Балалардың психикасының дамуында кездесетін дағдарыстың тууы және ерекшеліктері


Кіріспе
Жұмыстың мақсаты. Балалар психологиясындағы дағдарысты қарастыруға себін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймяғына қатысгы қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Балалар психологиясындағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Балалар психологиясындағы дағдарыстың мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Жұмыстың міндеті. Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді.
Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Дағдарыс жасы туралы буржуазиялық теорияға қарсы болудың да қажеті жоқ сияқты. Өйткені баланың даму процесін түйіні мол шырмаулы мәселе екен деп санау да артық. Бұл жерде дамуды тек ішкі табиғи процесс деп түсіну де дұрыс емес. Жалпы алғанда ішкі дамуды биологиялык даму деп санасак, онда бүл ішкі секреция бездерінің өзгеруі болып шығады. Міне осы заңдылыққа сәйкес дағдарыс жасын мен ішкі даму жасы деп атамаған болар едім. Алайда, мен ішкі даму процесін баланың жеке басы мен ортаның бірлігі нәтижесінде оның дамуына ықпал етуші жағдайлар деп тұжырым жасар едім. Өйткені бала дамуындағы бұрынғы сапалар мен оның жасы өскен сайын жаңа қадамдар жасауына тірек болып, елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын көрсетеді. Егер дамудың ішкі процесін дұрыс түсініп, оның себептерін анықтайтындай деңгейге көтерілсе, онда баланың дағдарысқа ұшырауы туралы теорияларға қарсы болудың да қажеті бола қоймайды.
Мен баланың дамуына әсер етіп отыратын ортаның ықпалын қозғаушы күш деп санайтын болсам, онда ортаның әр түрлі жас кезеңдерінде дағдарысқа ұшырау себептері оның ішкі дүниесінің өсіп-жетілуіне сәйкес жаңа сапалардың жасалуы деп санаймын. Өйткені баланың жасына қарай тіршілік ортасына әсерленуі түрлі сипатта болады. Бұл шындықты бекерлеуге біздің ешқандай құқымыз жоқ. Бала дамуында жана сапаларды игеріп, сатымен жоғары өрлеген сияқты болып отырады.
Баланың қажеттілігі мен ниеттілектерінің өсіп, олардың жасы өскен сайын түрлі мазмұн сапаларды игеруі жалпы психикалық дамудың қайта құрылып, тіршілік жағдайына лайықты өзгеріл отыруы деп түсінген дұрыс. Баланың дамуы оның іс-әрекетіне орай жаңа сапаларға ие болады, егер сананы баланың өз ортасына қатынасы десек, соған орай оның саңасы да жақа мазмұнға ие бола бермек.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
1 Бала психологиясының мәселелері
1. 1 Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.
Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт - бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э. Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым - бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі - құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу - аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс - екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат» ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г. Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.
Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория--қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В. Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.
Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, - дей; Штерн, - біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.
Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, - дейді Штерн, - қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. ;
Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні - сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты «Бұл нс?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай?
Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі» деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.
Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.
Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі - тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.
Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.
Ж. Пиаженің, А. Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т. б. ) деп сұрақ қойылды.
Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын сәби кейін де бұл шарттылықты түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың пікір айтты.
Гумбольдтік тіл туралы күлдіргі әңгімелерінде орыс солдатынын судың түрлі тілде әрқилы аталатыны жөнінде терең ойға шомып, судың атауы тек біздің тілде ғана дұрыс аталады, ал басқалардың бәрі суды дұрыс атамайды деп қасарысады. Гумбольдтің бұл әнгімесіңде түйінді мәселе етіп қойып отыруының мәні заттың аты сол нәрсенін өзімен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі баланың сөздің сырын ұрынуда мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.
Осының бәрі бізді Штерн көзқарасын қабылдамауға мәжбүр етеді. Оның көзқарасы қазіргі кезде психологияда қолданылмайды деуге де болады. Бізде сол көзқарастардан өзгеше бірқатар жаңа пікірлер бар. Енді соларға қысқаша тоқталып өтейін.
Бюлер көзқарасы Штерннің қас пен көздің арасында аштым деп жүрген жаңалығы микроскопиялық қозғалыс, ол күннен күнге ұлғайып, бірнеше айға созылады, яғни бұл жаңалықты молекулдық құрылым деп көрсетуді көздейді. Бюлер теориясы Вена мектептеріндегі мылқау балаларға жүргізілген байқау нәтижелеріне негізделеді.
А. Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па - ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «кёремет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін ашьш біледі.
К. Коффка көзқарасы бүкіл құрылымдық психология тұрғысынан алғанда, сәбидің бұл алғашқы жаңалығы құрылымдык әрекет түрінде көрінеді. Сәби зат пен оны атау жөнінде өзіңдік құрылымды ашады. Мұның өзі жеміс қашықта жатқандай, тек қана оның таяқтың көмегі болмаса алынбайтын жағдайдары маймылдың әрекеті сияқты болып көрінетін жаңалық. Осы бағытта Коффка мен Валлон теориясы бірігіп кеткен сияқты.
Бюлер, Коффка, Валлон теориялары Штерн теориясын қарағанда фактілерге тіректелгея. Өйткені олар Штерн теориясының олқылығы мен кемістігін байқап, оны сынау арқылы өсіп отыр. Бірақ олардың бәрінде құрылымдык теориядан ауысқан Штерн қателігі бар. Бұлардың бәрі де: сәби заттың құрылымын онымен шұғылдану әдісін ашады, бұл сөздердің мағынасы өзгермейді және олар дамымайды деген болжамға келеді.
Сонымен бұл теориялардың бәрі Штерн теориясының интеллектуалдығы - жұмсартқанымен оның бастапқы идеалистік тезисіне қарсы шығады да, тіл туралы түсінікті тілдің құбылыстан шығарып тастайды. Сөйтіп олар біз баяғы тілдің шығуы жайындағы Штерн теориясының қателігі маңынан ұзап шыға алмайды. Себебі, олар негізінен сәби сөзінің пайда болуы мен дамуының өзгермейтіндігін қуаттайды. Енді тілдің шыруы туралы қазіргі ілімді қысқаша ғана атап өтіп, сол арқылы сәбидің алғашқы дағдарысының негізгі себебін анықтайык.
1. 2 Баланың дербестік тілінің шығуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz