Мемлекеттік емес заңды тұлғалар



Заңды тұлға ұғымы

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2.3

I ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
1.1Заңды тұлға туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4.10
1.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әреке қабілеттілігі ... ... ... ... ... 11.18
1.3.Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19.30

ΙΙ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
2.1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері мен негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.34

ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
3.1 Коммерциялық емес ұйымдардың құрылуы және жауапкершілігі ... ... . 35.40
3.2 Заңды тұлғалардың жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41.69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 70.71

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 72

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
КІРІСПЕ

Азаматтық құқықта азаматтармен бірге азаматтық құқық субъектілерінің бірі болып табылатын ерекше түрде ұжымдастырылатын, өздерінің айрықша белгілері бар, арнайы ұйымдастырылатын тұлғалар – заңды тұлғалар азаматтық құқықтық айналымға түседі Қазіргі қоғамымызда адамдар белгілі топтарға, әртүрлі одақтарға бірігіп, өздерінің күш-жігерлерімен қоса капиталдарын біріктіріп әрекет етуде. Мұндай бірігіп іс-әрекет етудің құқықтық нысанының негізі заңды тұлға ретінде жұмыс атқару болып табылады.
Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік күрделенуінен, экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды. Қоғамның белгілі даму сатысында тек ғана жеке адамдардың жалғыз құқық субъектісі ретінде әрекет етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз экономиканың дамуы кешеуілдеп қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге келді. Заңды тұлғалардың ұғымын, олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын және олардың ұйымдастырылуын осы курстық жұмысқа арқау етіп алдым.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңды тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына көп бола қайған жоқ. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты. Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Дипломдық жұмыстың мақсаты заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын ұйымдастыру туралы толығырақ білу.
Дипломдық жұмыстың міндеті студенттерге заңды тұлғалардың кұрылуын, тоқтатылуын, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін ұғындырып түсіндіру.

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж(өзгертулер мен толықтырулар 07.10.2007ж)

2.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы,Юрист,2003ж

3.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне еңгізу туралы.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы.1994 ж.27 желтоқсан.

4.Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Алматы, 1999ж

5.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Оқулық Алматы,1999ж

6.Жайлин Ғ.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім.1-2 томдар,Алматы,2003ж.

7.Гражданское право Республики Казахстан / Под. ред. ТулеугалиеваГ.И.,МауленоваК.С.,СарсембаеваМ.А.Учебное пособие (Часть общая. Издание второе, дополненное и измененное ). – Алматы ,1999 г

8.Комментарий к гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть / отв. ред.)Сулейменова М.К.,Басин Ю.Г.- Кн 1 и 2. –Алматы,1998 г.

9.Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование.
Общая часть. – Вып.1 – 10. – Алматы, - 1996 – 2000 гг.

10.Гражданское право России / Отв. ред. Садиков О.Н. – Ч. 2. Обязательное право. – М.,1997 г.

11.Комментарий к гражданоскому кодексу Российской Федерации / Отв. ред. Садиков О.Н. – Ч. 1 – 2 . М., 1997 г.

12.Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) / Отв. Ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. – Алматы : Жеті жарғы, 2000г.

Заңды тұлға ұғымы

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2-3

I ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
1.1Заңды тұлға туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 4-10
1.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әреке
қабілеттілігі ... ... ... ... ... 11-18
1.3.Заңды тұлғалардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 19-30

ΙΙ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
2.1 Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығына ие болу объектілері
мен
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31-34

ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
3.1 Коммерциялық емес ұйымдардың құрылуы және жауапкершілігі ... ... . 35-
40
3.2 Заңды тұлғалардың
жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
41-69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70-71

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 73

КІРІСПЕ

Азаматтық құқықта азаматтармен бірге азаматтық құқық субъектілерінің
бірі болып табылатын ерекше түрде ұжымдастырылатын, өздерінің айрықша
белгілері бар, арнайы ұйымдастырылатын тұлғалар – заңды тұлғалар азаматтық
құқықтық айналымға түседі Қазіргі қоғамымызда адамдар белгілі топтарға,
әртүрлі одақтарға бірігіп, өздерінің күш-жігерлерімен қоса капиталдарын
біріктіріп әрекет етуде. Мұндай бірігіп іс-әрекет етудің құқықтық нысанының
негізі заңды тұлға ретінде жұмыс атқару болып табылады.
Заңды тұлға институтының пайда болуы қоғамның әлеуметтік күрделенуінен,
экономикалық қарым-қатынастардың дамуынан туындайды. Қоғамның белгілі даму
сатысында тек ғана жеке адамдардың жалғыз құқық субъектісі ретінде әрекет
етуі жеткіліксіз болып шықты, өйткені онсыз экономиканың дамуы кешеуілдеп
қалар еді. Сөйтіп заңды тұлғалар дүниеге келді. Заңды тұлғалардың ұғымын,
олардың даму жолдарын, мәні мен мағынасын және олардың ұйымдастырылуын осы
курстық жұмысқа арқау етіп алдым.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы
заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына
байланысты осы күнде де заңды тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып
жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік
қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және
мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ.
Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз
алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына көп бола қайған жоқ. Көптен
күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік
органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты.
Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми
зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге
болашақтан үміт күтпеске, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым,
заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай
еңбектер жазары сөзсіз?!
Дипломдық жұмыстың мақсаты заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын
ұйымдастыру туралы толығырақ білу.
Дипломдық жұмыстың міндеті студенттерге заңды тұлғалардың кұрылуын,
тоқтатылуын, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін ұғындырып
түсіндіру.

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері ішінде
ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен
үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз
етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды
тұлға бірден – бір салық төлеуші субьект..
Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен
ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде
дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың
жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай
құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде
көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

I ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ

1.1 Заңды тұлға туралы ұғым

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың
дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлға
ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған
мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел¹ басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады."
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3)дербес мүліктік жауапкершілігі;
4)азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
Жарғы не құрылтай шарты арқылы,не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары
арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады.
Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және
олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық – құқықтық

белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығы,
шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды
тұлғаның оқшаулық мүмкіндігін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның

міндеттемелері бойынша өздеріне
тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі
қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-
бабы 1-тармағының 2 бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі
ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме
мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша )оның
құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған :
1)толық және сенім серіктестіктерге қатысушылардың тиісті
серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының
1-тармағы,72-бабының 1-тармағы);
2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы );
3)егер заңды тұлғаның банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса,
заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің
44-бабының 3 – тармағы);
4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 96-бабының 2-
тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі
(АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы);
5)серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі
(АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы
жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық –
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаларды құру

Азаматтық кодексте заңды тұлғаларды құру жөніндегі жалпы ережелер
енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құрыуы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды
басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол
уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары
бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41- бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы
не құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес
заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.

Коммерциялық ұйымның құжаттары:

1) мекеме үшін – меншік иесі бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға
құру туралы шешімі;
2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам,
қауымдастық нысанындағы, өзге де ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды
тұлғалар бірлестігі үшін – жарғы және құрылтай шарты;
қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін – жарғы болып
табылады.("Коммерцилық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы)

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның құрылтайшыларының орындауы үшін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай
шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғаларымен қатынасы үшін
маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы

Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы –
меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті
алғышарттары болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың құрылуы
мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуының, өкілдік, рұқсат ету
және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкілдік тәртібі оның құрылтайшысның өкімі
негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекетік мекемелер мен
кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға
уәкәлетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары
болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы).
Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті органның
алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданылып келген заңдар
кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай
ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі – мұнда
заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін. Алайда заңды тұлғаны тіркеуге
оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді (АК – ның 42 –
бабының 5 - тармағы).
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде
бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес
коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен
бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Занды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылдаған
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың
толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мрзімдері
көрсетілген.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар
аударылмайды, олардың өңдірістік – шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау
және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұрғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркелгеннен кейін барлық
заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
жариялылык жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам құпия
немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны
сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері
қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар
тікелей ҚР Әділет Министірлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және қайта тіркеуге
түрліше талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге
заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иеленушінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің
қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен
алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған
тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді
білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай
жағдайларда қайта тіркелуге тиіс:
1)акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық
капиталының мөлшері азайғанда;
2)заңды тұлғаның атауы өзгергенде;
3)шаруашылық серіктестігінде немесе жабық акционерлік қоғамдағы
қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құруы (АК-ның
45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі
тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату, яғни тоқтата
тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи
ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың – жер қойнауын
пайдаланушылардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын ұдайы немесе өрескел
бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген
лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді.(Жер
қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағындағы 3-тармақшаны қараңыз).
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік
иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі
бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген
органның шешімімен немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот
органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайтақұрудың басқа да нысандары
көзделгеніне қарамастан, заң шығарушы заңды тұлғаларды қайтақұрудың бес
нысанын – қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту –атап көрсетеді.
Қосу кезінде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып,
олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да , тіркеуден өтеді. Заңды
тұлғаны қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері
өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлға өтеді (АК-ның 46-
бабының 1-тармағын қараңыз).
Өткізу актісі дегеніміз - бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және
өзгерту
кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға – құқық мирасқорына өтетін мүліктік
құқықтар мен міндеттерді тірейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік
иесі
бекітіп, тіркеу кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс (АК-ның
47
бабы).
Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден орган өзінің қызметін
тоқтататын заңды тұлғаны тіркеуден өткізуге тіркеуші орган өзінің қызметін
тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде
жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол
мезгілде көрсетілуі тиіс.

Заңды тұлға туралы негізгі ілімдер (теориялар)

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субъектісі
ретінде
күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында)
заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы
(мәні ), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары
заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай
адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды
тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір
білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым
профессор С.И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің " авторы. Ол былай деп айтқан:
"Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметтің нақты саласында "тізгінді өзі ұстайды" (1).Әдебиетте бұл
теорияны
көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық
қатнаста болуы керек қой" деген уәж айтады.

Академик А.В.Венедиктов "ұжым ілімін " алға тартты (2). Бұл ғалымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә)аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

Ал, ғалым Д.М.Генкин " әлеуметтік ақиқат теориясын" ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық
заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама
түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады (3). Профессор Ю.К Толстой
"директор ілімін " алға тартты (4), оның пікірінше, мемлекеттік заңды
тұлғаның еркін білдіруші – диркеторы болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар
ілімі"(5), А.А.Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі " (6), Е.А.Сухановтың
"мақсатты мүлік "(7) ілімі тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең
тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі
пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.
Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде
адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде
адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды
жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады. Бұл мәселе туралы батыс-еуропа әдебиетінде де әр түрлі
теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи "фикция теориясының
" негізін қалады.(1) К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық
субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал, заң шығарушы болса,
заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын
мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді,
абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған суъектісін алға
тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын
ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес
құрылым деп қарайды (2).
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда ) осындай әр қилы пікірлер
кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәләлдей
түседі.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа,
Қазақстан Республикасы Призидертінің 1995 жылы 17 сәуірде шығарған „Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” Заң күші бар Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу туралы ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы мемлекеттік тіркеуден өткеннен
бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды
тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға
сәкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен
шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас
тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының
6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері
азайғанда;
2) атауы өзгергенде;
шаруашылық серіктестіктеріндегі және ашық акционерлік қоғамдардағы
қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі.
Қайта тіркеуді талап етпейтін заңды тұлғаның мәртебесіндегі басқалай
өзгерістер туралы тіркейтін органға бір ай мерзім ішінде хабарлау қажет.

1.2.Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі

1.Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігі аясында айырма
болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен азаматтың құқықтары мен міндеттерін
тудыратын тұрмыс қатынастарына көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы
дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған
кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін
жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Яғни белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі сол лицензияны алған сәттен бастап пайда
болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға
азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара
алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары
немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет
түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық
міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалардың белгілі бір қызмет түрін
жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Оның бәрі де жарғы мен басқа құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар
қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілеттілікке
жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң
актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра
алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен
айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы
құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық
қабілеттілік заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы
құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай
құжаттарында көрсетілгендіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.
Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері жүзеге асыруға
тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай
шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37- бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге
асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті
болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның
органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып
қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді. Бірақ заңды тұлға өз
органының жоғарыдағы талап бұзып жасаған екінші жақ мұндай құқық оны
дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау,
сондай-ақ өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.
Азаматтық кодекстегі 37 - баптың жалпы ереже заңды тұлғалардың нақты
түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі. Заңды тұлғаның органдары алқалы
немесе жеке дара болуы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны
басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды
тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып
табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауына
айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай
мемлекеттік тізіміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен
бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты
құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып
табылады (АК-тің 125-бабы).

Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды
меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және
келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын
қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды
тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің
38 – бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған
белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң
талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттар болса,
егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не
қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың
мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерін пайдалануға жол берілмейді.
Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық
істерді сотқа беру және анықтауда т.б.) өте маңызды. Азаматтық кодекстің 39-
бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан аумақ оның
тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай
құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетілетіндігі
қарастырылады.
Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс
орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде
өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал
заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау
мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық
әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып саналады. Филиалдар мен
өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның
мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді.
Филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілдік берілген
органы тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп
филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды
тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының
өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген
сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының
мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған
міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға
көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен
өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды
құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын, не бөлігін,
оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін
құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер
мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
Қайта құру дегеніміз – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің
мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта
құрудың бес түрі бар: қосу, біріктіру, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда
қайта құрудың бес басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Ерікті қайта құру
заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта
құруға өкілеттілігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге
асырылады. Бірақ мұндай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген
түрлері үшін құжаттарының императивті нормасы заңды тұлғаның нақты
органдарының құзіретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты
қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79 - бабына сәйкес
қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жауапкершілігі шектеулі
серіктестікті қайта құру немесе тарату мәселені шешу жатады. Тиісінше
заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе заң
құжаттарымен уәкілдік немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның
шешімімен, немесе құрылтай құжатымен, не заңда қаралған жағдайларды сот
органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі
шешім әдетте оның жоғары органымен қабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық
кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті
мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын
монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. (АК-тің 45-бабының 3-
тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот
тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі. Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-
тармағында айқындалған, енді оны сөзбе – сөз келтіре кетелік: „егер заңды
тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар
немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына қайта құруға уәкілдік берілген
органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органдарының шешімінде басқарушысын
тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды
тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін
басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның
атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта
құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне
береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады”.
Заңды тұлға, біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда,
жаңадан пайда болған тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп
есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды біріктіру жолымен қайта құрған
кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға
қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың
біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды
қайта құрған кездегі құқықтық мирасқорлықты да қарастырады.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсының құқықтары мен міндеттері
өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген
заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына
ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына
сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп
шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды
тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын
талаптар АК-тің 47-бабында қаралған. Оның 1-тармағындағы ереженің маңызы
зор, яғни өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның
барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері
бойынша, соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты
мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан
құрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер
енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде
өзгеше көзделмесе, мирасқорына өтеді. АК-тің 47-бабында заңды тұлғаларды
қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас
тартуда екі негіз қаралады олар, атап айтқанда:
1)құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу
балансының тапсырылмауы;
2)оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты
мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы.
Осы айтылғандардан басқа, тіркеуден бас тарту АК-тің 42-бабының 5-
тармағы бойынша жүзеге асуы мүмкін.
АК-тің 48-бабында заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие
берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:
1)қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды
тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті; 2)бөлінген
және бөліп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі
осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын
тоқтатылуын және келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы;

3)егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын
анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ
құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта құрылған заңды
тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ
жауапты болады.
Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа
өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі
мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік
берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім
қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды
тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме
ерікті түрде тарату туралы болып отыр.
Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен:

1)банкрот болған;
2)заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзұлуына
жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
3)заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге
асырылған;
4)тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметті, не заң құжаттарына тыйым
салынған жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел
бұза отырып жүргізген жағдайда;
5)заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен
тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша
жүзеге аса алады.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті
органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату
комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып
отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия
тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.
Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына
хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның
несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми
баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден
бастап екі айдан кем болмау керек.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-бабында
айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:

1)бірінші кезекте – таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына
залал келтірілгені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді
төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2)екінші кезекте – несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде
таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген
міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
3)үшінші кезекте – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне
ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп
айырысу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер
жөнінде берешек өтеледі;
5)бесінші кезекте – заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп
айырысады.
Таратылатын заңды тұлға қойып мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты
несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын
бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие
беруші талап беріп сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы
мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан
бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот деп жариялау болып
табылады. Банкрот ұғымы АК-тің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкес,
банкроттық борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып
табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның
дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын
өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның
банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды
тұлғаны таратудағы негізгі мақсат – оған несие берушілер мүдделерін
қамтамасыз ету. Таратылатын борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің
талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға
әділдікпен бөлінеді.
Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның
банкроттығы болады. Бірақ мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкроттық
қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау
үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда. Олардың міндеттемелері
бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі
көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21 қаңтарда қабылданған Қазақстан
Республикасының Банкроттық туралы Заңының 2-бабына сәйкес, банкроттық
қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқорға
банкроттық рәсімді қолдануда банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерікті банкроттық борышқордың өз еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот
шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген
өтінішпен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын
банкроттық несие берушінің сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға
сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе банкроттық туралы Заң
талаптары арқылы мүмкін болады.
Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып, өзінің дәрменсіздігіне
байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап, сотқа өтініш бере алады.
Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие
берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз екендігін
сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.
Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз
ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа
өтініш жасайды.
Банкроттық туралы Заңның 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот
мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:
борышқорды банкрот ден тану және конкурс жүргізу туралы шешім;
борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;
өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым;
іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.
Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем
қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман
алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес,
көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.
Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту
рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу
мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не
соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық,
ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-
экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды
айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады
және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзі
өтініш жасауы мүмкін және оның мүлкінің иесі (мемлекеттік кәсіпорынға
қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады. Оңалту рәсімін
жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жалпы
сомасының 50 пайызынан, сондай – ақ ақылы несие берушілер талаптарының
жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса, онда несие берушілердің келісімі
қажет. Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған басқарушы
жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату
конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы
тағайындалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан
аспауы керек.
Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған заңды
тұлға қызметінің тоқтатылуы Азаматтық кодекстің 56-57 баптарында
қарастырылған.

1.3. Заңды тұлғалардың түрлері

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру үшін мақсаты болып табылмайтын және алынған
таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық
емес ұйым деп танылады (Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 2-бабы).
Осындай саралау тұлғалар түрінің әрқайсысының ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым – заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей
ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық - құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебін жүргізеді;
4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді
коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге
болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни
бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға
пайдалануына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне
құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға
бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды,
себебі коммерциялық емес ұйым заң құжаттарында көзделген өзге де
нысандарында құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

1.Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына)
бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп аталады. Шаруашылық
серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық
кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді
құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10 шілдеде қабылданған Қазақстан
Республиасының Акционерлік қоғамдар туралы Заңымен және 1995 жылы 2
мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық
серіктестіктері туралы Заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Шаруашылық
серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің
құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін
(1), ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық
кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі
қарастырылыған:
1)толық серіктестік;
2)жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3)қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
4)сенім (командиттік) серіктестігі.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін
қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы
ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен
қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам
бір тұлғамен құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда
серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің
міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерлде үлеске бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары өздерінің серіктестік
міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап
беретін, ал бұл сомалар жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін
серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Сенім серіктестігі дегеніміз – серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе
одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне
өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп
қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге
асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің
әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп,
оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы - өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті
қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке
дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерге бақылау
органдары: қадағалау кеңесі және тексеру комиссиясы (тексеруші) құрылуы
мүмкін.
Акционерлік қоғам – дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат
тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз
акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша
өзіне тиесілі барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі
Заңды тұлғалар ұғымы
Дербес мүліктік жауапкершілік
Заңды тұлғаның құқық субъектілігі
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Мүлік салығын төлеушілермен салық салу объектілері
Заңды тұлға туралы
Заңды тұлғаларды қайта құру және мемлекеттік тіркеу.
Заңды тұлғаны құру тәсілдері
ҚР заңнамасы бойынша заңды тұлға
Пәндер