Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар


Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Бала- өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік. Психологаялық көмектің бағыттары. Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.
Жұмыстың міндеті. Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:
- Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
- Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен:
- баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
- бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Жұмыстың мақсаты. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды.
- Балалар психологиясы
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) - Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы) . Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т. б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым - педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, Б. М. Бехтерев, А. П. Негаев, Г. И. Россолимо, т. б. ) . 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д. М. Узнадзе, А. Р. Лурия, А. Н. Леонтьев, т. б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т. б.
Бала - бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.
Жаңа құрылым -берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.
Жетекші іс-әрекет - бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.
Әдіс - бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.
- Ұйымдастырушы әдістер:
а) көлденең кесу әдісі;
ә) тікелей кесу әдісі;
б) кешендік әдіс.
Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.
- Эмпирикалық әдістер:
а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия) ; в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.
4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары - осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт - тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын - кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден - терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман) . Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жәые психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыспедагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақды тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: « . . . өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар»1- деп жазды. Жас ерекшелігі психологияеының дамуына идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әреқеттің маңызын к. өрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны окыту процесін бақы-лау эмперикалық материалдарының жинақталуы және коры-тылуымен катар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксцерименттік зерт- теу балалар мен жеткіншектердің исихикалық. дамуына объек-тивті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыиы педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, пен фңзиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б. ), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарьш немесе мә
селен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс психологы П. Ф. Қаптеревтің америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
1. 2. Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс .
Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт - бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э. Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым - бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі - құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу - аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Фактілерден бастайын. Бала тілінің шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч. Дариин (1809-1882) . Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар - сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.
Сәбидік әр турлі заттардың қасиетін айтып, олардың тұрақты жүйемен ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік «пу-фу» деген сөзін айта беруі мүмкін. Ал біздің сөздеріміз бен түсінік жүйеміз сәбидің санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып ораламыз. Енді осы фактіні тұжырымдайық. Бала сөзінің мағынасы біздікінен басқаша құрылған дегенге әркім-ақ. келіседі.
Сонымен, баланың, дербестік тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші ерекшелік - тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі - бала тілінің ұғымдық жағы.
Біз бала сөзінің мағынасын оның нақтылы жағдаймен ұшырасқан кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің «уа» дегені түймені, ’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде «уа» дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде «уа» десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.
Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті болады.
Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі - сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.
Яғни біз, баланың дербестік тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық нор. мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды мәселенің бірі болып саналатын олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz