Балалар қиялын дамытуда ертегі әңгімелердің тигізетін ықпалы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамыту, олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл - ой және эстетикалық іс-әрекеттерінің, адамгершілік деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық сабақтардан тыста, ойынға бөлінген уақытта шұғылданады. Балалардың шығармашылығын ұйымдастырудың ерекше өзіндік мәні бар. Іс-әрекеттің түріне үңілсек, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу - балалардың шығармашылық белсенділігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі.

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы - мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар - бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі - ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Тақырыптың өзектілігі: Балабақшамызда тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілді.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу.
Жұмыстың міндеттері:

  1. Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялату.
  2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
  3. Қиялдарын қанаттандыру.
  4. Ұлттық рухты бойларына сіңіру.

Балалар сурет салу, жапсыру, коллаж жасау, трафаретпен жұмыс және қол еңбегі - бұл әрекет түрін апталық тақырыпқа, шығармашылық мәні мен мәтініне сәйкестендіре өткізіп, шығарманың қызықты мазмұнымен толықтырып, педагог осының бәрін негізгі мақсатқа бағындырып, бала дамуындағы міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етуі қажет. Жұмысты ұйымдастырғанда олардың өздерінің қолымен жасаған заттардың топқа қажет екеніне және оның теріс бағаланбайтынына сенімін тудыру керек.

І БӨЛІМ. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қиялының дамуы
1. 1. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың қиялының даму ерекшеліктері

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: « . . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында, -деп жазады М. Жүмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді, творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі - гипербола .
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады. Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің, В. Маяковскийдің «15» поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонныц бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мүнда, сондай-ақ, түтас заттың жекс бөліктерінің саны озгертілсді, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды күдайлар мен жегі басты айдаһардыц бейнелері осылайша қүрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның үқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жүмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дүрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жүмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», - дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ больш та есептелінеді. Мәселеы, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселең, агглютинацияда жеке фактілерді зертгеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды. Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.
Қиялдағы дара айырмашылықтар Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне үқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дүрыс қиялдай білетін адамдарда емірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген үйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды үсынған. Бүған керісінше жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, үмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В. Гоголь «Ескілікті помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен басқа бір нәрсе турапы сөйлескенді тәуір көретін. Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімеи де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жүмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский «қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын окуы да бір түрлі. Ол мүндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек өр жерінен «қызық» іздеп, түтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.
Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмүнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.
Қиялды дамыту жолдары Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да) .
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек. Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.

Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді. қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.
Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл - теріс пікір. Қиял - психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану - көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық қүбылыстар да қатысады.

Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру - психикалық процесс емес. Ол үйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық
Мектепте оқушылардың адамгершілік түсініктерін қалыптастыру
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz