Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі.


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады[1] .

Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен оқушы лық өмірге көшуі психология ғылымында кеңінен қарастырылған келелі мәселелердің бірі. Бала психологиясын зерттей келе, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін дәлелдейді.

Баланың мектепке даярлығы -оқи білуінен, санай білу іскерлігінен, сызу деген секілді қарапайым әрекеттерді игеруінен, танымдық белсенділігінен, көңіл-күйінің тұрақтылығынан, оқуға деген дұрыс қатынасынан құралады.
Баланың жақсы оқуы үшін мектептегі өмірге деген құлшынысы, жауапты тапсырмаларды орындауға ниеті мен ынтасы болуы керек.
Баланың мектептегі оқу іс-әрекетінің жемісті болуына айналасындағы адамдармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі, мінез-құлықтың ырықтылығының жоғары деңгейде болуы, ұжым өміріне араласып кете білуі, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз етуінің қалыптасуы мектепке бейімделуіне үлкен әсер етеді.

Мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді: дене-бітімінің дайындығы, зиятының дайындығы, әлеуметтік-психологиялық дайындығы және ерік-аясының дайындығы[2] .

Дене бітімі дайындығына баланың салмағының, бойының өз жасына сай болуымен қатар 12 мүшесі де сау болуы керек. Егер баланың дене бітімінің дамуы төмен болса (салмағы, бойы) ол әлжуез болып, 35-45 минуттық сабақты толық меңгеруге қабілеті жете бермейді де, денсаулығына нұқсан келеді (сүйегі қисаяды-сколиоз, көз жанары төмендейді, жүйкесі жұқарады), жиі ауырып қалатын болады.

Зиятының дайындығына баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қаблеттілігінің өз жасына сай болуы жатады. Ал зияты төмен болған жағдайда балалар жалпы мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайды. Оларды өз қабілетіне қарай жеңіл бағдарламамен оқытып, арнайы психологиялық және педагогикалық түзетулер жүргізу арқылы ғана қатарға қосуға болады[3] .

Әлеуметтік-психологиялық дайындыққа баланың жаңа ортаға деген көзқарасының, оқушының жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептің талабына сай болуын меңзейді. Егер де балада әлеуметтік-педагогикалық дайындық байқалмаса ондай балада қарым-қатынас қиындығы, жалпы түсінігінің төмендігі, ерік-аясының, көңіл-күйінің төмендігі байқалады. Сондықтан бұл балаларға психолог маманның көмегі өте қажет. Психолог ол баланың өзімен қатар ата-анасымен де, ұстазымен де жұмыс жүргізгенде ғана оң нәтиже шығады.

Ерік-аясының дайындығы баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуін көрсетеді . . . Ерік-аясы бұзылған бала өз-өзін ұстауы, шыдамдылығы, төзімділігі, әр сипаттағы жағдайларды қабылдауы ерекше болады да, содан айналамен қарым-қатынасы бұзылады. Ол баланың танымдық қызметіне кері әсерін тигізеді.
Балалар мектепке келген кезде осы жоғарыда атап өткен дайындық түрлерінің толық қалыптаспағаны немесе бір түрінің дамымағандығы анықталады.

Аталған дайындық түрлерін ескерусіз мектепке бару және баланың ерекшеліктерін ескермей ерте жастан (5-6 жас) беру баланы қинаумен тең. Ондай балалар бағдарламаны қажетті деңгейде меңгере алмай, 1-ші сыныпты қайта оқуға мәжбүр болады. Көп жағдайда мектепке дайындықсыз келген балалар өз сыныбында қала беріп, педагогикалық артта қалғандардың қатарын көбейтеді[4] .

Міне, құрметті ата-аналар мен ұстаздар бала бес жастан асты екен деп, маманның кеңесінсіз баланы бірден мектепке берген жағдайда оның мектеп өміріне дайын еместігі ары қарайғы оқу үлгеріміне нұқсан келтіретінін білген жөн. Егер де балаңыздан жоғары да аталған дайындық түрлерінің төмендігін байқасаңыз ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) мекемесінің мамандарынан кеңес алуыңызға болады.

Тәрбиелеу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылған кезде мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың тәртіптілігі едәуір өседі. Мәселен, сәбилер тобындағы кездің өзінде-ақ олар педагог әдейі жасаған жағдайға мүдделі болу ықпалымен ұстамдылық, ұйымшылдық көрсетеді (қуыршақты оятып алмас үшін серуенге шығар алдында орындықтардан ақырын тұрып, ойыншықтарды жинайды, Петрушканы киіндіруге ұмтылады және т. б. ) .
Балалардың мінез-құлық ережелеріне сай келетін қылық тәжірибелерінің жинақталуына көмектесе отырып, педагог бұл қажетті мінез-құлық әдістерінің нығаюына, неғұрлым саналы түрде, орнықты болып, педагогтың бақылауымен, сондай-ақ өз бетінше көрінуіне қол жеткізеді. Мектепке дейінгі ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде қажетті іс-қимылды іріктеп алуға, мынадай пікірлер туғызуға қабілетті болады: «Қалаймын, бірақ істеуге болмайды, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін», «Қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін».

Педагогика жеке адамның адамгершілік сапаларының қалыптасуында, олардың сыртқы көрінісі мәнерінде, қарым-қатыс және мінез-құлық мәдениетінде бірыңғай позицияда тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттарының маңызын ашу.

- Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлық нормаларын және әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз жиынтығы, озат тәжірибені қолдану.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мінез туралы жалпы ұғым

1. 1 Мінез туралы жалпы ұғым

Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.
А. С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды - сараң, батыл солқылдақ, жүректі - қорқақ, еңбекқор - жалқау, табанды -тұрақсыз т. б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.

Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық. Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т. б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т. б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.

Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.

Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.

Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы) . Акентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард, А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген.

Сөйтіп мінез акцентуацияның өте маңызды типтері
ажыратылған. 1. Мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.

Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады. Келесі ІІ. - эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді. ІІІ. Жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ нерв жүйесінің әлсіздігі оны тез тоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен аяқталады. Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай жеткіншектер үлкен, әсіресе жаңа ұжымдарға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауыпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі класстың алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Сензитив жеткіншектерде өздерінің жарымдылықтарының сезінуі ерекше көрініс беретін гиперкомпенсация реакциясына итермелейді. Олар өздеріне бекімдік жасайды қабілеттері ашылатын саладан емес, әсіресе өзін жарамсыз сезетін жақтардан іздейді. Қыздар өздерінің көңілділігін көрсеткісі келеді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Бірақ батылдық пен өжеттілікті керек ететін жағдайлар мен кездесе қалса, сол сәтте дәрменсіздік танытады. Егерде осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын ақиқаттайды. Күтпеген жылы шырай және жанашырлық оларды қатты жылатып, дөрекілік пен сотқарлықты басады[5] .

Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эюцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару) - осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Мысалы: жоғарғы класста оқитын 3, деген қыз бала өзін қорқытқан және балағаттаған анонимдік хаттар ала бастаған. Ол жылап, осы хаттарды мұғалімдерімен құрбыларына көрсетіп, олардан көмек сұраған. Тексере келгенде бұл хаттарды өзінің кара басына бүкіл мектептің назарын аудару үшін жазған өзі болады. Сөйтіп мінез акцентуациясының бірнеше типін атап, олардың ерекшеліктерімен таныстық. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалар мен жеткіншек- тердің мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік ситуацияаларды болдырмауға тырыссады. Осындай көпшілікпен бірлесіп жасаған жұмыста ұялшақ пен көңілдеп ауыртпалықтан арылу жеңіл түседі[6] .

Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А. Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.

Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.

Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В. Н. Мясищев пен Б. Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.

К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.

«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.

Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез-келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.

Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.

Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Тәрбие үрдісі
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытқу себептері
Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
Мінез – құлық функциялары мен мінез – құлық дамуындағы үш саты
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Сихологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz