XVII-XIXғғ патша үкіметінің әкімшілік саяси реформалары.


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Біздің Мемлекетіміз бен қоғамымыз ұлы озгерістермен қиыншылықты бастан өткерді. Сонау қазақ халқының қиын қыстау заманында, көршілес жатқан шығысында Жоңғар мемлекеті, солтүстігінде Ресей, оңтүстігінде Бұхар, Хиуа, Қоқан мемлекеттерінің қыспағында болды. Қазақ халқының сол кездегі, яғни үш жүздің Ресей отарында болуы, көшпелі қазақ халқының шаруаларының өзінің туып өскен жерінен тыс қалғаны олардың ашу - ызасын тудырды. Осыған орай Ресей үкіметінің қазақ халқын басып, оларға өздерінің заңдарын жүргізе бастады. Олардың ең басты көздеген мақсаты Шыңғыс ұрпақтарын жойып, қазақ жерінде орыстандыру саясатын жүргізу еді. Соған орай көптеген ережелер шығып, халықтың наразылығын тудырып отырды. Олардың заңында әрбір жеке адамның басына бас салығы, үй салығын төлеуге міндетті болды. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.

Тақырыптың тарихнамасы. 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. «Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т. б деп аталды. 1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болған. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.

Тақырыптың деректік негізі. «Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып, олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы

жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді. Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі - Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал- гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.

Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.

Өлке шеңберінде генерал - губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты - кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал - губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ өңіріндегі әрбір жеке дара адамдардың патша өкіметінің қыспағында болған сонау қиын қыстау кезеңін, бастан өткен қиыншылығын ашып көрсету курстық жұмысымның мақсаты болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті:

Мен курстық жұмысыма мынандай міндет қойдым:

  1. Қазақ халқының, патша өкіметінің шығарған ережелеріндегі тәртіпті, талаптарды анықтау;
  2. Қазақ халқының сол замандағы өмірі;
  3. Генерал - губернаторлардың сол кездегі шексіз билігі:

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері: Тақырыптың хронологиялық шеңберіне келетін болсақ, патша үкіметінің әкімшілік саяси реформалары, XVII ғасырмен XIX ғасыр аралығын қамтиды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс негізінен кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және де қосымша тұрады.

1. 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

1. 1 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтанУәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М. М. Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г. С. Батеньков белсене қатысты. Оған М. М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді

Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді . Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда - экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді [15] .

1822 жылы Сібір екі бөлімге бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды. «Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т. б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды [2] .

«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып,

олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б) даулы істер; в) басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы:
ОКРУГ

(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.

Әкімшілік-саяси реформаның салдары:
-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді.
-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.
-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.
-Хандық билікті жойды.

Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды [19] .

Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж. ) . 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.

1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П. К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын», - делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:

Кіші жүздің әкімшілік құрылымы:

БӨЛІКТЕР

(батыс, орта, шығыс)

Басқарушысы- аға сұлтан

ДИСТАНЦИЯ (54)

Басқарушысы-ру шонжарлары

АУЫЛ

Басқарушысы-ауыл старшыны

Реформаның салдары:

-Орталық басқару нығайтылды.
- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.

1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.

1. 2 1867-1868 жж. әкімшілік-са­яси ре­фор­ма­лар

1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы

жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.

1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.

1867-1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды [17] .

Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі - Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал- гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.

Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды [9] .

1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.

«Уақыт­ша Ере­женің» 210-тар­мағына сәй­кес Қазақ жері Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның меншігі бо­лып жа­ри­ялан­ды. Сұлтан­дардың бар­лық әле­уметтік-са­яси және мұра­герлік құқықта­ры жойыл­ды, ел билігі орыс ше­не­уніктерінің қолы­на шоғыр­ланды.

Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына қарауы аяқталды [3] .

Патша - өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең - кезеңімен іске асырды.

Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.

Патша өкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші

арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды [11] .

Отарлаудың осы әскери - әкімшілік кезеңінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды.

Бұдан кейін (үшінші кезең) отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі - отарлаушы елдің ішкі қуат көзі - этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды.

Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бүл усыныс қабылданбады.

1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды [18] .

1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т. б.

Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:

- Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
- Әлеуметтіқ - экономикалық жаңалықтар енгізу.
- Алайда Ш. Уәлиханов усыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.

1867 жылғы 11 шілдеде - «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.

1868 жылы 21 қазан - «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.

Реформа нәтижесі.
1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
2) Феодалдық - патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы) .
4) Отарлық басқару күшейді.
5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.
6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

1886 - 1891 жж. реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Орынбор губернаторларының қазақ даласына қатысты саясатын толық және жүйелі көзқарас тұрғысынан зерттеу
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік- экономикалық және саяси жағынан дамуы
І-Петрдің мемлекеттік басқару реформалары
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
ХІХ Ғ. 60 - 90 - ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ
Х1Х ғ. 20-40жж. реформалары бойынша Қазақстанның саяси-əкімшілік құрылысындағы өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz