Рим құқығынан кешен


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
  1. Рим құқығынан дәріс
  2. Рим құқығы пәнінің мазмұнын игеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
  3. Рим құқығы пәнінен тест сқрақтары
  4. Рим құқығы пәнінен тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарына тапсырмалар
  5. Рим құқығы пәнінен Глоссарий (сөздік)

1 такырып. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

  1. Рим құқығының Ежелгі Рим мемлекетінің тарихи құрамына байланыстығы.
  2. Ius civile, ius gentium, ius praetorium, ius privatum.
  3. Рим құқығының рецепциясы және оның маңызы

1 . Рим құқығының Ежелгі Рим мемлекетінің тарихи құрамына байланыстығы. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері.

Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құралыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.

Солардың бірінші тобы - ежелгі жазушылардың шығармалары: Тит Ливий, Галикарнастыќ Дионисий, Плутарх, Полибий, Тацит, Цицерон, Гораций және т. б. Екінші топты әртүрлі жазбалары ќалған таќтайшалар, колонналар, папирустар және т. б. құраған.

Рим құқығының тарихын нағыз ғылыми зерттеу тек XIX ғасырдан басталыпты. Бұл зерттеуде алғашқы жол салған неміс ғалымы Б. Г. Нибур болыпты. 1811-1812 жылы оның «Рим тарихы» атты бірінші кітабі шығыпты. Ал 1816 жылы Нибур Италияның Верона қаласындағы шіркеудің кітапханасында әйгілі Гайдың "Inslitutionеs" (Институциялар ) толық шығармасын тауып алғанда, рим құқығы тарихы сан алуан жағынан сипаттама алды. Нибурдан кейін Рим құқығын зертеуге А. Швенглер, Т. Момзен, Э. Пайс, Эд. Мейер және басқа ғалымдар зор үлес ќосты. Ресей ғалымдарынан өз үлестерін қосқан Покровский И. А., Новицкий И. Б., Черниловский З. М.

Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып ќарағанда 3 дәуірге бөлуге болады:

1 дәуір - рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б. э. д. VIIІ - б. э. V ғғ. )

ІІ дәуір - тарихи дәстүрге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы: саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан (б. э. д. 509-27 жылдары) ;

Ш дәуір - империялыќ дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөліңеді: принципат (б. э. д. 27 ж. - б. э. 193 ж. ) және доминат (б. э. 193-476 жылдары) . Дәлірек айтқанда, бұл дәуір Рим империясының ақырына дейін созылды. Ол дәуірді Юстиниан императорының кезеңімен аяқталды деп санауға болады.

Мұндағы рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп те атайды.

“Рим құқығы” термині құл иеленушілік қауымда құрылған Ол Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.

Рим азаматтық құқығының оқыту пәні - мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (оған отбасылық қатынастар да жатады) .

Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-аќ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.

Рим құқығының пәні ретінде Ежелгі құлиеленушілік Рим мемлекетінде қалыптасқан құқықтық жүйе, оның қайнар-көздері, салалары, институттары сияқты элементтері қарастырылған. Яғни, Рим құқығы тайпалардың одағынан ќала мемлекет болып құрылып империяның құлауына дейінгі кезеңдегі уақытта қандай қайнар көздерден бастау алады, қандай сала, институттардан тұрады және негізгі ережелерінің сипаты Рим құқығының зерттеу пәні болып табылады.

  1. Ius civile, ius gentium, ius praetorium, ius privatum.

Рим құқығы да басқа құқықтық жүйелер сияқты ішкі және сыртқы құрылымынан тұратын өзіндік жүйесіне ие. Рим құқығының жүйесі бір уақытта қалыптаспаған. Ежелгі Рим мемлекетінің әрбір даму кезеңі бұл процеске өз үлесін қосып отырған. Рим құқығының жүйесі ұзақ уақытқа созылған заңи тәжірибенің нәтижесі болғандықтан ќазіргі құқықтық жүйелерде бар міндетті белгі - салалық оған тән емес. Басқа сөзбен айтқанда, Рим құқығы салаларға бөлінбейді. Ол келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

Жариялы құқық (jus publicium) - биліктік қатынастарды реттейтін, тараптар үшін міндетті нормалардан тұратын және жағдайлары жеке тұлғалардың келісімімен өзгертіле алмайтын Рим құқығының бөлігі.

Жеке құқық (jus privatum) - мүліктік қатынастарды реттейтін, тараптардың теңдігіне негізделетін және жағдайлары міндеттемелерге қатысушылардың келісімімен өзгертіле алатын Рим құқығының бөлігі.

Рим құқығында бұл екі бөліктің шекарасы нақты анықталмаған. Сол кездегі анықтамаға сай жариялы құқық Рим мемлекетінің жағдайын қарастырады, ал жеке құқық жеке тұлғалардың мүдделерін реттейді.

Ерте рим жеке құқығы квирит тайпаларының атымен квириттік деп аталды. Бұл жүйе кейіннен цивильдік құқық деп аталды және ол қатаң ұлттық сипатқа ие болды. Тар мағынадағы цивильдік құқық деп, заңдармен бекітілген жеке құқықтың тар ұлттық жүйесі танылды. Цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық жүйесі қалыптасты. Құлиеленушілер таптардың- жер иеленушілер мен өңдеушілердің өсуі таптық қайшылықтардың өсуіне әкеліп соқты. Рим емес азаматтардың арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі туды. Бұл арнайы лауазым иесі - претордың арнайы актіні қабылдауы арқылы жүзеге асырылды. Осы актілердің жиынтығы преторлық құқықты құрады.

Цивильдік құқық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылық қатынастардың өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды құқықтық реттеу халық құқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық рим емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын ќорғады.

Бұл құқық жүйесі әртүрлі ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық тауар айналымының қағидаларынан және жалпы нормалардан қалыптасты. Халық құқығының мазмұны әмбебап құқықтық жүйесінің - рим классикалық құқығының пайда болуына негіз болды. Бұл жүйенің тауар өндірісінің және тауар айналымының дамуына қосқан үлесі зор.

Рим жеке құқығы өзінің дамуында классикалыққа дейінгі кезеңнен, классикалық кезеңге және кейіннен абсолюттік монархия кезеңінен өтті. Бірінші кезеңде рим құқығы патриархальдық қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет етті. Классикалық кезеңде рим жеке құқығы тауар - ақша қатынастарын реттеуге қызмет етті. Абсолюттік монархия кезеңінде жеке құқық нормаларын кодификациялау және жүйелеу жүргізілді.

Юстиниан кодификациясы. Кодификация (сұрыптау) - қоғамдық қатынастардың айтарлыќтай ауќымды саласын реттеуші және әдеттегі құқықтың белгілі бір саласын, ќосалќы саласын ќұрайтын ќолданыстағы күллі ќалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және ќайта ќарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.

Нормативті материалдардың көбеюі және оның сан алуандығы Рим құқығын кодификациялауды қажет етті. Алғашқы ресми кодификация 5 ғ. бірінші жартысында император Феодосийдің тұсында жасалды. Нәтижесінде 16 кітаптан тұратын Феодосий кодексі пайда болды.

6 ғ. бірінші жартысында император Юстинианның тұсында жаңа кодификация жүргізілді. Негізгі маќсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.

Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер ќұрастырған (529-534 жж. ) . Осының нәтижесінде жарыќ көрген Юстиниан жинағы 4 ауќымды бөліктен тұрды, біраќ алғашќыда Юстиниан жарлығы 3 бөліктен тұрды:

Императордың конституцияларынан тұратын кодексі;

2. Римнің 39 заңгерінің шығармалар жинағы - дигестілер немесе грекше Пандекттер;

Рим құқығы бойынша оқулықтар - институциялар.

Кейін 4-ші бөлік болып Новеллалар қосылды. Новеллалар - Императордың конституцияларынан тұратын, 534-556 жылдары шыққан жаңа заңдар жинағы.

3. Рим құқығының рецепциясы және оның маңызы

Рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышќор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.

Рим империясының құлауымен рим құқығы да өз әрекетін тоқтатты, алайда “ќайта өрлеу” кезеңінде Европаның феодалды елдері Рим құқығының үлгілі өнегесін зер салып, оны құқық жүйелерінің негізіне айналдырды. Ќазіргі кездегі романо-германдық құқықтық жүйесін ұстанатын елдердің құқықтық жүйелері Рим құқықғынан нәр алады. Бұл ќұбылысты құқықтанушы ғалымдар Рим құқығының рецепциясы деп атайды.

Осыдан екі мың жыл бұрын негізі ќаланып дамыған ол әлі күнге дейін өзектігін жоғалтпай ќазіргі құқықтық жүйелердегі институттар ретінде өмірін жалғастыруда. Ғалымдардың арасында мынандай ќанатты сөз кең тараған: «Рим әлемді үш рет бағындарған. Бірінші рет - Римді әлемнің орталығына айналдырған мыңдаған легиондары арқылы, екінші рет - Римде іргесін көтеріп, кең дамыған христиан діні арќасында және сол уақыт үшін озыќ, әрі дамыған құқығымен әлемді үшінші рет бағындырды».

Өзінің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы ќазіргі заңгерге өте керекті нәрсе болып тұр. Оны оќып түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтќанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.

2 тақырып. РИМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЌАЙНАР КӨЗДЕРІ

1. Құқықтық ќайнар көздерінің түсінігі және рим құқығындағы ќайнар көздердің жалпы сипаттамасы

Рим құқығына байланысты көптеген елдерде “ќайнар көз” ұғымын бірнеше мағынада түсіндіреді, олар:

  1. құқық нормаларының мазмұны ретінде;
  2. құқық нормаларының ќұрылу (ќалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;
  3. құқықты тану ретінде.

Құқық ќайнар көзінің мазмұны ќоғам өмірінің материалдыќ жағдайы болып есептеледі.

Заң оќулыќтарында “құқықтың ќайнар көзі” дегенде мына сауалдардан бастау табатындығын көрсетеді, ол: ќай құқық нормасынан, қандай бағытпен және қандай жолдармен ќалыптасады.

Рим құқығының ќайнар көзі дегеніміз - Ежелгі Рим мемлекетіндегі құқық нормаларының көрініс табу, бекіту нысандары. Рим құқығында ќайнар көздің мынадай түрлері кездеседі:

1) Әдеттік құқық (әдет-ғұрып) ; 2) Заңдар “Жазбаша құқық”; 3) Магистраттыќ құқық; 4) Заңгерлердің іс-әрекеті; 5) Мемлекет басшысының (императордың) ќаулылары.

2. Рим құқығының ќайнар көздерінің жекеленген түрлері

І. Әдеттегі құқық - тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарынң ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық ќарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлыќтың неғұрлым көне әрі ќуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек ќана мемлекеттік билігі бар ќоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпќа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді, ұрпаќтан ұрпаќќа ауысќан. Әдет-ғұрып құқығы дегеніміз - Ежелгі Римде көп реттік ќолдану мен мемлекет тарапынан танылып, ќамтамасыз етілуінен ќалыптасќан мінез-құлыќтың жазылмаған ережелері. Ќарапайым әдет-ғұрып оны мемлекет ресми танып, оған жалпыға міндеттілік күшке ие ќылдыруы нәтижесінде құқықтық әдет-ғұрыпќа айналады. Римдегі әдет-ғұрып құқығының ең ежелгі, әрі ең белгілі тарихи ескерткіші болып Он екі кесте заңдары (б. э. д. V ғ. ) саналады.

ІІ. Заңдар . Рим мемлекетінің дамуы құқықтық мәдениеттің де тиісті деңгейдегі дамуын талап етті. Жаңа пайда болып жатќан қоғамдық қатынастар оларды реттейтін жаңа тиімді әрі нақты құқықтық нысандарды талап етті. Әдет-ғұрып құқығының орнын “жазылған құқық” - заң - басты. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық ќайнар көзі ретінде заң ќарастырылды. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халыќ орындауға міндетті болатын. Заңдарға ќаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.

Республикалыќ кезеңде заңдарды демократиялыќ орган - халыќ жиналысы ќабылдады. Мұндай заңдарды leges деп атады. Принципат кезеңінде заң шығару құқығын аристократияның органы - Сенат иеленді. Сенатта сенатконсульт деп аталатын заңдар шығарылды. Ал абсолютті монархия орнаған кезеңде заң болып император шығарған үкімдер ғана танылды.

Сондыќтан рим құқығының жеке ќайнар көзі ретінде кейбір зерттеушілер мемлекет басшысының ќаулысын келтіреді. Мемлекеттік-саяси мәдениеттің тұраќтануына байланысты, монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі ќаулылар шығара бастады. Императордың өкімдерін конституциялар деп атады. Олардың төрт түрі болды:

  1. Эдикт немесе жарлыќ - бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке және жариялы сала) .
  2. Мандат - мемлекет қызметкерлеріне жүктелген ќаулы, көбінесе жеке немесе ќылмыстыќ құқық салаларына арналған.
  3. Рескрипт - жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.
  4. Декрет - нақты даулы істер бойынша императордың шешімі.

ІІІ. Магистраттыќ құқық (магистраттар эдикттері) . Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияна атќаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде - мемлекет қызметшісін білдірген. Магистраттың эдиктісі - магистраттың лауазымына кірісу кезінде шығаратын бағдарлама сипатындағы арнайы актісі. Бұл бағдарламада магистраттар өз қызметін қандай ќағидаларға сүйеніп, қандай ќұндылыќтарды саќтай отырып жүзеге асыратындығы көрсетіледі. Бастапќы кезде эдиктілер магистрат қызметі уақытында ғана заңи күшке ие болды, кейін оларды жойып, өзгертіп толыќтыруға шек ќойылды. Эдиктілер: а) тұраќты; б) белгісіз мерзімге жасалған деп бөлінді. Тұраќты эдиктіде барлық уәкілеттілігі кезінде міндетті болатын ережелерді ќамтыды. Ал, екінші түрі белгілі бір тұлғаға ќатысты немесе казустыќ жағдайға ќатысты болды.

Сот істерімен шұғылданатын преторлардың эдиктілері ерекше маңызға ие болды. Бұлардың негізінде Рим құқығының жаңа ќұрамдас бөлігі - претор құқығының негізі ќаланды.

ІV. Заңгерлердің қызметі (іс-әрекеттері) . Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде ќатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген. Әйгілі римдік заңгерлердің оқұлыќтары (институциялары) рим құқығының ќалыптасуына өте зор әсер етті. Рим құқығының ќайнар-көзі ретінде заңгерлердің қызметі ерекше сипатќа ие болады. Ежелгі кезеңдерде діни қызметкерлер ғана заңи қызметтерді атќара алды. Олар ғана заңға талќылау бере алды. Уақыт өте заңгершілікке зайырлы тұлғалар да араласа бастады. Рим заңгерлерінің қызметі үш бағытта жүзеге асырылды:

  1. Заңи кеңес беру (respondere) .
  2. Жазбаша ќұжаттарды жасап, оларды рәсімдеу (covere) .
  3. Тараптардың процессуалды әрекеттерін басқару (agere) .

Заңгерлердің еңбектері екі топќа бөлінді:

  1. Заңнамаларға және претор эдиктілеріне түсіндірме беру -дигестілер.
  2. Рим құқығы бойынша оќулыќтар -институциялар.

Принципат кезеңінде Павел, Ульпиан, Гай және Помпоний сияќты заңгерлердің еңбектері міндетті күшке ие болды.

Заңгерлердің қызметі адамгершілік, адалдыќ ќағидаларына, яғни табиғи құқық элементтеріне негізделді. 426 ж. арнайы заң ќабылданды. Бұл заң бойынша тек бес заңгердің пікірі соттар үшін міндетті болды. Олар - Папиниан, Гай, Павел, Ульпиан, Модестин. Егер әртүрлі пікір болатын болса, Папинианның пікірі басымдылыќќа ие болды.

3 тақырып. Римдегі азаматтық істер жүргізу

1 . Алғашқы сот процесінің тәртібі және түрлері. Легисакциондыќ процесстің ерекшеліктері. Манципация. Жеке құқықтағы талаптың ұғымы және түрлері

Тұлғалардың жеке құқықтарын бұзылудан қорғаудың соттан тыс нысанына негізінен өзін-өзін қорғау жатты, яғни, тұлғаның бұзылып жатќан немесе бұзылғалы жатќан өз құқықтарын өз күшімен, өз әрекетімен қорғау. Тұлғаның әрекеті өзін-өзін қорғау болып табылу үшін бірнеше талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Құқықбұзушылыќ зорлыќ-зомбылыќ сипатындағы әрекеттермен ұштаса отырып жасалса;
  2. Өзін-өзі қорғау нақты құқықтарды қорғауға бағытталуы тиіс;
  3. Өзін-өзі қорғау әрекеттері жәбірленуші тұлғаның өзімен ғана жасалса;
  4. Өзін-өзі қорғау құқықбұзушылыќ орын алған сәтте жасалса;
  5. Өзін-өзі қорғау нақты құқықбұзушылыќќа ќарсы бағытталуы тиіс.

Рим мемлекетінің дамуымен, тараптардың арасында теңдіктің болмауына байланысты дауды шешетін арнайы орган - сот пайда болды. Тарихи даму нәтижесінде сот өндірісі пайда болды және оның ең алғашќы нысаны легисакциондыќ сот өндірісі болды. Ол жеке талаптар бойынша пайда болған дауларды ќарады. Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз беру негізінде (талап ќою) ќорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап құқығы бұзылған әрбір Рим азаматы өзінің бұзылған немесе даулы ќұќын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотќа жүгіне алды. Жеке құқықтарға байланысты сот процессі азаматтық процесс деп атала бастады. Сол кездің өзінде-аќ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдыќ және процессуалдыќ болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы ќанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні - сотќа оның шешімін шығару маќсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған.

Сонымен бірге, азаматтық процесстің дамуына байланысты жеке сот ісін жүргізуде дәлелдеуді қажет етпейтін айќын аќиќаттар -презумциялар ќалыптасты:

  • Істі жүргізетін судьяның беделі даусыз болды. Істі ќарау барысында талапкер де, жауапкер де судьяға бағынуға тиіс болды;
  • Істі ќарау барысында тек ғана шындыќќа жанасатын фактілер ќаралды және уақытты үнемді пайдалану ќағидасы орын алды;
  • Іс бойынша шешім әділ болу керек;
  • Іс бойынша ќабылданған шешімдегі талапты өтеу мөлшері талап-арызда көрсетілген сомадан аса алмаған;
  • Судья өз шешімдерін тек заңға сәйкес шығаруы тиіс;
  • Іс бойынша ќабылданған шешім аќиќат деп ќабылданған.

Сот өндірісінің ең алғашќы нысаны легисакциондыќ сот өндірісі болды. Легисакциондыќ терминінің өзі - заң сөздерімен бірдей, байланысты болу дегенді білдіреді. Сот ісін жүргізудің аталмыш түріне келесі белгілер тән болды:

  1. Сот отырысында тараптардың тікелей ќатысуы көзделген;
  2. Жауапкердің процеске келуі талапкерге жүктелген;
  3. Процесс екі сатыдан тұрды:

- Jus - бұл сатыда шешімді шығаруға дайындыќ жүргізілді, яғни, сот отырысы болатын уақыт, орын, оған ќатысатын тұлғалар аныќталды. In iure деп аталған бірінші сатыда тараптар дау туған затпен магистратќа келген. Арнайы таяќша - виндиктаны даулы затќа тигізіп, немесе даулы затќа ќолын салып, арнайы ќатаң бекітілген сөйлемдерді (формулаларды) айтќан. Кімде-кім сөздер мен фразаларды айтудан жаңылысатын болса, сол жеңілген болып есептеледі. Егерде тараптардың екеуі де ќателеспейтін болса, аќшалай кепіл салатын. Кейіннен сот істі ќарағаннан кейін жеңілген тараптың кепілі ќазынаға аударылады да, жеңген тарап өзінің аќшалай кепілін ќайтарып алатын. Осымен бірінші саты аяќталатын, претор істі мәні бойынша ќарау үшін судьяны тағайындайтын.

- Judicium - екінші сатыда судья істің барлық мән-жайларын тексеріп, шешім шығарған. In iudicio деп аталған екінші сатысында претор тағайындаған судья істі мәні бойынша ќарап шешім шығарған. Аталмыш процесске сәйкес шешім түпкілікті және шағымдануға жатпаған.

Процесске ќатаң формализм тән болды, яғни, барлық процессуалды әрекеттер ќатаң бекітілген нысандарда жүзеге асырылды.

Ежелгі Рим мемлекетінің даму кезеңдеріне сәйкес тиісті азаматтық процес түрлері тән болды. Рим мемлекетінің республикалыќ кезеңінде легисакциялыќ процесс болды, ал принципат кезеңінде формулярлы процесс орын алды, және абсолютті монархия дәуірінде экстраординарлы процесс ќалыптасты.

2. Формулярдық процесс. Формуланың ќұрамы. Экстраординарлыќ процесс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектілері туралы
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын - тағы
Азаматтық құқықтарды қорғау
ҚР заңнамасы бойынша кондоминиум мәселесін құқықтық реттеу негіздері
Қазақстандағы аграрлық құқық
Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы өзге көліктегігі қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Меншік құқығы
Мүліктік құқықтар
Ипотека-кепілдің бір түрі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz