Құрама есептермен жұмыс



ЖОСПАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 бет
1. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 5 бет
1. 2 ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 . 10 бет
1. 3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11. 12 бет
1.4 ЖАЙ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 . 14 бет
2. ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС
2.1 ҚҰРАМА ЕСЕП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... 15 . 17 бет
2.2 ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДАҒЫ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ...18 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20 бет
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі . Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Құрама есептерді шығару – математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты: оқу процесінде оқушылардың құрама есептерді шығарудағы шеберліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу.
Зерттеудің міндеті: Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектепте құрама есептерді шығару барысында есеп мазмұнына талдау жүргізе отырып, алдымен есептің шешіміне жеткізетін шығару тәсілінің негізгі идеясы қарастырылса, онда оқушылардың математика есептерін шығару біліктіліктерін жоғары дәрежеде қалыптастыруға болады, себебі бұл жағдайда оқушылардың есеп мазмұнын түсінуі мен оны шығарудағы іс- әрекетінің сапасы артады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абдрахманова К. Төменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері // Бастауыш мектеп. – 1989. - №9. - 10-12 бет.
2. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1978. - 125 бет.
3. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1981. - 145 бет.
4. Делман И.Я. Матаматиканың логикалық бет ашары. - Алматы, 1970. – 265 б.
5. Елубаев Е. Есепті қалай шығару керек. - Алматы: Мектеп, 1984. - 260 бет.
6. Т. Оспанов, Ш.Құрманалина, С.Құрманалина Бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2003.
7. Оспанов Т.Қ. Математика. Оқу құралы. – А., 2000.
8. Стойлова Л.П. Математика. Учебное пособие для студентов педвузов. – М., 2000
9. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 2-сынып.
Алматыкітап баспасы 2009 ж.
10. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 4-сынып, Алматыкітап баспасы 2009 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет
1. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..4 - 6 бет
1. 2 ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 - 11 бет
1. 3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12- 13 бет
1.4 ЖАЙ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .14 - 15 бет
2. ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС
2.1 ҚҰРАМА ЕСЕП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... 16 - 18 бет
2.2 ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДАҒЫ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ...19 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21 бет
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік - дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі . Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Құрама есептерді шығару - математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты: оқу процесінде оқушылардың құрама есептерді шығарудағы шеберліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу.
Зерттеудің міндеті: Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектепте құрама есептерді шығару барысында есеп мазмұнына талдау жүргізе отырып, алдымен есептің шешіміне жеткізетін шығару тәсілінің негізгі идеясы қарастырылса, онда оқушылардың математика есептерін шығару біліктіліктерін жоғары дәрежеде қалыптастыруға болады, себебі бұл жағдайда оқушылардың есеп мазмұнын түсінуі мен оны шығарудағы іс- әрекетінің сапасы артады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Есеп дегеніміз мынандай мәнді белгілері бар математикалық жаттығудың ерекше түрі:
1. Есеп мәтінмен беріледі;
2. Сол мәтінде өмірдегі нақты жағдаят сипатталалы;
3. Есептің сұрағы болады;
4. Сол сұраққа жауап беру үшін арифметикалық амал орындалады;
Есептің екі түрі болады

ЖАЙ ЕСЕП ҚҰРАМА ЕСЕП
Математиканың бастауыш курсында мазмұнды есептердің алатын орны ерекше. Есепті шығару барысында оқушылар математикалық жаңа білімдерді игеріп, практикалық іс-әрекетке дайындалады. Мұндай есептер олардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға үлкен әсер етеді.
Сонымен қатар, мазмұнды есептерді шығарудың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында да тәрбиелік маңызы зор. Сондықтан мұғалімнің мазмұндық есептер туралы, оның құрылы-мы туралы кең түсігі болуы, ондай есеп-терді әр түрлі тәсілмен шеше алуы керек.
Мазмұнды есеп қандай да бір ситуацияның кәдімгі тілмен осы ситуацияның бір компонетінің сандық сипаттамасын беруді талап етіп, оның компонеттерінің арасында қандай да бір қатысының бар жоқтығын тауып немесе қатынасының түрін анықтап баяндау.
Кез - келген мазмұнды есеп екі бөлімнен тұрады: Шарты және талабы.
Есептің шартында объект және оның кейбір мәндері, объектіні сипаттайтын белгілер, осы шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, олардың арасындағы қатыстар жөнінде айтылады.
Есептің талабы-нені табу керек екендігін көрсету. Ол бұйрықты немесе сұраулы сөйлем түрінде көрсетіледі.
Есепті шешу-бұл есепте берілген айқын және жанама сандардың, шамалармен, олардың арасындағы қатыс-тарымен логикалық дұрыс тізбектелген амалдар мен операциялар арқылы есептің талабын орындау.
Есептерді шығарумен таныстыру. Алдын ала дайындық жұмысын жүргізген соң балаларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарумен таныстыруға көшуге болады. Есептер шығаруға үйретудің екінші кезеңінде есептермен жұмыс істеу методикасында мына кезеңдердің тәртібін сақтаған жөн.
І кезең - есептің мазмұнымен таныстыру;
ІІ кезең - есептің шешуін іздеу;
ІІІ кезең - есепті шешу;
IV кезең - есептің шешуін тексеру.
Бұл бөліп көрсетіп отырылған кезеңдер өзара тығыз байланысты, әр кезеңдегі жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Әр кезеңдегі жұмыс методикасын толығырақ қарас-тырамыз.
1) Есептің мазмұнымен таныстыру: есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз - оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуа-цияларын көз алдына келтіру. Есепті, әдетте, оқушылар оқиды. Мұғалім есепті тек балаларда есептің тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқи білудің маңызы зор: сан мәндерді және амалды таңдап алуға қажетті сөздерді, мысалы, бар еді, кетіп қалды, қалды, бірдей болды т.с.с. сөздерді баса айту, есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту. Егер есептің тексінде түсініксіз сөздер кездессе, онда оларды түсіндіру керек немесе, есепте айтылатын нәрселердің мысалы: бульдозер, шөп шапқыш машина т.с.с. суреттерін көрсету керек. Есепті балалар бір-екі рет, кейде одан көп оқып шығады, бірақ біртіндеп оларды есепті бір оқығанда есте сақтап қалатындай етіп үйрету керек, өйткені бұлай еткенде олар бірден зейін қоя оқитын болады. Есепті оқи отырып оқушылар есепте айтылған мәселелерді өмірде қалай болатынын көз алдарына келтіре білулері тиіс. Осы мақсатпен оқып болған соң есепте айтылғанды көз алдарына келтіріп, оны қалай көз алдарына келтіргендерін айтып берулерін (сөзбен айтып түсіндірулерін) ұсыну керек.
2) Есептің шешуін іздестіру: есептің мазмұнымен танысқаннан кейін оның шешуін іздестіруге кірісуге болады: оқушылар есепке кірістірілген шамаларды, берілген сандармен ізделінді сандарды айқындау білуі тиіс, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалардың арасындағы байланысты тағайындауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс. Жаңа түрдегі есепті енгізгенде оның шешуін табу жұмысына мұғалім басшылық жасайды, сонан кейін мұны оқушылар өздігінен орындайды. Екі жағдайда да балалардың шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайын-дайтын арнайы әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге есептерді иллюстрациялау, есептерді қайталау, есепті шыға-ру жоспарын талдау және оны құру жатады.
Осы әдістердің әрқайсысын қарастырамыз.
Есепті иллюстрациялау - есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай-ақ олардың арасындағы байла-нысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану. Иллюстрация нәрсе түрінде немесе схема түрінде болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдалануы мүмкін; солардың көмегімен заттардың тиісті амалдары иллюс-трацияланады.
Мысалы, мына есепті иллюстрациялау керек: Балалар төбешіктен төмен қарай сырғанап ойнап жүр. Олардан 5 қыз бала, 2 ер бала үйлеріне кетіп қалды. Барлығы қанша бала үйлеріне кетті?. Бұл жағдайда иллюстрация ретінде балалардың өздерін пайдаланған дұрыс: тақта алдына төбешіктен сырғанап жүрген балаларды кескіндейтін бір топ оқушыны шақырып алып, олардың үйге кеткендерін көрсетуге болады, демек, 5 қызды бір шетке шығарып қояды, содан кейін 2 ер бала үйлеріне кетеді (қыздарға барып қосылады). Сонымен жиындардың бірігуі иллюстрацияланады, сонда балалар кетті делінетін болса да есеп қосу амалымен шығарылатын оқушыларға белгілі болады (оқушылар бұл етістікті әдетте азайту амалына байланысты қолданады). Заттардың өзінен де гөрі көбіне олардың суреті немесе басқа заттар пайдаланылады .

1. 2 ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Бастауыш мектепте оқушылар алғаш рет 1-сыныптағы Нөмірлеу такырыбында есеп терминімен және оның құрама бөліктерімен, сондай-ақ есепті шешу процесінің негізгі кезеңдерімен таныстырылады. Басты мақсаты -- есеп терминін енгізу, есептің құрама бөліктерімен (шарты, сұрағы), оны талдау және шешудің негізгі кезеңдерімен (есепте не белгілі, не белгісіз, белгісізді қалай табады, шешуін жазу, есеп сұрағына жауап беру) таныстырып, оны шығару барысында орындалатын іс-әрекеттің үлгісін көрсету. Мұнда оқушылар назарын есептің мәнді ерекшелігіне аударған жөн. Ол есеп тексін мұғалімнің хабарлауынан кейін, оның құрама бөліктерін, яғни шарты мен сұрағын бөліп көрсетіп, сұраққа жауап беру үшін қандай да бір арифметикалық амалды орындаудың кажеттігін окушылардың сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін мұғалім тақта алдына бір оқушыны шақырып алады да оның қолына қағаз жәшікті ұстатады. Дананың қолындағы жәшікте 4 кітап бар еді (кітаптарды көрсетеді) -- оны біз білеміз. Мен оған тағы 2 кітап беремін (көрсетеді). Дана бұл кітаптарды да жәшікке салды -- мұны да біз білеміз. Жәшіктегі кітаптар нешеу болды? Бұл жөнінде әлі ешнәрсе айтылған жоқ, бұл белгісіз. Балалар, біз есеп құрастырдық. Есепте не белгілі, не белгісіз екенін айыра отырып, оны қайталап шығайық: Мұғалім: Бізге не белгілі?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап болғаны және мұғалім тағы 2 кітап бергені (сәйкес цифрлы карточка көрсетіледі немесе қалталы полотноның бір қатарына қойылады).
Мұғалім: Есепте нелер белгілі болса, ол -- есептің шарты (оны оқушылар қайталап айтады).
Мұғалім: Есепте не сұральш отыр?
Оқушы: Жәшіктегі барлық кітап нешеу болды?
Мұғалім: Бұл -- есептің сұрағы, ал сұрақсыз есеп болмайды. Сонымен есептің шарты мен сұрағы болады. Енді есептің сұрағына жауап беру керек.
Мұғалім: Балалар жәшікте канша кітап бар еді? (Оқушылар зат пен санды сәйкестендіреді): 4 кітап -- 4 саны.
Мұғалім: Не өзгерді?
Оқушы: Жәшікте 4 кітап бар еді, оған тағы 2 кітап салынды, яғни жәшікте 4 және тағы 2 кітап болды.
Мұғалім: Оны қалай жазып көрсетуге болады?
Оқушы: 4 + 2 (кеспе цифрлар мен қосу амалының таңбасы арқылы құрылатын мысалды әр оқушы өзіндегі материалдарды пайдаланып өздері құрастырады, ал мұғалім оны қалталы полотнода көрсетеді). Оқушылар үйренген есептеу тәсілін қолданып нәтижені табады. Мүғалім балалардың назарын 4 + 2 = 6 жазуына аударады да бұл -- есеп шешуінің жазылуы дейді.
Мұғалім: Жәшіктегі кітаптар нешеу болды?
Оқушы: Жәшікте 6 кітап болды.
Мұғалім: Бұл -- есеп сұрағының жауабы. Сонымен, жәшікте барлығы 6 кітап болды, яғни біз есеп сұрағына жауап бердік -- есепті шығардық.

