Бұршақты көкөністер

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.Негізгі бөлім
1.1.Бұршақ тұқымдастарының сипаттамасы,сұрыптары ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Асбұршақтың тұқым шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3.Бұршақ тұқымдастарының халық шаруашылығындағы маңызы ... ..12
1.4.Бұршақ дақылдарының морфологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 16
1.5.Бұршақ дақылдарының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Бұршақты көкөністер, әсіресе асбұршақтың жасыл бұршақшасы мен үрме бұршақтың қалақшасы, аса құнды өсімдіктер.
Бұршақты көкөністер ақуызға өте бай, оның құрамында қанттар, дәрумендер бар. Көкөністік бұршақ пен үрме бұршақты ерте, шілденің басында немесе ортасында жинайды, бұл тұрғындарды жас көкөніспен ерте қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұршақты дақылдар, өсімдіктің тамырына орналасқан түйнек бактерияларының көмегімен, ауадағы азотты жинауға қабілетті. Олардан кейін топырақта гектарына, 10-12 т көң немесе 3 ц аммияк селитрасын енгізгенмен пара-пар болатын, 50-ден 100 кг дейін азот қалады. Сондықтан бұршақтылар өзге көкөніс дақылдары үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Өнімді қолмен жинауға байланысты туындайтын үлкен шығындар, олардың егіс көлемін шектейді. ...
1. Матаганов Б.Г., Аяпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.
2. Юсупов М., Петров Е., Ахметова Ф. Овощеводство Казахстана, Учебник. Т. 1-2. Алматы, 2000.
3. Сиривля А. Г. Свежие овощи - круглый год.-Алма-Ата: Кайнар, 1985.
4. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. және т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.
5. Жеміс-көкөніс шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Н. Г. Щепетков, а.ш.ғ.д., профессор, М. А. Ысқақов, а.ш.ғ.к., доцент. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 536 бет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.Негізгі бөлім
1.1.Бұршақ тұқымдастарының сипаттамасы,сұрыптары ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2.Асбұршақтың тұқым шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3.Бұршақ тұқымдастарының халық шаруашылығындағы маңызы ... ..12
1.4.Бұршақ дақылдарының морфологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 16
1.5.Бұршақ дақылдарының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе

Бұршақты көкөністер, әсіресе асбұршақтың жасыл бұршақшасы мен үрме бұршақтың қалақшасы, аса құнды өсімдіктер.
Бұршақты көкөністер ақуызға өте бай, оның құрамында қанттар, дәрумендер бар. Көкөністік бұршақ пен үрме бұршақты ерте, шілденің басында немесе ортасында жинайды, бұл тұрғындарды жас көкөніспен ерте қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұршақты дақылдар, өсімдіктің тамырына орналасқан түйнек бактерияларының көмегімен, ауадағы азотты жинауға қабілетті. Олардан кейін топырақта гектарына, 10-12 т көң немесе 3 ц аммияк селитрасын енгізгенмен пара-пар болатын, 50-ден 100 кг дейін азот қалады. Сондықтан бұршақтылар өзге көкөніс дақылдары үшін жақсы алғы дақыл болып табылады. Өнімді қолмен жинауға байланысты туындайтын үлкен шығындар, олардың егіс көлемін шектейді.
Асбұршақ - Рisum sativum L. Асбұршақ жасыл бұршағы (бұршаққап, қалақша) немесе дәні толық піспеген кезінде пайдалану үшін өсіріледі. Жас бұршақтың құрамында 6-7 % ақуыз, 10-14 % қанттар немесе крахмал, 6-7 % майлар, А, В1, В2, С, Е, К дәрумендері болады. Тұқымының пісіп-жетілуіне қарай қанттар мен дәрумендердің мөлшері азайып, крахмал мен ақуыз көбейе түседі.
Асбұршақ - бір жылдық өсімдік. Кіндік тамыры тармақталған, топыраққа бір метрге дейін бойлайды. Сабағы шөптесін, жіңішке, қуыс, биіктігі 30 см-ден 250 см дейін. Жапырақтары жұп қауырсынды, мұртшасы бар. Жоғарғы жапырақтарының қолтығында гүлсидамдары орналасқан. Гүлдері қос жынысты, өздігінен тозаңданады.
Жемісі - бұршаққап, құрылымдары бойынша аршымалы және қантты болып бөлінеді. Қантты сұрыптарының жемістерінің жармаларында талшықты пергаментті қабат жоқ, олар нәзік және тәтті келеді. Жемісін тағамға жармасымен пісірілген және консервіленген күйінде пайдаланады. Бұлардың бұршағы жарылмайды және нашар бастырылады. Аршымалы сұрыптардың қабырғасының ішкі жағындағы пергаментті қабаты оны қатайтады, сондықтан бұл сұрыптарды, ең алдымен жасыл бұршақ алу үшін өсіреді. Тәтті жас дәндерін бөліп алып консервілейді, кептіреді, сондай-ақ тоңазытады.
Асбұршақтың тұқымы әжімді және тегіс болады. Әр бұршаққапта бір қатарға орналасқан 4-10 тұқым болады. Тегіс тұқымды сұрыптар 1-2оС, ал әжімді тұқымды сұрыптар 4-6оС жылылықта өне бастайды. Тұқымдардың өнуіне оңтайлы температура - 18оС жылылық.
Жас өсімдіктер көктемгі - 4-8оС бозқырауды, ал гүлдері - 2-3оС-ға дейінгіні көтереді. Алайда күзгі бозқырау (3-5оС) бұршаққап дәндерінің толысуы және жасылданып пісу кезінде қауіпті.
Асбұршақтың суыққа төзімділігі, оны ерте себуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда өсімдік қалыпты температурада, ауа мен топырақтың ылғалды жағдайында дамиды, ал ол жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.
Асбұршақ ылғалды жақсы көретін өсімдік болғанымен, тамыр жүйесінің жақсы жетілуі нәтижесінде қысқа мерзімдік құрғақшылықтарға айтарлықтай төзімділік таныта алады. Суға деген зор талабы гүлдену алдында және одан кейін байқалады. Тұқымдардың құралуы кезінде ылғалдың жетпеуінен алақат дәнділік пайда болады. Бірақ тым көп суландырса, асбұршақтың саңырауқұлақ ауруымен зақымдануы мүмкін.
Асбұршақ - ұзақ күннің өсімдігі. Оның өсу мерзімі, оңтүстікке қарағанда солтүстікте қысқарақ. Ерте пісетін сұрыптар ұзақ күн сияқты, қысқа күнде де (10 сағаттық) қалыпты мерзімде жеміс береді. Топырақтардың ішінде бұршаққа қолайлысы, қара топырақ пен сазды қара топырақ, сонымен қатар құрамында қара шірінді біршама көп өзен аңғары топырағы. Батпақты, ащы топырақтар асбұршаққа жарамсыз.
Бұршақ тұқымдастарының сипаттамасы,сұрыптары

Сұрыптары.
Победитель Г-33. БО КДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, аршымалы сұрып. Өсінді кезеңі 75-95 тәулік, бұршаққабын алғашқы жинағанға дейін 64-72 тәулік өтеді. Механизм көмегімен жинауға жарамды. Сабағының орташа биіктігі 40-55 см. Тұқымы әжімді, қырлы, көкшіл-сұр-жасыл түсті.
Фуга. Аршымалы сұрып. БОӨШ ҒЗИ-ның Қырым тәжірибе селекция стансасында шығарылған. Механизм көмегімен жинауға жарамды. Бұршаққабы түзу, ұшы үшкірленген, қоңыр-жасыл түсті. Консервілеуге және жас күйінде пайдалануға ұсынылады.
Карагандинский 1055. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Өсімдігінің биіктігі 60-80 см, буынаралықтары ұзын. Алғашқы бұршаққапқа дейінгі буындардың саны 8-10. Бұршаққаптары таспиқ тәрізді, сарғылт қызыл түсті.
Адагумский. Бұрынғы БОӨШ ҒЗИ-ның Қырым селекция тәжірибе стансасында шығарылған. әмбебап пайдалануға арналған, ең жоғары өнімді, орташа мерзімде пісетін сұрыптардың бірі. Өскін пайда болғаннан бұршаққаптарды жинағанға дейін 60-65 күн. Сабағының ұзындығы 70-80 см, буынаралықтары қысқа. Бұршаққабы түзу немесе сәл иіңкі, күңгірт жасыл. Бұршаққабында - 7-9 бұршақ. Тұқымдарының түсі сарғылт жасыл. Дәмдік сапасы өте жоғары.
Асбұршақтың агротехникасы. Ең жақсы алғы дақылдар - асханалық қызылша, картоп, орамжапырақ, қызанақ. Топырақты өңдеу өзге дақылдардікі сияқты. Асбұршақтың егістігіне органикалық тыңайтқыштар енгізбейді. Бұршақтың дәні көбіне бұршақ қоңызымен зақымданады. Зақымданған дәндерден сауларын бөліп алу үшін оларды ас тұзының ерітіндісіне (10 л суға 3 кг тұз) салады. Ерітіндінің бетіне қалқып шыққан дәндерді алып тастайды да, түбіне батқандарын таза сумен жуып, кептіреді.
Себерден 10 тәулік (ал нитрагинмен өңдегенде 20-30 тәулік) бұрын, тұқымды 10 минут сайын араластыра отырып, ТМТД дәрмегімен (тұқымға 500 гц) дәрілейді. Дәріленген тұқымның өнгіштік қабілеті артады. Егер алдында (1-2 сағ. бұрын) тұқымды міндетті түрде бұршақ нитрагинімен өңдейді: ол түйін бактериясының дамуын күшейтеді - 0,5 л нитрагинді 10 л таза суға араластырып, жамылғының үстіне төгілген тұқымның себілетін гектарлық мөлшеріне бүркеді де мұқият араластырады. Тура түсетін күн сәулесі бактерияларды өлтіретіндіктен, барлық жұмысты көлеңкеде жүргізу керек.
Асбұршақты ерте мерзімде, дәнді дақылдар сепкіштерінің жоғарғы себілгішіне қойып себеді. Ең алдымен тегіс тұқымды сұрыптар, содан соң 8-10 тәуліктен кейін әжімді тұқымды сұрыптар себіледі.
Қантты сұрыптарды - 3-4 ізді, ал аршымалы сұрыптарды 5-7 ізді таспамен себеді. Таспалар арасындағы қашықтық - 50 см, қатарлар арасындағы қашықтық - 15-20 см, ал қатардағы өсімдіктердің арақашықтары 4-6 см болуы керек. Аршымалы сұрыптарды да жай қатарлап, қатараралықтарын 7,5-15 см, ал қатардағы өсімдіктердің арасын 6 см қойып, себуге болады. Себу мөлшері - 200-250 кгга.
Көктеу кезінде ақ бұршақ топырақ бетіне тұқым жарнағын шығармайды, сондықтан тұқым 5-7 см тереңдікке сіңіріледі. Тұқым себілгеннен соң топырақты таптағышпен тығыздайды. Өскін көріне бастағанда алқапты торлы тырмамен немесе көлденең немесе қатардың бағытына бұрыштап тырмалайды; өсімдіктің биіктігі 5-6 см-ге жеткенде тырмалау тағы да қайталанады. Жаңбырдан кейін тырмалауға болмайды, себебі ондайда өсімдік тез сынғыш келеді. Өсімдік топырақ бетін көлеңкелегеннен бастап, оны күту жұмыстары тоқтатылады.
Көк өскіннің шығуы мен гүлдене бастауы арасындағы қосымша суландыру өнімді елеулі арттырмайды, бірақ гүлдену кезінде және одан кейінгі 2-3 суару өнімді арттырады.
Жинау және сақтау. Асбұршақтың қантты сұрыптарын гүлдегеннен 17-19 тәулік өткен соң, әдетте шілде айының екінші жартысында бұршаққабымен бірге жинай бастайды. Жинау құрғақ ауа райында 2-3 тәуліктен кейін және салқын ауа райында 4-5 тәуліктен кейін жүргізіледі. Барлығы 6-8 рет жиналады, бірақ ең мол өнім алғашқы үш жинауда болады. Қалақша-бұршақ жемісін сағағынан басбармақтың тырнағымен қысып үзіп алады. Бір жұмысшы сағатына шамамен 7 кг бұршақ жинайды.
Асбұршақтың аршымалы сұрыптарын гүлдене бастағаннан 12-15 тәуліктен кейін, дәннің құрамындағы қант мөлшері көбірек болатын, сүттене пісу кезеңінде жинайды. Үлкен алқаптарда жасыл бұршақты жал жасайтын ЖБА-3,5 дестелегішімен орады, ал жинап, бастыру КБК-1,0 комбайнымен жүргізіледі. Механикаландырылған әдістің еңбек шығынын едәуір азайтатындығын назарда ұстаған жөн.

Асбұршақтың тұқым шаруашылығы.

Пісіп жетілгенде асбұршақтың қантты сұрыптарының жемістері бүтін сақталады, ал аршымалы сұрыптарынікі қақырап - ашылады. Сондықтан аршымалы сұрыптардың тұқымдық егістіктерін дәндерінің басым бөлігі қамырланып піскенде жинайды. Асбұршақты дестелегіштермен немесе дестеге салғыш құрылғылары бар КСП-2,1, КЗН-2,1 шөп машиналарымен дестеге салады да, комбайнның барабан айналымын 2 есе азайтып бастырады. Тұқымды ОВС - 10, Петкус-Супер тұқым тазалағыштарында, ОПС-1 және Змейка пневматикалық бағаналарында тазалайды. Көкөністік асбұршақ тұқұмының гектарлық өнімі 15-18 ц. Тұқым өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды. МҮҚ бойынша бірінші санаттағы тұқымның сұрыптық тазалығы 99 %, екіншісінікі - 98,8 %, үшіншісінікі - 97 %. Үшінші санаттағы тұқымда басқа сұрыптардың және сирек будандардың қоспасы 3 % аспағаны жөн. Әжімді асбұршақтың бірінші класты тұқымының өнгіштігі - 90 %, негізгі дақылдың тұқымы - 99 %, 1 кг-да басқа өсімдіктер тұқымы - 10 дана, оның ішінде арамшөптер тұқымы - 1-ден аспайды, ал аршымалы асбұршақ үшін тиісінше 95 % және 90%, 10 және 1 дана бір келіге.
Үрме бұршақ - Phaseolus vulgare. Көкөніс шаруашылығында кәдімгі үрме бұршақ кең тараған, кеш пісетін лима үрме бұршағы - азырақ. Көкөністік үрме бұршақтың тағамға - сорпаға, соусқа немесе ет тағамдарына тұздық ретінде толық пісіп-жетілмеген бұршағы пісіріліп қосылады. Шикі үрме бұршақтың құрамында улы зат - фазин, азоты бар - глюкозид болғандықтан, оны тамаққа пайдалану қатты улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Пісірген кезде ол жойылады.
Қоректілігі жағынан үрме бұршақ көптеген көкөніс дақылдарынан жоғары тұрады. Онда ақуыздар, майлар, қанттар, каротин, минералды тұздар, В1, В2, С, К дәрумендері көп.
Асбұршақ сияқты үрме бұршақ та бұршақ тұқымдастарына жататын, бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі нашар дамыған, топырақтың беткі қабатында орналасады, қолайлы жағдайда 75 см-ге дейін бойлайды. Сабағы шөптесін, қырлы, шырмалғыш, күшті бұтақтанғыш. Сабағының биіктігі бұтақтанғыштарында - 25-45 см, жартылай шырмалғыштарында 1,5 м дейін, ал шырмалғыштарында 2-ден 5 метрге дейін. Жапырақтары дара қауырсынды, орталық сағақта үш жапырақ тақтасы орналасқан. Үрме бұршақтың топырақ үстілік барлық мүшелерін түк басқан.
Гүлдері ұсақ, жапырақтарының қолтығынан шығып тұратын қысқа шоқ гүлге жинақталған, өздігінен тозаңданады. Олар ақ, қызғылт, күлгін түсті болады. Жемісі - ұзындығы 12-15 см, 3-10 дәні бар - бұршаққап.
Үрме бұршақ жылуға жоғары талап қояды: тұқымы топырақ 8-10оС дейін жылығанда өне бастайды, ал жас өскін 1оС үсікте опат болады. Сонымен бірге дәні пісіп-жетілген өсімдік 4оС дейінгі қысқа мерзімдік үсікке шыдайды. Гүлжару және жемістену кезіндегі суық және жаңбырлы ауа райы гүлдерінің түсіп қалуын және үрме бұршақтың саңырауқұлақ ауруларымен зақымдануын тудырады. Оның дамып, жетілуі үшін оңтайлы температурада - 20-25оС, ал 30оС температурада және ауаның құрғақшылығында гүлдері түсіп қалады және жасыл бұршаққаптың өнімділігі төмендейді.
Үрме бұршақ топырақтың және ауаның дымқылдығына орташа талап қояды. Бірақ топрырақта ылғал тапшы болса қатты, ұсақ, құрғақ бұршаққаптар байлайды. Құрғақшылықта, әсіресе гүлдеу және жеміс байлау кезеңінде, шанақтары, гүлдей және жас жатындары түсіп қалады. Сондықтан жасыл бұршаққаптарының жоғары өнімі тек суландырғанда ғана мүмкін.
Бастапқы даму кезінде үрме бұршақ жарықтың мол болуын қажет етеді. Одан кейін, әсіресе, гүлдену мен жемістену кезеңінде шашыраңқы жарық пен ауаның басым ылғалдылығы өнімнің артуына және жеміс сапасына жақсы әсер етеді. Ауа мен температураның режимін жақсарту үшін үрме бұршақты өсіру кезінде, үрме бұршақтың әрбір 10-12 қатарынан кейін басым жел бағытына көлденең ұзын сабақты өсімдіктерден (жүгері және басқалар) 2-3 қатар ықтырмалар егу тәжірибеге енгізілген.
Үрме бұршақ топыраққа онша талап қоймайды, бірақ асбұршақ сияқты қышқыл топырақты, жер асты суы деңгейінің биік болғанын немесе тұрып қалған сулы телімдерді жаратпайды. Ол топырақтан қоректік заттарды аз мөлшерде сіңіргенімен, түйнек бактерияларының көмегімен азотты ауадан пайдалана бастағанға дейін, дамуының алғашқы кезеңінде азотты көп қажетсінеді.
СҰРЫПТАРЫ. Үрмебұршақтың бұршаққабында пергаментті қабаты жоқ қантты; бұршаққаптарында талшықты жіпшелері бар ішінара қантты; пергаментті қабаты дамыған аршымалы сұрыптарын ажыратады.
Грибовская 92 (Широкостручковая 92). БО көкөніс шаруашылығы сеелкция және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Тез пісетін, ішінара қантты, жас күйінде пайдаланылатын сұрып. Пісу барысында шашылуға бейімді. Орташа бұтақтанатын, биіктігі 40 см жететін, ақ гүлді бұта. Бұршаққаптары жалпақ, қылыш тәрізді, пісіп жетілмегенде түсі жасыл. Пергаменті кеш қалыптасады, бірақ бұршаққаптардың тігісінде қатқыл талшық болады. 1000 тұқымның массасы 350-400 г.
Триумф сахарный 764. Воронеж көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Ерте пісетін, бұршаққабы сапасы жақсы қантты түртектес сұрып. Техникалық пісуіне 55-60 тәулік қажет. Антракнозға төзімді. Биіктігі 30-40 см, бұта тәрізді өсімдік. Гүлдері қызғылт, бұршаққабы цилиндрлі, түзу, ұзындығы 12-16 см. Дәндері ірі, сарғылт-қызыл түсті. 1000 дәнінің массасы 400-600 г.
Үрме бұршақтың агротехникасы. Үрме бұршақты көкөніс ауыспалы егісінде танапқа көң енгізгеннен 2-3 жыл өткен соң орналастырады. Үрме бұршақ үшін ең жақсы алғы дақылдар - картоп, қызанақ, қияр, орамжапырақ.
Күзде сүдігер жыртқанда бір гектарға 2,5-3 ц суперфосфат, көктемде тұқым себер алдындағы культивация астына 1,5 ц аммиак селитрасын және 1 ц калий тұзы енгізіледі. Егер үлескіде арамшөп көп болса немесе топырағы тым тығыздалса, онда терең қопсытқышпен 12-15 см өңдеп, кейіннен тырма және тығыздағыш жібереді.
Егуге өнгіштігі 90% кем емес, ірі тұқымды қолданады. Тұқыммен таралатын ауруларды жою үшін себуге екі апта қалғанда, оларды ТМТД дәрмегімен уландырады, себетін күні, өскіннің пайда болуын жеделдететін және антракноз ауруына шалдықпауға себеп болатын, 60оС дейінгі ыстық сумен шылайды. Алты сағаттан кейін суды төгіп, тұқымды желдету үшін жұқалап жаяды, сосын үрме бұршақтың нитрагинімен (0,5 лга тұқымға) өңдейді. Тұқымды нитрагинмен өңдейтін болса, ТМТД-мен өңдеуді егуге 3-4 апта қалғанда жүргізеді (ТМТД түйнек бактерияларына қауіпті).
Үрме бұршақты топырақ 10 см тереңдікте 10-12оС дейін жылығанда (жүгерімен, қиярмен бір мерзімде) себеді.
Қуаңшылықты жағдайда қос ізді таспалы сұлба жақсы нәтиже береді: таспалардың аралары - 70 см, ал таспадағы іздердің арақашықтығы - 35 см, бір қатардағы өсімдіктердікі - 10-12 см. Дәннің ірілігіне қарай гектарына 80-нен 100 кг дейін тұқым себіледі. Тұқымның сіңіру тереңдігі - 5-6 см. Өскіндер тез және біркелкі шығуы үшін үлескіні нығыздайды.
Күтіп-баптау жұмыстары топырақты қопсытудан, суландырудан, үстеп қоректендіруден және арамшөптермен күресуден тұрады. Өсу-даму кезінде үрме бұршақты гектарына 350-400 м3 су беріп 3-5 рет суландырады. Бірінші культивацияда үстеп қоректендіреді (га): 0,5 ц аммиак селитрасы, 1,5-2,0 ц суперфосфат, және 1 ц хлорлы калий.
Үрме бұршақтың жасыл бұршаққабын жатыны байланғаннан 8-10 тәулік өткен соң, бұршағы өте шырынды, жармалары етті, ал тұқымдарының көлемі бидай дәніндей кезінде жинайды. Бір жұмыскер бір сағатта 8-10 кг бұршаққап тереді. Жинауды 3-6 тәуліктен соң қайталайды (осылай 5-6 рет). Жасыл бұршаққаптарын тез іске асыру керек, себебі олар 2-3 тәуліктен соң босаңсиды және С дәруменінің 50 %-на жуығын жоғалтады. Гектарынан орташа есеппен 50-80 ц өнім жинайды. Көкөністік үрме бұршақты салқын жертөледе бірнеше күн, тоңазытқыштарда 3 0С жылылықта және 85% ауа ылғалдылығында 1-2 апта сақтауға болады.
Үрме бұршақты консервілеуге бұршаққабындағы тұқымдары қалыпты көлеміне жеткенде, бірақ әлі де жұмсақ (бармақпен жаншылады) кезінде жинайды. Үрме бұршақ мынадай талаптарға сай болуы керек: бұршаққаптары жас, бүтін, ластанбаған, зиянкестермен зақымданбаған, ауруға шалдықпаған, жеміс сағағы бар немесе онсыз. Бұршаққап ішкі құрылысы бойынша шырынды, етті, иген кезде жеңіл сынғыш, пергаментсіз қабатты және қатты талшықсыз болуы керек.
ҮРМЕ БҰРШАҚТЫҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Тұқымдық егістікке ең жақсы телімдер бөлінеді. Агротехникасы үрме бұршақты жасыл бұршаққапқа өсіргендей. Бірақ жинауға төменгі бұршаққаптары піскенде және олардағы дәндер сұрыпқа тән түске ие болғанда кіріседі. Дестелегіштермен дестеге түсіріп, бастыруын астық бастырғыш комбайндардың барабан айналымын азайтып және мұқият реттеп жүргізеді. Егіс көлемі шамалы тұқымдықтарды қолмен жинайды және қырманда дөңгелекті тракторлардың дөңгелегімен таптап, үгіп алады. Тұқымдарын ОВС-10 немесе Петкус-Супер тұқым тазалағыштарында тазалайды. Гектарынан 12-14 ц тұқым жиналады. Кептірілген тұқымды ылғалдылығы 16%-дан асырмай сақтайды, олардың өнгіштігі 4-6 жыл бойы жоғалмайды. Бірінші санатты тұқымның сұрыптық тазалығы - 99,8 %, екіншісінікі - 99 %, үшіншісінікі - 97 %. Үшінші санатты тұқымда басқа сұрыптар мен сирек будандардың қоспасы 3 %-дан аспауы керек. Бірінші класты тұқымның өнгіштігі - 95 %, негізгі тұқымның үлесі - 99 %, басқа өсімдіктердікі келісіне 5 данадан артық емес, оның ішінде арамшөптікі - 1 дана.
Көкөністік бұршақ - Vicia faba L. Көкөністік бұршақты негізінен үй маңында өсіреді. Дәнінде 25% ақуыздар және 55% шамасында көмірсулар болады. Қуаттылығы (калориялығы) өте жоғары. Тамаққа жаңа піскен жас бұршаққабы, піспеген және піскен тұқымы пайдаланылады.
Халық емінде пісірілген бұршақтың үгіндісі және қайнатпасы іш бұзылғанда қолданады. Гүлінің тұнбасы және қайнатпасы бетті жуу үшін қолданылатын, жақсы косметикалық амал.
Бұршақ суыққа төзімді өсімдік. Оны ас бұршақпен бір мезгілде себуге болады. Бұршақты қызанақ, бұрыш үшін ықтырма өсімдік ретінде қолдануға болады. Мұндайда жиілетіп 3-4 қатар себіледі. Картоп пен қияр егістігін жиілеткіш (қоюлатқыш) ретінде де жиі қолданылады. Өзін жеке сепкенде 2-3 ізді таспа тәсілін қолданады: қатарлардың арақашықтығы 25-30 см, қатардағы өсімдіктердің - 15-20 см. Бір шаршы метрге 10-20 г тұқым себіледі, сіңіру тереңдігі 5-8 см.
Күтіп-баптау өскін пайда болғанша жүргізілген тырмалаудан, жүйелі қопсытудан және арамшөпті отаудан тұрады. Жиі және мол етіп суландырады. Пісуін жеделдетуге және бітімен күресу үшін гүдегеннен кейін өркендерінің ұшын шырпиды.
Егер өнім жасыл бұршаққап күйінде пайдаланатын болса, онда жемісін жармалары етті, тұқымдары шырынды, сүттене немесе сүттене - қамырлана піскен кезеңінде жинайды. Тұқымға жармалары қоңыр немесе қара түске енгенде, дәндері қатайғанда жинайды. Кішкентай телімдерде өсімдіктерін жұлып немесе орып алып, бауларға байлайды, кептіреді. Тұқымын үгіп алады және толық кептіреді.
Қазақстанның солтүстігінде Русские черные, Виндзорские белые сұрыптары жиі кездеседі.

Бұршақ тұқымдастарының халық шаруашылығындағы маңызы.

Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының дамыту негiзгi мәселелері
Жемістерді тоңазытқыштарда сақтау
Көкөністерден әзірленген тағамдар
Көкөністер мен саңырауқұлақтардан тағамдар мен гарнирлер
Көкіністер мен жемістер
Көжелер
Жемістер мен көкөністер туралы
Көкөністі тамақ консервілері жайлы мәлімет
Картоп сақтауға арналған қойма түрлері
Пәндер