Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1 Балалар психологиясында ес процесінің даму ерекшеліктері

1.1 Ес процесінің физиологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
1.2 Ес күрделі психикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.14

2 Ес және оның балалық кезеңде дамуы

2.1 Балалық кезенде ес процесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.19
2.2 Балалалық кезеңде есте сақтау қабілетінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе

Жұмыстың мақсаты. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.
Естің физиологиялық негіздерін И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіруге болады. Жүйке жүйесінің пластикалылығы түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейро - химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау-оны байланыстыру деген сөз.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады.
Жұмыстың міндеті. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
• 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
• 2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
• 3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
• 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
• 5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
Қолданылған әдебиеттер

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Ақжанова, А.Т.
Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы [Мәтін] / А.Т. Ақжанова.- Алматы: НҰР-ПРЕСС, 2011.- 126б.
12. Арнайы педагогика және психология негіздері [Мәтін]: Типтік оқу бағдарламасы. Жоғарғы кәсіптік білім. 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы үшін = Основы специальной педагогики и психологии.- Алматы, 2010.- 10б. .
13. Атыманова, К.Ж.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф.- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика: 13.00.01 / Каргаш Жолжаксиновна Атыманова; Ғыл.жет. П.ғ.д. Игібаева А.Қ.- Алматы, 2010.- 26б.
14. Ауренова, М.Д.
Балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф. педагогикалық психология: 19.00.07 / Мадина Даулеткановна Ауренова; Ғыл.жет. Х.Т.Шерьязданова.- Алматы, 2010.- 20б.
15. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. М., 1986
16.Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник. М. 1984
17.Возрастная психология // Под. ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996
18.Детская психология // Под. ред. Л.Л. Коломинского, Е.Н. Панько, Минск, 1988

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың мақсаты. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.
Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.
Естің физиологиялық негіздерін И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіруге болады. Жүйке жүйесінің пластикалылығы түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейро - химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау-оны байланыстыру деген сөз.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады.
Жұмыстың міндеті. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
* 1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
* 2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;
* 3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;
* 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;
* 5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
Ес -- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
* а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
* ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
* б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
* 1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс -- сары);
* 2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ -- қара; ұзын -- қысқа).
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деуден аспады. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір - біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады:
1. Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.
2. Қысқа мерзімді ес.
3. Ұзақ мерзімді ес.
Қазіргі есті нейрондар арасындағы байланыстардың түйісуі деп анықтаушы теория дами бастады. Ес жайында психология мамандарының бұдан басқа да тыңнан көтерген теориялардың мақсаты біздер ес процесінін сыр-сипатын жан-жақты етіп толық түсіндіре алмайтын болғандықтан, оны мидың қызметімен байланыстырып зертгеу және оның материалдык субстратымен ұштастырып іздестіруіміз қажет дейді.
Сөйтіп, ес жайындағы ілім тығырыққа барып тірелгенде витализм мен механицизм мәселелерін өздігінен шешуге әрекеттеніп, табиғат зертгеуші ғалымдардъщ ой-пікірлерін дамытуға ашықтан-ашық кедергі жасап, оларды делбе ауыруына үшыратты.
Мнемизм, витализм және механицизмді тырырықтан шығарып аяу мақсатына арналған идея екеңдігі алда баяндалады. Мнемизм, ең алдымен, фактілерге сүйенген материаддарға негізделіп құрылды. Семон да Бергеон сияқты, есті екі жағынан қарастырды. Бірінші жағынан келгенде ес - сананың тірегі, бір нәрсенщ мән-жайын ұғыну үшін бүрын бастан кешірген нәрселердің бағыт-бағдарын есте сақтау.

1 Балалар психологиясында ес процесінің даму ерекшеліктері

1.1 Ес процесінің физиологиялық сипаты

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы "Отыз бірінші сөзінде": "Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші -- көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші -- сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші -- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші -- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек", -- дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы. Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап -- мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз -- ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес "шұғыл" ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі -- әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды
Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту -- мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз -- қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты -- адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психология және нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт -- биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.
Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жанауарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да, жоғары сананың туындысы деп танылды.
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20 - жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психологиялық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П. И. Зинченко естің саналы іс - әрекетпен быйланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп - әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі
Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
Қысқа мерзімді есте жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз.
Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Олар тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады.
Естің биохимиялық теориясы
Ес механимін нейро - физиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері, есте сақтау екі сатылы сипатта болады.
Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі.
Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі.
Биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке - организмнен мүшеге ауысып отыратын процесс.
1.2. Ойда қалдыратын не қайта жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді.
Олар: қозғалыс, образдық, сөз - логикалық және эмоциялық естер.
1. Қозғалыс есі деп - ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинада қағаз басу, самолет жүргізу, турникте ойнау) қалыптастырудың негізі болып табылады.
2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыкант пен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді.
3. Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой) еске қалдыра алу қабілеті сөз - логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау - ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз - логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор.
4. Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.
Естің осы аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы роль атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз - логикалық ес түрі болып табылады.
Іс - әрекеті мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық әркеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін екі деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс - әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процесстерге аударылуда.
Нақты қызметтік ес адамның іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдынғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.
Ес түрлерінің өзара байланысы
Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін - бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік - мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі әрі адам өмірінде алатын орнының ерекше екендігін мына схемадан да көруге болады.

1.2 Ес күрделі психикалық процесс

Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
а) Есте қалдыру - жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы.
3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу.
4) Сол мән - мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.
5) Қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық жемісін табу.
6) Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.
7) Өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу.
8) Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамының ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал - әрекеті, жүйесі бар. Кез - келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін-мнемотика деп атайды. Бұл латын сөзінен шыққан. Мәнісі - жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі.
Естің жемісті болуы
Естің жемісті дамуы
Көлемі
Тездігі
Дәлдігі
Ұзақтығы
Даярлығы
.

б) Қайта жаңғырту, тану.
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып жаңғырту -мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән - күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болды. Оған адам өзінің ерік - күшін жұмсайды, арнайы әдіс - тәсілдер. Қолданып, бұрыңғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
Тану - естің бұрыңғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрыңғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біруелері тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестеулер жалпы және жалқы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету - жалқы, ал жалпы елестету -тектес, ұқсас нәрселерді жеке - жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер.
Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір-елес деуге болады. Өйткені елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуын қасиет-белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет - ерекшеліктерін ғана жалыплап тануға бейімдеп отырады.
в) Ұмыту. Бұрын қабылдаған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз - қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсере алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылдаған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді.
Ал уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту - жүйке клеткаларындағы тежелу процестернің дамуы.
2.2.Естің дәлдігі - ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағынала түрде айта білу қабілеті. Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде алдына қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер , керісінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре болады. Адамдар еске қалдырудың ұзақ-қысқалығымен де ажыратылады. Мұны кейде естің беріктігі деп те атайды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез-келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді.
Осы ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды мынадай жіктеуге болады.
1) Есте қалдыруды шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар.
2) Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
3) Есіңде қалдыруы тез болғанымен ұмытатын оқушылар.
4) Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады үй, тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды. Бала есінің дамуы - мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты.
Естің даралық ерекшеліктері.
Әр адам есінің өзіндік даралық ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән күйде, сөз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бөліп есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі-қазақ ақындары мен дырауларына да тәе қасиет.
Ес процесі есте қалдыру мен ұмыту шапшаңдығына, олардың баяулығына орай мынадай төрт типке бөлінеді:
Есте қалдыру: Ұмыту:
1. Шапшаң 1. Баяу
2. Баяу 2. Баяу
3. Шапщаң 3. Шапшаң
4. Баяу 4. Шапшаң

1-типтегі есі басым шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да есінде жақсы қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты-адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс - ес ақыл-ой есі. Ақыл - ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.
Ес процесі деп - адамның бұрын кабылдаған нәрселері мен кү-былыс бейнелерінің, көңіл - күйлерінің ойда сақталып кажет кезінде кайта жаңғыруы аталады.
Есте сактау процесінің заңдылықтары мен жалпы сипаттамасы. Есте цалдыру - психикалық эрекет. Ол жаңа информацияны бұрын алған білімдермен байланыстыру арқылы есте бекітуге бағытталған.
Ойда сақтау мен жаттап алу - есте калдыру түрлері. Нұсқау мен есте қалдыру ролі (Валь эксперименттері бойынша).
Информацияны қайта жаңғырту процестері. Тану - қайта жаңғырту процесі ретінде. Танудың басқа психикалық процестермен -қабылдау мен ойлау - байланысы. Тану формалары: эрекетгегі автоматгы тану, таныстык сезімі, баска затпен салыстыру. Қайта жаңғыртуда информацияның қайта кү-рылуы. Еріксіз қайта жаңғырту, еске түсіру - қайта жаңғыртудың түрі. Естелік - адамның тарихи есі. Қайта жаңғыртуда ес пен ойлаудың бірлігі. Қайта жаңғырту ерекшеліктерінің жас шамасына сәйкес өзгешеліктері.
Информацияны есте сақгау меи ұмыту процсстері. Есте сақтау процесінің ойлау жэне сөйлеу процестерімен байланысы. Г.Эббингауздың ұмытуды эксперименттік зсрттеуі мен ұмыту қисығы. Мазмүндалған информацияны есте сақтау мен ұмытуға арналған мағынасыз буындар материалындағы информацияны үмыту зандылықтарының шектеулілігі.
Yenмытудың негізгі теориялары - ес іздерІнің өшу теориясы мен интерференция теориясы. З.Фрейдтің себепті ұмыту теориясы. Ремиписцепция (латын сөзі, қазакша мағынасы көп жылдан кейін еске түсіру) құбылысы мен оның механизмдері. Есті зерттеудегі әрекетті жолдары есте қалдыру заңдылыкгарының түсіндірілуі.
Ес процестерінің өзара байланысы, бірлігі. Ес процестерін зерттеудегі эксперимснттік мүмкіндіктер.
Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасыр-
дағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.
Ес дегеніміз - бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
2. Ес теориясы.
I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе
субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.
Ассоциацияның 3 түрі бар:
1)Іргелестік - бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.
2)Ұқсастық ассоциация - бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.
3)Қарама-қарсылық - бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.
II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.
III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.
IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:
1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .
2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК - қышқылымен байланысты.
Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.
Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
I. Психикалық белсенділікке қарай.
а)Қозғалыс есі деп - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
б)Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
II. Мақсатқа байланысты.
Ырықты ес - түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
Ырықсыз ес - адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

2 Ес және оның балалық кезенде дамуы

2.1 Балалық кезенде ес процесінің дамуы

Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз. Сондықтан психологиянық бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.
Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер, әдетте, осы ес тарауын ерекше атайды. Мұндай пікірді қолдаушылар материалистік бағыттағы психологтар еді. Г.Мюнстерберг пен оның мектебі және олардың идеясын жақтаушылар ес психологиясының дамуын себепті ойлау жолымен іздестіруді ұсынып, оның адам миымен байланысты екендігін анықтауды мақсат етіп қойды.
Шынында да, ес туралы ілім мұндай стихиялық сипаттағы көзқарастан әлі күнгедейін арылып, бірізді материалистік тұрғыдан қарастырылған емес; психика мен мидың ара-қатынасы жайында пікірлердін бәрі идеалистік түсініктермен ұштастырылады. Осы бағыттағы авторлардың бәрі де ес процесіне қатысты мәселелер жайында жорамал жасап, өз түсініктерін тиянақты шешім деп білді. Дегенмені олардың ес жайындағы түсініктері психофизиологиялық жарыспалы тіректерге сүйеніп, материалистік көзқарастарын тиянақтай алмады. Ес туралы жарыспалы түсініктер жеңіл-желпі сипатта естін физиологиялық негізін мидың бөлшектеріндегі тапталған сүрлеумен байланысты екеңдігін және мидың жеке қызметгерімен ұштастыра отырып түсіндіріледі. Щеңбері тар оеындай көзқарастар психология мамандарының бірде-біріне ес процесін бірыңғай материалистік ілім тұрғысынан іздестіріп, оны философиялық ойлау жүйесіне сәйкес теориялық қорытындылар жасауға мүміндік бермеді.
Мұндай сыңар жақты көзқарас Э.Герингінің ес психологиясын арнайы іздестіріп, тәжірибе арқылы зерттеген белгілі кітабынан көрініс тапты. Ол бұл еңбегіңде ес процесіне тиянақты анықтама беріп, оны барлық күрделі ұйымдасқан материяның қасиеті деді. Герингінің мұндай батьш анықтамасы бойынша адамның есі табиғаттағы жанды және жансыз нәрселермен тығыз байланысты құбылыс деп саналады. Осындай түсініктер енді есті жаратылыстық - биологиялық тұрғыдан із-дестіруге жол ашты. Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Психологиядағы балалардың ес процестерінің даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесін арттыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Пәндер