12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім дайындаудың мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
1. Жаңа тұрпатты тарихшы мұғалімнің қалыптасуы және оның кәсіптік біліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.9

2. Жаңа тұрпатты жетілген тарихшы мұғалімнің идеясын саббақта қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.21
Пайдалған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.23
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты тарихшы педагог дайындаудағы алғы шарттар негізгі нысаны болды. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі озық ойлайтын, жаңашыл, дамыған мұғалім иесі болмақ.
Тақырыптық зерттелу деңгейі мен деректік негізі: Р.К.Алшоразова «12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім» кітабы мен «12 жылдық білім» журналдарындағы мақалалармен толықтырылып, К.І. Аманқұлов «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері». Жошыбаева Г. «12 жылдық мектеп мұғалімдерін даярлаймыз» // Қазақстан мұғалім. 2006 ж.
«Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің көкейкесті мәселелері» //Қазақстан мектебі, 2001ж – 2013 ж. аралығында.
Болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), қазақ
Пайдалған әдебиеттер
1. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар //Бастауыш мектеп, 2006.№4 –Б. 40-42.
2. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу - өзекті мәселе //ХХ ғасырдағы Қазақ мектебі: даму болашағы. І том.–Алматы, 2006. –Б. 521-528. (бірлестікте: Серғалиева Р.).
3. Білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе // ХХ ғасырдағы Қазақ мектебі: даму болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Алматы, 2006. –Б. 238-244.
4. Оқыту әдістерін жетілдіру және қазіргі әдістер // Қазақстан Республикасының егемендігі – ұлттық заңнаманың даму негізі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. І бөлім. –Ақтөбе, 2006. –Б. 192-199.
5. Төл оқулықтарымыз – болашағымыздың бағдары //Жаңа буын оқулықтары: қазіргі жағдайы, дайындау және басып шығару мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Астана, 2007.–Б. 163-167.
6. Оқулықтар мазмұнына халықтық педагогика мұраларын енгізу мәселесі //Жаңа буын оқулықтары: қазіргі жағдайы, дайындау және басып шығару мәселелері, болашағы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Астана, 2007. –Б. 167-169.
7. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктері //Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал. –Ақтөбе, 2007. -№1. –Б. 6-8.
8. Педагогические и информационные технологии ХХІ века / Реализация стратегии индустриально - инновационного развития РК: проблемы подготовки инженерно - технических кадров. Региональная научно-практическая конференция. –Актобе, 2006. –С. 206-209. (в со авторстве: Алдияров К.Т.).
9. Білім берудегі өзекті мәселе //Қазақстан мектебі, 2007. -№3. –Б. 72-75. (бірлестікте: Алдияров Қ.).
10. Жоғары класс оқушыларының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы //Жоғары оқу орында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы мен практикасы. І ғылыми-практикалық Халықаралық дистанциялық конференция. –Түркістан, 2006. –Б. 312-318.
11. 12 жылдық мектепте оқушылардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру. //Әдіскер жаршысы. Ғылыми-әдістемелік журнал. –Ақтөбе, 2007. -№3. –Б. 3-6.
12. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері //«Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана сүзгісінен терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі - 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты тарихшы педагог дайындаудағы алғы шарттар негізгі нысаны болды. Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі озық ойлайтын, жаңашыл, дамыған мұғалім иесі болмақ.
Тақырыптық зерттелу деңгейі мен деректік негізі: Р.К.Алшоразова 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім кітабы мен 12 жылдық білім журналдарындағы мақалалармен толықтырылып, К.І. Аманқұлов Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері. Жошыбаева Г. 12 жылдық мектеп мұғалімдерін даярлаймыз Қазақстан мұғалім. 2006 ж.
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өтудің көкейкесті мәселелері Қазақстан мектебі, 2001ж - 2013 ж. аралығында.
Болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ.Б.Бөлеев, Ж.Асанов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Қ.Б.Жарықбаев Х.Шалғынбаева, Ә.Табылдиев т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.
Газет-журналдардағы тарихшы маман дайындаудың өзекті мәселе боп көрінген мақалалар мен Қазақстан ғалымдарының зерттеулері ой-пікірге салынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім берудің жаңа парадигмасы мен жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында мұғалімдердің шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау.
2. Педагогтардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні мен мазмұнын анықтап, "білім берудің жаңа парадигмасы", "шығармашылық қызығушылық", "креативтілік", "инновациялық креативті білім беру", "шығармашылық рефлексия" ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.
3. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында мүғалімді 12 жылдық мектепке қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.
4. Оқу процесінде педагог маманды жан-жақты етіп қалыптастырудың дидактикалық тұғырларын анықтау.
5. Педагог мамандарды жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктерін көрсетіп, оны оңтайлы пайдаланудың мазмұндық сипатын көрсету.
6. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында педагог маманға сабақтардың әдістемесін жасап, оның тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Егер, Қазақстан Республикасындағы елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты жоғары педагог маман қалыптастыра отырып жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; оқушылардың субъект ретіндегі дербес шығармашылық мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және дидактикалық тұғырлары анықталса; шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның субъектілік және қоғамдық мәнін арттыратын өзегі ретінде танылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, инновациялық процесс қамтамасыз етіледі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу, ұзақ мерзімді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан - 2030 стратегиялық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік Білім бағдарламасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық және шетел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, жаңашылдық тәжірибелер, озат ғылыми зерттеулер, диссертанттың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі.

12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты тарихшы мұғалім дайындаудың мәселелері
1. Жаңа тұрпатты тарихшы мұғалімнің қалыптасуы және оның кәсіптік біліктілігі
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі - сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.
12 жылдық білім беруге көшу:
1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды;
3. Жалпыға арналған біліммен білім әркімге өмір бойы үлгісіне саналы түрде көшуді;
4. Әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. Баланы оқуға қалай үйретеміз?, Ойлауға қалай үйрету керек? деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата - анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым - қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің Мұғалім - мектептің жүрегі, - деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді деген ғой.
Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым - қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол.
Білімді игіліктендірудің педагогтың тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін Е.Н.Шияновтың еңбегінде өте орынды талдаған. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезіндегі оқушылармен қарым - қатынас үлкен әсер етеді. Қазіргі оқушы тек мұғалімнің айтқанын тыңдаушы ғана емес, ол пікір айтушы, өзінің талабын орындауға, қызығушылығын қанағаттандыруға, білімін кеңейтуге талпынатын субъект ретінде қатыса түседі. Бұл талап, тілектерді қанағаттандыру мұғалімнен үлкен дайындықты, терең білім мен ұстамдылықты талап етеді. Болашақ мұғалім мектептегі игіліктендіру ісінің жүйесімен, ұжымның бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарының барысымен танысады. Осы арқылы болашақ мұғалімнің біліктілігімен қатар жалпы мәдени деңгейі көтеріледі. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушы арасының қарым - қатынасына тікелей байланысты болса, білім мазмұнын игіліктендіру берілетін білім жүйесіне жалпы адами мәселелерді ендіру арқылы адам баласы жасаған құндылықтарды оқушылардың меңгеруіне жағдай жасау. Сол арқылы оқушылардың өткен тарихымызды, табиғи және мәдени байлықтарды біліп қана қоймай, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Мұндай талаптарды жүзеге асыру да жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасының сапасына енетін қасиет.
Мұғалім тұлғасының жан - жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптеген икемдіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс - тәсілдерді таңдау; жаңа технологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу; оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі мен шапшаңдығы, кез - келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі, мұның бірі мұғалім тұлғасының сапасына енеді. Ал, коммуникативтік - бұл тұлғаның адамгершілік, интелектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылы кішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап, қарым - қатысқа өз деңгейінде түсе білуі. Бұл жағдай тұлғаның ерекше педагогикалық, психологиялық ой - өрісін көрсетеді.
Әр ғалым педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәніне тоқтала отырып, әр түрлі анықтама береді. Мәселен, А.И.Щербаков өз еңбегінде тұлға қалыптасуының психологиялық тұстарына үлкен мән беріп, оқу - әдістемелік әрекеттің мұғалімнің жеке тұлғасының қалыптасуына үлкен әсер ететіндігін айта келе, ол әдістемелік икемдіктерді бірнешеге бөледі: ақпараттық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік деп.Егер, мұғалім тұлғасының қалыптасуындағы педагогикалық практиканың мәнін сөз ететін болсақ, бастауыш сынып мұғалімдері де ақпараттық қызметтің басым болуы керектігін естен шығармауға тиіспіз. Себебі, оқушыларды күнделікті жаңалықтармен таныстыру бастауыш сыныптардағы сабақ барысында ғана емес, сабақтан тыс жұмыстар барысында да басым орын алады.
И.Я.Лернер еңбегінде мұғалімнің мақсатты түрде ұйымдастырған әрбір әрекеті оның нәтижесін алдын ала біліп отыруға жағдай жасауға тиіс деп көрсетеді. Ғалым - педагогтің пікірі бойынша мұғалім өзінің жұмысының нәтижесін алдын ала сезіп отыратын зерек, болжамы жетілген тұлға болуы тиіс. Мұғалім тұлғасын сөз еткенде қай ғалым болса да, оның кәсіптік шеберлікпен байланысты қалыптасатынын айтпай өте алмайды. И.Я. Лернер өзінің бұл пікірін оқу үрдісі және оның заңдылықтарын сөз еткенде тағы да қайталап, оқытудағы басты заңдылықтардың бірі ретінде мұғалім тұлғасының оқытып білім берудің барлық талаптарына сай келуін талап етеді.
Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау қоғамның жеке тұлға дайындығына қойып отырған талаптарынан, қаулы - қаралар шешімінен туындайды. Олай болса, қазіргі қоғамда мұғалім тұлғасына қойылатын талап өте жоғары. Қазіргі мұғалім жоғары білімді, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де дайын, ғылым мен мәдениет салаларынан хабардар, жаңа типті оқу орындарының кез - келген саласында қызмет етуге оңтайлы, ортамен қарым - қатысы, этикалық, адамгершілік сапалары жетілген тұлға болуға тиіс. Мұғалім тұлғасының қалыптасуында ең бірінші мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, қу үрдісін ұйымдастыра білу шеберлігі.
Жоғарыда келтірілген мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар бүкіл пәндер мұғаліміне тән деуге болады. Біздің зерттеуіміздің бағыты бойынша осылардың бәрін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің басты қасиеті бала жанын түсіну, 7 - 10 жастағы балалар әлі де ата - ана жылылығынан қол үзбеген, жылы сөйлеуді, еркін ұстай отырып, талап етуді, мадақтай отырып жұмыс орындатуды керек ететін ерекше жандар. Бастауыш сыныптар оқушыларының психологиялық ерекшеліктері олардың көзбен көргенді тез қабылдауына негізделеді.Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер - ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарас.
Дистанциялық оқытудың маңыздылығы - жеке тұлғаның дамуын ілгерілетіп, оның қызығушылықтары арқылы шығармашылық ізденіске жетелеу, сондай-ақ оқыту курсының оңтайлы нұсқасын таңдап, оны меңгеру деңгейін арттыру. Мұғалім дистанциялық оқытуда оқу ақпаратын тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылармен жеке жұмыс істеуге және озат оқушылармен қызықты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Оқушы үйреншікті өмір жағдайын өзгертпей-ақ, өзіне оңтайлы уақытта және ыңғайлы жерде білімді игереді, пәнді қалағанынша меңгеруге мүмкіндігі болады, әрі көп шығынды талап етпейді.
Дистанциялық оқытудың негізгі жалпылау технологиялық құрамы үш бөліктен: 1 - кейс технологиясы, 2 - интернет технологиясы, 3 - телекоммуникациялық технологиялардан тұрады.
Кейс технология (ағылшынша case - жинақ) өз бетінше дербес ізденуге оқу - әдістемелік кешендердің арнайы жинағы түріндегі ақпараттық білім беру көздерін қамтамасыз ету. Бұл технология дистанциялық оқытуда алғашқы болып қолданылды.
Телекоммуникациялық технология - ғарыштық спутник құралдары арқылы мәліметтер мен телехабар, сондай-ақ ақпараттық білім ресурстарын сандық кітапхана, видеолекция т.б. оқыту құралдары негізіндегі дистанциялық оқыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күні CD - ROM дискісіндегі ақпараттарды түрлі телекоммуникациялық құралдар арқылы кез-келген тұтынушыға жеткізуге болады.
Интернет - технология. Дистанциялық оқытуда интернет технология Интернет ақпараттық жүйесіне қосылу нәтижесінде мүмкін болады. Интернет жүйесі арқылы оқушы дистанттық мұғаліммен (тьютор) өзара байланысқа түседі. Бұл қарым-қатынас синхронды түрде жүзеге асуы мүмкін сол мезеттегі уақыт режимінде (онлайн), немесе асинхронды, басқа уақытқа қалдыру (офлайн) арқылы ақпараттың үлкен көлеміне байланысты өзгеруі мүмкін.


2. Жаңа тұрпатты жетілген тарихшы мұғалімнің идеясын саббақта қолдану
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және қүрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде -- динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.
Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік -- білім беру - тәрбие -даму -- қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тендеңциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана коймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені оқуға және дамытуға белсенді он қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзініше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас) проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кенінен пайдалану және оқытудың кооперирациялық-топтық, әсересе, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.
Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар олардың құрылымдар түрінің өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан; ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудаң сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдалануда көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өзін-өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуда байқатады.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті түлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ -- ол процестін бір бөлігі, сондықтан да окып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде -- оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысына қалылтастыруға тиіс.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбы мен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуыларды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б.
Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұның -- сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. -- анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы -- осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.
Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыру әр түрлі болуы керек, оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Балалардың барлығы барлық уақытта қызметтін бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі -- оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті -- жаңа білімді игеруді -- атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек.
Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің сабақта барлық оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды, ол ғасырдың басында ескі мектептердегідей оқушылардан оның соңғы жауабынан бастап барлық өтілген материалдарды сұрай алмайды. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (егер мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің тиімділігіне жағдай жасамайды. Өткені кайталау ешқашан да жаттанды кайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын етілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек.
Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа тұрпатты мұғалімнің біліктілік сипаты педагогикалық мамандықтар бойынша МЖМББС-ның мазмұндық негізі
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ҰЛТЖАНДЫ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУ НОБАЙЫ
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жаңа тұрпатты болашақ маман дайындаудың әлемдік тәжірибелеріне салыстырмалы талдау
Қазіргі қоғам және ондағы мұғалім
Пәндер