Заңды тұлға ұғымы


Заңды тұлға ұғымы
Мазмұны:
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН ТОҚТАТЫЛУЫ
1. 1 Заңды тұлға ұғымы . . . 4
1. 2 Заңды тұлғаларды құру . . . 5
1. 3 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы . . . 6
1. 4 Заңды түлғалардың түрлері . . . 8
1. 5 Заңды тұлға туралы негізгі ілімдер(теориялар) . . . 10
1. 6 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі . . . 11
1. 7 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері . . . 19
1. 8 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу . . . 29
2. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗГІ
ТҮРЛЕРІ . . . 30
2. 1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығының ие болу объектілері мен негіздері . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 36
КІРІСПЕ
Азаматтық құқықта азаматтармен бірге азаматтық құқық субъектілерінің бірі болып табылатын ерекше түрде ұжымдастырылатын, өздерінің айрықша белгілері бар, арнайы ұйымдастырылатын тұлғалар - заңды тұлғалар азаматтық құқықтық айналымға түседі Қазіргі қоғамымызда адамдар белгілі топтарға, әртүрлі одақтарға бірігіп, өздерінің күш-жігерлерімен қоса капиталдарын біріктіріп әрекет етуде. Мұндай бірігіп іс-әрекет етудің құқықтық нысанының негізі заңды тұлға ретінде жұмыс атқару болып табылады.
Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік күрделенуінен, экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды. Қоғамның белгілі даму сатысында тек ғана жеке адамдардың жалғыз құқық субъектісі ретінде әрекет етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз экономиканың дамуы кешеуілдеп қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге келді. Заңды тұлғалардың ұғымын, олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын және олардың ұйымдастырылуын осы курстық жұмысқа арқау етіп алдым.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңды тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына көп бола қайған жоқ. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты. Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Курстық жұмыстың мақсаты заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын ұйымдастыру туралы толығырақ білу.
Кустық жұмыстың міндеті студенттерге заңды тұлғалардың кұрылуын, тоқтатылуын, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін ұғындырып түсіндіру.
1. Заңды тұлға ұғымы және құрылу тәртібі, тоқтатылуы
1. 1 Заңды тұлға туралы ұғым
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел¹ басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. "
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3) дербес мүліктік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық - құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүмкіндігін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2 бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша ) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған :
1) толық және сенім серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы) ;
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы ) ;
3) егер заңды тұлғаның банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3 - тармағы) ;
4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 96-бабының 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы) ;
5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі
(АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық - құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
1. 2 Заңды тұлғаларды құру
Азаматтық кодексте заңды тұлғаларды құру жөніндегі жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құрыуы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41- бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.
Коммерциялық ұйымның құжаттары:
1) мекеме үшін - меншік иесі бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға құру туралы шешімі;
2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам,
қауымдастық нысанындағы, өзге де ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін - жарғы және құрылтай шарты;
- қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін - жарғы болып табылады. ("Коммерцилық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы)
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының орындауы үшін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғаларымен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
1. 3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы) . Заңды тұлғаның құрылтайшысы - меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті алғышарттары болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуының, өкілдік, рұқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкілдік тәртібі оның құрылтайшысның өкімі негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекетік мекемелер мен кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкәлетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы) .
Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті органның алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданылып келген заңдар кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі - мұнда заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін. Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді (АК - ның 42 - бабының 5 - тармағы) .
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылдаған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мрзімдері көрсетілген.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар аударылмайды, олардың өңдірістік - шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұрғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
- заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
- заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркелгеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
- жариялылык жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар тікелей ҚР Әділет Министірлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және қайта тіркеуге түрліше талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленушінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркелуге тиіс:
1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;
2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестігінде немесе жабық акционерлік қоғамдағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құруы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату, яғни тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың - жер қойнауын пайдаланушылардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын ұдайы немесе өрескел бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді. (Жер қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағындағы 3-тармақшаны қараңыз) .
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайтақұрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушы заңды тұлғаларды қайтақұрудың бес нысанын - қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту -атап көрсетеді.
Қосу кезінде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаны қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлға өтеді (АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз) .
Өткізу актісі дегеніміз - бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту
кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға - құқық мирасқорына өтетін мүлшіктік
құқықтар мен міндеттерді тірейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік иесі
бекітіп, тіркеу кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс (АК-ның 47
бабы) .
Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден орган өзінің қызметін тоқтататын
заңды тұлғаны тіркеуден өткізуге тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан
заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан
құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгілде
көрсетілуі тиіс.
1. 4. Заңды тұлғалардың түрлері
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру үшін мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы) .
Осындай саралау тұлғалар түрінің әрқайсысының ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым - заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы) . Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды,
себебі «коммерциялық емес ұйым» заң құжаттарында көзделген өзге де
нысандарында құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы) .
1. 5. Заңды тұлға туралы негізгі ілімдер (теориялар)
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі ретінде
күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында)
заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы
(мәні ), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары
заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай
адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды
тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір
білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым
профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің " авторы. Ол былай деп айтқан:
"Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметтің нақты саласында "тізгінді өзі ұстайды" (1) . Әдебиетте бұл теорияны
көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық
қатнаста болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін " алға тартты (2) . Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д. М. Генкин " әлеуметтік ақиқат теориясын" ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады (3) . Профессор Ю. К Толстой "директор ілімін " алға тартты (4), оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - диркеторы болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О. А Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі"(5), А. А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі " (6), Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік "(7) ілімі тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады. Бұл мәселе туралы батыс-еуропа әдебиетінде де әр түрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи "фикция теориясының " негізін қалады. (1) К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал, заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған суъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды (2) .
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда ) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәләлдей түседі.
1. 6 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz