Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Мектеп алды топтағы балалардың дамуының теориялық негізі

1.1 Балалардың даму психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ..9.11

2Балалардың жеке тұлға ретінде дамуы

2.1 Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.18
2.2 Мектеп алды балаларды ойын, еңбек арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ...18.23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Жұмыстың мақсаты. Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Жұмыстың міндеті. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11.Хрестоматия по возрастной психологии // Под. ред. Д.И. Фледштейна. М. 1994
12.Хрестоматия по детской психологии // Под. ред. Г.В. Бурменской. М., 1996
13.Волков В.С., Волкова Н.В. Балалар психоолгиясынана жаттығулар жинағы // Аударма: Бусурманова С.Т., Бердібаева С.Қ. Алматы, 1993.
14.Практикум по возрастной и педагогической психологии // Под. ред. А.И. Щербакова М. 1989
15.Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка – 8-е междунар. Изд. – Спб: Питер 2002. – 640 . (Серия «Мастера психологии»).
16. Кулагина И.Ю. Колюцкий В.Н. Возрастная психология М., 2002.
17. Оден Е.Е. Возражденные роды. М., 1997.
18. Кон. И.С. Психолгия ранней юности. М., 1989
19.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций М., 1960
20. Эриксон Э. Детство и общество. СПб.: ИТД «Летний сад», 2000

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 Мектеп алды топтағы балалардың дамуының теориялық негізі

1.1 Балалардың даму психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ..9-11

2Балалардың жеке тұлға ретінде дамуы

2.1 Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-18
2.2 Мектеп алды балаларды ойын, еңбек арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ...18 -23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді , деген екен.
Жұмыстың мақсаты. Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Жұмыстың міндеті. Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 - 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.

1 Мектеп алды топтағы балалардың дамуының теориялық негізі

1.1 Балалардың даму психологиясы

Балалардың даму психологиясы -- жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:
* 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;
* 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.
Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуыл қарастырады.
Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:
* мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;
* бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;
* жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;
* жасөспірімдердің псыхикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;
* ересектер меи егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;
* қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.
Даму психологиясы -- онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы -- адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметті жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы -- психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер -- балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.

Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2) социологизаторлық.
Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.
Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері - бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.
Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде таза тақтайдай болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.
Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.
Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.
Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады. Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып табылады.
Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет - бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.
Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:
1. Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.
2. Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен:
1) баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;
2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Жетекші іс-әрекет ұғымы (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Баланың психикалық дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін жетекші болатын іс-әрекетке ерекше мән беріледі.
Жетекші іс-әрекеттің белгілері:
1. Жетекші іс-әрекеттің астарында жоғарғы психикалық функциялар - танымдық процестер қалыптасады;
2. Жетекші іс-әрекеттің астарында тұлғалық құрылымдар қалыптасады;
3. Жетекші іс-әрекетке барлық басқа іс-әрекеттер бағынады (А.Н.Леонтьев);
4. Жетекші іс-әрекет баланы дәл қазіргі кезеңде даму бастауы болып келетін орта элементтерімен байланыстырады;
5. Жетекші іс-әрекетте дамудың берілген кезеңі үшін тән бала мен ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы толықтай көрсетілген.
Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:
1. Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.
2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.
3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады, екінші жағынан - оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:
а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;
б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;
в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.
Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өз-өзіне басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады. Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.
Осылайша, екі сұрақ туындайды:
1. Оқыту мен даму арасындағы жалпы қатынас;
2. Осы қатынастың мектеп жасындағы спецификалық ерекшелігі қандай.
Берілген проблеманы шешу үшін Л.С.Выготский жаңа ұғымды енгізеді - жақын даму аймағы. Дамудың екі деңгейін қарастыру қажет:
1. Баланың өзекті даму деңгейі - міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.
2. Жақын даму деңгейі - баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.
Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім келесі тезисті ұсынады: Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады.
Сонымен:
1. Даму процестері оқыту процестерімен сәйкес келмейді. Даму процестері оқыту процесінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері жақын даму аймағын құрайды.
2. Оқыту процесі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.
Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.
Сензитивті кезеңдер - бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.
Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы

Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С. Выготский үш топқа бөледі:
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С.Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай- да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).
Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.
Екінші критерий - бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

1.2. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдары
Жаңа замандағы психологиялық және педагогикалық зерттеулердің (Бабанский Ю.К, Венгер Н.А, Ветлугина Н.Н, Подьяков И.Д, Зверев В.В, Лернер А.И, Савенков Г.И, Щукина, тағы басқалар) қорытындысы мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетінің мүмкіндіктері бұрыңғыға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Балалар заттың сыртқы келбетін ғана түсіндіріп қоймай, оның ішкі қарым- қатынасына да сипаттама бере алады. Мектепке дейінгі кезде баланың бастапқы қарым- қатынас, өз ойын қорытындылау, абстракция қабілеттері қалыптаса бастайды. Баланың осындай танымдылық қабілеттері түсіністік бойынша емес, қызмет барысында затты, объектті тану, көрнекілік нысанда пайда болады. Тану- тәжірибелік қызметінің барысында, пайда болған жағдайда баланың ойлау, қорытындылау, өзіндік шешім қабылдау, сараптама жасау мінезіне тән қабілеттер дамиды.
Балабақшадағы оқу- зерттеу Жалпы мектептегі дарынды бала бағдарламасының шеңберінде авторы Савенков А.И. Зерттеулі оқуды іске асырудың үш жолын анықтады;
Педагог баланың алдына мәселе және оны шешу стратегиясы мен тактиканы қояды, ал оның шешімін бала өзі табу керек.
Педагог баланың алдына мәселе қояды, бірақ оның шешу әдісін бала өзіндік іздейді.
Мәселе қою, оны зерттеудің әдісін іздеуді балалар өзіндік жүргізеді, біздің ойымызша қойылған деңгейлер баланың өзіндік қабілеттерін жоғарылатады.
Эксперименттеу термині рухани- тәжірибелік қызметті игеруде ерекше тәсіл ретінде түсініледі. Мектепке дейінгі оқу- үрдісінде оқу- эксперименттік әдісі балаға өз ойында әлемнің суретін заңдылықтармен байланыстырып толықтай моделдеуге мүмкіндік береді. Ал бала өзінің педагогпен бірлескен іс- әрекетінде білім мен білікті өзгертеді. Дамып келе жатқан жеке тұлғаға бағытталған негізгі міндет- баланың өз- өзін тану, өз- өзін дамыту, өз ойын еркін жеткізу, өз- өзіне баға беру, үлкендермен және құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасау қабілеттерін дамыту болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.
Даму барысы: Зердесін дамыту, эмоциясы мен сезімдерін дамыту, күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту, өзіне- өзінің сенімділігін, өзін- өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту, танымдық үрдісін дамыту, өзін- өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту, өзін- өзі көрсете алуына, өзін- өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
А.Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.
Атақты психолог ғалымдары Л.С.Выготский, А.С.Запорожец, Е.И.Игнатьева, Ю.К. Бабанский, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс- әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешіліктер мынадан көрінеді: балалар бір- бірінен ақыл- ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау білім беру мекемелерінің (балабақша, мектеп) ең негізгі міндеті болып табылады.

2 Балалардың жеке тұлға ретінде дамуы

3.1. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.

Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Балалардың жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Балалардың қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Балалардың қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ Балалардың дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Балалар мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр бала өзінше жеке тұлға.
Балалардың ерекшелігі дегеніміз -- оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Балалардың еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға -- жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Ересектер тобындағы әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде сәндік қолданбалы өнерді пайдалану
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Пәндер