Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы



«Қазақ» атауының төркіні туралы

Бір ұлттың атының «этнонимінің» шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, «қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытынын «қазақ» атауының деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ тарихын баяндаудан бұрын, «қазақ» атауы туралы бұрынды-соңды айтылған болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді көрдік.
«Қазақ» атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
1.«Қазақ» деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей бастаған көшпенді тайплар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар «қазақ» деп аталды. Мұның мағынасы: «Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар» деген сөз еді. Бұл кейін келе «қазақтардың атына айналған» деседі.
2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы «үйсін», «усын» яки «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды.
3. «Қазақ» атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8 ғасырларда) «қаса», «хаса» түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте деп есептейді.
«Қазақ» атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда ханзу, араб, парсы, византия, орыс, маңғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында
Пайдаланған әдебиеттер

1) Қазақстан тарихы 5 томдық – Алматы 1995жылы.
2) Қазақстан тарихы – Алматы 1998 жылы.
3) Қазақ. Алматы, «Білім» 1994 жылы.
4) Мыңжан Н. Қазақттың көне тарихы – Алматы, 1994 жылы.
5) Қазақ тарихы – Алматы, 1993 – 2002 жылы.
6) Ирмуханов. Б. Б. Этническая история древнего Казакстана Алматы, 1998 жылы.
7) Ақынжанов. М. Б. Қазақтың тегі туралы – Алматы, 1957 жылы.
8) Кляшторный. С. Г. Сұлтанов. Т. И. Летопись трех тысячелетий Алматы 1992 жылы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ:
Тарихи әдебиеттердегі қазақэтнонимының тарихы

Қазақ атауының төркіні туралы

Бір ұлттың атының этнонимінің шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні
тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар
көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды
шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, қазақ атауының
шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері
талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер
айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда
дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу,
қалыптасу тарихы мен уақытынын қазақ атауының деректемелерде жарыққа
шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен
оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола
бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының
шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі
тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ
тарихын баяндаудан бұрын, қазақ атауы туралы бұрынды-соңды айтылған
болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді
көрдік.
Қазақ атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан
алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі
болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
1.Қазақ деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей
бастаған көшпенді тайплар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның
үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені
бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар қазақ деп аталды. Мұның
мағынасы: Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар деген сөз еді. Бұл кейін
келе қазақтардың атына айналған деседі.
2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы үйсін, усын яки асу деген ұлыс
аттары қазақ атауының дыбыстық дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи
Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды.
3. Қазақ атауы Таң патшалығы тарихында (7-8 ғасырларда) қаса,
хаса түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы
тым ерте деп есептейді.
Қазақ атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу
мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда ханзу,
араб, парсы, византия, орыс, маңғол және түркі тілдеріндегі жазбаларында
кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дағды-дәстүрлеріне
сай, қазақ атауы әр алуан формада-аса, каса, хаса, хайсақ, қасақ, көсек,
гәсуг, гасаг, хасық, т.б. болып жазылып келген. Біз енді деректерге
аялдаймыз.
Араб саяхатшысы және жазушысы Мұхаммед Әл-Ауфи 1228-жылы Индияда
Таңдаулы әңгімелері мен аңыздар жинағы (Жәмихәлхикаят о Доам Әлроят)
атты кітап жазған. Осы кітапта: Алтайды мекендеген қарлықтар тоғыз ұлысқа
бөлінген, бұлардың ішінде үш тайпа шығыл үш ұлыс қазақ бар
дейді.Қарлықтардың Жетісудағы өкімет билігін қолына алып, Қарлық қағандығы
құруы 766-жылдағы оқиға болатын.
982-жылы парсы тілінде жазылған Хұдұд Әл-Ғалам (Әлем шекаралары)
атты кітапта Алан мемлекетті және оның қалалары жайында тоқталып: Алан
елінде қасақ деген ұлыс бар дейді.
Шығыс әдебиетінің әйгілі классиктерінің бірі-Әбілқасыым Фердоуси
(940-1020) өзінің Шахнама атты эпопеясында: Қазақ, Қазақ хандығы
деген ел көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті
және көп санды ел деп, Тұранның жауы Иранды қорқытпақ болған.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында қазпақ деген
халық аты аталады. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб
авторы Әбдһам Әл-Купидің шығармасында қазақ деген сөздің бар екендігін
атап айтады.
Византияның императоры Константин Порфирордни (905-959) өз жазбаларында
Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елді Қазақия деп аталған. Ол кезде (10-
ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол
тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар
өздерінің қазақ деп атамаған болса Константин Порфирордни оны қалай ойлап
тапсын. Ал ол кезде орыс пен украин казачествосының аты да, заты да жоқ
еді.
Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра
деректер берілген. 965-жылы жазылған Повесть временных лет жынамасында
968-жылы орыс князы Сватославтың Кубань өзеннің оңтүстігіндегі қасақтарға
әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндалған. 102-жылы Тмутаракан князы
Митлав қасақтарға шабуыл жасаған. 1066-жылы Тмутаракан князы Ростлав
қасақтардан салық алып тұрған.
Орыс шежірішісі Никонның мәліметінде: Кавказға келіп, оңтүстік Ресейге
шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да қазақтарды бұлап-
талаған деп жазады. Осыған үйлесетін дерек, Моңғолдардың құпия
шежіресінде де кездеседі. Онда: Солтүстік жақтағы қаңлыларға, қыпшақарға,
байжігіттерге, орыстарға, мажарларға, сасаларға, шеркештерге, бұлғарларға
жорыққа аттанып, Еділмен Жайық өзеніне өтіп, Киев қаласына шабуылжасау
жөнінле Сүбітай батырға бұйрық берілді, делінген. Орыс шежірішісі Никон
қазақтар деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжігіт, аса,
т.б. ұлыстарды айиып отырған көрінеді.
Мауараннахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737-жылы
(жаңа эраның 1356-жылы) қазақтардың Мауараннахрға шабуыл жасағандығы
жазылған.
Зерттеуші П.Путков өзіінің Қазақ атауы туралы деген мақаласында:
Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген түркі тектес халықтар бізге
қазақ деген атпен белгілі дейді.
Орыс тарихшысы Карамзин: 1481-жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке
шәйбандық Ибақ хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай
мырзалары Мұса мен Жаңбыршы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет ханды
өлтірді деп жазады.

Әйгілі тарихшы, этнограф, тіл ғылымы А. Вамбери 1885 жылы баспадан
шыққан Түрік халықтарының этнологиясы мен этнографиясы деген кітабында
көптеген жазба деректер келтіре отырып, қазақ деген аттың 9-10 ғасырларда
ел таныған, әлемге әйгілі халықтың аты болғандығын айтады, сонымен бірге
қазақ атты халықтың сол уақытта болғандығын дәлелдейді. Қазақтың
антропологиялық типтік ерекшеліктерінің, кейіп- келбетінің мәліметтерін
жинап, зерттей келіп... қазақ халқының тіпті ертеде, оныншы ғасырдан ілгері
қалыптасқан антропологиялық ерекшелігі бар, деп батыл тұжырым жасайды.

Маңғол Халық Республикасы Ғылым академиясының қызметкері Ісләм Қабышұлы
хасаг деген сөздің маңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі
болғанын, маңғолдардың Батырлар жыры мен Бабалар шежіресінде хасаг
(қазақ) деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді. Автордың айтуына
қарағанда, ерте кезде маңғолдар көшіп жүргендерді қасақтар, деп атаған.
Телқожа Жанұзақов: Қазақ атауы Кавказдағы түркі тайпалары құрамында
алтыншы ғасырдан бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен...
кейіннен оныншы, он бірінші ғасырларда да осы қазақ сөзі түркі тайпалары
арасында кеңінен тараған. Қыпшақтардың, ноғайлардың ішінде де қазақтар
болған дейді.
Біз жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден қазақ атауының
тоғызыншы, оныншы ғасырлардан бұрын-ақ төңіректің төрт бұрышына таныс,
әлемге әйгілі ат болғанын көреміз, бұл атау оныншы ғасырдан кейін тіпті де
кең тараған. Демек, қазақ атауы тек 15-ғасырда ғана жарыққа шыққан
дейтін пікір дәлелсіз, жетпей айтылған жадағай тұжырым.
Ежелгі усин, үйсін яки асо деген ұлыс аттары қазақ атауының
дыбыстық баламасы дейтін пікір де орынсыз. Өйткені үйсін мен қазақ
атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстіне қазіргі қазақ арасында үйсін
ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсін мен қазақ бір сөз болса, онда қазақ
атауымен қоса үйсін аты сақталмаған болар еді. Қазақ - жалпы халықтың
аты. Үйсін - қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты, қазіргі қазақтар
бұл ұғымды екі басқа түсінеді.
Қазақ атауы Таң патшалығы тарихында (7-8 ғасырларда) каса, хаса
түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді. Жұңгоның 7- ғасырдағы Таң
патшалығының жаңа тарихы атты кітабының Парсы тарауында: Парсылар шығыс
жақта тохар, қаңлылармен шекаралас, олардың солтүстік жағында түріктердің
каса ұлысы тұрады, деп жазылған. Иуан патшалығы тарихындағы аудармаларға
қосымша атты кітапта: Түріктер мейлінше күшейген кезде... олардың батыс
бөлегін каса яки хаса ұлыстары қоныстанады. Батыс елдерінің ежелгі
деректерінде бұл ұлыс – қазақ деп аталған. Каса яки хаса деген атау осы
қазақ атауының дыбыстық баламасы дейді. Ханзу тілінің дыбыстық жүйесінің
дамуы мен өзгеруіне байланысты ханзу әрпі әр дәуірде әр түрлі дыбысталып
(оқылып) отырған. Сондықтан, ханзу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі
дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол
ұлтттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандадағы
оқылуыменқазіргіоқылуыының –арвасында айтарлықтай айырма бар. Демек, 7-8-
ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы каса, хаса, аса,
кіса, хса, касо деген халық аттары қазақ атауының сол замандағы
көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық. Жоғарыда баяндалған
батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде оныншы ғасырдан бұрын
пайда болған қазақ атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.
Тарихи деректердің қисынынақарағанда, осы Таңпатшалығы тарихында
кездесетін қаса,хаса, аса атауларын Таң патшалығы тарихында
кездесетін тайпа аты аса (янса) мен байланыстыра зерттеуге болады.
Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде: ... алаңдардың
бұрынғы аты аса дейді. Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде: Аса елінің
тағы бір аты - Алан деп жазылған. Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс
өңір шежіресінде: Аса мемлекеті өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті,
олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді деген дерек беріледі.
Бұған қарағанда, аса мен алан бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты
болған, асалар үстем орынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген.
Кейін келе алаңдар үстем болғанда алан бірлестігі деп аталған. Тарихшы М.
Ақынжановтың айтуынша, осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі.
Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген тайпа аттары
тіл тұрғысынан қарағанда алан атауымен түбірлес.
Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал
теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982 – жылы
парсы тілінде жазылған Хұдұд әл – ғалам атты кітапта: Аландар елінде
қасақ (қазақ) ұлысы бар деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал
теңізінің солтүстігін мекендеген халықты қазақ десе, Константин
Порфиродни осы өңірді Қазақия деп атаған. Осы деректерге, әсіресе Хұдұд
әл - ғаламдағы деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған аса
да қазақ атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады.
Демек, қазақ атауы жазу тіліндегі деректерде, аса, каса, хаса,
хасақ түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы хан патшалығы тарихы
қатарлы деректерде алан мен аса деген аттың қосарлана қолданылуы
қазақтың шежірелері мен тарихы аңыздарында қазақ пен алаш атауының
қосарлана қолданылуын еске түсіреді.
Жоғарыдағы жазба мәліметтер қазақ атауының тарихи дерктемелерде
жарыққа шығуының ерте екендігін дәлелдейді. Алайда, қазақ атауы
деректемелерде жарыққа шығысымен халық атына айналған. Мысалы: кіші жүз
алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама,
жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары қарт қазақ деп те аталып жүрген.
Қазақ атауы кейін келе кеңейіп халық атына, ұлт атына айналған.

Қазақ атауының мән – мағынасы туралы

Қазақ атауының мән – мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы
қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді
сабақтаудан туған. Қазақ аңыздары мен шежірелері: қазақ, алаш және
жүз (үш жүз) деген атауларды бір – бірімен байланыстыра баяндайды. Қазқ
арасына таралған тарихы аңызда: ерте заманда Қалша Қадыр деген батыр
қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай – талай жорықтар мен
соғыс шайқастарын бастап өткізеді. Бір жолғы жорықтағы шайқаста ауыр
жараланған Қалша Қадыр елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан
қиналып, шөлден бұрлығып, әбден болдырған қолбасшы қанша қарманса да жүруге
шамасы келмей жығылады. Өлім халінде жанталасып жатқан кезде аспаннан бір
ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да,
айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу болып құбылып келген
перизат – ақ қыз екен, үстіндегі аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға
айналып, Қалша Қадырдың жарасын емдеп жазады. Қалша Қадыр осы ақ
қызғаүйленеді, бұдан туған ұл қазақ атанады. Қазақтан: Ақарыс, Бекарыс
және Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан ұлы жүз,Бекарыстан орта
жүз,Жанарыстан кіші жүз тайпалары тарайды, - дейді.
Бұл аңызда қазақ халқының негізін салған қыз бейнесі ерек
сипатталады. Бұл аңыздың тегі аналық дәуірде аққу – қазға сиынып, оны
төмендік нышан етіп табынған аналық рудың сәбилік санасынан туғандығын
байқатады. Қазақтың қыпшақ тайпасында қаз деген ру бар. Ерте кезде Балқаш
көлі қаз суы деп аталған. Сол маңда қаз қаласы дейтін қала да болған.
Аққу – қаздың кейпіне кіріп, аспаннан ұшып келіп айдын көлге шомылған
перизат аруларға ғашық болып үйлену, қазақ ертегілерінде көп кездесетін
оқиғалардың бірі. Қазақтар ақ қазды, аққуды киелі құс есептеп, оны атуға
тыйым салады. Қазақтың ел ақтаған бақсы – дуаналары аққудың терісін басына
киіп, оған сиынады. Қазақтар өлген аққу – қазды керегеге іліп қояды,
қауырсындарын балаларының омырауына тағады. Бұлардың бәрі аққу мен қазға
сиынатын ертедегі төмендік ұғымның сарқыншақтары.
Жоғарыда айтылған қазақтың халық аңызы мазмұндас мәліметтер жұңгонің
жазба деректерінде кездеседі: Түріктердің арғы тегі Шу елінен шыққан, олар
ғұндардың солтүстігінде тұратын, олардың тайпа бастығының аты Апаң еді, ол
ағайынды он жеті ұл болған... осылардың бірі Еженшидо күн жайнататын киелі
адам екен. Ол екі әйел алыпты, мұның бірі жаз перісі, енді бірі қыс перісі
екен. Осы әйелдерінің бірі төрт балалы болыпты, бұл баласының бірі ақ қазға
аққуға айналып кетіпті, енді бір баласы Абақан өзені мен Кен өзенінің
арасын мекендеп, кигу (қырғыз) атаныпты... дейді. Заманымыздан бұрынғы 2 –
ғасырдағы үйсіндер туралы деректемеде: Үйсін елін жау шауып, үйсін Күнбиі
Нәнді биді өлтіріп, жаңа туған баласы Елжау биді ен далаға тастап кетеді,
бұл баланы көк бөрі емізіп, құстар жем тасып беріп, қанатының астына алып
асырайды.
Бұл деректердің түп төркіні өз заманында ел аузынан алынған төтемдік
аңыздар екені даусыз. Бұл аңыздардың шыққан заманы да тым ерте, осыдан екі
мың жыл бұрын жоңгоның Тарихи жазбалар, Хан патшалығының тарихы сияқты
жазба деректеріне енген.
Қазақ халқы арасына кең жайылған тағы бір тарихи аңызда қазақ, алаш
және үш жүз деген сөздердің шығу төркіні туралы былай баяндалады: Есте
жоқ ерте заманда Сыр бойында отыз екі рулы елді билеген Қызыл арыстан деген
хан болады. Бұл ханның жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына
аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады. Бұл жорықта асқан
сұлу қыз тұтқын болып қолға түседі, хан бұл қызды алады. Бір мезгіл өткен
соң ханның әлгі тұтқын әйелі жүкті болып, тұла бойы түгел ала ұл туады.
Мұны сұмдық жаман ырымға жорыған хан да, қарашалар да қатты қысылып,
қайтерін білмейді. Ханның бәйбішесі: ала баланы аулаққа апарып,
Сырдарияның суына тастап жіберіп, құтылуды ұйғарады. Ханның жасауылдары мен
бөкеулдері ала баланы апарып Сырдарияның суына тастап жібереді де, қайтып
кетеді. Сырдариядан балық аулап жүрген кедей қария, дарияда ағып бара
жатқан баланы көріп, секіріп суға түсіп, құтқарып алады да, шөп күркесіне
алып келеді. Бұл қария баласыз адам екен, ала баланы асырап, ер
жеткізеді. Кедей шалдың шөп күркесінде өскен ала бала – асқан ақылды және
батыр азамат болып, Алаш деген аты жұртқа жайылады. Мұны естіген хан оны
ордасына әкелмек болады. Бірақ ханның қасындағы қарашылары Қотанбай мен
Майқы би ала баланы ордаға әкелмей, қасына жүз жігіт қосып беріп, өз еркіне
қоя беру керек деген кеңес береді. Хан бқл кеңеске мақұл болады. Сонымен
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін бастаған жүз жігіт Алашқа барып қосылады,
келесі жылы Қотанбайдың ортаншы ұлы Болат бастаған жүз жігіт барып
қосылады, үшінші жылы Қотанбайдың кіші ұлы Алшын бастаған жүз жігіт барып
қосылады. Бұлардың бәрі де ержүрек жігіттер екен.
Осы үш жүз жігіт ешкімге бағынбай Алашқа еріп, еркін жүріп, ерлік
жорықтар жасап, төңірнегіндегі елдерді бағындырып қазақ деп аталады.
Мұның мәнісі: ержүрек еріктілер, еркін адамдар деген сөзі еді. Кейін
бұлар бас қосып ақылдасып, Алашты ақ киізге отырғызып, хан көтеріп, Алаш
хан (Алаша хан) атандырады. Өзара кеңесіп өріс – қоныстарын бөліседі.
Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін бастаған жүз жігітке (ұлы жүз) Сырдарияның
басындағы жерлер, Қотанбайдың ортаншы ұлы Болат бастаған жүз жігітке (орта
жүз) Сырдарияның орта өңіріндегі жерлер, Қотанбайдың кіші ұлы Алшын
бастаған жүз жігітке (кіші жүз) Сырдарияның төменгі сағасындағы жерлер
беріледі. Қазақ қауымы өз еркімен Алашқа барып бас қосқан осы үш жүз
жігіттен таралыпты. Қазақтардың: Атамыз Алаш, атымыз қазақ, үш жүздің
ұрпағымыз, дейтіні осы екен деседі.
Жоғарыдағы тарихи аңызда Қотанбайдың балалары деп баяндалатын Үйсін –
қазақтың ұлы жүзіне ұйтқы болған белді тайпа; Болат – қарлықтардың үш
тайпасының бірі, бұл жоңгоның жазба деректерінде деп аталады. Ал, Алшын –
кіші жүз одағын қалыптастырған тайпа. Алаш аты ертеде жалпы қазақ
қауымының ұраны болған; қазақтың байырғы шежірелерінде Алаш сөзі Қазақ
атауының синонимі ретінде қолданылған. Ел аузына таралған:

Алаш – алаш болғанда,
Ала тай ат болғанда.
Таңбасыз тай,
Енсіз қой болғанда.
Алаша хан болғанда...

дейтін сөздер Алаш жайындағы аңыздың меншікті мүлкі қалыптаспаған
(тайға таңба баспайтын, қойға ен салмайтын) заманнан келе жатқанын
аңғартады.
Алаш, Алаш хан, Алаш маңы, Алты сан Алаш деген сөздер туралы
қазақ арасына қыруар аңыздар таралған. Бұл аңыздарды алғаш рет қаңаз бетіне
түсірген 16 – ғасырдағы қазақ тарихшысы (Қазақ жылнамаларының авторы)
Жалайыри Қадырғали еді. Алаша (аланша) хан туралы дерек Рашиденнің және
Әбілғазының еңбектерінде де кездеседі. Бұл екә автордың айтуынша: Аланша
(алаша) ханға қараған елдің жазғы жайлауы Ортау мен Кертауда (Ұлытау мен
Кішітауда), қысқы қыстауы Сырдария бойында, Қарақұм мен Борсық құмында
болған. Осы айтылған Ұлытаудан ағатын Жанқабыл өзенінің жағасында Алаш хан
ордасы деп аталатын үлкен сарайдың тамтығы бар. Ұлытау ауданындағы
Қаракеңгір өзенінің оң жағында Алаш хан кұмбезі деп аталатын күмбез бар.

1963 – жылы Қазақстандағы Қарқаралы маңынан орхон жазуымен жазылған
сынтас табылған. Қазақ ғалымы Мұсабаевтың анықтауынша,осы тасқа ойылған
жазуда қаған алты бөрік алаш деген сөз барлығы мәлім. Алаш хан – халық
арасына кең таралған тарихи аңыз, онда ежелгі көшпелі тайпаларды біріктіп,
байтақ далада тұңғыш рет мемлекет құрған кісі туралы әңгіме болады. Аңыз
оқиғасы 6 – 12 – ғасырларда өмір сүрген тайпалардың тарихын еске түсіреді.
Қазақ шежіресіндегі Алаш хан ақсүйек емес, алты алаш деп аталатын ежелгі
тайпалардың атасы делінеді. Енді бір аңыз бойынша: ол атақты батыр болған,
8 – 9 – ғасырдың мұрасы Тасақырды салуға қатынасқан. Алаш, алаш маңы –
ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы, қазақ деген
бұрынғы елдің жалпы аты.
Қазақ деген терминннің мән – мағынасы жөнінде айтылып келе жатқан
бұрынды – соңды болжамдар мен тұжырымдарды жүйелеп келгенде мынадай үш
салаға бөлінеді:
1. Қазақ халқы арасына таралған тарихи аңыздың жүлгесімен қазақ деген
сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз – аққудың қаз деген ұғымына шыққан,
яки осыдан өзгерген немесе қазға теңеу арқылы пайда болған деп есептейді.
2. Қазақ деген сөздің көне түркі тіліндегі мағынасы яки қолданылу
дағдысы өз елінен бөлініп шығып, еркін жүрушілер, еркін адамдар,
көтеріліс жасап, өз еркімен кетушілер, ер жүрек еріктілер деген сөзджі
білдіреді.
Демек, қазақ атауының арғы тегі еріктілер дегеннен шыққан дейді.
3. Қазақ атауының арғы тегі, ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп,
қазақ халқының құрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: сақ,
қаспи, қазар, аз дегендерден қалыптасқан яки осы негізде өзгере қалыптасқан
дейді. Біз бұл пікірлердің басты – бастыларына жеке – жеке тоқтала кетуді
орынды деп есептейміз.
19 – ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы
өзінің Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы деген әйгілі қара сөзінде:
Арабтар Орта Азияға жорық жасап (8 – ғасырда) келгенде көшпелі халықтарды
хибании, хұзағи деп атапты. Хибаии – киіз шатырда жүруші дегені екен.
Жұзағи дегені өз жұртында хұзағи деген көшпелі халқы бар екен, соған
ұқсатып айтқан екен... Сол уақыттың бір ханы көшіп келіп жатқанда бұлардың
тіркелу жүйесін көріп: міне, мыналар шынымен қаз – ақ екен депті. Сонымен
бұлар өзін - өзі де, бұларды өзге жұрттар да қазақ атап кетіпті. Бұрын
өздерін үліс дейдіекен де жүре береді екен деп жазды.
Қазақтың 19 – ғасырдағы фольклор зерттеушісі Әбубәкір Дибайұлы қазақ
деген сөзді қаз және ұзақ деген екі түрлі құстың атынан бірігіп қазақ
болып қалыптасқан дейді. Ол тағы бір байымдауында: қазақ сөзінің әсілі
еркін жүрген адам деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан толық
аңғаруға болады деп тұжырымдайды.
Жазушы Р. Тоқтаров: қазақ атауы қаз (құс) және ақ (аппақ) деген
сөздерден шыққан деген, яғни ақ қаз деген болжам айтады.
Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің Рашидтің тарихы атты еңбегінде
Әбілқайыр ханға қарсы шығып, Дешті қыпшақ даласынан батыс Жетісуға қоныс
аударған қазақ тайпалары жайында айта келіп: Әбілқайыр хан өлгеннен кейін
өзбек ұлысында ырың – жырың туып, дала мекендеушісі өзінің қауіпсіздігімен
өз басының қамына бола Керей хан мен Жәнібек ханнан пана сұрады. Сөйтіп
бұлар күшейіп алды. Алғашында әлгі қашқындар, ал кейіннен басқа да көп
жұрттар қашып (өз ұлысынан) бөлініп кетіп, біраз уақыт мал – мүліксіз,
қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларды жұрт қазақтар деп атап кеткен.
Сөйтіп оларға тағылған осы ат бекіп қалды дейді.
Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: Қазақ деп асылында бір саяси
мақсатты көздеп, саяси көтеріліс жасау нәтижесінде салт яки үй ішімен бірге
өз қауымынан бөлініп шығып иенге кетіп, өкімет билігін қолына алуға орай
күтіп тау – тасқа бекініп, оқшау өмір өткізген адамдарды айтқан. Қазақ
деген ат алғашында сұлтандарға ғана тән еді. кейін оларға қарасты
тайпалардың және олар құрған мемлекеттің атына айналды дейді.
Шоқан Уәлиханов: қазақ сөзі әскери термин ретінде қолданылып
ержұрек, батыл деген мәнді білдіргенін баяндайды.
Атақты ғалым В. В. Радлов қазақ деген атауды: тәуелсіз, еркін,
ерікті адам деп мағыналаған. Ал А. Н. Самойлович: қазақ сөзі цлеуметтік
тұрғыда белгілі бір мәнге: батыл, ержұрек, ерікті адам деген мағынаға ие
деп жазады. Қазақ шежіресінің авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы да осы
жоғарыдағы пікірлерді жақтайды: қазақ дегеннің мағынасы өз алдына ел
болып, еркін жүрген халық деген сөз деп түсіндіреді..
Жоғарыда баяндалғандардың басым көпшілігі өткен ғасырда, атап айтқанда,
Қазан төңкерісінен бұрын тарихи әдебиетте кең етек алған пікірлер болатын.
Ал кейінгі кездерде бұл айтылғандардан тыс, бірсыпыра соны пікірлер айтылып
жүр. Бұлар қазақ деген атауды ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ
халының құрамына қосылған тайпалар мен халықтардың аттарына байланыстыра
зерттеп, тіл, тарих этнография, тағы басқа ғалымдар негізінде тұжырым
жасайды. Бұл пікірлерді айтушы ғалымдар: Ә.Қайдаров, Ә. Құрышжанов, А.
Абдырахманов, Ө. Қойшыбаев, А. Ақынжанов, А. Н. Бернштам, ттғы басқалар,
біз енді осы пікірлерді шолып өтейік: Ә.Қайдаров. Ө. Қойшыбаевтар қазақ
сөзін екі мүшеге бөліп қарайды да, қаз сөзінің бастапқы төркінін қазіргі
Қазақстан жерінде 5 – 8 ғасырларда өмір сүрген аз деп таниды. 10 – 11
ғасырға дейін түркі тілдерінде, сөз басындағы көмейлік Х дыбысы пайда
болғанға дейін, ол этноним ұяң қалпында аз, қатаң тұлғада ас
формаларында қолданылғанын дәлелдейді. Осы қазақ этнонимінің дыбыстық
өзгерістер нәтижесіндегі этнолингволистикалық даму, өзгеру күйін
көрсетеді. Аз тайпасы Жұңго жылнамаларында түрінде кездеседі де, телі
тайпаларының қатарында баяндалады. Орхон ескерткіштерінде түрік
қағандарының аздарға жорық жасағаны деректербар. Бұл аз тайпасы ол кезде
қырғыз тайпасымен қанаттас Енисей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазақ” этнонимінің қалыптасуы жайындағы мәселелер
Қазақ хандығының пайда болуы
Қазақ хандығын басқарған хандар
Қазақ — Қазақстан Республикасы
Қазақ халқы және хандығы
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
Сақ, усунь, кангюй бірлестіктерінің этникалық тарихын ежелгі нарративтік деректер мен кейінгі жаңа зерттеулер негізінде жүйелілікпен негіздеп, аталмыш халықтардың этногенезін анықтау
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)
Қазақ халқының этногенезі
Пәндер