Енді бұл есептің қысқаша жазылуын көрсетейік:
Шарты: Шешуі:
Болды :- 4 к 4+2=6
Берді:- 2 к
Барлығы:-?к Жауабы: 6 кітап болды.
Осыған ұқсас, сұрағына жауап беру үшін азайту амалын қолдану қажет болатын, Сананың қолындағы жәшікте 6 кітап бар еді, Ол 2 кітапты Данаға берді. Санада неше кітап қалды? есебі мұғалім басшылығымен, окушылардың қатысуымен шығарылады.
Есепті (қосындыны, немесе қалдықты табу) осылайша шығару оның құрама бөліктерін және оны шығару процесін оқушыларға алғаш таныстырудағы тиімді методикалық тәсіл. Осыдан кейін оқулықтағы бір ғана сурет бойынша бір есеп, ал кейінірек қосынды мен қалдықты табу керек болатын екі есеп құрастырылады және шығарылады. Сонда амалды таңдап алуды жеңілдететін тәсіл ретінде әр түсті дөңгелектер және көрнекіліктің басқа да түрлері пайдаланылады.
Есептің құрылысы және оны шешу процесі жайындағы оқушылар түсінігін тиянақтай түсу мақсатында әр түрлі методикалық тәсілдер колданылады.
а) Бір оқушы есеп шартын айтады, екіншісі сұрғын қайталайды, үшіншісі есептің қандай амалмен шығарылатынын негіздеп береді, келесі оқушы шешуін жазады, ал соңғысы есеп сұрағының жауабын тұжырымдап береді, яғни пысықтау және қайталау рольдер бойынша орындалады.
ә) Есеп тексін мұқият тыңдауға оқушыларды үйрету жүзеге асырылады, ол үшін текст оқылысымен, іштен, не белгілі, не белгісіз екенін қайталап отыруға, есеп сұрағына жауап беру үшін не істеу керектігін, мұғалімнің қосымша сұрақ қоюын тоспай-ақ, өзі ойланып отыруға оқушыларды баулу.
б) Есепті шешу процесінің әр кезеңіне сай негіздеулер мен түсіндірмелер келтіруге оқушыларды үйрету мақсатында мұғалім тапсырманы тұжырымдап береді, ал балалар оны орындайды.
в) Қалталы полотно, кеспе цифрлар, амалдар мен теңдік таңбаларын пайдаланып, орындалған іс-әрекеттің нәтижесін көрнекі түрде көрсетіп беру арқылы есеп шешуін жазудың үлгісімен оқушыларды таныстыру.
г) Есептің құрама бөліктерін және оны шешудің негізгі кезеңдерін жеке-жеке бөліп көрсетуге оқушыларды машықтандыратын сигналдық карточкаларды қолдану. Жоғарыда қарастырылған екі есеп бойынша құрылатын сигналдық-карточкадағы мәліметтер есепті оқу және оны шығару барысында біртіндеп мынадай таблица түрінде жазылады:
4 2 ? 6 2 ?
4+2=6 6 -- 2=4
6 4
шарты шарты
сұрағы сұрағы
шешуі шешуі
жауабы жауабы
д) Есеп тексін оқу машығы қалыптасқан кезде жай есепті шығаруда басшылыққа алатын нұсқаулар жазылған ескертпені қолдану. Ол ескертпеде есепті шығарудың негізгі кезеңдері ерекше көрсетіледі:
1. Есептің тексін мұкият оқып шық.
2. Есепте не берілгенін анықта, яғни есеп шартын есіңе түсір.
3. Есепте не белгісіз екенін анықта, яғни есептің сұрағын есіңе түсір.
4. Есепті шығару үшін қандай амал қолдану керектігін негіздеп және түсіндіріп бер.
5. Есепті шығар да оның шешуін жаз.
6. Есеп сұрағының жауабын бер.
7. Есептің дұрыс шығарылғандығын тексер.
е) Берілген сұрақ (мысалы, Екі қораптың ішінде қанша қарындаш бар?, Екі конверттің ішінде неше открытка бар?) бойынша есеп шартын құрастыру немесе берілген шарты бойынша есеп сұрағын тұжырымдау сияқты жаттығулар қарастыру.
ж) Есепке сәйкес жазуды орындауға оқушыларды біртіндеп үйрету.
Ол үшін есеп мазмұнын баяндау кезінде мұғалім заттарды, суреттерді, санақ материалдарын сәйкес жазуларда (берілгені, сұрағы, шешуі) қолданады, ал оқушылар өзгерістерді, тәуелділіктерді, байланыстарды байқайды. Осы мақсатта объектілерді санақ материалымен алмастырады, заттар тобын біріктіреді немесе топтан оның біраз бөлігін алып тастайды, ал берілгендерді және белгісізді, өзгерістерді цифрлар, амал таңбалары жазылған карточкалар арқылы жазып көрсетеді. Оқушылар бұған машықтанғанда есепке қысқаша жазулар орындауға, суреттер салуға, таблица мен схемалар жасауға да болады. Бұл кезде есептің шарты мен сұрағы, шешуі мен жауабы және оны шығару үшін қажетті амалды іріктеп алу бір-бірінен ажыратыла, дербес қарастырылады.
з) Қажетіне қарай, артық немесе жетпей тұрған мәліметтері болатын, сондай-ақ шарты мен сұрағының арасында сәйкеспеушілік, тіпті қайшылық кездесетін есептердің де қарастырылуы мүмкін.
Міне, осындай жұмыстардың арқасында есептің құрама бөліктері жайында оқушылар бастама түсінік алып, оны шешудің кезеңдеріне сай орындалатын қарапайым іс-әрекеттерді жүргізуді үйренеді. Бұлар есеп шығара білу іскерлігін қалыптастырудың бастамасы іспеттес, олар әрі қарай жай есептерді шығару барысында жетіле, шыңдала түседі..
Есеп және оның құрама бөліктерімен оқушыларды айқын түрде таныстыруға дейінгі уақытты дайындық кезеңі деп айтуға болады. Мұнда арифметикалық есеп арнайы оқытылып үйретілмейді. Бірақ, мазмұнды суреттер ретінде ұсынылатын жай есептер 10 көлеміндегі әр бір санмен таныстырып, оларды 1-ді қосу және 1-ге азайту арқылы шығарып аларда көрнекі құрал сипатында пайдаланылады. Сондай-ақ басқа да материалдарды қарастыру барысында есеп шығару іскерлігінің құрамына енетін көптеген мәселелерді дайындық деңгейінде беруге болады. Соған бірнеше мысалдар келтірейік.
Заттарды санау және оларды салыстыру (түсі, өлшемі, пішіні немесе бірнеше мәнді белгілеріне қарай) кезінеде оқушылар сурет бойынша қанша?, неше?, нешеу? деген сұрақтарды қоюға жаттығады және бірдей, үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа т.с.с. ұғымдар жайында түсінік алды, сондай-ақ әрбір заттың өзіне тән мәнді белгіні анықтауға үйренеді. Әрі қарай заттар тобын салыстыру барысында қанша болса, сонша сөз тіркесінің мән-мазмұнын түсінеді, артық-кем ұғымы туралы түсінікті қабылдайды. Әрине, осы кезде-ақ көрнекіліктің нақты және кейбір абстракті түрлері қолданыла бастайды. Мысалы: а) тақта алдында үш оқушы шақырылады;
ә) әрбір оқушыға бір-бірден санау шыбықтары үлестіріліп беріледі;
б) оқушылар мен шыбықтар салыстырылады; в) қорытынды жасалады, яғни біз оқушы-санақ шыбығы жұптарын құрдық: оқушылар қанша болса, шыбықтар да сонша;
в) қалталы полотноның бір қатарына үш дөңгелек, ал екінші қатарына үш квадрат қойылады да, сәйкес қорытынды жасалады.
Сонымен бірге практикалық жұмыстар орындау кезінде оқушылар жұптар құрудың әр түрлі, айталық, әр топтағы заттарды бірінің астына бірін дәл келтіріп екі қатарға орналастыру, бір топтағы заттардың үстіне екінші топтың сәйкес затын қою, заттардың сәйкес жұптарын сызықтармен қосу, әр топтан бір-бірден зат алып кету сияқты тәсілдермен танысады. Осы кезеңде өте жиі қарастырылатын қосарланған суреттер қанша болған еді?, не өзгерді?, енді қанша болды? сұрақтарының жауабын табуға үйретеді. Ал сәйкес суреттер бойынша берілетін жазулар есепті шығару үшін сандарға арифметикалық амалдар қолдану қажеттігін аңғартуға, есеп шешуін жазу үлгісін енгізуге дайындық болып табылады.
Дайындық кезеңінің соңын ала есепті айқын түрде енгізудің берік негізі қалануы тиіс. Ол кезең материалдарын оқып үйренудің нәтижесінде ғана есептің құрама бөліктерімен, оны талдау, шешудің негізгі кезеңдерімен оқушыларды таныстыру мүмкін болады.
Есептің шығару жолдары. Оқушылардың ойлау әрекетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
1-4сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамытуда мазмунды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады; Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын - арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады. Мазмұнды есептерді шығарудың арифметикалық және алгебралық тәсілдері өзара байланысты, өйткені мазмұнды есептерді алгебарлық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істелудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есептегі шығарудың арифметикалық тәсілінен алгебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі деген сөз.
Мазмұнды есептерді шығара білу оқушылардың іс-әрекеттерінің тәсілдер жүйесін меңгеруден тұрады және бірнеше кезеңде қалыптасады:
1. Мазмұнды есеппен таныстыру, жәй мазмұнды есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалытастыру.
2. Құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрама мазмұнды есептерді арифметикалык тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
3. Жай мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.
4. Құрама мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру. Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды, өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады. Есептегі құраушылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі, ол байланыстардың сипаты күрделене түседі, мазмұнды есепті шешудің сандық аясы кеңиді. Есеппен жұмыс істеу үшін қалыптастырылған тәсілдер өздерінің мазмұнын жаңартады, жаңа жағдайда қолданылады, жаңа тәсілдер тудыра отырып, бірімен-бірі сабақтасады.
Математикалық мазмұңды есептер шығару кезінде оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсіддерін қалыптастыру жұмыстарын жүргізу орынды. Ол үшін есепті талдаудың мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:
1. Есептің мәтінін оқып талдау. Бұл кезеңнің мақсаты -- есепте баяндалған жағдайлармен танысу және оны терең ұғыну, оның нысанды жақтары мен объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.
2. Есептің мәтінін математикалық тілге көшіру. Бұл кезенде есептің объектілері үшін шартгы белгілер алынып, олардың арасындағы байланыстарға математикалық, графиктік интерпретация беру-шешу моделін құру.
3. Модельмен жұмыс істеу. Егер есеп жәй болса құрылған модельмен есепті шығаруға болады, онда үшінші кезеңнің қажеттілігі болмайды. Құрама есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады. Талдау барысында құрылған модель талданады және жетпейтін немесе артық элементтер анықталады, модель жетілдіріледі немесе қайта құрылады да осылардың нәтижесінде есепті шығару жоспары жасалады.
1-4-сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеруі үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға болады:
1) Есептегі нақты мысалдарды (заттарды) оның моделімен ауыстыру.
2) Есептің объектілерінің арасындағы байланыстарды таңбалар арқылы бейнелеу.
3) Дайын графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру.
4) Графиктік модель бойынша есепті құру.
Бастауыш сынып оқушыларының мазмұнды есепті талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыныптарда бұл іскерліктерді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде пайдалануға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерлістерін қалыптастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару
ЕСЕПТЕРДІ ӘРТҮРЛІ ТӘСІЛДЕРМЕН ШЫҒАРУ
Оқушыларға құрама есептерді шығаруға үйретудің тәсілдері
Бастауыш математика курсындағы құрама есептер
Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді шығаруға үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыру
Қозғалыс есептерін шешуді үйретудің әдістемелік ерекшеліктері
Алгебралық материалды оқыту әдістемесі
Оқушылардың математикалық білімдерін бақылау және бағалау құралы
Арифметикалық амалдарды жазбаша орындау тәсілдері
Пәндер