Мектеп жасына дейінгі баланың ойын психологиялық іс-әрекетінің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі ойын іс.әрекеті

1.1. Ойын . мектеп жасына дейінгі баланың іс.әрекеті ретінде ... ... ... ... .5.9
1.2. Ойынның педагогикалық.тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.13

ІІ БӨЛІМ. Баланың ойын іс.әрекетінің психологиялық сипаттамасы

2.1. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.18
2.2 Оқыту барысында қолданатын ойын элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
Жұмыстың өзектілігі: Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е.А.Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Жұмыстың мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылды:
Міндеттері:
1.Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
4.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды
Қолданылған әдебиеттер

1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Ақжанова, А.Т.
Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы [Мәтін] / А.Т. Ақжанова.- Алматы: НҰР-ПРЕСС, 2011.- 126б.
12. Арнайы педагогика және психология негіздері [Мәтін]: Типтік оқу бағдарламасы. Жоғарғы кәсіптік білім. 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы үшін = Основы специальной педагогики и психологии.- Алматы, 2010.- 10б. .
13. Атыманова, К.Ж.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф.- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика: 13.00.01 / Каргаш Жолжаксиновна Атыманова; Ғыл.жет. П.ғ.д. Игібаева А.Қ.- Алматы, 2010.- 26б.
14. Ауренова, М.Д.
Балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншектердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер [Мәтін]: П.ғ.к.... автореф. педагогикалық психология: 19.00.07 / Мадина Даулеткановна Ауренова; Ғыл.жет. Х.Т.Шерьязданова.- Алматы, 2010.- 20б.
15. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. М., 1986
16.Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник. М. 1984
17.Возрастная психология // Под. ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996
18.Детская психология // Под. ред. Л.Л. Коломинского, Е.Н. Панько, Минск, 1988

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, педагогика ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Педагогиканы дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.
Жұмыстың өзектілігі: Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт-дейді Е.А.Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.
Жұмыстың мақсаты:
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылды:
Міндеттері:
1.Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
4.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.
Ойыншылар, мұғалімдер қосымша материалдар, оқулықтар, көрнекі құралдар, компьютерлік технологияларды енгізе отырып, мәдени салт-дәстүрді жинақтайды.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

І БӨЛІМ. Мектеп жасына дейінгі ойын іс-әрекеті
1.1. Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде

Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Балабақша тәрбиешілерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде балалардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез -келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Балалардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар - көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Дидактикалық ойын оқу процесінде екі түрлі мақсатпен қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі ойын ойнау мақсатында. Тәрбиеші өзі де ойынға қатысады, балаға үйретеді. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Мектепке дейінгі тіл сабактарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын әрекеті балалардын бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды орын алады. Ойын бастауыш сынып тәрбиешілерінің бірден-бір көмекшісі болу керек.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте тәрбиешілер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К. Бабанский - ойында балабақша тәрбиеленушілерінің барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, Оларды оқу процессінде үздіксіз дамытып отыру жєне сабақ барысында алған білімдерін практикада қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қолданылған ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.
Отандық педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Л.Рубенштейн, Д.Б.Эльконин салды. Қазақстандық ғалымдар Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.
К.Гросстың теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі - ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г.Спенсер қалыптастырған ойын теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К.Бюлер нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.
З.Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.
Л.С.Выготский мен оның оқушыларының пікірінше ойында ең маңыздысы адам ойнай отырып, өзіне қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойынның спецификалық формаларын дамыту үшін қалыпты жағдайды қиялдағы жағдаятқа көшу сипатымен айқындалады, бірақ ол ойын негізіне жатпайды.
Ол ойынның бастауларын ашпай ойын жүйесіне басты назар аударады. Бұл теория баланың қалыпты жағдаяттағы ойынын есепке алмайды және ойынды даму үстінде сипаттай алмайды.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Ойын педагогикалық технологиялары ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады.
Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар айқындалған:
Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойын - адамдардың қарым-қатынасы, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Адам ойын арқылы өзінің бір нәрсені үйреніп жатқанын білмейді. Мектепте мұғалім монолог, диалог түрінде балаларға білім береді. Бір-бірімен белсенді байланысу арқылы ойынға қатысушылар бір-бірін үйретіп, өздері де үйренеді. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді.

1.2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні

Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.

ІІ БӨЛІМ. Баланы ойын іс-әрекетініің психологиялық сипаттамасы
2.1. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту

Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар аты. Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ойын.
Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын- баланың өмір тынымының алғашқы қадамы.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамиды. Ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.
Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.
Баланы нәресте шағынан бастап адалдыққы, мейірімділікке, еңбек етіге тәрбиелеудің негізгі құралы- ойын. Ойын- тәрбиенің бастауы. Ойын тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдің бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.
Дидактикалық ойын.
Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар, т.б. олардың білуін қалыптастыруда
Қандай пішін жетіспейді?, Бірдей өрнекті тап, Өзің құрастыр, Кілем дүкені, Өз үйіңді тап, Апта күндері, Ұлттық киімді ажырат, Құстар, т.б. ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндермен оның түр-түсімен танысады. Бұл ойындарды оқыту процесінде қолдануға болады. Мысалы: Дайын: Орнын тап. Бұл дидактикалық ойында әр топ заттардың кеңістікте өз орнын тауып орналастыру жуан-жіңішке, қалың-жұқа, жалпақ-жіңішке ұғымдарын ажырата білуге үйрену.
Дидактикалық ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте сақтау ойындар. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты Сиқырлы щеңбер, Не артық, Егіздер және Төртбұрышты жина ойындарын, сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады. Бес саусақ, Қуырмаш, Санамақ ойындарын ойната отырып, саусақпен қоянның, иттің, құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады.
Сахналық ойындар.
Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойымен салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға. Не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады.
Мысалы: Жалқау қуыршақтар. Мұндай ойындар баланың өзіне берілген образды көрсете, жеткізе білу деген шығармашылық дербестігін дамытады.
Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктеріне ұрыспау және табыстарын мадақтап баланың жігерін қолдап өз күшіне сенімін арттыру қажет.
Қимыл-қозғалысты ойын
Барлық ойындар балалардың қимыл-қозғалыс әрекетін жетілдіруге бағытталған. Егер бала ертеңгілік жаттығуды жасауға ерінсе, онда тәрбиеші оны ойын ойнауға жібере алады. Ал, бала бұл ойын жаттығуды қуана қабылдайды. баланың денсаулығын нығайтуға үлкен жәрдем беретін музыкалық-ритмикалық ойындар.
Қимыл-қозғалысты ойын түрлері баланы ептілікке, зейінділікке, ұқыптылыққа баулиды. Қимылдық ойындар кезінде жүру, жүгіру, секіру сияқты әрекеттер баланың қозғалысын дамытады, жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады. Қимыл-қозғалысты ойын өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, денесі шыңдалып зеректілігі тапқырлығы, ынтасы дамиды.
Ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындар арқылы, қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық ойындар арқылы балалардың белсенділігін арттыру, қозғалыстарын жетілдіру.
Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшіліг Ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Балабақшада өткізілетін қимылдық ойын түрлері, мысалы: Айгөлек, Ханталапай, Арқаласпақ, Тақия тастамақ, Түйілген орамал, Арқан тартыс, Аударыспақ, Асық ойын, Хан, Бес тас, Тартыс, т.с.с. ойындар балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.
Ұлттық қимыл ойындарынан мысалы:
Айгөлек- бұл ойында балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасы мен топталып ойнату, ептілікке, алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын, тілін дамыту.
Омпы- асықты бір сызық бойына тізу арқылы дәл көздеп ата білуге ептілікке баулу, мергендікті бала бойына дарыту.
Тақия тастамақ- шеңбер жасап отырып бала сезімін ояту, аңғара білуге, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Көтермек- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге үйрету.
Ұлттық ойын жаттығулардың баланың қалыптасуына атқарар рөлі өте зор.
Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқынаң қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.
Сюжетті рөлдік ойындар.
Сюжетті рөлдік ойындар арқылы баланың тілін, ой-қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету. Сюжетті рөлді ойынның бір жағымды жағы, оны балалардың өзі жасайды және баланың өз құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қтынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен яғни көпшілікпен санаса білуге дағдыландырады. Ойыннаң дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұлалып баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетте түрткі болады.
Мысалы: Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне,
Ал, Аурухана ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Мен тәрбиеші ретінде балаларға көбінесе сюжетті-рөлді ойындарды ойнатқанды дұрыс деп санаймын. Себебі, балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап, өздерін бір уақыт ересектер санатына қосып, ойлау қабілеттері дамиды.
Сондықтан сабақта болсын, серуенде болсын балалардың іс-әрекеттерін, ойын іс-әрекетімен ұштастырып отыру керек.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр.
Сонымен бipre, оқушылардың танып, білуге, қабілетін дамытуға, өз пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы icкe асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстарды көптеп қатыстыруға, ойландыруға мүмкіндік туады. Оқушылар мен студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында танымдық ойындар колданудың маңызы зор.
Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оньң шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
Yenлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Баланың мектепке оқуға дайындығының теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі бала
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Пәндер