Қазақстанның ақша жүйесі



Мазмұны
Кіріспе
1 Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5.8
1.2 Ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.11
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы ... .11
1.4 Ақша айналысының заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстандағы ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.22
2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы . Теңге ... ... ... ... .22.26
2.3 2004.2006 жылдарға арналған ақша кредит саясатының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.29
2.4 Қазақстандағы карточка жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.
2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . ... ..5-8
1.2 Ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 8-11
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы ... .11
1.4 Ақша айналысының
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1 Қазақстандағы ақша
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...19-2 2
2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы –
Теңге ... ... ... ... .22-26
2.3 2004-2006 жылдарға арналған ақша кредит саясатының негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-29
2.4 Қазақстандағы карточка
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .29-30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 32

Кіріспе
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына,
маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы,
қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның
маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және
де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер
экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне
әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып
біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық
проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол
тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар
болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да
айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты
баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да,
төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат
өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың
дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың
алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен,
ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы
эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып
табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та
тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол
тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі
бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында
бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың
қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы
өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына
жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы
толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз
білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз,
қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге
аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға
тәуелді. Сауда-саттық ақшаны туғызды, ал сауда болса – адамдардың ең
байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол
кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар
ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша
қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының
заңдары туралы айта кетемін.
Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ
айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы - теңге , теңгенің
тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.

1. Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің
эволюциясы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
(еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас
құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір
сүретін тауар, ол ақша .
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның
кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар
— барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола
бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы
кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға
нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның
жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр
түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы
эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір
мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара)
айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық
жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды
аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе;
тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы
эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында
өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда
металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып
жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан.
“Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде
жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал”
деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны –
“мал ұстайтын орын” деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі
герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік
иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас
үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар
сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері
Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында
жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте
және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен,
хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты
құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып
саналды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі
Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын
түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.
XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер
колданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді,
ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі
салмағының жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.
Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ
уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды.
Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.
Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың
құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз
ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.
Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:
Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс
атқарады.
Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл
атқарады.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша
айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар
акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны
жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа
тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар
өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген.
Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи
қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл
қасиет коғаммен берілген".
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие:
бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында"
ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның
қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары
болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі
салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке
дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде
кездеседі.
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында
болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі
үлесі 40 % кұрады.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп
тұр.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен
бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды,
түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де
колданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған
алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар
жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның
техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып
түседі.
1.2 Ақша жүйесі
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі -
ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша
айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл
қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері
одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар
ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни
жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін
атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің
типтері кездеседі:
• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал
несие ақшалары металға айырбасталады;
• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып,
айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып
бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша
жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды
ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға
ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде
алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да
кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет
бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем
құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі
ретінде жүреді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ.
Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж.
Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында
келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық
одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан
да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең
болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына
сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде
күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл
кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң
жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан
алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша
айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны
айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.
Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды
дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті.
Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана
металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн
белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс
монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж.,
Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген
ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептелді. Сонымен қатар
айналысқакүміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен
күміс ақша елдің күйзеліске шығарған ақша айналысын түбегейлі ретке келтіре
алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы шаруашылық (крепостничество) құлдырап,
мемлекет бюджетті мен сыртқы сауда балансының шаруашылығы елде жүргізілген
ақша реформасын нәтижелі ете алмады. Оған қоса, 1853 – 1856 жж. болған
Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары
шығарылды, іс – жүзінде олар қарыз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс
монометаллизм орнына алтын монометаллизмі келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ.
аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал
басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 –
1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж.,
Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты
алтын монометаллизмнің үш түрі болады.
Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:
• Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық
қызметтерін тақарады;
• Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
• Айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар)
көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар
айырбасталады;
• Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге,
сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін
бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың
өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде
сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның
сақтаудағы қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны
жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің
сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға
еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт
соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде
жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға
тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру
құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт
айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан
айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу
жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын
массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.
Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел
валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда,
Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның
еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай
қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта
валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп,
алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына
байланысты болды.
1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды.
1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін
айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның
келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен
байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет
мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына
байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан
алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа
тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін
күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая
береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады.
Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың
кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі
жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.
Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
Ақша, айналым кұралы ретінде.
Ақша төлем құралы ретінде.
Ақша корлану кұралы ретінде.
Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.

Ақша құн өлшемі ретінде.
Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған
кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы
қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар өндіру, басқаша кызмет
көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін,
солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі.
Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен
тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының
құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына
ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек
күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек
құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар өндірушілерде
бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен
жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез
келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші
тауар өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, бірінші
өндірушінің тауарының өзіндік құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің
тауарынің өзіндік құны 800 теңге болады. Бірақ ол өзінің тауарын 800
теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге.
Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне
50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер осындай
тауардың саны жүздеген, мыңдаған болса, пайда да, шығын да соншалық
көбейеді.
Ақша айналыс құралы ретінде.
Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып
табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша
сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға
әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым
салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
Оны идеалды ақшалар емес, накты ақшалар орындайды;
Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар — ақша белгілері
орындайды. Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін
болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті
саны сонша аз болады.
Егер акцианың айналыстағы массасы тауар массасынан көп
болса, онда бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы ретінде.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы
міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша
құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.
Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса,
онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:
тауарларды және кызметтерді төлеуге байланысты
міндеттемелер;
чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;
мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер;
банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша
борыштық міндеттеме;
сақтандыру міндеттемелер;
әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан
өзара
айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол
тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты
ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала
отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені
жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет
атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы
ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде
қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына
жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заирі
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген
қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу
үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы
айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың
құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т
айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты — таза
қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын
мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты
болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны
жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы
ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы
қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша
массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру
қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде
олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып
қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын
сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе
айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының
тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың
ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне
түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және
қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік
ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу
кұралы ретінде қызмет етеді.
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі
дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет
етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар
өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді
, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.
Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық
есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген
аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын
тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз
ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді.
Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке
тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа
елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп
ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді.
Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды
деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша
атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін
айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар
дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін
айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін
айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан
соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз
ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен
келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен
фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан
несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда,
бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік
меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік
ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы
операциялар арқылы алтын атқарады.
1.4 Ақша айналысының заңы.
Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары
арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп - қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша
айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз
айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы
тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша
өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны
жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-
несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша
айналысы деп аталады.
Ақша айналасының объективті негізі — тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесінің түсінігі
Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат
1993 ж. ақша реформасы
Қазақстанның қаржы жүйесі
Валюталық биржалардың қалыптасуы, тұрақтану және даму мәселелері
Банктер жүйесі жайында
Банктер арасындағы төлемдер
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Пәндер