Селен топшасы элементтері (селен теллур полоний)


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Селен топшасына жалпы сипаттама . . . 4
- Селен, теллур және полонийдің оттекті қосылыстары . . . 8
- Селен, теллур және полонийдің бинарлы қосылыстары . . . 13
- Селен, теллур (IV) және селен, теллур (VI) қосылыстары . . . 19
Қолданылған әдебиеттер . . . 23
Кіріспе
Соңғы жылдардағы химия, металлургия, машина жасау, радиоэлектроника, авиа- және автомобиль жасау, атом өнеркәсібі және басқа да қазіргі кезең салаларындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері сирек элементтер негізіндегі материалдардың табысты қолданылуына айтарлықтай байланысты.
Қазіргі анорганикалық химия мен технологияның ең ірі және практикалық тұрғыдан маңызды бөлімдерінің бірі Д. И. Менделеевтің периодтық системасында 50-ге жуық элементті құрайтын сирек және шашыраңқы элементтер - оның ішінде селен, теллур және полоний химиясы мен технологиясы болып табылады.
- Селен топшасына жалпы сипаттама
Селен және теллур оттек, күкірт, полониймен бірге VI топтың негізгі топшасын құрайды. Олардың электрондық формулалары:
34 Se - [Ar] 3d 10 4s 2 4p 4 ,
52 Te - [Kr] 4d 10 5s 2 5p 4 ,
- [Xe]
Күкірт сияқты, Se және Те тотығу дәрежелері -2, +4 және +6; Se(IV) және Те(IV) қосылыстары көбірек тұрақты. S(IV) қосылыстарынан өзгеше, олар гөрі тотықтырғыштық қасиетті көбірек көрсетеді. Se(IV) және Те(IV) -тің Se(VI) және Te(VI) -ға түрленуі тек күшті тотықтырғыштардың әсерімен ғана мүмкін. Сол сияқты Те(II) және азырақ мөлшерде Se(II) қосылыстары белгілі; әсіресе Te (II) комплексті қосылыстар тән.
Екі бөлінбеген электрон жұбы коваленттік байланыс түзілуін, дербес жағдайда аттас атомдармен, тудырады, ол өз кезегінде сақиналы немесе тізбекті молекулалар түзуге және көптеген аллотропиялық модификацияларының өмір сүруіне әкеледі. Селен және теллур - шашыраңқы элементтер.
1782 жылы Мюллер Зибенбюрген алтын кенінде жаңа металл бар екендігін болжаса, одан 16 жыл өткенде Клапрот оны металл деп бөліп алып, теллур (латынның «теллус» - жер) деп атады. 1817 жылы Берцелиус күкірт қышқыл зауытының қорғасын камераларындағы шламды зерттегенде, теллурға ұқсас, жаңа элементті бөліп алды және оны селен (грекше - ай) деп атады. Оларды өнеркәсіптік өндіру 1910 жылдан басталды.
Табиғи селен - алты изотоптың қоспасы: 74 Sе- 82 Sе, оның ішінде көбірек тарағандары - 78 Sе (23, 52%) және 80 Sе (49, 82%) . Теллурда сегіз изотоп: 120 Те- 130 Те, көбірек тарағандары - 128 Те (31, 75%) және 130 Те (34, 27%) .
Селен және теллурдың кейбір физикалық қасиеттері (тор параметрлері, балқу жылуы және т. б. гексагональді модификацияларына қатысты) :
Иондық радиус, нм Э 2-
Э 4+
Э 6+
Температура, : балқу
қайнау
1817
Берцелиус
1782
Клапрот
1898
Кюри
Селеннің атмосфералық қысымда өмір сүретін кемінде бес модификациясы белгілі, теллурда - біреу. Селеннің әр түрлі модификацияларындағы атомдар ассоциациясы полиатомды сақина немесе шексіз спиральді тізбек түрінде болады; теллурда тек екінші түрі табылған. Селеннің тек гексагональді модификациясы ғана тұрақты, қалғандарының барлығы да кезкелген жағдайда тұрақсыз.
Селен модификациялары : аморфты (қызыл), шыны-тәріздес (қара), қызыл моноклинді, сұр гексагональді, сұйық.
Сұр гексагональді селен (кейде дұрыс болмаса да металдық деп айтылатын) селеннің басқа түрлерінен оларды ұзақ қыздырғанда, балқытылған селенді баяу салқындатқанда, оның буларын балқу температурасына жақын температурада конденсациялағанда алынады. Оның құрылымы бір-біріне параллель орналасқан шексіз спиральді тізбектерден құралған. Селеннің тек осы түрі ғана күкірткөміртекте ерімейді. Жалғыз осы ғана жартылай өткізгіш (қалғандары - изоляторлар) . Селеннің электрөткізгіштігі жарыққа (жарықта шамамен 1000 есе ұлғаяды) және қысымға өте сезгіш. Оның электрлік қасиеттері анизотропиялы: өткізгіштігі және тоқ тасымалдаушылардың қозғалғыштығы перпендикуляр бағытқа қарағанда тізбектер бағыты бойынша 5 есе үлкен.
Теллур - металдық жарқылы бар күміс тәріздес ақ зат, жұқа қабаттары сәуледе қызыл - қоңыр. Гексагональді сингонияда кристалданады. Құрылымы селеннің гексагональді модификациясына ұқсас. Теллур қышқылын салқында тотықсыздандырып жұқа қара ұнтақ түрінде алынған аморфты теллур гексагональді теллурдың өте ұсақ кристалдарынан тұрады. Селен сияқты ол жартылай өткізгіш, бірақ оның өткізгіштігі жарықтан іс жүзінде тәуелсіз. Күкірткөміртекте ерімейді.
Химиялық қасиеттері. Элементар селен және одан азырақ дәрежеде теллур химиялық өте активті, әсіресе аморфты және ұсақ дисперсті түрлері. Ауада немесе оттегінде қыздырғанда жанып, диоксидтер түзеді. Селеннің жалыны көгілдір, теллурдыкі - жасыл жиекті көгілдір. Фтор, хлор және броммен бөлме температурасында әрекеттеседі. Теллур йодпен қыздырғанда әрекеттеседі; селен йодпен балқытылады, бірақ иодидтер түзілмейді. 200 0 -тан жоғары селен селенсутек түзе отырып сутекпен әрекеттеседі; теллурмен бұл реакция жоғарырақ температурада және аз шығыммен жүреді. Жоғары температурада екеуі де көптеген металдармен қосылыстар түзеді.
Бөлме температурасында сумен іс жүзінде әрекеттеспейді. Селенді сумен қыздырғанда аздаған дәрежеде қайтымды гидролиз жүреді:
3Se + 3H 2 О2Н 2 Se + Н 2 SeO 3
Кристалдық теллур сумен 100 0 -тан жоғары температурада әрекеттеседі (жаңа тұндырылған «аморфты» - 50 0 -та) . Сілтілердің концентрленген ерітінділерін қыздырғанда селен мен теллурды ерітеді:
3Te + 6KOH 2K 2 Te + K 2 TeO 3 + 3H 2 O
Оттегі қатысуында полиселенидтер түзілетіндіктен селен сілтімен қызыл-қоңыр ерітінділер береді:
7Se + 4NaOH + О = Na 2 Se 6 + Na 2 SeO 3 + 2H 2 О
Тұз және сұйылтылған күкірт қышқылдары селен мен теллурға әсер етпейді. Концентрленген Н 2 SO 4 оларды салқында ерітеді - сәйкес түрде жасыл және қызыл ерітінділер түзіледі; сумен сұйылтқанда селен мен теллур қайтадан бөлінеді. Азот қышқылы селенді Н 2 SeO 3 - селенді қышқылға дейін тотықтырады. Теллур сұйылтылған азот қышқылымен Н 2 ТeO 3 - теллурлы қышқылға дейін, ал концентрленгенмен - негіздік нитратқа дейін тотығады:
2Тe + 9НNO 3 = Те 2 О 3 (ОН) NO 3 + 8NО 2 + 4H 2 О
Күшті тотықтырғыштар (калий дихроматы және перманганаты, хлорлау қышқыл, т. б. ) оларды Se(VI) және Те(VI) -ға дейін тотықтырады. Селен және теллур күміс және алтын тұздарының ерітінділерімен әрекеттеседі:
3Se + 4AgNO 3 + 3H 2 О = 2Ag 2 Se + Н 2 SeO 3 + 4НNО 3
Теллур үшін және әсіресе селен үшін, күкіртке ұқсас, қайтымды қосылу реакцияларына қабілеттілік тән. Бұл реакциялардың қатарына сілтілік металдардың сульфидтері мен полисульфидтері ерітінділерінде полихалькогенидті қосылыстар түзе отырып еруі жатады. Селенге сульфит ерітіндісімен қыздырып әсер еткенде тиосульфат тәрізді қосылыс - селеносульфат түзіледі:
Se + Nа 2 SO 3 = Nа 2 SSeO 3
салқындатқанда ол аздап ыдырайды. Сілтілік металдар цианидтерінің ерітіндісі қыздырғанда селенді ерітеді - селенционаттар түзіледі. Теллурға концентрленген натрий сульфиті ерітінділерімен жоғары қысымда (автоклавта ~ 300 0 ) әсер етіп теллуросульфат алынуы мүмкін. Қалыпты жағдайда оның ерітінділері тез бұзылады (бүлінеді) . Металдар цианидтері теллурға әсер етпейді.
Полоний - ақ жылтыр металл, сирек элементтер қатарына жатады. Полонийдің екі аллотропиялық түрі бар: α- түрі тек төменгі температурада кездеседі және β- түрі жоғары температураға сай. Бірінші түрі - куб пішіндегі кристалдар, ал екінші түрі - ромбалық.
Полоний изотоптарының ішіндегі маңыздысы α- бөлшектерді алуға қолданылады. Полоний тұз қышқылымен әрекеттескенде металдық қасиет көрсетеді.
Po + 2HCl →
- Селен және теллурдың оттекті қосылыстары
Селен және теллур диоксидтер - ЭО 2 және триоксидтер - ЭО 3 түзеді. Олардың барлығы да ангидридтер. Диоксидтер, әсіресе ТеО 2 , белгілі бір мөлшерде амфотерлі де. Одан басқа, тұз тәріздес сипаты бар қайсыбір аралық оксидтер алынған. Буларында монооксидтер SeO және ТеО молекулалары табылады.
Селен диоксиді SeO 2 - түссіз ине тәрізді кристалдар ( C, C, ρ= 3, 954 г/см 3 ) . Селеннің ауада немесе оттекте жануынан алынады. Н 2 SeO 3 -ті сусыздандырып алуға болады. Селен және оттек атомдарының кезектесіп келетін шексіз тізбектерінен құрылған тетрагональді торда кристалданады, және де селеннің әр атомы оттектің тағы бір атомымен байланысқан.
SeO 2 булары сары-жасыл түсті, шіріген тұрын (редька) сияқты тән иісті. Буларында мономерлі. Суда оңай еріп, селенді қышқылын түзеді. Спиртте, сірке қышқылында жақсы ериді, бензолда аз, ал ацетонда ерімейді. Сусыз күкірт қышқылында жасыл ерітінді түзе отырып ериді. Сусыз НСl қосылу өнімі SeO 2 ·4НСl түзеді.
Тотықтырғыштық қасиет көрсетеді, бірақ ылғал жоқта күкірт диоксидімен қатты күйінде, буларында да тотықсызданбайды.
Теллур диоксиді ТeO 2 - теллурды оттекте қыздырғанда, теллурлы немесе теллур қышқылының, не теллурдың негіздік нитратының термиялық ыдырауынан алынады ( C, C, ρ= 6, 07 г/см 3 ) . Бұл ақ, қыздырғанда сарғаятын, гигроскопты емес зат. Құрылымы рутилге TiO 2 жақын тетрагональді кристалдар түзеді. Натрий теллуритін қышқылмен ыдыратып салқындатқанда алынатын ромбалық модификациясы белгілі.
Суда ерімейді дерлік. Ерігіштік минимумы рН~4 сәйкес. Сілтілерде оңай еріп теллуриттер түзеді, бірақ аммиакпен және сілтілік металдар карбонаттары ерітіндісімен әрекеттеспейді. Концентрленген күшті қышқылдармен негіздік тұздар түзеді, мысалы Te 2 O 3 (ОН) NO 3 және Te 2 O 3 SO 4 . Тұз қышқылында тетрахлорид түзе отырып ериді. Лимон, қымыздық және шарап қышқылдарында әлсіз ериді.
Қыздырғанда сутекпен, көміртекпен, сол сияқты мырыш немесе алюминий сияқты металдармен элементар теллурға дейін тотықсызданады. Оксидтермен немесе металл карбонаттарымен қыздырғанда теллуриттер түзеді. PbO 2 және с. с. жоғары оксидтермен теллураттар түзеді. Соңғылары TeO 2 -ні калий нитраты немесе хлораты сияқты тотықтырғыштармен қыздырғанда түзіледі.
Селен триоксиді (селен ангидриді) SeO 3 - Н 2 SeO 4 және Р 2 О 5 қоспасын немесе К 2 SeO 4 -ті SO 3 артық мөлшерімен қыздырғанда алынуы мүмкін ( C, ρ= 3, 6 г/см 3 ) . Оны реациялық қоспадан төмен қысымда дистилляциялап бөліп алады. Ол түссіз зат кубик, не асбест тәрізді жіңішке ине түрінде кристалданады. Кристалдары тетрагональді сингонияға жатады. Құрылымы сақиналы (SeO 3 ) 4 молекулаларынан тұрады.
Ауада жайылады, суда быжылдап және жылу бөле ериді (селен қышқылы түзіледі) . Күшті тотықтырғыш: күкіртті SO 2 -ке дейін, тұз қышқылын және металл хлоридтерін - элементар хлорға дейін тотықтырады. Көптеген органикалық заттармен шабытты әрекеттеседі.
Теллур триоксиді (теллур ангидриді) . Аморфты α-TeO 3 - сары-қызғылт-сары ұнтақ (ρ= 5, 06 г/см 3 ) . 300-350 0 C-та H 2 TeO 4 дегидраттануынан алынады. Суда ерімейді, бірақ ыстық судың ұзақ әсер етуінен H 6 TeO 6 ортотеллур қышқылын түзе отырып, біртіндеп гидраттанады. Сұйылтылған минералдық қышқылдар мен сілтілердің ерітінділері оған әсер етпейді. Концентрленген сілті ерітінділерінде қыздырғанда теллураттар түзе отырып, ериді.
Селенді қышқыл H 2 SeO 3 - түссіз ромбалық кристаллдар түрінде SeO 2 ерітінділерінен кристалданады (ρ= 3, 004 г/см 3 ) . Суда жақсы ериді.Ылғал ауада оның кристалдары жайылады, құрғақта желге ұшады. Селенді қышқыл әлсіз (күкіртті қышқылдан әлсіздеу) ; К 1 =3, 5·10 -3 , К 2 =5·10 -8 . Қышқылдық ерітінділерде сутек пероксидімен немесе калий перманганатымен H 2 SeO 4 -ке дейін оңай тотығады. Хлор немесе броммен тотығуы қайтымды жүреді. H 2 SeO 3 үшін тотықтырғыштық қасиет көбірек тән: күкірт сутекпен, күкірт диоксидімен, йод сутекпен элементар селенге дейін тотықсызданады.
Теллурлы қышқыл H 2 ТeO 3 - сілтілік металдар теллуриттерінің ерітіндісін қышқылдағанда, сол сияқты теллур тетрагалогенидтерінің гидролизінде ақ аморфты тұнба түрінде түседі. Суда ерімейді дерлік (18 0 -та 10 -6 моль/л) . Бұл өте тұрақсыз қосылыс: бөлме температурасының өзінде аздап сусыздана бастайды. Бірақ су астында ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады. Қыздырғанда оңай ТeO 2 -ге дейін сусызданады. Күкіртті және селенді қышқылдардан әлсіздеу: К 1 =3·10 -3 , К 2 =2·10 -8 . Оның негіз ретіндегі диссоциация константасы ~2·10 -3 :
H 2 ТeO 3 ↔︎ТеО(ОН) + +ОН -
Тотықтырғыш ретінде теллурлы қышқыл селендіден әлсіздеу: ол HJ және FeSO 4 -пен тотықсызданбайды, ал бұл заттар H 2 SeO 3 -ті Se-ге дейін тотықсыздандырады. Тұз және күкірт қышқылдарының күшті ерітінділерінде күкірт диоксидімен тотықсызданбайды, бұл Se-ді Те-дан бөлуде қолданылады.
Селен қышқылы H 2 SeO 4 - күшті тотықтырғыштармен H 2 SeO 3 немесе Se-ді тотықтырып алынады. Оны алудың ыңғайлы әдісі - күміс селениті суспензиясына бром суымен әсер ету:Ag 2 SeO 3 + Br 2 + H 2 O = H 2 SeO 4 + 2AgBr
Ерітіндіден сусыз күйінде, сол сияқты кристаллогидраттар түрінде бөлінеді. Сусыз қышқыл ромбалық сингонияда кристалданады (SeO 4 тобының құрылысы тетраэдрлік) . Өте гигроскопты. Күкірт қышқылы сияқты органикалық заттарды оңай көмірлендіреді (шала күйдіреді) . Күкірт қышқылы тәрізді ол да күшті қышқыл. H 2 SO 4 -тен күшті тотықтырғыш. Концентрленген H 2 SeO 4 палладийді, күмісті, алтынды ерітеді:
2Au + 6H 2 SeO 4 = Au 2 (SeO 4 ) 3 + 3 H 2 SeO 3 + 3H 2 O
H 2 SeO 4 және НСl қоспасы патша арағына ұқсас әсер етеді, мәселен платинаны ерітеді. Сұйылтылған қышқыл өте баяу тотықсызданады. Күкірт диоксидімен, тұз, бромсутек және йодсутек қышқылдарымен тотықсыздана алады. Концентрленген H 2 SeO 4 салқында Se және Те-ді ерітеді, ал қыздырғанда - сол сияқты S-ті, сәйкес түрде жасыл, қызыл және көгілдір ерітінділер түзе отырып; оларда осы элементтердің полимерлі катиондарының селенаттары алынады. Полиселен қышқылдары да, дербес жағдайда пироселен қышқылы H 2 Se 2 O 7 , белгілі.
Теллур қышқылы. Теллур қышқылының үш түрі белгілі. Ортотеллур қышқылы H 6 ТeO 6 күшті тотықтырғыштармен Те және ТeO 2 -ні тотықтырып алынады. Ол ақ кристалды зат, ыстық суда жақсы, салқын суда нашар ериді. 10 0 C-тан төменде сулы ерітінділерден тетрагидрат түрінде кристалданады. Азот қышқылынан басқа қышқылдарда өте нашар ериді. Спиртте және басқа кәдімгі органикалық еріткіштерде ерімейді деуге болады. Ауада өзгермейді.
Оның үш кристалдық: кубтық α - (ρ= 3, 17 г/см 3 ), моноклинді β - (ρ= 3, 02 г/см 3 ) және тетрагональді (ρ= 3, 16 г/см 3 ) модификациясы белгілі.
Тұз қышқылы ортотеллур қышқылын теллурлы қышқылға дейін, ал күкіртті газ, гидразин және с. с. күшті тотықсыздандырғыштар элементар теллурға дейін тотықсыздандырады.
100-120 0 C-та ортотеллур қышқылын сусыздандырғанда, суда нашар еритін ақ аморфты зат түрінде полиметателлур (H 2 ТeO 4 ) n қышқылы түзіледі. Оны концентрленген ортотеллур қышқылын ұзақ қыздыру арқылы да алуға болады. Теллур қышқылының бұл түрінің химиялық активтілігі төмен. 300 0 C-тан жоғары температурада ТeO 3 және H 2 O-ға ыдырайды.
Ортотеллур қышқылын (немесе полиметателлур қышқылын сумен) дәнекерленген түтікте ~150 0 C-та қыздырғанда түссіз сироп тәрізді масса түрінде аллотеллур қышқылы түзіледі. Ол сумен кез-келген қатынаста араласады; ерітінді (ортотеллур қышқылы ерітіндісінен өзгеше) айқын қышқылдық реакция береді. Ол қышқылдарда (сірке және хлор қышқылынан басқа), сол сияқты сілтілерде жақсы ериді. Полимерлену дәрежесі бойынша аллотеллур қышқылы ортотеллур және полиметателлур қышқылдарының ортасынан орын алады. Әртүрлі әдістердің мәліметтері бойынша оның молекулалық массасы үш еселенгеннен он еселенгенге дейін бола алады. Бөлме температурасында баяу ортоқышқылға, ауада қыздырғанда полиметателлур қышқылына айналады.
Полонийдің PoO және оксидтері бар. Полоний оксидінің PoO қасиеттері толық зерттеліп бітпеген. Полоний мен оттекті тікелей әрекеттестіру арқылы полоний диоксидін - алады. Оның негіздік қасиеті қышқылдық қасиетінен әлдеқайда басым. сілтілермен балқытқанда ғана әрекеттеседі, ал қышқылдармен негіздік оксидтер сияқты әрекеттесіп катионының тұздарын түзеді:
Полоний үш оксиді әлі алынбаған. Полоний қосылыстары у. Полонийдің қосылыстары темекіде немесе темекі буында кездеседі.
- Селен, теллур және полонийдің бинарлы қосылыстары
Селен және теллур галогенидтерінің негізгі түрі - ЭНаl 4 ; тек фтормен ЭНаl 6 түзеді. Одан басқа селен және теллурдың төменгі галогенидтер қатары белгілі. Селен галогенидтері қасиеттері бойынша сәйкес күкірт қосылыстарына ұқсас, бірақ селенде күкірттегідей Э 2 Наl 2 қосылысы емес, одан ЭНаl 4 қосылыстары көбірек тұрақты. Теллур галогенидтерінің тұз тәрізді сипаты көбірек. Олардың барлығын дерлік селен (теллур) және галогендердің әрекеттесуінен алуға болады.
Селен және теллурдың қатты тетрагалогенидтері үшін тұз тәрізді құрылыс [ЭНаl 3 ] Наl тән. Олардың балқымасы ток өткізеді, бұл олардың аздаған иондық сипатын көрсетеді.
SeCl 2 , SeBr 2 , TeCl 2 , TeBr 2 - буларыңда тұрақты, ұшқыш қосылыстар. Конденсацияланған күйінде тек теллур дигалогенидтері алынған, бірақ олардың өзі де тұрақсыз. Селен моногалогенидтері (хлорид және бромид) күкірт моногалогенидтері сияқты димерлі және құрылысы Н 2 О 2 ұқсас. Селен және теллур алуан түрлі оксигалогенидтер түзеді: SeO 2 F 2 , Se 2 O 2 F 10 , SeO 2 F 6 , Te 3 O 2 F 16 , Te 6 O 5 F 26 , SeOCl 2 , Te 6 O 11 Cl 12 , Te 6 O 11 Br 2 , SeOBrCl т. б.
Фтормен қосылыстары . Гексафторидтер құрғақ фтордың селенмен бөлме температурасында және теллурмен 150 0 -та әрекеттесуінен алынады. Бұлар түссіз улы газдар. Олардың молекулалары, SF 6 сияқты, центрінде халькоген атомы болатын дұрыс октаэдр болады. Гексафторидтер құрғақ шынымен әрекеттеспейді.
Селен тетрафториді сұйылтылған фторды 0 0 -та селен үстінен өткізгенде түзіледі. Сол сияқты күшті фторлаушы (мысалы ClF 3 ) агент Se, SeO 2 -ге әсер еткенде немесе мына реакция бойынша алынады:
Se+4AgF=SeF 4 +4Ag
Бұл түссіз, шабытты гидролизденетін және шыны “жейтін” сұйықтық. Басқа элементтердің фторидтерін алуда қолданылады.
Теллур тетрафториді мына реакция бойынша түзіледі.
TeO 2 + 2SeF 4 = TeF 4 + 2SeOF 2
Бұл аса гигроскопты және оңай гидролизденетін кристалдық зат.
Хлормен қосылыстары. Селен тетрахлориді SeCl 4 селенді хлорлау (реакция бөлме температурасында басталады) арқылы алынады. Ол түссіз немесе ашық-жасыл өте гигроскопты зат. Оңай возгонкаланады. Тек қысым астында ғана балқытуға болады; сұйық SeCl 4 қою-қызыл, гидролизденеді. Спиртте, эфирде, хлороформда, төртхлорлы көміртекте іс жүзінде ерімейді, күкірткөміртекте және бензолда әлсіз ериді. Ацетонмен әрекеттеседі. Концентрленген тұз қышқылы ерітінділерінде гексахлорселенді қышқыл H 2 SeCl 6 түзіледі. Оның сілтілік металдар және аммоний тұздары Ме 2 SeCl 6 алынған, олар суда ериді және спиртте ерімейді.
Диселендихлорид Se 2 Cl 2 - май тәрізді өткір иісті қою-қызыл сұйықтық. Күкірткөміртек ортасында өтетін реакция бойынша алуға болады:
3Se + SeО 2 + 4HCl = 2Se 2 Cl 2 + 2H 2 О
Гидролизденеді:
2Se 2 Cl 2 + 3H 2 О = H 2 SeО 3 + 3Se + 4HCl
Бензолда, хлороформда, төртхлорлы көміртекте ериді.
Селеноксидихлориді (хлорлы селенил) SeОCl 2 - SeCl 4 пен SeО 2 қоспасын қыздырғанда немесе SeCl 4 бөлшектеп гидролиздегенде алынады. Бұл аздап сарғыштау сұйықтық, қасиеті бойынша хлорлы тионилге ұқсас.
Теллур тетрахлориді ТeСl 4 - теллурды хлорлап қыздырғанда алынады. Өте гигроскопты, сумен гидролизденеді.
Қышқылдылығы 7н. аз тұз қышқылының ерітінділерінде гексахлортеллурит - иондарының гидролизі жүреді - [TeCl 5 ·H 2 O] - , [TeOCl 4 ] 2- , [TеOCl 3 ] - және т. б. Кейбір органикалық еріткіштер теллурды тұз қышқылды ерітінділерден экстракциялайды, ол аналитикалық химияда, сол сияқты теллурды басқа элементтерден бөлуде технологияда қолданылады. Дербес жағдайда, трибутилфосфат 2-10н. тұз қышқылы ерітіндісінен Те(IV) -ті [Te·3ТБФ·2H 2 O] Cl 4 сольваты түрінде сандық экстракциялайды.
Броммен қосылыстары. Селен тетрабромиді SeBr 4 бромның артық мөлшерімен селенге әсер еткенде қызғылт-сары түсті ұсақ кристалды ұнтақ түрінде алынады. Бөлме температурасында - ақ едәуір байқарлықтай ыдырайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz