы
арасында, ата-ана мен бала арасында пайда болатын қатынас сияқты құқықтық
қатынасты (жеке және мүліктік) көздейтін заңды акт. Бала асырап алудың
пайда болуының құқықтық негізі болып бұны жүргізуге мүдделі мемлекеттік
органның заңды актісі - соттың шешімі табылады. Бала асырап алудың бір
шарты - болып бала асырап алушының еркі. Бала асырап алу туралы шешімді сот
шығарады. Ал бала асырап алудың құқықтық салдары осы шешім заңды күшіне
енген соң ғана пайда болады. Сондықтан, бала асырап алудың негізі болып
заңды деректердің құрамы табылады: асырап алушының бала асырап алуға еркін
білдіруі және бала асырап алу туралы соттың шешімі.
Бала асырап алудың асырап алған бала мен асырап алушы үшін ғана емес,
сонымен бірге өзге тұлғалар үшін де құқықтық салдары бар. Асырап алған
бала жеке басының және мүліктік құқықтар мен міндеттемелері бойынша асырап
алушының туған балаларының құқықтары мен міндеттеріне толықтай
теңестіріледі. Кәмелетке толмаған өз балаларының заңды өкілдері болып
қатысатын туған ата-аналарының құқығын қорғайтын барлық нормалар, бір-
бірін өзара асырап, бағу жөніндегі балалар мен ата-аналардың міндеттері,
мұрагерлік құқығы және т.б. асырап алушылар мен асырап алған балаларға
теңдей қолданылады.
Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың
(адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот
азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс
жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы
органдардың қатысуымен қарайды. Бала асырап алушының және асырап алынған
баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды
күшіне енген күннен бастап туындайды.
Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен
бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша
азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға
жіберуге міндетті.
Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін
белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Бала асырап алудың құпиялылығын қамтамасыз ету үшін бала асырап
алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні, бірақ алты
айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жері өзгертілуі
мүмкін. Асырап алынған баланың туған күнін өзгертуге үш жасқа дейінгі бала
асырап алынған кезде ғана жол беріледі. Асырап алынған баланың туған
күнінің және (немесе) туған жерінің өзгертілуі жөнінде бала асырап алу
туралы сот шешімінде көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында баланы асырап
алуды құқықтық реттеу мәселелерін анықтау, оны шешу жолын анықтау, заңда
көрсетілген нормаларға талдау жасап, қорытындылар мен ұсыныстар енгізу
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының балаларын асырап алу
түсінігін анықтау;
2. Қазақстан Республикасының балаларын асырап алудың негіздері мен
жағдайларын жете қарастыру;
3. Қазақстандық балаларды шетел азаматтарының асырап алуының себептері
мен құқытық салдарын біліп алу.
Жұмыстың ғылымдық жаңалығы қазақстандық неке құқығында алғаш рет
Қазақстанның жаңа экономикалық және қоғамдық-саяси құрылысына, нарықтық
экономикаға көшу кезіндегі жағдайларда неке құқығы бойынша бала асырап
алуды құқықтық реттеудің негізгі теоретикалық мәселелерін кешенді
монографиялық зерттеуге алынуы және неке заңнамасының халықаралық
стандартар мен шетелдің неке заңнамасына жақындауы болып табылады.
Қазіргі қызмет етуші неке заңнамасының және оның қолдану тәжірибесінің
анализы біздің қоғамның қазіргі даму кезеңіне сәйкестілігінің, бала асырап
алудағы құқықтық қатынастарды тиісті реттеуде қамтамасыз ету
қабілеттігінің, мемлекеттің тәрбиелік функциясын және балалар құқығын
қорғауды орындауының көз қарасы бойынша жүзеге асырылған.
Бала асырап алу институтының мәселелік аспектілері көптеген
қазақстандық авторлармен қарастырылады. Олардың ішінде Байқадамов Б.,
Базарбаев Б.Б., Ким В.А., Сартаева С.С., Мухамеджанова Э.Б., Майлыбаева
Б.А., және т.б. теоретик және тәжірибе танушы құқықтанушылар. Неке
заңнамасының кейбір ережелерін жүзеге асыру мәселелерін зерттеу жұмыстарына
беделді қатысады, осы институттың қызмет етуінің тиімділігін арттыру және
шетелдің ілгері тәжірибесін қолдану бойынша кеңестер береді. Осыған
байланысты осы тақырыпты негізгі түсініктерді қарастырудан бастауды жөн
көріп отырмыз.

2. Бала асырап алудың түсінігі мен тәртібі
Отбасы құқығы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе
балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және
мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты қатынастарды
реттейтін құқық саласын айтамыз. [2, 10б.]
Отбасы құқығының реттеу пәні болып некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан, баланы отбасына тәрбиеге алудан, отбасы қатынастарын дамыту және
бейімдеуден туындайтын жеке және мүліктік қатынастар табылады, яғни некеге
тұрған адамдардың арасында пайда болатын жеке және солардан туындайтын
мүліктік қатынастар табылады.
Азаматтық құқықтың нормалары да субъектілердің арасындағы жеке мүліктік
емес және мүліктік қатынастарды реттейді. Екеуінің ұқсастығы осында.
Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы,
олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп
танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-
аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін
қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа
да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-
аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қорғаншы
және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды
орналастырудың нысандарын таңдайды (бала асырап алу, қорғаншылық немесе
қамқоршылық, патронат), сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және білім беру
жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншы және
қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар туралы мәліметтер бар
мекемелердің (мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар, емдеу
және басқа да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар
туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін
хабарлауға міндетті.
Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш
күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының
немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде
баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. [3]
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және
басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін
екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы
мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға
міндетті.
Қорғаншы және қамқоршы орган ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар
туралы мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды
қамтамасыз етеді және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмаған
кезде орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының
отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін осындай бала туралы
мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының
органына жібереді. Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру
тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынып, отбасына
тәрбиеленуге, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат шарты бойынша,
ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде, жетім балаларға немесе ата- аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі (тәрбие, емдеу
және басқа да) мекемелерге берілуге тиіс.
Баланың мүддесіне сай оны орналастыру кезінде оның этникалық шығу тегі,
белгілі бір дінге және мәдениетке жататындығы, ана тілі, тәрбие мен білім
берудегі сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аталған отбасына
немесе мекемеге тәрбиелеуге орналастырылғанға дейін балаларға қорғаншылық
(қамқоршылық) міндеттерін атқару қорғаншы және қамқоршы органдарға уақытша
жүктеледі.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық
жөніндегі өз функцияларын:
- кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың
жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
- кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың
жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер
адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу
актісін сотқа табыс етуге міндетті.
Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге
асырады
Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық
аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз
деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың
шешімімен өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған
адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке
толған адамның мүлкіне тағайындалады.
Егер қорғаншылық және қамқоршылық белгіленген адамның басқа жерде мүлкі
болса, онда осы мүлікті басқару үшін қорғаншы және қамқоршы органдар
мүліктің тұрған жерінде қорғаншы тағайындай алады.
Қорғаншылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оларды
асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік
және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қорғаншылық әрекетке қабілетсіз адамдардың мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін де белгіленеді.
Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық қажет ететін адамның
тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда
қорғаншылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі
мүмкін.
Адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешім заңды күшіне енген
кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық белгілеу үшін
сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға
хабарлауға міндетті. Адамға қорғаншылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті
органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық
белгіленеді. [4]
Мына адамдар қорғаншы бола алмайды:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп
таныған адамдар;
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын
сот шектеген адамдар;
3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін
қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса,
бұрын бала асырап алушылар;
5) денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар. Қорғаншы тек қорғаншылыққа
алушының келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Егер бұл қорғаншылыққа
алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншыны тағайындауда жұбайының,
ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да
адамдардың басым құқығы болады. Әрекетке қабілетті және ата-ана
құқықтарынан айырылмаған, бірақ балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын
ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы тағайындалатын кезде,
қорғаншылар ата-аналардың тілегін ескеріле отырып тағайындалады. Балаға
қорғаншы тағайындау кезінде қорғаншының адамгершілік және өзге де жеке
қасиеттері, оның қорғаншылық міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы мен
баланың арасындағы қатынастар, қорғаншы отбасы мүшелерінің балаға деген
көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы етіп тағайындалатын адам некеде
тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорындағылардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды кез келген адамдарға қатысты, соның ішінде сотта арнайы
өкілеттіксіз қорғай алады.
Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып
табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың
мүдделерін көздеп жасайды.
Қорғаншылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.
Қорғаншы қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті
емес. Қорғаншылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-бағуға, оларды
бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың
қамқоршылығына жүктелмейді.
Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан
әрекетке қабілетсіз і деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса,
қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану
туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа
өтініш беруге міндетті.
Баланың қорғаншысы қорғаншылығындағы баланы тәрбиелеуге, оның
денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық
жасауға құқылы және міндетті.
Қорғаншы баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын
ескере отырып, қорғаншылығындағы баланы тәрбиелеудің әдістерін дербес
белгілеуге құқылы. Қорғаншы баланың пікірін ескере отырып, ол орта білім
алғанға дейін балаға білім беру мекемесі мен оқытудың нысанын таңдауға
құқылы және баланың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Қорғаншы
қорғаншылығындағы баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап отырған кез
келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып беруді сот
арқылы талап етуге құқылы. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын
туыстарымен қарым- қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың
мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының
құқығы жоқ. Қорғаншылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы қорғаншы және
қамқоршы органдарға хабарлап отыруға міндетті. Қорғаншы кемінде жылына бір
рет қорғаншы және қамқоршы органға қамқоршылыққа алынушының денсаулық
жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөніндегі, сондай-ақ оның мүлкін басқару
жөніндегі жұмыс туралы есеп беріп отыруға міндетті. Қамқоршылық он төрттен
он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті
ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-
күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және
міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі
адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін. [5,78б.]
Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын
және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті
адамның өтініші бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке
толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган
сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін. Кәмелетке толған
әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді
қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді
басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-
бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған
тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының
келісімімен қамқоршы жүзеге асырады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті
адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Заңның 115-бабында
көзделген жағдайларда өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылады.
Мына адамдар қамқоршы бола алмайды:

алушының келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.
Қамқоршы қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап бағуға міндетті
емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын
жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері
есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған
кезде, қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы
тағайындайды. Қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды асырап-
бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге, олардың құқықтары
мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот
әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың
қамқоршылығына жүктелмейді. Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға
салынуы салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп
танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы
қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан
қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруге
міндетті.
Баланың қамқоршысы қамқоршылығындағы баланы тәрбиелеуге, оның

Қамқоршы баланың пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын
ескере отырып, қамқоршылығындағы баланы тәрбиелеудің әдістерін дербес
белгілеуге құқылы.
Қамқоршы қамқоршылығындағы баланы өздерінде заңды негіздерсіз ұстап
отырған кез келген адамнан, соның ішінде баланың жақын туыстарынан қайтарып
беруді сот арқылы талап етуге құқылы.
Қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерінде тәрбиеленуде
немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың
қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен бірге тұруға
міндетті. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа алынушыдан бөлек
тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның құқықтары мен
мүдделерін қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда, қорғаншы және
қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі.
Қамқоршылар тұрғылықты жерінің өзгеруі туралы қорғаншы және қамқоршы
органдарға хабарлап отыруға міндетті.
Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін
басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік
етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының
мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен
қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз,
қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен
қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-
аулақ шығыстар жасауға құқылы. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала
берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал
қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа
алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан
кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе
кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша
мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер
жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ
қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген
мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған
қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган
белгілейді.
Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленеді. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый
ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының
(қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа
алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе
қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың
жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының
атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ. Қамқоршы болып тағайындалмастан бұрын
туындаған қамқоршылыққа алынушының қамқоршысына, оның жұбайына немесе
туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.
Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынушы
өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған
жағдайларда, қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады. Қамқоршылыққа
алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне
немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа
алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын
тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан
босатады. Дәлелді себептер болған кезде (сырқаттану, мүліктік жағдайдың
өзгеруі, қамқорлыққа алынушымен өзара түсініспеушілік және т.с.с) қорғаншы
немесе қамқоршы оның өтініші бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылуы
мүмкін. Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше
атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын
жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа
алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы
және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан
шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті
шаралар қолдануы мүмкін.
Қамқоршылыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының,
қамқоршының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның
әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешім шығарған
жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық
тоқтатылады. Жасөспірім қамқоршылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған
қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл
туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы
болады. Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде
арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға
дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық
тоқтатылады.
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың:
1) өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;
2) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;
3) қамқорлыққа алынушылар, балалар немесе емдеу мекемелерінде
тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке
толмағандардың қорғаншылары мен қамқоршылары өздері қамқорлыққа алғандармен
бірге тұруға міндетті. Қамқоршының он алты жасқа толған қамқоршылыққа
алынушыдан бөлек тұруына, бұл қамқоршылыққа алынушының тәрбиесіне және оның
құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда,
қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен жол беріледі.
4) өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және
басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын
сақтауға;
6) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы
бар. Сонымен бірге олардың қорғаншының (қамқоршының) отбасында
тәрбиеленуге, оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты
дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй-жайы болмаған
жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да, отбасында өмір
сүру және тәрбиеленуге, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен
қарым-қатынас жасауға, өз пікірін білдіруге және қорғалуға құқығы бар.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие, емдеу және басқа да
мекемелеріндегі балалардың:
1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға,
өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің
қамтамасыз етілуіне;
2) өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және
басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;
3) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану
құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй-заңдарына
сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға;
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасында көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие
болуға құқығы бар. [6]
Қорғаншы және қамқоршы органдар жоғарыда мекемелерде тұрып жатқан
балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге
асырады. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және
қамқоршы органдарға жүктеледі. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және
емдеу мекемелерінде тұратын балалар білім беру және жан-жақты дамытуы үшін
жағдайлардың қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын
үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да, отбасында өмір сүру
және тәрбиеленуге, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-
қатынас жасауға, өз пікірін білдіруге және қорғалуға құқығы бар.
Отбасы құқығының нормалары адамның өзін дамытуымен, оның тәрбиесімен,
материалдық жағдайымен байланысты қатынастарды реттеуге бағытталған. Отбасы
құқығындағы субъектілердің арасындағы қатынастар заңды фактілерден
туындайды: некеге тұру немесе некені тоқтатудың фактісі, бала туу, асырап
алу және отбасына орналастыру фактісі, ата-аналарының қамқорынсыз қалған
балаларға қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу фактісі және азаматты
әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану фактісі
және т.б.
Әр баланың балалық шағы бақытты болуы үшін барлық күш жігерімізді
жұмсауымыз қажет. Баларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын
құрметтеу – бұл тек мемлекеттіңғана емес, сонымен қатар жекелеген адамның
міндеті. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңына
сәйкес, әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы.
өзінің ата-анасын білуге құқығы, оладың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға
құқығы бар. Аталған құқықты іске асыру тәсілдерінің бірі бала асырап алу
институты болып табылады. Бұл белгілі ұғымда қоғам мен мемлекеттің
имандылық өлшеуші. Көптеген балалар тағдырдың жазуымен отбасынан ажырайды.
Кейбір жағдайларда балалар зорлық-зомбылықтың немесе отбасындағы оларға
деген қамқорлықтың жоқтығы салдарынан үйінен қашуға мәжбүр. Неғұрлым
дамыған елдерде жетімдер мен тастанды балалар, әдетте, мемлекет тарапынан
балалар мекемелерінде немесе асыраушы отбасыларында тәрбиеленіп қолдау
табады. Өздерін әлеуметтік деп атайтын мемлекеттерде балалардың
орналастырудың неғұрлым қолайлы нысаны оларды асырап алу болып табылады.
[7]
Бала асырап алу – қиын және өте нәзік тақырып. Балалар үйлері мен
интернат ұйымдарында асырау жағдайларының көңіл көншітпейтіні белгілі.
Неке және отбасы туралы заңның 76-бабы нормаларының талаптарына сәйкес,
бала асырап алу үшін мүмкіндік шетел азаматтарына қарағанда Қазақстан
Республикасының азаматтарына, сондай-ақ баланың туған-туысқандарына (
олардың азаматтықтары мен тұрғылықты мекен-жайларына қарамастан) беріледі.
Егер баланы Қазақстан Республикасы азаматтарының қамқорлығына асырауға
немесе патронатты тәрбиесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда ғана
халықаралық асырауға ұсынылуы мүмкін. Яғни бала асырап алу мәселелерін шешу
кезінде артықшылық қазақстандық азаматтарға көбірек беріледі және тек
балаларды оларға беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана бала асырап алуға
ниеттенген шетел азаматтарына беріледі.
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған баларға халықаралық асырап алу
көбінесе лайықты өмір сүруге құқығын беретін бірден-бір мүмкіндік болып
табылады. Ұлттық заңнама қазақстандық балаларды шетелдік азаматтардың
асырап алуына рұқсат етеді. Шетелдік азаматтар негізінен біздің елімізде
емделмейтін болып саналатын сырқаттың ауыр түрлерімен ауыратын балаларды
асырап алатыны белгілі.
Бала асырап алу ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларды
тәрбиелеудің ұтымды нысаны болып табылады. Асырап алуға берілетін
балалардың мүдделерін толық қамтамасыз ету қоғамның аса маңызды әлеуметтік
мәселесі. Осы орайда, бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының
бала асырап алу туралы статистикалық ақпараттың толықтығына, нақтылығына
және объективтілігіне қадағалауды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Бас прокурорының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы №79 бұйрығымен
Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алуы туралы
мәліметтер №1-У нысанды статистикалық есбі бекітіліп, жұмыс жүйелі
жүргізіліп тұратын болды. [8]
Осы есеп нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3672 бала
анықталып, еспке алынған. Солардың ішінен1056 бала асырап алуға жататын
болып табылады. Ал 2007 жылдың 1 шілдесіне дейін елімізде 1676 бала асырап
алыған екен. Солардың ішінен 855 ұл бала және 821 қыз бала асырап алынған.
1063 бала үш жасқа дейінгілер, 250 бала – 4-тен 7-ге дейінгі жастағылар,
363 бала 8-ден 18-ге дейінгі жастағылар.
Құзырлы органдардың мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың бірінші
жартыжылдығында штел азаматтары 383 қазақстандық баланы асырап алынған
болып шықты. Соның ішінде 12 бала Қазақстан Республикасының азаматы емес
болғанымен, туыстығы бар жандардың асырауына берілген.
2006 жылдың 1 сәуірінде шеттелдіктермен 5394 бала асырап алынды,
соның 4750 баласы АҚШ азаматтарымен асырап алынды. Бүгінгі күнге бұл туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастығы Балғабай Хамитжанов
мәлімет берді.
Бұл мәліметке сай асырап алу жөніндегі құқықты реттеудегі нормативтік
құқықтық актілердің дұрыс емес қолданылуы туралы айтылады. Бұның бәрі
Шетелдік істер Министерствосының жұмысына қадағалау жоқтығынан. Бұл
Министерство асырап алынған балалар жөніндегі мәліметтер толық емес және
құқыққа сай емес. Сондықтан Хамитжанов Бас прокуратураға мынандай ұсыныстар
берді: Бала асырап алу жөніндегі заңдарға толықтырулар мен өзгергтулер
енгізу және Шетелдіктерге бала асырап алуды беру керек тек Қазақстан
Республикасымен бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық шарттарға
отырған мемлекеттермен. Бала асырап алуды беруге болмайды жасы келген
адамдарға, бір жынысты некеге тұрған адамдарға және жалғыз тұратын ер
адамдар мен әйелдерге .
Аталған мәселелер 2006 жылдың аяғында асырап алынған балалар
консулдық есепке үстіміздегі жылдың басында қойылғандығымен түсіндіріледі,
яғны ол осы көрсеткіштің өсімін бейнелейді.
Соған байланысты комитет Білім және Ғылым, Сыртқы істер және Әділет
министрліктермен бірлесіп,асырап алынған балалардың тектері бойынша есебін
жүргізуге мүмкіндік туғызатын,асырап алынған балалар бойынша деректер
банкін құру мүмкіндігін беретін жүйені жетілдіру мәселесін көтеріп,жолға
қоюды жоспарлар отыр.
Бала асырап алу Қазақстан Республикасында 1999 жылдан басталды. 1999 -
2001 жылдар аралығында халықаралық агенттіктердің көмегімен Қазақстаннан
1979 бала асырап алынды. Мәлімет саны Білім және ғылым министрлігі және
Әділет министрлігімен нақтыланады. Қазақстан балаларын асырап алу, яғни -
85% - АҚШ азаматтарына келеді. Сондай ақ Гермения, Япония, Ирландия, және
де ең қызықтысы Монғолия азаматтары белсенділік танытады. [9, 79б.]
Халықаралық агенттіктердің екі категориясы белгіленді.
Бірінші категорияға өз елінің территориясында және Қазақстанда
тіркелген, заңды түрде жұмыс істеп жүрген ұйымдар.
Екінші категорияға өз елінде және сыртта заңсыз жұмыс істейтін
халықарылық агенттіктер.
2005 жылы Мегаполис газетімен Қазақстан Республикасының халықарлық
бала асырап алу жайында іс жүргізіліп өтілді. Осыған сәйкес 1999 жылдың 1
қаңтар айынан бастап 2004 жылдың тамыз айы аралығында қазақстандық
балаларды 24 ТМД және өзге елдерінің азаматтарыменен асырап алынған.
Көптеген балалар АҚШ – 4516, Ирландия – 91, Испания – 47, Канада – 30,
Израиль – 23, Франция – 22, ОАР – 20, азаматтарымен асырап алынған.
1 қаңтар 2006 ж. Үкімет бекітуімен шетел азаматтары 5 590 Қазақстан
Республикасынан асырап алуға берілді. Балалардың көбісі АҚШ азаматтарымен
әкетілді, 4 318 бала екінші отанын тапты, 163 бала Белбгия азаматтарымен,
98 бала Ирландия азаматтарыменен асырап алынды.Жаңа ата – аналар 44 балаға
Германиядан және 74 қазақстандық балалар Испанияда өз жанұясын тапты. Бала
асырап алудың асырап алған бала мен асырап алушы үшін ғана емес, сонымен
бірге өзге тұлғалар үшін де құқықтық салдары бар. Асырап алған бала жеке
басының және мүліктік құқықтар мен міндеттемелері бойынша асырап алушының
туған балаларының құқықтары мен міндеттеріне толықтай теңестіріледі.
Кәмелетке толмаған өз балаларының заңды өкілдері болып қатысатын туған ата-
аналарының құқығын қорғайтын барлық нормалар, бір-бірін өзара асырап, бағу
жөніндегі балалар мен ата-аналардың міндеттері, мұрагерлік құқығы және т.б.
асырап алушылар мен асырап алған балаларға теңдей қолданылады. Қазақстан
Республикасының Неке және отбасы туралы заңының 76-бабына сәйкес:
1. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың мүдделеріне
сәйкес қана ұл асырап алуға немесе қыз асырап алуға жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда
ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының
азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.
Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге
аталған балалар осы Заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес
орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға
берілуі мүмкін.
3. Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер баланы жеке өзі таңдап
алуға, онымен кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға, қорғаншы және
қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз, сондай-
ақ мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын
агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты, отбасы
жағдайы, денсаулық жағдайы, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы
анықтама беруге міндетті.
Осы заңға сәйкес Қазақстанда асырап алу мәселесімен мемлекеттік
қорғаншы және қамқоршы органы, кей жерлерде шетел агенттіктерінің қатысуы
да әбден мүмкін. ҚР Әділет Министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда
заңсыз жолымен жұмыс істейтін халықаралық және шетел агенттіктерінің саны
40-қа тақау, қазақстанның заңдарын бұзып өздерінің веб – сайттарында әр
бала туралы толық мәліметтерді берген. Кәмелетке жасы толмағандарға
қорғаншылық және қамқоршылық олардың келісімінсіз тағайындалады. Алайда
бұл соған қатысты, қорғаншылық және қамқоршылық тағайындалған кәмелетке
жасы толмағандардың құқығы, өзге азаматтардың құқықтарымен салыстырғанда
шектелген. Балалардың құқықтары мен мүдделерін бүкіләлемдік қорғау,
керісінше, қорғаншылық және қамқоршылықты тағайындаудың мақсаты болып
саналады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, сондай-ақ 1959
жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған балалар құқықтарының
декларацияларында, 1993 жылғы бала құқықтары туралы Конвенцияларда, дене
және ой өрісінің жетілмеушілігінен арнайы қорғауды және қамқорлықты,
сондай-ақ тиісті дәрежеде құқықтық қорғауды қажетсінетіндігі жария
етілген. Халықаралық-құқықтық құжаттардағы принциптер мен құқықтар ұлтық
құқықта, оның ішінде отбасы кодексінде көрініс тапқан. Қорғаншылар
тарапынан кәмелетке жасы толмағандардың құқықтарын бұзуы жағдайында, бұл
құқықтарды қорғаншылардың (қамқоршылардың) қызметіне бақылау жасауды жүзеге
асыратын прокурор, қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғайды.
Баланың мүдделерін қорғау және қорғаншылардың (қамқоршылардың) балаға
дұрыс көзқарас танытпауын болдырмау мақсатында қорғаншылық және
қамқоршылық органы баланы алып қою туралы шешім қабылдауы мүмкін. ҚР
Неке және отбасы туралы заңында көрсетілген мекемелер де болуы
аяқталған жағдайда, білім беруге құқықтарын жүзеге асыруға қосымша
кепілдіктер мерзімі аяқталғанда оларды еңбекке орналастыру кезіндегі осы
балаларға берілетін жеңілдіктер бекітілген. Оқу орындарында білім алу
кезінде оларды тиісті білім беру мекемелері маусымдық киімдермен және аяқ
киімдермен, еңбек ақының ең төменгі екі мөлшеріндегі соммада біржолғы
ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған, оқып жатқан жетім балалар және балалар толық мемлекеттік қамтамасыз
етуден тыс 50% жоғарылатылған стипендия алады, сондай-ақ өндірістік оқу
мен өндірістік тәжірбие кезеңінде есептелген 100% жалақы төленеді. Оқуды
аяқтағанға дейін оқу құралдарын, оқулықтарды сатып алуға жыл сайын үш
айлық стипендия мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бала асырап алу институты
бала асырап алу кезінде баланың мүдделерін қорғау қағидасына негізделеді.
Бала асырап алу қатынастарының субъектілері болып асырап алушы мен асырап
алынушы табылады. Неке және отбасы туралы Заңның 76-бабына сәйкес
кәмелетке толмаған балаарға қатысты және солардың мүдделеріне сәйкес қана
ұл немесе қыз асырап алуға жол беріледі. Яғни, асырап алынушы болып
кәмелетке толмаған ұл немесе қыз балалар табылады.
Асырап алушыларға заңда біршама талаптар қойылады. Ең алдымен олар
кәмелетттік жасқа толған және әрекет қабілетті болуы керек. Асырап алушы
асырап алынушыдан 16 жас үлкен болуы керек. Заңда көзделген ерекше
жағдайларда бұл жас айырмашылығы қысқартылуы мүмкін. Мұндай жағдайларға
мысал ретінде өгей әкесі немесе өгей шешесімен бала асырап алуды айтуға
олады.
Неке және отбасы туралы Заңның 80-бабында бала асырап ала алмайтын
адамдар қатары көрсетілген. Ондай адамдарға мыналарды жатқызамыз:

таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі
деп таныған ерлі-зайыптыларды;
3) сот арқылы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата-ана
құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін
қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;
5) егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші
жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдарды;
6) денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын
адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала
асырап алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына
(қамқоршылығына) алуға, патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы
ауруларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылықа), патронатқа
алуына болмайтын аурулардың тізбесі:
1)Адамның иммундық топшылығын жұқтырудан синдромы және адамның иммуна
топшылығы вирусымен ауруы (вич)
2)Психикалық аурулар
3)Маскүнемдік,нашақорлық, уытқұмарлық
4)Алапес және т.б.
Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп
асырап алуына болмайды.
Бала асырап алудың шарттары – заңмен қарастырылған тәртіпте осы қатынас
қатысушыларының және басқа да тұлғалардың: баланың, оның ата-анасының
немесе оны ауыстыратын тұлғалардың, егер баланы ерлі-зайыптылардың тек
біреуі ғана асырап алса, асырап алушының зайыбының т.б. келісімі.
Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың
асырап алынуға келісімін сот белгілейді. Егер бала асырап алу туралы арыз
берілгенге дейін бала асырап алушының үйінде тұрып, оны өзінің ата-анасы
деп есептейтін болса, асырап алуға баланың келісімі бар деп ұйғарылады.
Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он
алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда,
сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының),
патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары
(қамқоршылары) болмаған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімі
қажет. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар
бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы. Ата-аналар
нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім
беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың
бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды
баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап
етілмейді. Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін
олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет.
Патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін
патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да
мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша
түрдегі келісімі қажет. Егер сот асырап алынушы баланың ата-аналарын
белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса, сотпен әрекетке
қабілетсіз деп таныса, ата-ана құқықтарынан айырса (мұндай жағдайда ата-ана
құқығынан айыру кезінде заңда көрсетілген мерзім сақталса), баламен бірге
тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам
уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы
асырап алуға келісімі талап етілмейді. [10, 105б.]
Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-
зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі-
зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі. Егер ерлі-
зайыптылар отбасылық қатынастарды іс жүзінде тоқтатып, бір жылдан астам
уақыт бөлек тұрып жатса және екінші жұбайының тұрғылықты жері белгісіз
болса, бала асырап алу үшін екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді. Бір
адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе
өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады.
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-
інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда
болады. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды
қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі
адамдардың асырап алуына жол берілмейді. Баланы асырап алуды бала асырап
алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді.
Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында
көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.

Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған
не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты
жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс,
сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі
мүмкін.
Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оны асырап алу туралы ата-
анасының, қамқоршысының, қорғаншысының, патронат тәрбиешісінің
келісімінсіз шешім шығаруға құқылы.
Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады.
Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала
асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың
құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап
алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен
жауапқа тартылады.

Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады. Бала
асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың мүдделеріне қайшы
келмейтін болса, асырап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz