Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері


Мазмұны
Кіріспе. . 3
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері . . . 6
1. 1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері……… . . . 6
1. 2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері. . 8
1. 3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі . . . …. 12
II. Бастауыш сыныпта ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолданылатын ойын технологиялары . . . 15
2. 1 Оқытудағы ойындардың ерекшеліктері мен құрылымы. 15
2. 2 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға ойынның ықпалы . . . 17
2. 3 Ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын оқыту технологиялары. 20
III Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқытудағы ойындардың қолдану. ……. 23
3. 1 Бастауыш сынып оқушыларын ойындарды өткізуге дайындау, ойындарды өткізу және талдау. 23
3. 2 Қарым-қатынас жасау үшін балаларға ойындардың ықпалы. …27
3. 3 Ойындардың бала білімінің дамуына ықпалы. . ……29
Қорытынды. . 32
Глоссарий. . …34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі35
Кіріспе
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектебімізде «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.
Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу-біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады.
Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті қарым - қатынас жасауға үйрету процесін ұйымдастыруда қанша автор болса, олардың сонша көзқарастары мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен танысып, оған анализ жасап, белгілі бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты мүмкіндігінше зерттеп, белгілі бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.
Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей, гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр.
Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе бастауыш сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету ерекшеліктерін бөлу және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.
Міндеттер:
- курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу;
- анализ жасау;
- бастауыш сыныптарда ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету ерекшеліктерін бөлу;
- белгілі бір қорытынды жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
1. 1 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі принциптері
Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың мақсаты-балаларға ағылшын тілінде сандар құрамын анықтауға үйрету. Ағылшын сабағында қарапайым қатынас сөздерін меңгертіп, ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету, балалардың өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың көптеген дифенициасы ұсынылған Д. Денцстің мәліметтеріне байланысты А. А. Леонтьев (1973), ағылшын тілді әдебиеттерде 1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді. М. И. Лисинаның пікірінше, балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауы екі адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі және олардың сөздік қоры мен тіл байлығын, сөздік қорын дамытады делінген.
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың принципі және баланың жасына қарай оқыту мен тәрбиелеу және өмір тәжірбиесінен алынған:
- Балалардың қарым-қатынас жасауға тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту ( дыбыстау, диалог, монолог) ;
- Көзбен көріп есте сақтау, есту, моторикалық қабілеттерін дамытуға арналған көрнекіліктерді кеңінен қолдану;
- Тіл бірлігі, қарым-қатынас жасауға бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Қарапайым фонетикалық, лексикалық білім беріп, алған түсініктерін есте сақтауға дағдыландыру;
- Оқытуды түрлі мазмұнда, түрлі формаларды жүргізу:
- жеке-дара;
- екі-екіден;
- топтық;
- ұжымдық.
- Ағылшын тіліндегі спецификалық дыбыстардың дыбысталу ерекшілігін игерту;
- Ағылшын тіліне үйренуге қызығушылығын, өз еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру. Туған туысқа үлкендерге сыйластыққа тәрбиелеу;
- Оқу үрдісінде балалар тілін қарым-қатынас құралы ретінде түсініп ауызша сөйлеу формасын игерулері тиіс. Яғни ағылшын тілінде естігенін дұрыс дыбыстап өз ойын толық жеткізе білуі керек.
Ағылшын тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас жасауы үшін сабақтың құрамын мына бөлімдерден тұрады:
• Дыбыстық гимнастика жаттығу
• Уақыт бірліктерін анықтауға арналған диалог
• Диалог ойын
• Сөздік жұмыс
• Байланыстыра сөйлеу (Сандар не үшін қажет?)
Ағылшын тілі сабақтарында қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
1. 2 Педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру, жалпы түсінігі және ерекшеліктері
Педагогикалық технология- қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ал өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының
Докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келемін.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминің әр қырынан ашып көрсетуде.
Технология - өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. ( Кларин М. В. )
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған ( Монахов В. М. )
Педагогикалық технология - тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ( Беспалько В. П. )
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ғылым сапасында оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар және нақты оқыту процесі сапасында функция атқарады. ( Селевко Г. К. )
Білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;
- перспективалық - озық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп, оқыту технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясы;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.
Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады:
Салалық ( пәндік) : бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
1. Концептуалдық негізінің болуы қандай да бір технология философиялық, педагогикалық, технологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.
2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктері логикалық байланыста болады.
3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау жасауға, жаспарлауға, нәтижеге өңдеу енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын міндетті түрде қанағаттандыруы тиіс.
- Қайталауға жарамдығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктін мол болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзімен құрамдас бөліктері болып:
- әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
- педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
- озат педагогикалық тәжірибелер;
- отандық, шетелдік тәжірибелерді нысанға алу;
- этнопедагогика.
Педагогикалық технологияларды мынадай талаптарға жинақтауға болады:
- Педагогикалық қарым - қатнасты ізгіліктік негізінде құру; ынтымақтастық педагогика; ізгілікті - тұлғалық оқыту технологиясы; адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу.
- Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы. ойын сабақ технологиясы; проблемалық оқыту; тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы; коммуникативті оқыту жүйесі.
- Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:программалап оқыту; дифференциалдап оқыту; даралап оқыту; ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері; компьютерлік технология;
Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы - оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мынада:
- білім стандартына сай толық нәтиже береді;
- мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді:
- дидактикалық үрдістің тұтастығы :
- оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы:
Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын сабақтарында оқушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой- өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады.
Бүгінгі таңда білім жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туады. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі :
- оқушыны үнемі әрекетке қосады:
- үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады:
- тілдік категориялардың лексика- грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді:
- оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі бөлімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.
Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
- Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.
- Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері(I, II, III деңгей)
- Тест тапсырмалары
- Өзіндік жұмыс
- Қатемен жұмыс
- Көп деңгейлік бақылау жұмысы
- Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау
Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы - оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.
- әр тақырыптың I-ші деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін «сынақ» алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады.
- әр оқушыға үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай беріледі.
- Оқушыға қабілеті жететін саласынан дарынын ашуға жағдай жасалады
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды іздендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрсы шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
1. 3 Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы ойын әдісі
Aғылшын тілін оқытудағы және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудағы негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, қарым-қатынас жасайды, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Топтық ойындарда балалар бір-бірімен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау арқылы тіл білімі дамып, ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын, сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Қозғалыс ойындары. Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
Іскерлік ойындар. Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, қарым-қатынас жасау арқылы ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар - шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста және қарым-қатынас жасауда сөздік қорын жетілдіріп отыруына көмек болуы;
Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:
1. «Міlling» - «Сыңарыңды тап» жаттығуы.
Бұл жаттығуды кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа - оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
2. « Сөйлемді аяқта . . . »
Бұл жаттығу да кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
3. Teaching with limited Resources:
« Шектелген ресурстармен оқыту»
Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.
«Hot chair»- «Ыстық орындық»
Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі- «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады.
Жеңген оқушы тиісті «5» бағасын алады.
4. “Grammar`s Wild” ойыны.
1. Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см
2. 3х5 қағаздарға саналатын және саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz