Сәбилік кезеңде балалардың үлкендермен қарым-қатынас рөлі



Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру -бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Балабақшадағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын бақылай келе олардың бір-бірімен тіл табыса алмауы, өзімшілдігі қатынасы балалар ұжымындағы ең жиі кездесетін мәселе, және бұл тек тәрбиешілерді ғана емес ата-аналарды да толғандырып жүрген жағдайлардың бірі. Агрессивті, ерке бала жан-жағындағыларға ғана емес өзіне де көп жайсыз жағдай туғызады.
Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.
Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.
Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.
Зерттеу жұмыстың міндеті.
Тәрбиеленушілер арасында дөрекі-агрессивті қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлар жолдарды мыналар:
• Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі;
• Балаға күнделікті өмірде көріп жүрген агрессивті мінез-құлық үлгілерінің әсер етуі, (жаппай видео, теледидардағы хабарлар, қоғамдық орындардағы , көліктердегі келеңсіз көріністер, өз құрдастары арасындағы дөрекі мінез құлықтар)
• Баланың эмоционалды деңгейі.
Баланың тез ренжігіштігі, өзінің қолапайсыздығынан ұялшақтығы, басқа балалар алдында өзіне сенімсіздігі, қорқуы, қыр көрсетуі, наразылығы да көп әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауының басты себебі - басқа баланың көңіл-күйімен, жағдайымен санаспай, бір-біріне көңіл бөлмеуі, түсінбеуі.
Қазіргі жастар арасында болып жатқан келеңсіз жағдайлар қатыгездік, жоғары агрессивті қарым-қатынас негізі мектепке дейінгі жастағы тәрбиеден бастау алады.Бұл уақыт - танымдық іс-әрекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Сондықтан балалардың әрбір іс-әрекетін жіті қадағалап көңіл бөліп отыру керек.
Мектепке дейінгі балалардың бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне дағдылану көбіне ойын процесінде жүзеге асырылады.
Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.
Оқушыларды қарым- қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білуіскерліктері дамытылады.
Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез- келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Мектептегі құрбыларымен неғұрлым интенсивті қарым- қатынас жасайтын кезең болғандықтан, жоғарыда айтылғандай жарасымды қарым- қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
12. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
13.Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
14. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
15. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
16. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
17. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
18. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956
19. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
20. Уәлиханов Ш., шығ. жинағы, 5 т. А., 1984
21. Фольклор шындығы, А., 1990;
22. Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар, А., 1985
23. Бердібаев Р., Қазақ эпосы, А., 1982
24. Хрестоматия по возрастной психологии // Под. ред. Д.И. Фледштейна. М. 1994
25. Хрестоматия по детской психологии // Под. ред. Г.В. Бурменской. М., 1996
26. Волков В.С., Волкова Н.В. Балалар психоолгиясынана жаттығулар жинағы // Аударма: Бусурманова С.Т., Бердібаева С.Қ. Алматы, 1993.
27. Практикум по возрастной и педагогической психологии // Под. ред. А.И. Щербакова М. 1989
28. Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка – 8-е междунар. Изд. – Спб: Питер 2002. – 640 . (Серия «Мастера психологии»).
29. Кулагина И.Ю. Колюцкий В.Н. Возрастная психология М., 2002.
Оден Е.Е. Возражденные роды. М., 1997.
30. Кон. И.С. Психолгия ранней юности. М., 1989
31. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций М., 1960
32. Эриксон Э. Детство и общество. СПб.: ИТД «Летний сад», 2000

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру -бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Балабақшадағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын бақылай келе олардың бір-бірімен тіл табыса алмауы, өзімшілдігі қатынасы балалар ұжымындағы ең жиі кездесетін мәселе, және бұл тек тәрбиешілерді ғана емес ата-аналарды да толғандырып жүрген жағдайлардың бірі. Агрессивті, ерке бала жан-жағындағыларға ғана емес өзіне де көп жайсыз жағдай туғызады.
Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.
Мектеп қабырғасында оқушыларға білім беру және тәрбиелеу істерінде жалпыға бірдей шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Бұл мектепте балалармен жеке жұмыстар жүргізілмейді деген сөз емес. Оқушылар арасындағы олардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырылу жақтарына баса назар аудару керектігі туындайды.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.
Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.
Зерттеу жұмыстың міндеті.
Тәрбиеленушілер арасында дөрекі-агрессивті қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлар жолдарды мыналар:
* Отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі;
* Балаға күнделікті өмірде көріп жүрген агрессивті мінез-құлық үлгілерінің әсер етуі, (жаппай видео, теледидардағы хабарлар, қоғамдық орындардағы , көліктердегі келеңсіз көріністер, өз құрдастары арасындағы дөрекі мінез құлықтар)
* Баланың эмоционалды деңгейі.
Баланың тез ренжігіштігі, өзінің қолапайсыздығынан ұялшақтығы, басқа балалар алдында өзіне сенімсіздігі, қорқуы, қыр көрсетуі, наразылығы да көп әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауының басты себебі - басқа баланың көңіл-күйімен, жағдайымен санаспай, бір-біріне көңіл бөлмеуі, түсінбеуі.
Қазіргі жастар арасында болып жатқан келеңсіз жағдайлар қатыгездік, жоғары агрессивті қарым-қатынас негізі мектепке дейінгі жастағы тәрбиеден бастау алады.Бұл уақыт - танымдық іс-әрекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Сондықтан балалардың әрбір іс-әрекетін жіті қадағалап көңіл бөліп отыру керек.
Мектепке дейінгі балалардың бір- бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне дағдылану көбіне ойын процесінде жүзеге асырылады.
Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.
Оқушыларды қарым- қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, баланы өзгелерге жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын өмірде қолдана білуіскерліктері дамытылады.
Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез- келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Мектептегі құрбыларымен неғұрлым интенсивті қарым- қатынас жасайтын кезең болғандықтан, жоғарыда айтылғандай жарасымды қарым- қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады.

1 Сәбилік кезеңде балалардың үлкендермен қарым-қатынас психологиясының негізі

1.1. Қарым-қатынастың функциялары, зерттелуі

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас - жазбаша түрдегі немесе техникалық құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас - топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың үріне өнер, эстетикалық - қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл функциясын шартты түрде прагматикалық функция деп атауға болады. Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын қалыптастырғыш функция деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: Бала әрқашанда 2 адам - оның өзі және ересек адам . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған екен: Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі. 30-жылдары АҚШ-та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде - бала өлімі жоқ, ал екіншісінде - балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы ретінде бекітетін, қолдаушы деген функциясын атауға болады.басқаша айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет етеді. У.Джеймстің айтуынша: Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы - ең зор жаза. Көптеген псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы қолданылмаған . бекітілмеген деген ұғым арқылы беріледі, және де Сенікі жөн емес, Сен жамансың деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің белгілі үлесі бар), бекітілмеу Сен бұл жерде жоқсың, Сен тірі адам емессің дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг - бекітілмеу ,көптеген психологиялық ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер - амандасу, түрліше көңіл аудару рәсімдері бекітілу терапиясы деп саналады.Қарым-қатынастың төртінші функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар - сүйкімді -- сүйкімсіз, ұнайды- ұнамайды деген терминдермен белгіленеді.Әрине, эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді. Келесі , бесінші функциясы жеке адам ішілік функциясы. Бұл жағдайда адамның өз-өзімен қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде) адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты Л.С.Выготскйй былай деген: ...адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас функциясын сақтайды.
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін , формалары мен функцияларын қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке адамаралық , тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды құбылыс. Бұл процестер қалай өтеді, олардың формалары, құрылымы қандай, адамдар арасындағы қарым-қатынаста алатын орны қандай?
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі - эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1) конъюктивті - адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;
2) дизъюнктивті - адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен , топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір түрі , екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін үйлестіріп немесе үйлестірмей іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) - қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы - қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) . Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы - қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері -- әсер етілетін объект, пассивті обхект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция - қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің сыңарлары деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі - диалогты қарым-қатынас.
Диалог - тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Топтағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата - аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата - аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата-ана мен бала арасынлдағы қарым - қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды. Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы.

1.2 Сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық қарым-қатынастың ерекшелігі
Балабақша өміріндегі тәрбиеші - басты тұлға. Балабақша тәрбиешісі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Тәрбиеші белгілі бір топта балалардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Балалардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Баланың жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі баланың оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) тәрбиешінің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Тәрбиеші-басшы. Оның беделі - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі балаларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол - балалардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін тәжірибелі тәрбиеші. Ол өзінің осы білімін, өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол тәрбиеші кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: тәрбиешінің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, балалардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. 2. Тәрбиеші - компьютер. Оның беделі - белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол балалардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: Бәрімізге белгілі..., Мынандай ой бар..., Барлығы біледі.... Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: баланың өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін балалар). Соңында балалардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады. 3. тәрбиеші -қиналушы. Оның беделі - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. баланың мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер балада бір мәселе болса, тәрбиеші бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол тәрбиешілерді бағындыруға итермелейді. 4. Тәрбиеші - таныс (дос). Оның беделі - әйгілілік. Балалардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай тәрбиеші ешқандай проблемасыз жүреді. Балалардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Балада жауапкершілік сезімнің жоқтығы.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп дейінгі жастағы балаларымен жұмыс істейтін тәрбиешілер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол тәрбиешінің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі тәрбиешінің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы балалармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы балалармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
- тәрбиешінің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
тәрбиеші сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ тәрбиешілерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір тәрбиешілердің әр жастағы балалармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және баламен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында тәрбиеші -оқушы, Оқушы-мұғалім және Балалардың өзара қарым-қатынасы және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерт-
телінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі: 1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір тәрбиешілер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, тыныш отыр, немене, бәрін білесің бе?, сен қашаннан бері білетін болдың?, әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады. 2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес. 3.Балалардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында тәрбиеші мен бала арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы балалардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
- тәрбиеші өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке баланың пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық балалармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста тәрбиешінің - балаға, оқушының мұғалімге сенуі;
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Мысалы, тәрбиеші және орыс тілі мұғалімі ретінде 0-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан.Б алалардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, тәрбиеші қарым-қатынастың үш функциясын орындайды. 1. Тәрбиеші қарым-қатынаста баланы жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Баланы қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін баланың санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр тәрбиеші психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары болады.
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету. Тәрбиеші мен балалардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы баланың бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, тәрбиешіге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Тәрбиеші баламен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді - ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Тәрбиеші кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған баланың көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Тәрбиеші тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Жанұя, мектеп, көше - бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен болса да көрсеткісі келу пайда болады. Тәрбиешіге әсіресе өз тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді.
тәрбиеші мен баланың қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рольді тәрбиеші өткізетін сабақ атқарады. Кез-келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани байланысу, өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу. Дегенмен, сабақтың мазмұны есте қалу, тәрбиеші мен баланың ашық қатынасуы үшін сабақ үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет. Сабақ оқытудың мәселесі - бұл психологиялық қтынасудың мәселесі және бұны психологиялық қарым-қатынастың негізіне көңіл аудармай шешу мүмкін емес- деп белгілі психолог А.Н.Леоньтев айтқан.
Әрбір мектептегі сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу, осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-келген сабақ - іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде, мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны балаға бере алуында- деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. баланы ғылыммен тәрбиелегің келсе,- деді ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.
Бала тұлғасына ықыласпен көңіл қою - бұл сынып ұжымының расында оның ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының айрықша екенін мойындау. Тәрбиеші әр баламен ерекше санасуы қажет.
Бала мен тәрбиешінің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет.
Бұл кезде тәрбиешінің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол балаларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір балалармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық талабы - ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.
Баламен табысты жұмыс істеудің кепілдігі - үздіксіз шыншыл, өзара сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу, сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Балалармен жұмыс істегенде ең бастысы - жақсы ұжым тудыра отырып тәрбиешіге барлық тәрбиелеу ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы - мектеп жұмысына біріккен сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында әрбір оқушыға әсер ете алу әдістері оңай табылады.
Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына қойған міндеттер келер көмекті күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеруді үздіксіз талап етеді.
Бала тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.
Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі - оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. Тәрбиешінің бала ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.
Көптеген тәрбиешілер өз балаларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Баланың тілінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктері
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Ерте сәбилік шақта ісәрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Пәндер