Ауыз су сапасының стандартқа сәйкестігін анықтау



Кіріспе 3
1 Ауыз су туралы 4
1.1 Ауыз су сапасын анықтауға арналған стандарттар 4
1.2 Ауыз су құрамындағы зиянды заттардың гигиеналық нормативтері 8
1.3 Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамының гигиеналық нормативтері 9
1.4 Су сапасының көрсеткіштері және ауыз су сапасына қойылатын талаптар 15
2 Ауыз су сапасын сынау 21
2.1 Ауыз су сапасына себепті . салдарды сараптау жүргізу 22
2.2 Ауыз суды дайындау және сынау сапасын технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету 26
2.3 Бақылау және сынау жұмыстарын ұйымдастыру 30
2.4 Өнімді сынау үшін бақылауды жетілдіру 31
2.5 Ауыз судың химиялық құрамын тексеру әдістері 32
2.6 Тексеру нәтижесі 47
3 Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 51
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Ауыз су – бұл белгіленген сапа н....................р талаптарына сәйкес келмесе (ол біздің заманы.......................аларға байланысты бұл жиі кездеседі), оны тазалайды ж..............................ы деп айтуға болады.
Ауыз су – органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі .......................... Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық тал........................ мен дәм көрсетк...................00-ден төмен, мөлдірлігі 30 см-д...........ен артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болуы керек. Ауыз судың керме...................ары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ......................з және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, борды..................уы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 15˚С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитриттердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшалар......................ойылады. Ағын сулар, кө.....................нуына, олардың табиғи г....................інің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өң........................рғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр [2].
Су сапасының көрсеткіштері адам денсаулығына сапасыз судың кері әсер ету қауіпін анықта.........................
Ауыз су көлемі жетк...............................астанғанын және м................................. нәтижесінде қосымша терең зерттеуді және қарсы шараларды қолдануды талап ететін, а...................... қызмет етеді.
1. Алферова А.А., Нечаев А.П. Замкнутые системы водного хозяйства промышленных предприятий, комплексов и районов. - М.: Стройиздат, 1987.
2. Гавич И.К. Методы охраны внутренних вод от загрязнения и истощения.- М.: Агропромиздат, 1985.
3. Жуков А.И. Монгайт И.Л., Родзиллер И.Д. Методы очистки производственных сточных вод М.: Стройиздат, 1987.
4. Соколов А.К. Охрана производственных сточных вод и утилизация осадков. - М.: Стройиздат, 1992.
5. Ануфриева М.В. Состав и качество воды – показатели, влияющие на здоровье человека, Электрон. ресурс. – 2006.
6. Бадюк Н.С., Стрикаленко Т.В. Вода и здоровье: к анализу материалов социологического опроса. ЭКВА-ТЭК-2000 Тез.докл. IV междун. Конгресса «Вода: экология и технология». – М.: Сибико Инт., 2000. – С. 741 – 742
7. Белякова Т. М. Микроэлементы, техногенное загрязнение окружающей среды и заболеваемость населения Белякова Т.М., Дианова Т.М., Жаворонков А.А. География и природные ресурсы. – 1998. – С. 30 – 45
8. Бержец В.М., Хлгатян С.В., Федорова В.А., Ломовцев А.Э., Гельштейн В.С., Петрова Н.С. Качество питьевой воды и аллергические заболевания у населения Тульской области. Иммунопатол.. Алергол.. Инфектол. – 2002. – №3. – С. 62 – 66. – Реф. В: РЖ БИОЛОГИЯ. – 2003–05 В134
9. Борзунова Е.А. Оценка влияния качества питьевой воды на здоровье населения.
10. Борзунова Е.А., Кузьмин С.В., Акрамов Р.Л., Киямова Е.Л. Гигиена и санитария. – 2007. – №3. – С. 32 – 34.
11. Васильева О.А. Улучшение качества питьевой воды, как важнейшего фактора здоровья человека, методом углевания, – 2006: материалы III науч.-практ. конф., 18-19 мая 2006г. – Барнаул, 2006. – С.
12. Тайманова Г.К. «Өнімді сынау, бақылау және өнім қауіпсіздігі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Астана 2008.
13. «Управление качеством» С.Н.Нысанбаев, Н.А.Урузбаева, Г.А. Садыханова, Алматы «Қазақ университеті» 2000ж
14. «Стандартизация, метрология и сертификация» И.М. Лифиц 3-е издание Москва.Юрайт.2004
15. Патин С.А. Влияние загрязнения на биологические ресурсы и продуктивность Мирового Океана. М., 1979, 251 с.
16. Никитинский Я. Список организмов, найденных в различных частях биологической опытной станции и полей орошения г.Москвы, второй отчет Комиссии по производству опытов биологической очистки сточных вод.- М., 1909, Т. 2 ,одт. 1, С. 1-8.
17. Мусабеков А.А., Сатаева Л.М., Сатаев М.И., Алтынбеков Ф.Е. Повышение экологической безопасности питьевой воды адсорбционными методами очистки в неподвижном слое, материалы международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы экологии и природопользования в Казахстане и сопредельных территориях». - Павлодар, 2006, Т. 2. - С.194-196.
18. Мусабеков А.А., Сатаев М.И., Алтынбеков Ф.Е., Сатаева Л.М. Моделирование фильтрации в неподвижном слое адсорбента //Поиск - 2006, № 3. - С.132-135.
19. Мусабеков А.А., Сатаева Л.М., Сатаев М.И., Алтынбеков Ф.Е. Экологические проблемы поверхностных вод Центрально-Азиатского региона и пути улучшения их состояния. Материалы международной научной конференции «Топорковские чтения». - Рудный, 2006, Т. 2. - С.275-281.
20. Мусабеков А.А., Сатаева Л.М., Алтынбеков Ф.Е. Адсорбционная технология очистки поверхностных и подземных вод, являющихся источником водоснабжения питьевой водой по Южно-Казахстанской области. Наука и образование Южного Казахстана. – 2006, № 4. - С.64-68.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі замандағы адамдардың көбі, таза судың болуын факт түрінде қабылдайды. Сонымен бірге тұрғындардың көп бөлігі, адам өміріне қауіпсіз - ауыз суды пайдаланады. Біздің елімізде елді мекендерді ауыз сумен қамту мәселесі көкейтесті болып отыр. Судың жетіспеушілігі және оның ластануы ауыз су сапасын нашарлатады, халық денсаулығына әсер етеді. Санитарлық - эпидемиологиялық жағдай қиындай түседі. Ауыз судың жетіспеуі мен су ресурстарының ластануы, биологиялық ресурстардың өнімділігіне әсер етеді.
Зерттеу мақсаты: Кран суына қарағанда халықтың жаппай ыдысқа құйылған ауыз судың пайдалану себебін және ауыз су құрамында кездесетін химиялық элементтердің зияны мен пайдасын және олардың стандартқа сәйкестігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Кран суы және бутилденген су.
Зерттеу пәні: Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі.
Зерттеу болжамы: Кран суын пайдаланудың қауіпсіздігін тұтынушыларға нақты ақпаратпен дәлелдей отырып, бутилденген суға қаражаттың босқа жұмсалуына жол бермеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ауыз су туралы жалпы түсінік беру;
2. Ауыз су сапасын анықтауда стандарттар мен гигиеналық нормативтерді қолдану;
3. Ауыз су құрамындағы химиялық элементтерді тексеру әдістерімен танысу;
4. Ауыз су құрамындағы химиялық элементтерді тәжірибе жүзінде зерттеу.
Зерттеудің жаңалығы: Бутилденген суларды ыдыста ұзақ сақтау тиімсіз және оларды әйнек ыдыстарға алмастыру ұсынылады.
Практикалық базасы: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Қарастырылып отырған жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, ауыз су сапасын анықтауға арналған стандарттар, жалпы ауыз су сапасына қойылатын талаптар қарастырылған.
Екінші бөлімде, ауыз су сапасын сынау, сынау зертханасында жасалынған зерттеулердің нәтижесі жазылған.
Үшінші бөлімде, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талданған.

1. Ауыз су туралы

Ауыз су - бұл белгіленген сапа нормаларына сай ас дайындауға қолданысқа жарамды су. Бірақ ауыз су белгіленген санитарлық, нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес келмесе (ол біздің заманымызда экологиялық проблемаларға байланысты бұл жиі кездеседі), оны тазалайды және қауіпсіздендірілу жүргізіледі. Осыған байланысты су көбінесе суды тазалаудың дистилляциялық, кері осмос және басқа әдістері қолданылады. Сондықтан су мұндай процестерден кейін қауіпсіз, яғни өлі суға айналады деп айтуға болады.
Ауыз су - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-ден төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мгл-ден аз, кермектілігі 7-100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7-1,5 мгл-ден төмен болуы - флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі - анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы - көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 - 15˚С аралығында, минералдығы 1 гл-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитриттердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр [2].
Су сапасының көрсеткіштері адам денсаулығына сапасыз судың кері әсер ету қауіпін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ауыз судың санитарлық сұранысына және нормаларға сай келу деңгейін сипаттайды.
Ауыз су көлемі жеткілікті болмағанынша халықтың денсаулығының жақсаруы мүмкін емес. Судың көрсеткіштері ауыз судың қаншалықты химиялық заттармен ластанғанын және микробиологиялық организмдермен және осының нәтижесінде қосымша терең зерттеуді және қарсы шараларды қолдануды талап ететін, ахуалды алдын ала ескерту механизмі ретінде қызмет етеді.

4.1 Ауыз су сапасын анықтауға арналған стандарттар

Ауыз су әрқашан орнатылған ГОСТ пен стандарттарға сай болуы қажет. Ауыз суға арналған бірнеше стандарттар бар:
oo ГОСТ және арнайы анықталған нормаға сәйкес келетін Қазақстандық стандарт;
oo Ресей стандарты;
oo Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының стандарты;
oo АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты.
Ауыз суға қатысты Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Бүгінде ол жаңа нормалармен толықтырылды.
Аталмыш стандарттар мен нормаларға сәйкес жоғары сапалы ауыз су терминінің астарында төмендегідей мағына жатыр:
oo органолептикалық көрсеткіштерге сай келетін су: мөлдір, иіссіз және жағымды дәммен;
oo рН, 0-7,5 және тығыздылығы 7 мг-эквдм3 су;
oo еселенген пайдалы минералдардың саны 1грл;
oo құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ су.
Осы күнгі ауыз су сапасына деген талаптар өте қатал және біздің пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсыз екендігіне кепілдік беруге бағытталған.
Ауыз су сапасын анықтауға арналған стандарттар тізімі:
ҚР СТ Р ГОСТ 51209-2003 Ауыз су. Газсұйықтықтық хроматографиямен хлорорганикалық пестицидтердің құрамын анықтау әдісі.
ҚР СТ Р ГОСТ 51210-2003 Ауыз су. Бор құрамын анықтау әдісі.
ҚР СТ Р ГОСТ 51211-2003 Ауыз су. Беттік белсенді заттар құрамын анықтау әдісі.
ҚР СТ Р ГОСТ 51212-2003 Ауыз су. Жалынсыз атомдық-абсорбциялық спектрометриямен сынап құрамын анықтау әдісі.
ҚР СТ Р ГОСТ 51232-2003 Ауыз су. Ұйымдастыруға және бақылау әдісіне қойылатын жалпы әдістер.
ҚР СТ Р ГОСТ 51309-2003 Ауыз су. Атомды спектрометрия әдісімен уытты элементтер құрамын анықтау.
ҚР СТ Р ГОСТ 51310-2003 Ауыз су. Бензапирен құрамын анықтау әдісі.
ҚР СТ Р ГОСТ 51392-2003 Ауыз су. Газсұйықтық хромотографияларының ұшпалы галогенорганикалық қосылыстары құрамын анықтау.
ҚР СТ Р ГОСТ 51593-2003 Ауыз су. Сынамаларды іріктеу.
ГОСТ 2053-77 9-сулы күкіртті натрий. Техникалық шарттар.
ГОСТ 3118-77 Тұз қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 3760-79 Су аммиагы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 3773-72 Хлорлы аммоний. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4233-77 Хлорлы натрий. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4328-77 Натрия гидрототығы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4461-77 Азот қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 5456-79 Гидроксиламига гидрохлорид. Техникалық шарттар.
ГОСТ 5457-75 Ерітілген және газ тәрізді техникалық ацетилен. Техникалық шарттар.
ГОСТ 6055-86 Су. Қаттылық бірлігі.
ГОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10652-73 2-сулы Динатрийлі этилендиамин тұзы-N, 2-сулы тетрасірке қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 2874-82 Ауыз су. Гигиеналық талаптар және сапаны бағалау.
ГОСТ 2874-82 Ауыз су. Дәмін, иісін, түстілігін және лайлығын анықтау әдісі.
ГОСТ 3351-74 Ауыз су. Жалпы темірдің салмақтық концентрациясын өлшеу әдістері.
ГОСТ 4151-72 Ауыз су. Жалпы қаттылықты анықтау әдісі.
ГОСТ 4152-89 Ауыз су. Күшәннің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 4245-72 Ауыз су. Хлоридтер құрамын анықтау әдісі.
ГОСТ 4386-89 Ауыз су. Фторидтердің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 4388-72 Ауыз су. Мыстың салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 4389-72 Ауыз су. Сульфаттардың салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 4974-72 Ауыз су. Марганецтің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18164-72 Ауыз су. Құрғақ қалдық құрамын анықтау әдісі.
ГОСТ 18165-89 Ауыз су. Алюминийдің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18190-72 Ауыз су. Қалдықты белсенді хлор құрамын анықтау әдістері.
ГОСТ 18293-72 Ауыз су. Қорғасын, мырыш, күміс құрамын анықтау әдістері.
ГОСТ 18294-89 Ауыз су. Берилийдің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18301-72 Ауыз су. Қалдық озонның салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18308-72 Ауыз су. Молибденнің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18309-72 Ауыз су. Полифосфаттардың салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18826-73 Ауыз су. Нитраттардың салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 18963-73 Ауыз су. Санитарлық - бактериологиялық талдау әдістері.
ГОСТ 19413-89 Ауыз су. Селеннің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ 23950-88 Ауыз су. Стронцийдің салмақтық концентрациясын анықтау әдісі.
ГОСТ Р 51730-2001 Ауыз су. Радионуклидтердің жиынтықтылық үлесті альфа-белсенділігін анықтау әдісі.
ГОСТ Р 51797-2001 Ауыз су. Мұнай өнімдері құрамын анықтау әдісі.
ГОСТ Р 51680-2000 Ауыз су. Цианидтердің құрамын анықтау әдісі.
ГОСТ 27384-2002 Су. Құрам мен қасиеттер көрсеткіштерін өлшеу қателігінің нормалары.
ИСО 5664:1984 Су сапасы. Аммоний құрамын анықтау. Дистилляция және титрлеу әдісі.
ИСО 6059:1984 Су сапасы. Кальций мен магнийдің жиынтықтық құрамын анықтау.
ИСО 6333:1986 Су сапасы. Марганец құрамын анықтау. Формальдоксимді қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 6439:1990 Су сапасы. Фенолды санын анықтау. Айдаудан кейін 4-аминоантипиринді қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 6596:1982 Су сапасы. Жалпы күшән құрамын анықтау. Күмістің диэтилдитиокарбаматын қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 6777:1984 Су сапасы. Нитреттер құрамын анықтау. Молекулярлы абсорбцияның спектрометриялық әдісі.
ИСО 7150:1984 Су сапасы. Аммоний құрамын анықтау.
ИСО 7393:1985 Су сапасы. Бос хлор және жалпы хлор құрамын анықтау.
ИСО 7887:1985 Су сапасы. Түсін анықтау.
ИСО 7887:1994 Су сапасы. Түсін зерттеу және анықтау.
ИСО 7888:1985 Су сапасы. Электрөткізгіштігін анықтау.
ИСО 7890-1:1986 Су сапасы. Нитраттар құрамын анықтау. 1 Бөлік. 2,6-диметилфенолды қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 7890-2:1986 Су сапасы. Нитраттар құрамын анықтау. 2 Бөлік. Айдаудан кейін 4 фторфенолды қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 7890-3:1986 Су сапасы. Нитраттар құрамын анықтау. 3 Бөлік. Сульфосалицил қолданып спектрометриялық әдіс.
ИСО 8245:1999 Су сапасы. Жалпы органикалық көміртек (ТОС) және ерітілген көміртек құрамын анықтау басшылығы.
ИСО 8288:1986 Су сапасы. Кобальт, никель, мыс, мырыш, кадмий және қорғасын құрамын анықтау. Жалындағы атомдық абсорбциясының спектрометриялық әдісі.
ИСО 8467:1993 Су сапасы. Перманганатты санды анықтау.
ИСО 9963-1:1994 Су сапасы. Сілтілігін анықтау. 1 Бөлік. Жалпы және композитті сілтілігін анықтау.
ИСО 10304-1:1992 Су сапасы. Сұйықтықтық ион алмасымды хромотография әдісімен фторид, хлорид, нитрит, ортофосфат, бромид, нитрат және сульфаттардың ерітілген иондар құрамын анықтау. 1 Бөлік. Кірлеу деңгейі төмен суларға арналған әдіс.
ИСО 11423-1:1997 Су сапасы. Бензолдың және кейбір оның туындыларын анықтау. 1 Бөлік. Газ фазасынан сынамаларды іріктеп газ хромотографиясының әдісін пайдалану.
ИСО 11423-2:1997 Су сапасы. Бензолдың және кейбір оның туындыларын анықтау. 2 Бөлік. Экстракция және газ хроматографиясын пайдаланылған әдіс.

4.2 Ауыз судағы зиянды заттардың гигиеналық нормативтері

1. Тiзiмге ауыз суда болуы мүмкiн зиянды химиялық заттардың гигиеналық нормативтерi енгiзiлген.
2. Тiзiмде химиялық заттар органикалық және органикалық емес қосындылардың құрылысына сәйкес орналасқан. Әрбiр кiшi бөлiм тиiстi бөлiмнiң кеңеюi болып табылады. Кiшi бөлiмнiң iшiнде заттар олардың нормативтерiнiң сандық мәндерiнiң өсуi ретiмен орналасқан.
3. Егер органикалық зат молекуласының құрылысы оны бiр уақытта бiрнеше химиялық сыныптарға жатқызуға мүмкiндiк беретiн болса, онда оны тiзбеде ең үлкен кеңею индексi бар функционалдық топ бойынша орналастырады (көлденең рубрикация бойынша).
4. Органикалық қышқылдар, оның iшiнде пестицидтер осы қышқылдың тiзбеде қай нысанда берiлгендiгiне қарамастан (қышқыл, оның анионы немесе оның тұзы түрiнде) анион бойынша нормаланады.
5. Егер бұл өзгеше көрсетiлмесе, элементтер мен катиондар (органикалық емес заттар бөлiмiнiң 1-тармағы) тотығудың барлық дәрежелерi үшiн жалпы нормаланады.
6. Тiзбенiң мынадай тiк рубрикациясы болады:
oo тiзбенiң бiрiншi бағанында химиялық заттардың аса жиi қолданылатын атаулары келтiрiлген;
oo екiншi бағанда химиялық заттар атауларының синонимдерi және кейбiр тривиалды және жалпы қабылданған атаулар келтiрiлген;
oo үшiншi бағанда мгл мөлшерiндегi РЕШШ немесе РЕБД шамалары берiлген, бұнда РЕШШ - заттар адам денсаулығының жағдайына (өмiр бойы организмге әсер еткен кезде) тiкелей немесе жанама түрде ықпал етпейтiн және су пайдаланудың гигиеналық шарттарын нашарлатпайтын ең жоғарғы шоғырлану; РЕБД - уыттылықты болжаудың есептi және шұғыл-тәжiрибелiк тәсiлдерi негiзiнде әзiрленген су құбыры суындағы заттардың рұқсат етiлген болжамды деңгейлерi.
7. Егер нормативтердiң шамалары бағанында "жоқ" деп көрсетiлiп тұрса, бұл ауыз судағы осы қосындының шоғырлануы талдаудың қолданылып отырған тәсiлiнiң анықтау шегiнен төмен болуы тиiс дегендi бiлдiредi.
8. Төртiншi бағанда ол бойынша норматив белгiленген заттар зияндылығының шектеушi белгiсi көрсетiлген: с.-т. - санитариялық-токсикологиялық орг. - судың органолептикалық қасиеттерiнiң өзгеру сипатын түсiндiру арқылы органолептикалық (иiс. - судың иiсiн өзгертедi, түс - суға түс бередi, көбiк. - көбiк жасайды, қабырш. - судың бетiнде қабыршақ жасайды, дәм. - суға дәм бередi, оп. - опалесценцияны тудырады, лайл. - судың лайлылығын арттырады).
9. Бесiншi бағанда заттың қауiптiлiк сыныбы көрсетiлген: 1-сынып - өте қауiптi, 2-сынып - қауiптiлiгi жоғары, 3-сынып - қауiптi, 4-сынып - бiркелкi қауiптi.
10. Сыныптаманың негiзiнде уыттылығына, кумулятивтiлiгiне, болар-болмас әсер тудыратын қабiлеттерiне, зияндылықтың шектеушi көрсеткiшiне байланысты ауыз суды ластайтын химиялық қосындылардың адам үшiн әртүрлi қауiптiлiк дәрежесiн сипаттайтын көрсеткiштер жатыр.
11. Заттардың қауiптiлiк сыныптары:
oo ауыз судағы бiрiншi кезектегi бақылауға жататын қосындыларды таңдау кезiнде;
oo қосымша қаржы жұмсауды талап ететiн су қорғау iс-шараларының жүйелiлiгiн белгiлеу кезiнде;
oo технологиялық үдерiстерде қауiптiлiгi жоғары заттарды қауiптiлiгi азына ауыстыру туралы ұсынымдарды негiздеген кезде;
oo судағы заттарды бақылаудың селективтi тәсiлдерiн әзiрлеудiң басымдылығын анықтау кезiнде ескерiледi.

11.1 Ауыз судағы зиянды заттардың тізімі және олардың құрамының гигиеналық нормативтері

Кесте 1

Рс

Заттың атауы

Синонимдерi
мгл берiлген норматив мөлшерi

Зияндылық көрсеткiшi

Қауiптiлiк сыныбы
1
2
3
4
5
6

Органикалық емес заттар
1. Элементтер, катиондар
1
Таллий

0,0001
с.-т.
2
2
Жай фосфор

0,0001
с.-т.
1
3
Ниобий

0,01
с.-т.
2
4
Теллур

0,01
с.-т.
2
5
Самарий

0,024
с.-т.
2
6
Литий

0,03
с.-т.
2
7
Сүрме

0,05
с.-т.
2
8
Вольфрам

0,05
с.-т.
2
9
Күмiс

0,05
с.-т.
2
10
Ванадий

0,1
с.-т.
3
11
Висмут

0,1
с.-т.
2

1 кестенің жалғасы

12
Кобальт

0,1
с.-т.
2
13
Рубидий

0,1
с.-т.
2
14
Европий

0,3
орг.дәм.
4
15
Амиак (азот бойынша)

2,0
с.-т.
3
16
Хром

0,5
с.-т.
3
17
Кремний

10,0
с.-т.
2
18
Натрий

200,0
с.-т.
2
Аниондар
19
Роданид-ион

0,1
с.-т.
2
20
Хлорит-ион

0,2
с.-т.
3
21
Хромид-ион

0,2
с.-т.
2
22
Персульфат-ион

0,5
с.-т.
2
23
Гексанигрокобальтиат-ион

1,0
с.-т.
2
24
Ферроцианид-ион

1,25
с.-т.
2
25
Гидросульфид-ион

3,0
с.-т.
2
26
Нитрит-ион

3,0
орг.
2
27
Перхлорат-ион

5,0
с.-т.
2
28
Хлорат-ион

20,0
орг.дәм.
3
29
Күкiртсутек
Сутегi сульфидi
0,003
орг.иiс.
4
30
Сутегi тотығы
Сутегi пероксидi
0,1
с.-т.
2
Органикалық заттар
Көмiрсутектер
31
Изопрен
2-Метилобута-1,3диен
0,005
орг.иiс.
4
32
Бутадиен-1,3
Дивинил
0,05
орг.иiс.
4
0.1.1. Алициклдық
0.1.1.1 Бiр ядролылар
0.1.1.2 Көп ядролылар
1 кестенің жалғасы

33
Норборнен
2,3-Дицикло(2.2.1)гепген
0,004
орг.иiс.
4
34
Дициклогептадиен
Бицикло(2,2,1) гепта-2,5-диен, норборнадиен
0,004
орг.иiс.
4
35
Дициклопентадиен
Трициклодека-3,8-диен, 3а,4,7,7а-тетрагидро-4,7-метан-1 Н-инден
0,015
орг.иiс.
3
1.2. Хош иiстiлер
1.2.2.1. Бiр ядролылар
36
Бензол

0,01
с.-т.
2
37
Этилбензол

0,01
орг.дәм.
4
38
м-Диэтилбензол
1,3-Диэтилбензол
0,04
орг.иiс.
4
39
Ксилол
Диметилбензол
0,05
орг.иiс.
3
40
Диизопропилбензол
Ди-1-метилэтил бензол
0,05
с.-т.
2
41
Монобензилтолуол
3-Бензиптолуол
0,08
орг.иiс.
2
42
Бутилбензол
1-Фенилбутан
0,1
орг.иiс.
3
43
Изопропилбензол Кумол
1-метилэтилбензол
0,1
орг.иiс.
3
44
Стирол
Винил бензол
0,1
орг.иiс.
3
45
у-Метил стирол
(1 -Метилвинил) бензол
0,1
орг.дәм.
3
46
Пропилбензол n-трет-Бутилтолуол
1-Фенилпропан 1 -(1,1 - Диметилэтил-4-метил) бензол, 1-метил-4-трет-бутил бензол
0,2

0,5
орг.иiс.
3

3
47
Толуол
Метилбензол
0,5
орг.иiс.
4

1 кестенің жалғасы

48
Дибензилтолуол
[(3-Метил-4-бензил)] фенилфенилметан
0,6
орг.иiс.

1.2.2.2. Көп ядролылар
49
Бенз(а)пирен

0,000-0, 005
с.-т.
1
1.2.2.2.1. Бифенилдер
50
Дифенил
Бифенил, фенилбензол
0,001
с.-т.
2
51
Алкилдифенил

0,4
орг. қабырш.
2
1.2.2.2.2. Конденсацияланғандар
52
Нафталин

0,01
орг.иiс.
4
2. Құрамында галоген бар қосындылар
2.1. Алифатиялықтар
2.1.1. Тек шектелген байланыстағылар
53
Йодоформ
Трииодометан
0,0002
орг.иiс.
4
54
Тетрахлоргептан

0,0025
орг.иiс.
4
55
1,1,9-Тетрахлорнонан

0,003
орг.иiс.
4
56
Бутилхлорид
1-Хлорбутан
0,004
с.-т.
2
57
1,1,1,5-Тетрахлорпентан

0,005
орг.иiс.
4
58
Төртхлорлы көмiртек
Тетрахлорметан
0,006
с.-т.
2
59
1,1,1,11-Тетрахлорундекан

0,007
орг.иiс.
4
60
Гексахлорбутан

0,01
орг.иiс.
3
61
Гексахлорэтан

0,01
орг.иiс.
4

1 кестенің жалғасы

62
1,1,1,3-Тетрахлорпропан

0,01
орг.иiс.
4
63
1-Хлор-2,3-дибромпропан
1,2 -Дибром-3- хлорпропан, немагон 1,2,3,4-Тетрахлорбутан
0,01

0,02
орг.иiс.

с.-т.
3

2
64
Пентахлорбутан

0,02
орг.иiс.
3
65
Перхлорбутан

0,02
орг.иiс.
3
66
Пентахлорпропан

0,03
орг.иiс.
3
67
Дихлорбромметан

0,03
с.-т.
2
68
Хлордибромметан

0,03
с.-т.
2
69
1,2-Дибром-1,1,5-три- хлорпентан
Бромтан
0,04
орг.иiс.
3
70
1,2,3-Трихлорпропан

0,07
орг.иiс.
3
71
Трифторхлорпропан
Фреон 253
0,1
с.-т.
2
72
1,2-Дибромпропан

0,1
с.-т.
3
73
Бромоформ
Трибромметан
0,1
с.-т.
2
74
Тетрахлорэтан

0,2
орг.иiс.
4
75
Хлорэтил
Хлорэтан, этилхлорид, хлорлы этил
0,2
с.-т.
4
76
1,2-Дихлорпропан

0,4
с.-т.
2
77
1,2-Дихлоризобутан
2-Метил-1,2 цихлорпропан
0,4
с.-т.
2
78
Дихлорметан
Хлорлы метилен
7,5
орг.иiс.
3

1-кестенің жалғасы

79
Дифторхлорметан
Фреон-22
10,0
с.-т.
2
80
Дифтордихлорметан
Фреон-12
10,0
с.-т.
2
81
Метил хлороформ
1,1,1-трихлорэтан
10,0
с.-т.
2
2.1.2. Қос байланыстағылар
82
Гетрахлорпропен

0,002
с.-т.
2
83
2-Метил-3-хлорпроп-1-ен
Металлил хлорид
0,01
с.-т.
2
84
B-Хлоропрен
2-Хлорбута-1,3-диен
0,01
с.-т.
2
85
Гексахлорбутадиен
Перхлорбута-1,3-диен
0,01
орг.иiс.
3
86
2,3,4-Трихлорбутен-1
2,3,4-Трихлорбут-1-ен
0,02
с.-т.
2
87
2,3-Дихлорбутадиен-1,3
2,3-Дихлорбута-1,3- диен
0,03
с.-т.
2
88
1,1,5-Трихлорпентен

0,04
орг.иiс.
3
89
Винил хлорид
Хлорэтен, хлорэтилен
0,05
с.-т.
2
90
1,3-Дихлорбутен-2
1,3-Дихлорбут-2-ен
0,05
орг.иiс.
4
91
3,4-Дихлорбутен-1

0,02
с.-т.
2
92
Хлорлы аллил
3-Хлорпроп-1-ен
0,3
с.-т.
3
93
1,1-Дихлор-4-метилпента-диен-1,4
Диен-1,4
0,37
орг.дәм.
3
94
Дихлорпропен

0,4
с.-т.
2

1 кестенің жалғасы

95
1,3-Дихлоризобутилен
3,3-Дихлор-2-метил-1-пропен
0,4
с.-т.
2
96
1,3-Дихлоризобутилен
2-Метил-1,3-дихлор- проп-1-ен
0,4
с.-т.
2
97
1,1-Дихлор-4-метил-пентадиен-1,3
Диен-1,3
0,41
орг.иiс.
3
2.2. Циклдық
2.2.1. Алициклдық
2.2.1.1. Бiр ядролылар
98
Гексахлорциклопентадиен
1,2,3,4,5,5-Гекса- хлор-1,3-диклопентадиен
0,001
орг.иiс.
3
99
1,1-Дихлорциклогексан

0,02
орг.иiс.
3
100
1,2,3,4,5,6-Гексахлор-циклогексан
Гексахлоран
0,02
орг.иiс.
4

2.1 Су сапасының көрсеткіштері және ауыз судың сапасына қойылатын талаптар

Ауыз судың сапасы - зиянды заттардың, зияны жоқ жоғарғы концентрациясымен сипатталады. Зияны жоқ жоғарғы концентрациясы - ол ұзақ уақыт ішінде күнделікті қолданғанда судың құрамындағы химиялық заттардың немесе қосылыстардың ешқандай ауру немесе денсаулықтың ауытқуын тудырмайтын мөлшері.
Әр түрлі көздердің су сапасының көрсеткіштері: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық болып табылады.
Физикалық көрсеткіштерге жатады:
oo өлшенген заттардың құрамы (құм, тұнба, планктонның бөлшектері);
oo шартты бірліктерде түстің (бояудың) бағалануы;
oo дәмі және иісі баллмен бағаланады (органолептикалық).
Химиялық көрсеткіштер шартты түрде бес топқа бөлінеді:
oo негізгі иондар;
oo еріген газдар;
oo биогенді заттар;
oo микроэлементтер;
oo органикалық заттар.
Негізгі иондар. Табиғи суларда кең таралған аниондар: HCO3- , SO2-, Cl-, CO32-, HSiO3-, NO2-, NO3-.Катиондар: Na+, K+, Ca2+, Mg2+, Fe2+.
Судың кермектілігін (қаттылығын) еріген кальцийдің және магнийдің тұздары көрсетеді. Кермектілікті карбонатты (СаСО3, MgCO3) және карбонатсыз (CaSO4, MgSO4, CaCl2, MgCl2, Ca(NO3)2, Mg(NO3)2) деп ажыратады.
Еріген газдар: O2, CO2, H2S және т. б.
Оттегі судағы фотосинтездің нәтижесінде пайда болады және ауадан келіп түсуімен анықталады. Оттегінің еруі судың температурасына байланысты: температура төмен болған сайын, оттегі аз болады.
СО2 суда еріген түрінде де, көмірқышқыл түрінде де кездеседі. Көмірқышқыл газының негізгі көздері заттар ыдырауының биохимиялық процестері болып табылады.
Н2S шығу тегі жағынан органикалық (өнімнің ыдырауы) және бейорганикалық (минералды тұздардың ыдырауы) болады. Судағы күкіртсутектің болуынан жағымсыз иіс және металдың коррозиясы пайда болады. Су организмдерінің тіршілігі үшін қажетті биогенді заттар, зат алмасу процесінің (азот пен фосфордың қосылысы) нәтижесінде пайда болады.
Микроэлементтер - судың құрамында 1 мгл болатын элементтер. Адам үшін ең маңызды элементтер йод пен фтор болып табылады. Судың қышқылдылығы әдетте табиғи сулар үшін 6,5 - 8,5 дейін сутектік көрсеткішпен (рН) анықталады. Суаттағы су рН-ның өзгеруі, әдетте, жаңбырмен шайылып, суатқа ағып түсетін ауаның қышқылды қоспалармен (азот және күкірт оксидтерімен, т.б.) ластануының нәтижесі болып табылады.
Сонымен бірге рН-тың өзгеруі тазарту және нейтрализациялау жолдарын өтпеген, суаттардың өндірістік ақаба суларымен ластануынан пайда болады. Табиғи сулардың қышқылдылығы, сонымен қатар, суат орналасқан орнымен, топырақ сипатымен, су түбінің өзгешелігімен анықталады [3, 4].
Суда еріген оттегі экологиялық маңызға ие. Гидробионттардың тыныс алуын қамтамасыз ету үшін оттегі жеткілікті болу қажет. Өлі организмдердің ыдырауына, органикалық және басқа қосылыстардың тотықтыру процестеріне қатысатындықтан, суаттардың өздігінен тазалануына қажетті. Ауамен әсерлескенде, оның еру жолымен және су өсімдіктерінің фотосинтезі , физико-химиялық, биохимиялық процестердің нәтижесінде оттегінің суға түсу жолдары байқалады.
Табиғи сулардың сапасы, едәуір деңгейде, еріген минералды тұздар концентрациясының еруімен анықталады. Әдетте табиғи суларда кездесетін минералды тұздардың екі үлкен класын бөледі.
Жалпы тұз құрамына тұздардың 1-ші класы негізгі үлесін қосады. Табиғи сулардың жалпы тұз құрамына шамалы үлес қосқанымен, тұздардың 2-ші класын, судың сапасын бағалаған уақытта есепке алу керек. Суда еріген минералды тұздардың концентрациясын аналитикалық химияның әдісімен анықтайды.
Судың минералды құрамының өзгеруі ең алдымен, қарапайым бір клеткалы организмдердің тіршілік етуіне әсерін тигізеді. Себебі, еріген тұздар тірі клетка элементтері үшін құрылыс материалы болып табылады және клетканың қоршаған ортамен зат алмасуын анықтайды. Тұздардың жоғары концентрациясы, суатты қоршаған топырақтың минералды құрамына ауыр зардабын тигізеді және ауыл шаруашылық дала егістерін суландыру уақытында, топырақтың жер асты суларын сіңіру процесінде тұздануына әкеліп соғады. Судағы табиғи тұздылық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғатын, табиғи сулардың минералды тұздармен антропогенді байытылу көздері болып табылады:
oo қыстыгүні қала көшелері мен жолдардан тұзы бар еріген қар;
oo суларының құйылуы;
oo дала алқаптарын минералды тыңайтқыштармен өңдегеннен кейін, ақаба жаңбыр суларымен шайылып құйылуы;
oo өндіріс кәсіпорындарынан шығатын тұздық, тазартылмаған ақаба сулары және тағы да басқа.
Тұздардың жоғары концентрациясы ауыз судың дәмін бұзады, ал ШРК-нан асып түсетін тұздардың концентрациясынан ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су жарамсыз болып келеді.
Ауыз судың иісін, дәмін, лайлылығын және түсін ГОСТ 3351-74 стандарты бойынша органолептикалық әдіспен анықтайды.
Әдетте, иісті бөлме (200С) және жоғары (600С) судың температурасында анықтайды. 250-500 мл тығыны бар колба немесе тығыны бар нөмірленген пробиркалар, штатив (иісті мойны кең колбада анықтау қолайлы) сияқты құрал жабдықтардың көмегімен орындалады:
oo колбаның 13 бөлігіне су құйып, тығынмен жабыңыз;
oo колбаның құрамын шайқаңыз,
oo колбаны абайлап ашыңыз да, байқап дем тартыңыз, бірден иістің интенсивтілігін және өзгешелігін анықтаңыз.
Егер иіс бірден сезілмесе немесе анық болмаса, онда колбадағы суды 600С температураға дейін қыздырып, тәжірибені қайталауға болады. Ол үшін калибрленген термометр және үлгіні іріктегіш қолданылады:
oo термометрді үштен бір бөлігіндей ғана етіп, 5 минутқа суға батырамыз;
oo термометрді судан алмай, көрсеткішін санап шығарамыз (минималды бөлудің жартысына дейінгі дәлдікпен);
oo жылулық ластануды зерттегенде, бір-бірінен 100 м қашықтықта суаттағы бірнеше орындардың су температурасын анықтап, температуралардың айырмашылығын есептейміз.
Табиғи ауыз суының ластануына күмәндық тумаған жағдайда судың дәмін бағалау жүргізіледі.
4 дәмді ажыратады: тұзды, қышқыл, ащы, тәтті. Қалған дәм сезінулерін татымдар деп есептейді (хлорлы, тұзды және т. б.). Санитарлы жағынан күдік туғызатын көздер және ашық суаттардан басқа, дәм және татымды шикі (қайнатылмаған су) суда анықтайды.
Зерттелген судың дәмін және татымын анықтағанда, стақаннан суды ұрттап, ауызда жұтпай 3-5 секунд ұстайды.
Қолданылатын судың иісі және дәмі 0-5 баллдан аспауы керек (2-кесте). Егер бұған сәйкес келмесе, ол суларды белгілі тәсілдермен тазарту қажет.

кесте 2

Судың иісі және дәмін анықтау және оны бақылау шкаласы

Судың дәмінің және иісінің сезілу деңгейі
Судың дәмінің және иісінің деңгейі анықтау жолдары
Судың дәміне сәйкес келетін балл
Байқалмайды
Лабораториялық әдіс арқылы да сезілмейді
0
Өте әлсіз сезіледі
Тек зертханалық жолдармен анықталады
1
Аздап байқалады
Егер назар аударса байқалады
2
Байқалады
Барлық уақытта оңай сезіліп тұрады
3
Бірден байқалады
Су ішуге жарамайды
4
Өте күшті байқалады
Суды ішу мумкін емес
5

Ауыз су түсі - темір қосылыстардың кешенді және гуминді заттардың болуымен негізделген табиғи сулардың кәдімгі қасиеті. Судың түсі суат түбінің құрылымына және қасиетіне, су өсімдіктерінің сипаты және суатқа жақын келген топырақтарға, бассейндегі шалшық және жертезектерге, т. б. тәуелді болуы мүмкін.
Пробиркалардың биіктігі 10-12 см-дей су түсінің сипатын сапалы түрде анықтауға болады. Судың түсін немесе түстілігін анықтау, ақаба сулардың анализі немесе табиғи сулардың бояу сапалығының бағалануы бойынша ғана өзекті. Ауыз судың түсі болмайтынын білеміз.
Судың лайлылығы шығу тегі әртүрлі ерімейтін немесе коллоидты бөлшектердің, судағы өлшенген ұсақ дисперсті қоспаларға негізделген. Судың лайлылығы кейде басқа сипаттарымен негізделеді:
oo тұнбаның болуы, ол едәуір көзге көрінетін, үлкен, өте үлкен немесе болмауы да мүмкін (мм);
oo ірі дисперсті қоспалардың немесе өлшенген заттар санының болуы (1л суға қоспа массасының 1мг өлшенеді);
oo мөлдірлілік су бағанасының биіктігін өлшегендей болады, одан қараған кезде, ақ қағаздағы стандартты мөрлі шрифт көріну керек.
Биіктігі 10-12 см лайөлшегіш пробиркадағы бағанның лайлану дәрежесі бойынша, лайлылықты анықтау үшін визуальді әдісті қолданады. Пробирканың лайлылығын келесі сапа бойынша анықтайды: мөлдір, әлсіз опалесцирентті (минералдың атауы - қараңғы фонда жақсы бақыланатын, бүйір жарық барысында коллоидты ерітінділердің жарықтану құбылысы), опалесцирентті, әлсіз лайлы, лайлы, өте лайлы [1].
Судың құрамындағы улы заттардың мөлшері шектеулі болуы тиіс. Зиянды заттардың, зияны жоқ жоғарғы концентрациясының ауыз су үшін мөлшері төменгі кестеде көрсетілген [7]:

кесте 3

Ішетін судағы химиялық элементтердің зиянды, зияны жоқ жоғарғы концентрациясының мөлшері м гл

Элементтер
Санитарлық ереже бойынша (МЕМСТ 2.1.459-96)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша
рН
6,0-9,0
6,0-9,0
Жалпы кермектілік мольл
7,0
7,0
Хлоридтер
350
250
Сульфаттар
500
250
Кальций

Магний

200
Натрий
200
50
Нитраттар
45
3
Нитриттер
3
1,5
Аммоний

0,2
Барий
0,1

Бериллий
0,0002
1,5
Бор
0,5
0,3
Темір
0,3
0,003
Кадмий
0,001
0,5
Марганец
0,1
1
Мыс
1
0,07
Молибден
0,25
0,01
Мышьяк
0,05
0,02
Никель
0,1
0,001
Сынап
0,0005
0,001
Қорғасын
0,03
0,01
Селен
0,01
0,01

Физикалық: өндірістік бөлмелер, жұмыс орындарының құрал-жабдықтары, шығындалатын материалдар, реактивтер, энергия, уақыт.
Техникалық: өлшеу құралдары және құрал-жабдықтар, есептеуіш техника, оргтехника.

1. Ауыз су сапасын сынау

Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын эксперименттік анықтау. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
oo объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
oo сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.
Сынаулар шарттары - сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
oo тағайындалуы бойынша: зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді;
oo жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық;
oo сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын-ала және қабылдаушы;
oo дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік.
Сынаудың мақсаты - номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау.
Сынау нәтижесі - бұл объект қасиеттерінің сипаттамаларын, объектінің оның берілген талаптарына сәйкестігін анықтау.
Ауыз су үлгілерінің сынауын стадия ретінде қарастыру қажет және үлгіні іріктеу процесінде жіберген қателіктерді келешекте, тіпті квалификацияланған анлитик те түзете алмайды [6].
Су үлгісінің орнын және сынау жағдайын әр кезде зерттеудің нақтылы ережелермен анықтайды, бірақ үлгіні сынаудың негізгі ережелері жалпы түрде болады:
oo анализ үшін алынған судың үлгісі іріктеудің орнын және жағдайын көрсетуі қажет;
oo үлгінің іріктемесі, сақталуы және тасымалдануы, оның алғашқы құрамының өзгермеуін қамтамасыз ету керек (анықталатын компоненттердің немесе су қасиеттерінің болуы);
oo үлгінің көлемі әдістемеге сәйкес аналитикалық процедураны өткізу үшін жеткілікті болу қажет.
Су үлгілерін сынау
Су үлгілері бір реттік және сериялы болуы мүмкін. Бір реттік сынауда әдетте су анализінен алғашқы сапалық мәлімет алу керек болғанда қолданады.
Үлгілер түрге байланысты жай және аралас болып келеді. Жай үлгі бар қажеттіліктің су көлемінің анализі үшін бір реттік сынау жолымен қамтамасыз етіледі және алынған мәлімет тап осы уақыттағы, тап осы нүктенің құрамына жауап береді.
Аралас үлгіні әртүрлі нүктелерде немесе уақыттың әртүрлі аралығында алынған, су құрамының орташа көрсеткішін көрсететін жай үлгілерді араластыру жолымен алады. Егер үлгіні ашық су ағынынан алса, ол кәдімгі: үлгіні сынау үшін жақсы жер болып табылатын толқыны қатты, тасқынды учаскілер сияқты жағдайды сақтау қажет [9].
Ауыз су үлгісін сынау барысында толық ашылған краннан суды алдын ала 15 мин ішінде жіберу қажет. Ыдысты тығынмен жаппай тұрып, көлемі 5 - 10 см3 ауа қалатындай етіп, судың беткі қабатын төгеді. Үлгіні сынау және сақтау үшін әртүрлі типті ыдыстарды қолданады. Үлгіні сынау және сақтау үшін ыдыс таңдау кезінде, анықтайтын компоненттердің ерекшеліктерін есепке алу керек. Көрсетілген мақсаттар үшін шыны, полиэтилен, тефлоннан жасалған ыдыстарды кең қолданады.
Негізінен полиэтиленді және тегіс шынылы тығындарды қолданған жөн, бірақ қыртысты және резеңкелі тығындарды да пайдалануға болады. Резеңкелі тығындарды Na2CO3 1% ерітіндісінде, қыртысты тығындарды дистилденген суда қайнатады, содан кейін сумен, HC - дың бір пайыздық ерітіндісімен және бірнеше рет дистилденген суда шаяды. Үлгіні сынамай тұрып, суға 3 реттен кем емес алдын ала жуылған ыдысты шаяды. Сыналып жатқан үлгіге механикалық қоспалардың түспеуін қадағалау қажет. Үлгінің көлемі 0,5 л. болу керек.
Анализді сынау күнінде жүргізу мүмкіндігі болмаса, ауыз су үлгісін сол кезде ғана консервациялайды.
Бөтелкелер саңлаусыз жабық болуға тиісті. Қажеттілік туғанда, тығындардың үстінен парафин және канифолидің қоспасын (80 - 90 пайыздық парафин және 10 - 20 пайыздық канифоли) ерітіп құюға болады. Егер су ұзақ сақталатын болса, онда 1л суға 2 мл хлороформ қосып консервациялайды.

2.1 Ауыз су сапасына себепті - салдарды сараптау жүргізу

Сапаны басқарудың негізгі принциптерінің бірі - фактылар негізінде шешімдер қабылдау. Бұл математикалық статистиканың өндірістік, сонымен қатар басқару құралдары ретінде процестерді модельдеу әдісімен неғұрлым толық шешіледі. Бірақ, қазіргі заманғы статистикалық әдістерді, процеске қатысушылардың барлығын алдын-ала терең математикалық дайындықсыз қабылдау және тәжірибеде кеңінен пайдалану күрделі. 1979 жылы жапон ғалымдары мен инженерлерінің Кеңесі (JUSЕ) пайдаланылуы қарапайым процестерді сараптаудың жеті көрнекі әдістерін біртұтас етіп жинақтаған. Қарапайымдылығының арқасында олар статистикамен байланысын сақтайды және кәсіби мамандарға олардың нәтижелерін пайдалану мумкіндігін береді, ал қажет болғанда, оларды жетілдіру мүмкіндігін береді.
"Себептер-нәтижелер" диаграммасы (Исикава схемасы).
5М типтік диаграмма "адам", "машина", "материал", "әдіс", "бақылау" сияқты сапа компоненттерін қарастырады, ал 6М типті диаграммада оларға "қоршаған орта" компоненті қосылады. Шешілетін квалиметрлік сараптама міндетіне сәйкес, "адам" компоненті үшін, операцияның жайлылығы мен орындалу қауіпсіздігімен байланысқан факторлар, "машина" компоненті үшін - берілген операцияны орындаумен байланысқан, сарапталатын бұйым конструкциясының элементтері арасындағы өзара қатынас, "әдіс" компоненті үшін - орындалатын операцияның өнімділігі мен дәлдігіне байланысты болатын факторлар, "материал" компоненті үшін - берілген операцияны орындау процесінде бұйым материалдарының қасиеттеріні өзгеруі болмайтындығымен байланысқан факторлар, "бақылау" компоненті үшін - операцияны орындау кезінде кездесетін қателіктерді нақты танумен байланыскан факторлар, "қоршаған орта" компоненті үшін - бұйымға ортаның және ортаға бұйымның әсер етуімен байланысқан факторлар анықталуы қажет.
Процесс нәтижесі араларында себеп-нәтиже типті қатынасы бар көптеген факторларға байланысты болады. Осындай себептік факторлардың барлығын бірдей бақылау мүмкін емес. Егер осының барлығы мүмкін болғанның өзінде, онда мұндай жұмыс рентабельді болмайтын еді. Егер Парето принципін негізге алатын болсақ (Парето диаграммасы), онда екі, үш неғұрлым маңызды деген факторларды стандарттау және оларды басқару қажет етіледі. Бірақ, алдымен осы нігізгі факторларды тауып алу керек, мұны миға шабуыл әдісімен анықтауға болады, яғни туындаған жағдайды талқылайтын және нақты процеске қатынасы бар немесе таныс адамдар-эксперттер тобының жұмыс жасауы. Сосын, бір неғұрлым маңызды себеп алынады және Исикава диаграммасының көмегімен себептер мен нәтижелер жиынтығын білдіретін схема анықталады.
Исикава диаграммасы берілген мәселеге әсерін тигізетін жағдайлар мен факторларды табуға және топтастыруға жағдай жасайды. Исикава диаграммасының көмегімен конструкторлық, технологиялық, техникалық, экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және басқа да мәселелердің кең спектрін шешуге болады.
Қарастырылатын мәселе шартты түрде тіке горизонтальдық сызықпен бейнеленеді. Мәселеге тікелей немесе жанама түрде әсер ететін себептер мен факторлар ең кіші сызықтармен бейнеленеді. Сараптау кезінде барлық факторлар ескерілуге тиіс, соның ішінде маңызды емес болып көрінгендері де, өйткені Исикава диаграммасының мақсаты алға қойылған мәселені шешудің неғұрлым дәл және тиімді тәсілін іздестіру. Ал тәжірибе жүзінде алғашқы көзқараста маңызды емес болып көрінген себептердің бірнешеуін кетіру жолымен жақсы нәтижелер алуға болатын жағдайларды жиі кездестіруге болады.
Біздің алдымызда тұрған мәселе - сапалық көрсеткіштері МЕМСТ талаптарына жауап беретін ауыз суды тұтынушыға жеткізу және сапалы сараптама жүргізу. "Себептер-нәтижелер" диаграммасын пайдалана отырып, біз өзіміздің мәселемізге сараптама жасай аламыз, жағдайлар мен факторлар тауып, топтастыра аламыз.
Сонымен, "себептер-нәтижелер" диаграммасының көмегімен ауыз су сапасына әсер ететін факторлар анықталады, яғни басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет ақпараттар алынды.
Біріншілік себептерді сараптау, мәліметтерді стратификациялау. Негізінен стратификация - нәтижелері диаграммалар және графиктер түрінде көрсететін, кейбір критерийлер немесе айнымалыларға сәйкес, мәліметтерді сорттау процесі. Біз, стратификация айнымалысы дер аталатын, жалпы сипаттамаларына сәйкес, мәліметтер массивтерін әртүрлі топтарға жіктей аламыз. Сорттау Парето сараптамасы немесе шашырату диаграммасы сияқты басқа да құралдарға негіз болып табылады. Құралдардың бұлай үйлесуі оларды неғұрлым қуатты етеді.
Біріншілік себептер сараптамасы, яғни Парето сараптамасының аты, итальяндық экономист Паретоның атына сәйкес берілген, ол капиталдың үлкен бөлігі (80%) аз ғана адамдардың (20%) қолында болатындығын көрсеткен. Парето ережесі - универсальды принцип, ол көптеген жағдайларда қолдануға ыңғайлы, соның ішінде сапа мәселесін шешуге де қолданылады. Парето сараптамасы жекелеген облыстарды маңыздылықтары немесе мәнділіктері бойынша тізіп тұрғызады және бірінші кезекте неғұрлым көп мәселелер (сәйкессіздіктер) тудыратын себептерді тауып, кетіруге шақырады. Парето сараптамасы Парето диаграммасымен бейнеленеді, диаграмманың абцисса осі бойынша кему тәртібімен сапа мәселесін туындатқан себептер жатқызылады, ал ордината осі бойынша сандық, сонымен қатар жинақталған (кумулятивтік) проценттік көрініспен, мәселенің өздері сандық түрде жатқызылады.
Диаграммадан қателіктердің неғұрлым үлкен бөлігін тудыратын себептерді білдіретін, бірінші кезектегі шараларды қабылдау облысы көрінеді. Сонымен, бірінші кезекте, алдын-алу шаралары дәл осындай мәселелерді шешуге бағытталынуы тиіс. Барлық ақауларды (100%) эксперттік сауалдар көмегімен, біз, төрт категорияға жіктедік, және келтірілген мәліметтер сараптамасынан көрініп тұрғандай, берілген жағдайда "бақылау және басқару" категориясы ақаулар болуына неғұрлым жоғары жұмыс атқарады.
Мәліметтерді модельдеу - бұл мәліметтер қорының кез-келген формасына салыстырмалы түрде жеңіл бейнеленетін бір модель немесе бірнеше жергілікті модельдер формасына мәлімметтер қорының концептуальдық схемасын құрастыру. Мәліметтерді модельдеудің неғұрлым кеңінен тараған құрамы болып мән байланыс диаграммасы табылады.
Дипломдық жұмыста объектілі декомпозиция пайдаланатын, объектілі-бағытталынған жол пайдаланылады, мұнда жүйенің статистикалық құрылымы объектілер арасында мәліметтер алмасу терминдері түрінде көрсетіледі. Жүйенің әрбір объектісіне реальды өмірдегі объектінің мінезін модельдейтін, өздерінің жеке мінездеріне ие.
Мәліметтер қорын құрастыру міндеттерінің жекелеген этаптарының жеңілдетілуін және автоматтандырылуын шешу үшін, сонымен қатар ақпараттық жүйелер үшін САЗЕ - құралдар арналған Бұл, САЗЕ - құралдарының бағдарламалық жобаны құастыру кезінде стандарттардың пайдалануын кеңейтуге, сонымен қатар ұйымның жұмысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Олар стандарттық текстік компоненттер құрастырады, ал олар өз кезінде көп қайтара пайдалануы мүмкін, бұл жүйенің жұмысын бір қатар жеңілдетеді және құрастырушылардың еңбек өнімділігін көтереді.
Заттық облысты талдау және объектілі облыстарды бөлу беріліп отырған дипломдық жобада сынақ зертханасы қарастырылады. Сынақ зертханасы мемлекеттік кәсіпорын құрамында жеке өз алдына бөлім болып табылады және тікелей кәсіпорын директорына бағынады.
Сынақ зертханасы сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін су сынамасын алады. Сынама алу суды тұтынушылар болып табылатын тұрғындар санын ескере отырып, жыл бойына бір аттас көрсеткіштер нүктелер бойынша сынамалар алу графиктеріне сәйкес жүргізіледі. Талдау нәтижелері сынаққа арналған арнайы журналдарда және хаттамаларда безендіріледі, өңдеуді зертхана бастығы жүргізеді және алынған нәтижені кәсіпорын директорына баяндап отырады.
Сонымен келісідей объектілі облыстарды бөліп көрсетуге болады. Бұл заттық облыстың жергілікті түрдегі көрінісі, бұл мәліметтер моделін құрастыруда бірқатар жеңілдіктер жасайды, яғни сынамалар алу графигіне және нәтижелерді еске алу журналын белгіленген тәртіппен жүргізуге.
Мәліметтер қорын жобалау кезінде, мәліметтерді сақтау сенімділігіне кепілдеме болып табылатын және оларды өзгертуде қарапайым болып табылатын, қандай да бір жалпы жол қажет. Мұндай жол мәліметтер моделі деп аталады. Мәліметтер моделі мәліметтердің тәуелсіз болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Мәліметтер қорының әр түрлі модельдері белгілі, солардың ішінде қазіргі уақытта неғұрлым кең тарағаны болып, мәліметтердің реляциондық моделі табылады. Реляциондық модель кезінде мәліметтер, адам үшін неғұрлым табиғи екі өлшемді кесте түрінде беріледі.
Реляциондық модельдің өзі мәліметтер қорын жобалау кезінде жұмыс үшін қолайсыз. Оның орнына әртүрлі семептикалық модельдер қолданылады, олардың ішінде неғұрлым кеңінен тарағаны болып, Е - модель ағылшынша немесе мән-байланыс моделі деп аталатын модельдер табылады.
Жобада мәліметтер қорының концептуалдық моделі мән-байланыс моделі мәліметтер кестесінің мысалдық формалары құрастырылған.
Мұндай мәліметтер қорын құрастырудың және қолданудың артықшылығы болып, ауыз судың сапалық көрсеткіштерінің белгіленген номенклатурасына оперативті бақылау жүргізу және қажет жағдайда ағын суларға бақылау жүргізу, сонымен қатар су дайындау кезінде тәртіп бұзушыларды тез байқау табылады, осылармен қоса НПК су-сынама нүктесі, НПК су-сезон көрсеткіштердің өзгеру динамикасы және т.б типтегі сауалдар жасау мүмкіндігі де мұндай мәліметтер қорының артықшылығы болып табылады.

2.2 Ауыз суды дайындау және сынау сапасын технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету

Өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау өндірісті техникалық тұрғыдан дайындаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік стандарт
Тамақ өнімдерінің технологиясы бойынша зертханалық жұмыстар
АРНАЙЫ ЫДЫСТАРДАҒЫАУЫЗ СУЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІ ЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ аТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
Сиыр етінің техникалық шарттары
Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Ластанған суларды тазалау
Қара бидай және бидай ұнынан
«Алекс» ЖШС ыдысқа құю бөліміне сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу негізінде сапаны басқару процесін жетілдіру
Пәндер