Материалдық емес активтердің амортизациясы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.

1. 1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері.

1. 2. Материалдық емес активтер есебін анықтау.

II ТАРАУ. Материалдық емес активтердің амортизациясы.

2. 1. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:

КІРІСПЕ

Материалдық емес активтері деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз. Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді, ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады.

Материалдық емес активтер аналитикалық есебі олардың әрқайсысына жеке-жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Басқа кәсіпорындарға өткізгенде осы қарточкада тиісті жазу жазылады. Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады. Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға жіберген кезде акт екі данада құрастырылады: материалдық емес активтерді қабылдайтын және ұсынатын кәсіпорын үшін. Материалдық емес активтердің жойылуы алғашқы құны бар, амортизациялық есептеу сомасы бар, баластық құны бар жойылу актісімен ресімделеді.

Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 - «Негізгі қүрал-жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.

I ТАРАУ. Материалдық емес активтер есебінің маңызы.

1. 1. Материалдық емес активтерді анықтау және оларды тану критерийлері

«Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралык стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес Материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте жэне тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға болады;

ә) субъект бақылайды;

б) қолданудан субъект болашақта эқономикалық пайда алуды күтеді.

Материалдық емес бап Материалдық емес актив болып саналады, егер:

а) Материалдық актив анықтамаларына сэйкес келсе;

ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;

- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;

- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен жэне қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдыр және т. б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтері деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз. Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдерді, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттерді, ұйымдастыру шығындарын, гудвильді, франчайзингті, сауда маркаларын, авторлық құқықты жатқызуға болады. Оларға анықтама беріп көрейік:

  • Лицензиялық келісімдер - кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға және т. б. ) беретін құқықтар;
  • Бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
  • Патенттер - заңды түрде танылған және тіркелген айырықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;
  • Ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) - субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала төлеу - бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;
  • Гудвиль - субъектінің жағымды сипаттамасына байланысты сатып алушының сауда сәтіне пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтерінің жеке-жеке гудвиль фирманың алған нақты бағасы мен таза активтерінің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемелер» болып табылады.
  • Басқадай (авторлық құқықтар - шығарма, әзірлеме және т. б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер - ұйымға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары) ;
  • Франшизалар - мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т. б. үшін үкіметтік органдар береді.

Кәсіпорында Материалдық емес активтер объектілерін қабылдау немесе тапсыру құжатпен, яғни актімен ресімделеді, онда Материалдық емес активтер толық атауы, жасалған айы, күні, алушы ұйымға тапсырылған уақыты, толық сипаттамасы, құны, тозу нормасы және тағы басқа қажетті деректер көрсетіледі.

Материалдық емес активтер аналитикалық есебі олардың әрқайсысына жеке-жеке ашылған инвентарлық карточкаларда жүргізіледі. Басқа кәсіпорындарға өткізгенде осы қарточкада тиісті жазу жазылады. Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай- ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады. Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- Хау» деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу- хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу- хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенімен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп ауқыттарды «Ноу-хау»- дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.

Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құнын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицезиялық келсімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай- ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ащқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалылығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкерлік патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек. Материалдық емес активтердің «Гудвиль» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы»- деп те атайды. «Фирма бағасы» немесе «Гудвиль» материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвиль», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвиль» деп аталады.

Материалды емес активтердің бар болу және айналым есебі «Материалды емес активтер» 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:

- 2710 «Гудвилл»;

- 2720 «Гудвиллді қамтамасыз ету»;

- 2730 «Басқа да материалды емес активтер»;

- 2740 «Басқа да материалды емес активтер құнсыздануы және амортизациясы».

Материалды емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.

Материалды емес активтер әр түрлі тәсілдермен түседі:

- құрылтайшылардан жарғы капиталына салым ретінде;

- сатып алу жолымен;

- заңды және жеке тұлғалардың екі жакты өтеусіз беруі.

Материалдық емес активтердің түсімі және істен шығуын материалдық емес актитердің қабылдау-табыстау актісімен ресімдейді. Актіде материалдық емес активтердің нақты атауы және кәсіпорынға жіберілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объект сипаттамасы, оның алғашқы құны, өтелім нормасы және басқа да керекті ақпараттар белгіленуі тиіс.

Қабылданған материалдық емес активтерді ресімдеу кезінде акт әр объектке бір данадан құрылады. Бірнеше бірүлгілі болып қабылданған материалдық емес активтерге, жалпы акт құруға болады. Акт қосымша құжаттамасымен ресімделгеннен кейін, материалдық емес активтердің немесе оның қолдану тәртібін, немесе осы объектінің басқа да кәсіпорынның мүлікті құқықтарымен растайтын құжаттары бас бухгалтермен және кәсіпорын басшысымен немесе уәкілетті тұлғамен тұжырымдалып, бухгалтерияға жіберіледі.

Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға жіберген кезде акт екі данада құрастырылады: материалдық емес активтерді қабылдайтын және ұсынатын кәсіпорын үшін. Материалдық емес активтердің жойылуы алғашқы құны бар, амортизациялық есептеу сомасы бар, баластық құны бар жойылу актісімен ресімделеді.

«Материалдық емес активтерді» бөлімше шоттары бойынша аналитикалық есеп «Материалдық емес активтердің мүкәммалдық есеп карточкасымен» жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалды емес активтердің барлық түрлерін есептеу үшін қолданылады. Мүкәммалдық карточка материалды емес активтері әрбір жеке объектілеріне бухгалтерия да ашылады. Карточка материалды емес активтердің объектісін кәсіпорынмен беру немесе алу фактісін тұжырымдайтын құжат негізінде бір данада толтырылады: «Материалды емес активтердің алу-беру актісі, техникалық және басқа да құжаттама».

Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу.

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

• сатып алулар

Мысалы. Бағдарламалық камтамасыз ету алынды:

а) накты езіндік құнға:

102 «Бағдарламамен камтамасыз ету» шот дебеті

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;

ә) ҚҚС сомасына: 331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9 000;

б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыккан шығындар сомасына: 102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» 8 000;

• жарғы капиталына салымдар - материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойьшша есепте көрсетіледі:

1. Жарияланған капитал сомасына: 511 «Төленбеген капитал» шот дебеті 501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.

2. Жарғыда көрсетілген, сальшған материалдық емес активтердің келіоімшарттық құны: 101 -103 «Материадцық емес активтер» шот дебеті

511 «Төленбеген капитал» шот кредиті 400 000;

• кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу - материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т. б.

Мысалы. 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік қргы 6 000 000 теңге.

1. Активтің нақты кұны сомасы:

687 «Баскадай кредиторлык берешек» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы акша» шот кредиті 6 000 000.

2. Гудвилл сомасына:

105 «Гудвилл» шот дебеті

441 «Ағымдык шоттағы акша» шот кредиті 2.

3. Қосылған кезде:

Барлық активтердің дебеті

687 «Басқадай кредиторлык берешек» шот кредиті 6 000 000.

Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект ушін бұл - пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

• мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардьщ нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету) :

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

726 «Билікті атқарушы орғандарының жэрдем ақшалары (субсидиялары) » шот кредиті.

Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты арттьфу үшін есептен шығарылады:

726 «Билікті атқарушы орғандарының жәрдем ақшалары (субсидиялар) » шот дебеті

571 «Жиынтық табыс» шот қредиті;

• айырбас - ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы қулы алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

1. 2. Материалдық емес активтер есебін анықтау

Тауарлық белгі алынады:

а) келісімшарттық құнға:

106 «Басқадай материалдық емес ақтивтер» шот дебеті

671 «Төленуғе тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;

ә) ҚҚС сомасына:

331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 16 000.

Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды:

841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті 60 000.

Сатып алушыға шот ұсынылады:

а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

721 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс» шот кредиті 80 000;

ә) Келісімшарттық қүнының 15% ҚҚС сомасына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

633 «ҚҚС» шот кредиті 12 000.

Айырма сомасы аударылды:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 24 000.

Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізілді:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

301 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті 92 000.

Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған Материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны бойынша танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;

• Құру - субъектінің өзі жасаған материадцық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей жэне қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сэтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес банты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құлына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

Материалдық емес активтерді құрған қезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатьшарынан құралады.

Зерттеулер сатысы - жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әреқеттенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағьпталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасьш немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістіқ нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан шығындар кезеңнің шығындары болып танылады

Зерттеу сатысындағы шығьшдар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды) : 821 «Жалпы жэне экімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті 681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойьшша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардьщ кредиті 7.

Әзірлеме сатысы - ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін кызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бүл сатыға мыналар жатады: тәжіребелік үлтілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен кұрал-аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық кондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетелген қызметтерді жобалау, қүрастыру (конструкциялау) жэне тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда әзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бүл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап корсете алады. Мысалы, фирманың экономикалык пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес-жоспар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:

- материалдық емес активті жасауға шығындар бөлды:

а) өндіріске материалдар босатылады. 901, 921 «Материалдар» дебеті

201-206, 208 «Материалдар» кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді902, 922 «Өндірістік жүмысшылардың еңбеғін өтеу» дебеті; 681 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндеғі аударымдар сомасына 903, 923 «Еңбекті өтеу төлемінен ақша аударулар» дебеті; 635 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады: 900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті; 901 (921) 902(922) 903(923) кредиті 6000, 0;

- материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді: 126 «Бітпеген құрылыс» шот дебеті; 900 «Негізғі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000, 0;

- материалдық емес активтерді мойындалатын белғі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сәтіне дейін:106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті; 126 «Бітпеғен құрылыс» шот кредиті.

II ТАРАУ. Материалдық емес активтердің амортизациясы.

2. 1 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
«1С Кәсіпорын» жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізу
Материалдық емес активтердің бағалануы
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Активтердің құнсыздануының есебі
Іскерлік бедел сияқты материалдық емес активтердің мұндай түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz