Конституция және сот билігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Конституция және Сот билігі;

б) Қылмыстық кодекс;

в) Сот жүйесі;

г) Сот төрелігінің принциптері.

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады.

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады.

Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.

Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалады деп тура көрсетілген. Бұл жерде Қазақстан азаматтығына байланысты еместігі айқын аңғарылады. Кейбір жағдайда Конституция Қазақстан Республикасының азаматы емес адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты мәселелерді қараудың басқаша тәртіптерін белгілейді. Мысалы, шетелдік діни бірлестіктердің қызметі Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Демек, мұндай жағдайда мәселе сот арқылы емес, әкімшілік жолымен шешіледі. Шетелдік азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың сот арқылы емес, өзгеше әдістері де болуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтар, шетелдік азаматтар, басқа мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер бұзуы мүмкін, ондай жағдайда оларды соттар қорғайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бірлестіктердің араласуына Конституция тыйым салады. Осындай араласу болған жағдайда мемлекеттік органдар өз құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға хақылы.

Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот ең алдымен Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндетті сот әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Маңызды тәсілдердің бірі - нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқық нормаларының мәніне баға береді.

Конституциялық бұл ереже соттарды іске қатысушы адамдардың сұрануы бойынша олардың өз ана тілінде мәлімдемелер жасау, түсініктер мен куәліктер беру, сотта сөз сөйлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын істер мен даулардың барлығына тарайды. Бұл Конституциялық ереженің мәнісі - сотқа арыз айту үшін қандай нормативтік құқықтық актілер заңдық негіз бола алады дегенді білдіреді. Бірінші орында Конституция тұрады, оның құқықтық нормалары біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа арыз айтуына негіз бола алады. Сөйтіп Конституциядан туындайтын тиянақты нұсқау - оның нормаларында тікелей ықпал ететін күш болады, сондықтан соттар нақты істерді қарағанда сол нормаларды тікелей қолдана алады.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және сот жүргізудің заңда белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Өзге нысандарға, атап айтқанда, әкімшілік істер бойынша сот жүргізу жатады. Кейбір әкімшілік құқықтардың бұзылуы сотта қаралады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге де қаулылары, сондай-ақ олардың заңды бұйрықтары, талаптары, тапсырмалары және басқа үндеулері барлық мемлекеттік органдар үшін, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін, лауазымды тұлғалар, азаматтар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін орындауға міндетті болып саналады. Сот шешімдерін орындамау заңды бұзушылық және сотты құрметтемеушілік деп саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымның лауазымды тұлғасы соттың үкімін немесе шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда оған қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардан құралады. Жергілікті соттарға жататындар: заңмен құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, жауынгерлердің Әскери соты), аудандық (қалалық) соттар. Қандай атаумен болса да арнаулы және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады. 20-30-жылдары кеңес өкіметі арнаулы органдар құрып, оларға төтенше өкілеттіліктер берген болатын. Конституцияға қарсы сондай органдар заңды асқан дөрекілікпен бұзып, жазықсыз адамдарды негізсіз жазаға тартты. Нақ осы сияқты құбылыстарды болғызбас үшін Конституция арнаулы және төтенше соттар құруға тыйым салады.

Бірақ бұл мамандандырылған соттар құруға болмайды деген сөз емес. Приезиденттің конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Жарлығы мамандандырылған соттардың құрылуына жол береді. Шаруашылық, салық, отбасы, әкімшілік, сауда істері жөнінде, кәмелетке толмаған жастар ісі т. б. жөнінде мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін.

Сот төрелігін заңдарға сәйкестеп және заңдардың негізінде тек қана соттар жүзеге асырады. Ешқандай басқа орган, ешқандай басқа лауазымды тұлға соттың қызметін өз міндетіне ала алмайды. Сондай-ақ әркімнің өздігінен билеп- төстеуіне, өздігінен жаза қолдануына заңмен тыйым салынады. Сот төрелігін жүзеге асыру өкілеттігі тек қана судьяда болады. Сот лауазымына талапкер азаматтарда «мінсіз абырой» болуға тиіс. Бұл - моральдық сипаты бар және өте дұрыс талап. Өйткені судья әлдеқандай бір ұйымдастырушылық жұмыс атқарып жүрген мемлекет қызметшісі емес. Ол азаматтарға, органдар мен ұйымдарға заңды қолданғанда, олардың жағдайына, тағдырына қатысы бар мәселелерді шешеді. Сонымен қатар ол жеке бір мемлекеттік органның атынан емес, мемлекеттің атынан сөйлейді. Қазақстан Республикасында судьялар тәуелсіз және ауыстырылмайды. Судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығы мынадай сәттерден көрінеді. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, яғни істерді қарағанда, судьялар тәуелсіз болады. Олар тек қана Конституция мен заңның ережелеріне, нормаларына бағынуға тиіс. Сот төрелігін жүзеге асыруға ешкімнің араласуға және судьяға әлдеқандай бір ықпал етуге хақысы жоқ. Егер ондай қылықтар (судьяның ісіне араласу) байқалатын болса, онда кінәлі адам заң жолымен жауапкершілікке тартылады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан істер жөнінде ешкімге ешқандай түсінік беруге міндетті емес. Бірде-бір лауазымды тұлғаның белгілі бір шешім жөнінде судьядан түсінік талап етуге немесе нұсқау беруге хақысы жоқ. Судьяның сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының араласуынан да қорғалады; сот төрелігін жүзеге асыру барысында олардың судьяға қысым жасауға, өздерінің хабарларында соттағы тергеу ісінің нәтижелері жөнінде жорамал айтуға немесе шешім не үкім заңды күшіне енгенге дейін өзге бір тәсілдермен сотқа ықпал жасауға хақылары жоқ.

Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға, оны әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы соттың судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар қылмыс үстінде ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаған болса, Президент пен Сенаттың келісімінсіз-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана Республиканың Бас прокуроры қозғай алады.

Cудья лауазымына алғаш рет ұсынылған адам ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрағалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында береді. Судьялар антты қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып, мынадай мазмұнда береді: «Өзімнің міндеттерімді адал орындауға, сот төрелігін тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, ешқайда бұра тартпай, судьяның борышы қалай бұйырса, дәл сондай әділ болуға ант беремін».

Конституцияда сот төрелігінің принциптері белгіленген, судья заңды қолданғанда сол принциптерді басшылыққа алуға тиіс.

  1. Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептелінеді. Жауапқа тартылған адам белгіленген тәртіп бойынша қылмысы дәлелденбей тұрып қылмыскер болып есептелінбейді. Демократиялық мемлекеттердің қылмыс туралы заңында танылғанындай, жорамалдау кінәлылықты көрсете алмайды. Мұны кінәсіздік жорамалы дейді. Сотқа жауапқа тартылған адам сот үкіміне дейін қылмыскер болып саналмайды.
  2. Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші ретжазаға тартылмайды. Бұл принцип құқықты бұзған қылықтардың барлығына бірдей қолданылады. Егер адам қылмыс жасаған болса, сот оған бір ғана жаза қолданады. Сол сияқты әкімшілік құқықты бір рет бұзғаны үшін әкімшілік шара бір рет қолданылады. Бұл принциптің де өзіндік «тарихи тамыры» бар. Шын қылмысы үшін де, күмәнді қылмысы үшін де таяудағы өткен кезеңдерде адамдар бірнеше рет жазаланған, тіпті өмір бойы қудаланып жүретін болған.
  3. Сотта әркім өзінің сөзін тыңдатуға хақылы. Бұл - демократиялық сот төрелігінің жалпы жұрт таныған принципі. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға және мәселені әділдікпен шешуге тиісті орган. Ал мұның өзі сот процесіне қатынасушы әрбір адамның толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
  4. Конституция белгілі бір жағдайларға заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар: а) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін; ә) азаматтарға жаңа міндеттер артатын; б) азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдар. Бұл принциптің мәні мынадай. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса, онда жаңа заң қолданылады. Егерде заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылданғанға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.
  5. Айып тағылған адам өзінің кінәсыз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Бұл принцип кінәсыздық жорамалынан туындайды. Егер кісі қылмыстық жаупкершілікке тартылып жатса, оның кінәлы екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұдан кісі өз тағдырына немқұрайды қарасын деген мағына тумайды. Ол өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, бірақ барлық заңды тәсілдерді пайдалана отырып, өзінің кіәсыздығын дәлелдеуге хақылы.
  6. Адам өзіне- өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес деген принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Орта ғасырлар заманында, тіпті кеңес дәуірінің өзінде сотталушының өзі берген куәлік дәлелдің «падишасы» деп саналатын. Ал мұндай «дәлелді» айтқызу үшін неше түрлі тәсіл қолданып, тіпті адамды аяусыз азапқа салуға дейін барған. Қазір кісі өзінің кінәсын өз еркімен мойындауы мүмкін, бірақ өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз дейтін конституциялық ереже бұл принциптің кепілдігі болып табылады. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес дейтін конституциялық ережеде де үлкен адамгершілік мән бар. Ата- анаға, ерлі- зайыптылардың біреуі екіншісіне, басқа да туыстарға қарсы куәлік беруді қошеметтеген заман біздің есімізде. Мұндай қылықтар тіпті ерлікке де саналған. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздасу сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік бермеуі көзделген.
  7. Сот төрелігінің маңызды бір принципі - кісінің айыптылығы жөнінде қандай да күмәнданушылық туса, соның бәрін де сотты болған адамның пайдасына қарай бейімдеу. Бұл принцип айып тағылған кісінің кінәлы екендігіне жеткілікті айғақ болмаса да, оны сотқа тартып, жазалауға бейім тұратын тергеушінің теріс пиғылына қарсы бағытталған.
  8. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңның күш бермеуі конституциялық принцип болып табылады. Заңсыз тәсілмен айғақ алудың басты жолдары Конституцияда көрсетілген. Оның 17-бабында былай деп жазылған: 1) адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның адамшылық қасиетін қорлау жолымен алынған айғақтар заңсыз деп есептеледі. Ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Айғақтарды жинастырып, кісіге тағу кезінде адам мен азаматтың кепілдіктері мен құқықтары, сондай-ақ сол айғақтарды жинаудың, оларды кісіге тағудың процесс жүргізу заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған болса, ондай айғақтар заңды бұзу арқылы алынған деп танылуға тиіс.
  9. Конституцияда қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға болмайды. Мұның мәнісі - егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заң бойынша қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз. Қысқасын айтқанда: егер заңда көрсетілмеген болса, онда қылмыстың болмағаны.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ Конституциясы туралы
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
АҚШ сот билігі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Сот билігінің тәуелсіздігі
Судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасының сот билігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz