Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ3

  1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫӨзіндік жұмыстың анықтамасы 5Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар6Өзіндік жұмысқа оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың салыстырмалы сипаттары8
  2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТІ

2. 1 Оқушыларды өзіндік жұмыс жасауға үйрету жолдары9

2. 2 Оқушылардың өздігінше жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі15

ҚОРЫТЫНДЫ18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР19

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бүкіл әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алуы- үлкен және саяси мәні бар мәселе. Осыған байланысты егеменді еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдына жауапты да, абыройлы міндеттер қойылып отыр. Солардың бірі- оқушыға өз бетімен жұмыс істете отырып білім алудың қарапайым дағдыларын меңгерту, алған білімді біліктілік дәрежесіне көтеру.

Оқушыға өз бетімен жұмыс істетіп, дағдыны жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайларда өздігінен ойлау процестерінен өтеді.

Өздігінен білім алудың негізгі жолы - оқушыны таным процесіне үйрету. Олүшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істетуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі бір педагогикалық мақсат қоюдың рөлі мен мәні зор. Өйткені практикада оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды, оған өзі риза болады. Сондықтан оқушылардың танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне бірден-бір тікелей байланысты.

Педагогикада өздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындалатын жұмыстар жөнінде сөз қозғағанда, оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі- оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан әрі өрістету оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету, екіншісі- оқушылардың алған білімін өздігінен іс-жүзінде қолдана білуге баулу.

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан түрі: үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта өздерінің жолдастары берген жауаптытолықтыру, жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау, рефераттар жазу, кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемалар, альбомдар) жасау, экскурсия кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар: 1) білім алу және оны одан әрі тереңдету, 2) іскерлік пен машықтарды қолдануға бағытталған.

Зерттеу мақсаты : математика сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өзіндік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту.

Зерттеу пәні : бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарын үйретуде жүргізілген өзіндік жұмыстар және онымен жүргізілетін жұмыс кезеңдері.

Зерттеу объектісі : оқушылардың математика пәнінің ерекшеліктеріне және математика пәнінің бастауыш сыныпқа өзіндік жұмыс түрлеріне жүйесі.

Зерттеу болжамы : бастауыш сыныбында математиканы оқыту арқылы мұғалім оқушыларға өзіндік жұмыстың түрлерін беру, оқушылардың математикадан өзіндік жұмыстарды меңгеру және алған білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.

Оқу материалының мазмұнына, оның оқулықта баяндалуына, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа факторларға сәйкес дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстардың әр түрін немесе олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлауы тиіс. Оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және олардың ынтасынарттыруы шарт. Сондықтаноқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың тың материалдан тұруы, практикалық қолданыстары анық, зерттеу сипатында болғаны орынды.

Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда, зерттеушілердәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы- сыныптың жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша, оның сыныптан тыс және өздік жұмысында қамтиды. Аз зерттелген және өздік жұмысы оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты, өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы және өзіндік ұйымдасуы, өзіндік беті, өзін-өзі бақылауы және т. б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.

  1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік сұрақтары жеткілікті жан-жақты түсіндіруде оның психологиялық жағы оқуіс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастырку үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.

Біріншіден, мектеп оқушыларының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекетінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәніне, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.

Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік жұмыс- үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тапсырманы орындауы. Өзіндік жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандайда бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.

Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқуіс-әрекетінің өзгеше түрінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысымен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психологиялық тұрғыдан нені білдіреді?Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.

  1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Өзіндік жұмыстың ерекшелігін сыныптан тыс жұмыспен салыстыра отырып қарастырайық. Оның анықтамасын оқытудағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудыңнегізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші талап жұмыс материалының өзінің формаларының, процестерінің және материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушының осы процесте өз еркімен және белсенді араласуы, бұқаралық ұйымдастырудың формасы ретінде маңызды болып табылады.

, өзгешелік түрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әрқайсысымен салыстыра отырып, оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. Мысалы, нағыз өзіндік жұмыс өз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты «ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мүмкін. Ол оқушыда бір жаңа, белгісіз, өзі үшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген қажеттіліктер қалыптасқан кезде пайда болады, ал өз кезегінде, мұғалімнің жұмысының оларды осындай қажеттілік пайда болуына алғы шарт қалыптастыруға бағытталуын болжайды.

Басқаша айтқанда, осылайша түсінілген өзіндік жұмыс бейнесінің сыныптан тыс, үй жұмысынан ажырататын ерекшелігі: оның негізінде әрқашанда оқушы үшін жаңа материал, жаңа танымдық міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың екіншісі, сондай-ақ өзіндік жұмыстыңіс-әрекетінің өзгеше түрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бұл жерде тек ұйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің өзі, яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын тартымды болуы керек.

Оқушының өз еркімен, белсенді қатысуын талап етіп, пән аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты, оқу іс-әрекетінің түрі ретінде өзіндік жұмысқада қатысты. Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын бұқаралық талабы, яғни, оқушылардың мысалы, үйірмелерге, театр-студияларға қатысу сипаты өзіндік жұмыс үшін өзгеретіні көрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жұмысын ұсынумен алмастырылады. Бірнеше балалардың өзара ауыз бірлігі бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша, мұндай жұмыс ұжымдықта бола алады, мұның өзі оның пәндік тұлғалық жақтарынан нәтижелілігін арттырады.

Осылайша түсінілген өзіндік жұмыс- оқушының сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін даралық жоспар бойынша жұмыс формасы деп ұйғаруға болады.

  1. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА ОҚЫТУДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАРЫ

Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқытушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері сссааалыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандай да бір континум құрайтыны айқын, оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан -оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылудың жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін.

Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәріздіоқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағыеркіндікпен сипатталады. Атап өтетін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмыстың ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеу материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өздік жұмыс оқу іс-әрекетінің ерекшк түрі ретінде қарастыру келесі дамыта оқу принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өздік жұмысы- олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар, олардың осы іс-әрекет субъектісі ретінде тұлғалық дамуына ықпал етеді деп ұйғарылады.

Математиканы оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың бірі- оқушылардың таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.

Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілеті, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік жұмыстың әртүрлі жіктеулерін келтіруге болады:

  1. Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін, тексеретін, алынған білімді баян ететін және т. б.
  2. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын: мазмұны әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалатын.
  3. Білім материалдары бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабораториялық және графикалық жұмыстар.
  4. Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т. с. с.

Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстың 4 түрі қарастырылады. Олар мыналар:

  • Үлгі бойынша орындалатын;
  • Реконструктивті-вариативтік;
  • Жаңалық ашатын;
  • Шығармашылық;

Бірінші жұмысты орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттердіңжолын ұғынады. Тапсырмаларды нұсқаулар, белгілі бір формулалар мен теоремалар арқылы орындайды. Реконструктивті- вариативтік өзіндік жұмыс оқушының алған білімін қолдануға ынталандырады, сонымен қатар білімі тереңдей түседі. Тапсырмалар тек шешімнің жалпы принциптерін ғана көрсетеді. Мысалы, «1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? », «Әтеш бір аяқпен тұрса 2 кг, егер екі аяқпен тұрса неше кг?»

Шығармашылық өзіндік жұмыс оқушының математика пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқытушыға деген көзқарасын өзгертеді, математикалық ой-өрісін дамытады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолданғаны жөн:

  1. Өзіндік жұмыс барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы түсінуі керек.
  2. Оның орындалуы жайлы оқушыларға нұсқау беру керек.
  3. Жұмыстың орындалуын қадағалау керек.
  4. Өзіне-өзі талдау жасау, байқау.
  5. Оқушының жұмысын тексеру, қателерін анықтау.

Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі - олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатынтапсырмаларды орындау болып табылады.

  1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТІ

2. 1 ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

Оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өз бетіндік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өзіндік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Өзіндік жұмыстар ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет:

  1. Өзіндік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек;
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;
  3. Өзіндік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек;
  4. Әрбір өзіндік жұмыс тексеріледі және бағаланады;
  5. Өзіндік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Математика пәнін оқытуда өзіндік жұмысқа көп көңіл бөлу қажет. Әртүрлі жаттығулар орындау барысында математикалық түсініктер бекітіледі, есептеу дағдылары қалыптасады, геометриялық фигураларды сыза білуге, оқушының кеңістік жөніндегі көзқарасы дамиды, өз білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, топпен жұмыс барлық оқушымен болады.

Өзіндік жұмыстың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық және зертханалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.

Мен өз жұмысымда өзіндік жұмыстар өткізу үшін жасалатын әртүрлі карточкалармен тапсырмалар туралы сөз етпекпін.

Орташа оқитын оқушылар үшін үлгі карточкалар жаса3ймын.

  1. Мысалы: 4 сынып. «Тез есептеп үйрен »

( 490 7 5 + 10 ) 9 3 \frac{\left( \frac{490}{7}\ \bullet 5 + 10 \right) }{9 \bullet 3} ( 70 8 + 70 ) 9 3 7 \frac{(70 \bullet 8 + 70) }{9} \bullet \frac{3}{7} 280 7 4 2 3 6 \frac{280}{7} \bullet \frac{4}{2} \bullet \frac{3}{6}

Осындай үлгі- карточканы әр тақырып бойынша жасауға болады.

  1. Карточканың екінші түрі «шығаруды аяқта» деп аталады, жеке параққа есептің басын шығару, қалғанын оқушы аяқтайды.

Мысалы: 6 \ \ 6\ ц 20 кг+ 3 ц 80 кг = . . . ц 100 кг

2 м 4 дм 3 см + 3 м 5 дм 6 см= . . . м 9 дм 9 см

1000- 380= . . . 20

  1. Теңдеуді шешкенде, мысалдар шығарып, жауабын жазып, тек теңдіктің екі жағын өзіндік жұмыс ретінде беруге болады.

Мысалы: x : 9 = 187 x:9 = 187 x = 9 187 x = 9 \bullet 187

x = 1683 x = 1683\ 1683 : 9 = 187 187 = 187 1683:9 = 187\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ 187 = 187

  1. Тест жұмысын жүргізгенде, мен перфокартаны пайдаланамын, оның өлшемдері 20•\bullet13 N- тапсырмалар саны; a, b, c, d- жауаптар. Берілген нұсқаны тақтаға немесе плакатқа жазамыз. Көбінесе, бір нұсқада орындаған қолайлы. Перфокартаның сыртын целофанға жазады, тапсырма орындап болғаннан кейін, өшіріп тастаймыз. Сонда перфокарта келесі өзіндік жұмысқа дайын болады. Жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін мұғалімде жауабы жазылған бір перфокарта болады. Немесе барлық тапсырмалардың жауаптары бір бағанда болса, мұғалімге тексеру жеңіл болады.
N
a
b
c
d
N: 1
a:
b: +
c:
d:
N: 2
a:
b: +
c:
d:
N: 3
a:
b: +
c:
d:

b- жауаптары дұрыс.

  1. Сәйкестік тест жүргізгенде, әр оқушыға жеке карточка жасап таратылады. Немесе жалпы сыныпқа арналған, тақтаға ілу үшін бір плакат жасалады. Онда оқушыларға жалпы тапсырма беріледі, ауызша мысалдар шығарылады.
  2. Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беріледі, оқушы өз қатесін тауып алады. Өзіндік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.
  3. Бұл жеке, топтық немесе түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі. Топтық болғанда 4 оқушы бір топ, немесе 3 қатар болса, 3 топ деп алып, әр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Әр топтың бір басшысыболады - үлгерімі жақсы оқушы. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектесіп отырады. 2 топ бойынша өзіндік жұмыс істегенде, әр топ келесі топқа өз сұрақтарын кезектесіп қояды. Мұнда оқушылар үйде өз бетімен сұрақтар, карточкалар, плакаттар, суреттер, сөзжұмбақтар дайындап әкеледі. Сұрақтардың жауабын өздері біліп, дәптерге не бір параққа жазып қояды.
  4. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады. «Қызықты есептер», «Логикалық есептер» деген реферат жасату т. с. с өзіндік жұмыс жүргізуге болады.
  5. Тақтада мынадай өзіндік жұмыс өткізуге болады. Екі оқушыны тақтаға шығарып, бір тапсырма беру, кім дұрыс әрі тез шығарады.

Мысалы: сан қатарын әрі қарай жалғастыр-

  1. 1, 3, 7. 13, 21, 31, . . . 2) 3, 4, 7, 12, 19, 28, . . .
  1. Өзіндік жұмыс жасауға үйрету жолдарының бірі - әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай білуі. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жасау әр оқушымен жеке жұмыс істеуге көмектеседі.

М. М. Жанпейісованың технологиясы бойынша әр түрлі деңгейдегі карточкалар дайындап, сабақтарда қолдануға болады, « »- белгісі бар карточка «3» дген баға, « »- белгісі «4», « »- белгісі «5» деген бағаны білдіреді. Егер оқушыны осы тапсырманы орындаса, сәйкес бағасын алады. Немесе «сары» - «3», «жасыл» - «4», «көк» - «5» деген карточкалар жасалады.

1- деңгей сұрақтары едәуір күрделі шығармашылық сипатта болады;

2- деңгей сұрақтары ақпаратты талдай білуді талап етеді;

3- деңгей сұрақтары тақырып бойынша негізгі ұғымдарды біліп, жеткізе алу.

Бұрыш - геометриялық фигура; бұрыштың белгіленуі, беттестіру арқылы бұрыштарды салыстыру, бұрыштардың теңдігі, бұрыштың төбесінен жүргізілген сәуле, бұрышты қақ бөлетін сәуле, бұрыштың биссектрисасы. Оқулықта келтірілген материалдарды немесе тарихи мағлұматтарды пайдаланып, математикалық шығарма немесе мазмұндама жаздырудың орны ерекше. Мәселен, 4сыныпта «Жай сандар», «Табиғаттағы симметриялар» тақырыптары бойынша шығарма жаздыруға әбден болады.

Оқулықпен жұмыс істеген кезде олардың оқушыларды кітаптың мазмұнынымен және атау көрсеткішімен таныстырудың зор мәні бар. Бұл үшін ең алдымен оқулықтағы қажетті материалды көрсетуді оқушылардан талап ететіндей жағдайды әдейі туғызады. Мәселен, «Теңдеу мен теңсіздік» тақырыбын өткен соң оқушыларға «теңдеу дегеніміз не?» деген сұрақ қойылады. Бұл сұраққа жауап бере алмағандарға оқулықтың мазмұнынан «Теңдеу» тақырыбын тауып, теңдеу деп қандай өрнекті айтатынын оқып шығуды ұсынады. Кітап оқығанда суреттермен, таблицалармен немесе графиктермен жұмыс істеудің рөлі ерекше. Олар көп ретте есептің шешуін оқушылардың өздігінен табуына және теориялық есептерден қолданымды есептерге көшуге көмектеседі. Ұғымдарды дұрыс меңгеріп, түсіну үшін оқушылар әрдайым сөздіктерден, анықтамалықтардан қажетті терминдердің мән-мағынасын өздігінен іздеп табуға машықтану керек.

Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ерекше икемі бар оқушыларға әртүрлі тақырыпқа творчестволық тапсырмалар беріп, зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда, баяндама немесе рефераттар жазғанда ерекше қамқорлық көрсетудің орны бөлек. Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға байланысты оқу жоспарымен анықталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі - творчестволық жұмыс.

Оқушылардың творчестволық қызметінің дамуына мәліметтері құбылмалы тапсырмалар дербестікті, ізденуді талап ететін творчестволық- танымдық қызметінің элементтерін қамтиды. Мәселен, 4 сыныптың оқушыларынан творчестволық қызметті талап ететін мына есепті қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту
Оқушының өздігінен орындайтын және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz