Зейінді қалыптастырудағы ойын мен оқытудың маңызы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні және оның жалпы психологиялық мәселелері
1.1 Зейін ұғымына қатысты негізгі теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.9
1.2 Мектеп жасына дейінгі жастағы негізгі ерекшеліктердің теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.15
2Зейінді қалыптастырудағы ойын мен оқытудың маңызы
2.1 Ойын арқылы баланың зейінін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.18
2.2 Оқыту процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: Зейінділік – жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша, « Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков («Ревизор») зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.
Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қан- дай нәрсеге болса да зейін тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.
Зейінді тәрбиелеудің үшін-ші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты және шыдамды етеді.
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз, байқа-усыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды» ( Б.М.Теплов, Психология, Алматы, Қазме-моқупедбас, 1953 ж.).
Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен пайым «жанның екі қабілеті» ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айтуынша, зерде «бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын» деп өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар «Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялайды», деп айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан қилы.
Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:
1. Генотиптік зерде. Ол шартсыз рефлексті, ырық-сыз сезімді және импритингті қалыптастырушы.
2. Фенотиптік зерде. Ол тірі ағзаның жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өңдеу мен сақтау механизмін жүзеге асырады.
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Және де адам зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді. Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді – бейнелік. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері: бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік зерде.
1. Бейнелік зерде. Бұл жүйке жүйесінде адамның, жануардың ұнамды немесе зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы.
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс) күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.

Қолданылған әдебиеттер
1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
11. Қонақбаева, Т.Е.
Мамандыққа кіріспе [Электронный ресурс]: дефектология / Т.Е. Қонақбаева.- Тараз, 2011.- 880Кб.
12. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу [Мәтін]. 1-ші бөлім: 050101- "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша педагогикалық жоғарғы оқу орындарына арналған:Типтік оқу бағдармалар.- Алматы, 2007.- 127б.
13. Нұржанова, С.
Жалпы және балалар психологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / С. Нұржанова.- Астана: Фолиант, 2010.- 144б. .
14. Бап-баба, С.
Жалпы психология [Электрон. ресурс]: Оқулық / С. Бап-баба.- Алматы, 2004.
15. Бап-Баба, С.
Жалпы психология (жантану негіздері) [Мәтін]: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.А.М.Құдиярова басшылығымен / С. Бап-Баба.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 268б.
16. Жалпы психология [Мәтін]: Типтік оқу бағдарламасы. Жоғарғы кәсіптік білім. 5В012300 - "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы үшін = Общая психология.- Алматы, 2010.- 8б.
17. Жалпы психология [Мәтін]: Оқу құралы / Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков, Н.Іргебаева т.б.- Алматы: Білім, 1996.- 224б.
18. Жалпы психология [Мәтін]: мамандық:050104-Бастапқы әскери дайындық -Жұмыс көлемі 45 сағат.- Қарағанды, 2005.- 34б.- (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі).
19. Жалпы психологияға кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / Жауапты ред.С.М.Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007.- 230б.
20. Оспанбаева, А.Р. Жалпы психология пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы [Электронный ресурс] / А.Р. Оспан

Жұмыстың мақсаты: Зейінділік - жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша, Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков (Ревизор) зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.
Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қан- дай нәрсеге болса да зейін тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.
Зейінді тәрбиелеудің үшін-ші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты және шыдамды етеді.
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз, байқа-усыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт - адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды ( Б.М.Теплов, Психология, Алматы, Қазме-моқупедбас, 1953 ж.).
Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен пайым жанның екі қабілеті ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айтуынша, зерде бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын деп өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялайды, деп айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан қилы.
Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:
1. Генотиптік зерде. Ол шартсыз рефлексті, ырық-сыз сезімді және импритингті қалыптастырушы.
2. Фенотиптік зерде. Ол тірі ағзаның жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өңдеу мен сақтау механизмін жүзеге асырады.
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Және де адам зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді. Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді - бейнелік. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері: бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік зерде.
1. Бейнелік зерде. Бұл жүйке жүйесінде адамның, жануардың ұнамды немесе зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы.
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс) күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.
3. Шартты рефлексті зерде. Бұл жануарлардың мәлімет сақтауындағы ең негізгі түрі.
Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұратындық-тан, біз енді ес туралы жалпы түсінікке, адамдардың есте сақтау қабілетінің, яғни, зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ.
Ол - күрделі психикалық әрекет. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады. Негізінен, талантты адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе, суретшілердің, композитор-лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал, эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.
Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені есте сақтауы әркелкі болады. Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.
1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды есінде сақтау үшін ұзақ еңбектенсе, екінші біреу оны оп-оңай есінде қалдыра алатын қасиетке ие.
2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бір нәрсені жатқа біліп, ұзақ уақыт ұмытпайды, басқа біреу тез ұмытып кетеді (қысқа ес).
3. Естің дәлдігі. Бұл ақпаратты, материалды, көріністі сол қалпында, ешқандай қоспасыз есте сақтау. 4. Естің даярлығы. Адамның өз есінің қорынан керегін қажет кезінде тауып ала білуі.
Зейінді, зерделі жандар-дың қолынан келетін ізгі істер, таңғажайып оқиғалар көп. Тарихшылардың айтуынша, Юлий Цезарь мен Александр Македонский 30 мың жауынгерінің атын білген, түсін таныған. Парсы патшасы Кир де сондай қабілетімен даңқы шыққан. Ал, әйгілі Фемистокл грек астанасының 20 мың тұрғынының түсін танып, атын біліпті, Сенека бір-біріне байланысы жоқ, бір рет қана естіген 2000 сөзді қайталап айтып бере алатын болыпты.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні және оның жалпы психологиялық мәселелері
1. 1 Зейін ұғымына қатысты негізгі теориялар
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.[1]
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия) -- субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы -- бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
* 1) интенсивтілігі;
* 2) жаңалығы;
* 3) аффективтілігі.
П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін -- бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
* 1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;
* 2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
* 3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Зейінің функциялары:
1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
3) белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.[2]
Зейін деп -- адам сапасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді турақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала козін қадайды, шұқшия үңіледі. демін ішіне тартады т. б.). Оқушы ссептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзіліетен кейін тарихты одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын окып болганан кейн, түрлі нәрселермен айналысады. Осы коріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зсйінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті түрақтап отырғанын көруге болады.Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушииский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз гана есігі болып табылады, демск, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың сапасында ештеңе де қалмайды"
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді, Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зсйінді күшейтс түсуге ие оны боліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал керші кластан естілген ән-күй сабақ тындап отырған баланың зсйінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық нсгіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция зақына байланысты түсінуге болады, И. П. Павлов, егер ми қабыгының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалган алапаттарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды, Осы кездс мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта 26 теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа берілс оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың .біздің ойымыздың күшеюіне жөрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бегде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше берілстүсугс жәрдәмдәсәді. Ойткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштердің болған қозулардың есебінен тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәніи И. П. Павловтың "Қозудың оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түссді.И. П. Павловтың оптимальдық қозу алабы тсориясы ырықты зейіинің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тараманды, өйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды "оптимальдық жағдай" жасалып отырады. Оптимальдық козуы бар осы алап -- ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жоніиде И. П. Павлов былай дейді: "Бас сүйегінің сыртыпан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдам коріпсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша турлаусыз жарқылдаған соуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді". Ұлы физиолог оптимальдык, қозу үиемі қозгалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерініц күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Олтимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабыгындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсегс зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақтігу т. б.) жақсы корінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне қарап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұгалімдерде жиі кездеседі, Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеіттерін тәрбиелсй отыру -- мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын нсгізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зсйін қойып кіріскемде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мүгалім үшін аксиомалық қағида болуы қажст.
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам омірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Ойткені балалық дөуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы ете нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, ояың ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезендерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызыгу -- ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу -- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зсйін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нотижеге қызытады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс онбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейініп осыған (жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істей отырған ісін тереңінсн түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді түрақтата алушылық саналы әрекетке озінді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оғағ тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинактай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстіндс зейініи 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10 -- 20 минуттық зейін коюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге болінуі сол жүмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нүқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істсуге мумкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермеи зейім салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-октын ойы болініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіпнің толқуы дейді. Толқу -- зейіннің табиғи қасисттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның коңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу -- қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, коңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын көтереді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істсй алушылық -- адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезіндс көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселсрді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жагдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
1.2 Мектеп жасына дейінгі жастағы негізгі ерекшеліктердің теориялық мәселелері
Оқу іс-әрекетінде баланың белсенділігіне қарай зейін - ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда бұлардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.
Сабақ үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөледі. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет.
Дегенмен, мектепте оқу-іс әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады.
Сондықтан да, оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптастырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады.
Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету.
Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.
Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән.
Көптеген жағдайларда, мектепте оқу іс-әрекеті барысында мұғалім оқушы зейінін ұйымдастырып отыруға тиіс. Сонымен бірге оқушының өз зейінін басқара аларлық дағдысын мектеп психологымен біріге тәрбиелеп отырған жөн.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.
Тиісті ұғым-түсініктерді меңгеру аталған психикалық үрдістерді дамыту шарттарының бірі.
Сондықтан да, оқу жұмысында осы психикалық үрдістерді дұрыс ұйымдастырып, дамытып отыру қажет. Зейін - таным үрдісінің басты факторы. Зейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады. Өзін-өзі байқауда, сырттан байқауда ол кез-келген психикалық іс-әрекеттің өзінің объектісіне бағыттылығын, белсенділігін және шоғырлануын қамтамасыз етеді де, сол іс-әрекеттің бір жағы немесе қасиеті ретінде болады. Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез-келген іс-әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады.
Ырықсыз зейін адамның саналы әрекетінсіз-ақ орнығып, қолданыла береді.
Ырықты зейін саналы бағытталып, реттеледі. Субъектінің санасымен объект таңдалады, соған бағытталады. Ырықты зейін ырықсыз зейіннен дамиды. Сонымен бірге ырықты зейін ырықсыз зейінге ешқандай күшсіз ауысады.
Ырықсыз зейін тікелей қызығушылықпен айқындалады.
Ырықты зейінде ондай қызығушылық болмағанымен, біздің міндетімізге, мақсатымызға байланысты, сондықтан зейінімізді санамыз арқылы бағыттаймыз.
Балалардың зейінін дамыту оқыту мен тәрбие үрдісінде іске асады. Зейінді ұйымдастырудың маңыздылығы, орнымен қойылған тапсырмаға және оны субъектінің қабылдауына себепші болуымен байланысты.
Зейін өзін-өзі бақылаумен тығыз байланысты. Адамның әрбір әрекетінде бағыттаушы, орындалатын және бақыланатын бөлімдері бар.
Бақылау - әрекетті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау іс-әрекетінің өзінің бөлек заты болмайды, ол басқа үрдістердің жасап жатқанына бағытталған. Сондықтан зейіннің бақылаушы функциясы да соны көрсетеді.
Зейіннің жеке актісі, бақылаудың әрекеті ақыл-ойға айналғанда және қысқа түрде болғанда пайда болады. Бақылау үрдісі - затқа бағытталып орындалатын іс-әрекет. Сондықтан бақылау іс-әрекетін орындау кезінде зейінді талап етеді. Тек қана бақылаудың жаңа әрекеті ақыл-ойға және қысқартылған жағдайда ол зейін болады.
Кез-келген бақылау зейін емес, ал кез-келген зейін - ол бақылау. Бақылау іс-әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады, жақсартады. Оның себебі, бақылау белгілі бір критерий, өлшем, үлгі арқылы іске асады, "үлгіні ескерте", нақты салыстыруға және айыруға жағдай туғыза отырып, құбылысты жақсырақ тануға жетелейді. Үлгіні қолдану зейіннің негізгі екі қасиеттерін түсіндіреді - таңдамалылықты (әр уақытта қызығушылықты көрсете бермейді) және өзі байланысқан әр іс-әрекетке жағымды әсер етеді.
Ырықты зейін әрдайым жоспарлы. Алдын-ала белгіленген критерийлер және тәсілдерді пайдалана отырып әрекетті бақылау болады.
Ырықсыз зейін - ол да бақылау, бірақ заттан немесе жағдайдан кейін "көзге өзі көрінеді" бақылаудың жолы және құралдары алдын ала жоспарланбай, объектінің әсерімен өтеді. Зейінді дамыту бақылаусыз және өзін-өзі бақылаусыз мүмкін емес.
Ырықты зейіннің жаңа актісін қалыптастыру үшін негізгі іс-әрекетпен бірге оны тексеру критерийлері мен тәсілдерін, жалпы жолын және ретін көрсетуіміз керек. Мұның бәрі алғашында сыртқы жоспар ретінде беріледі, яғни зейіннен басталмайды, бақылауды белгілі, сырттық, заттық әрекет болып ұйымдастырады. Әрі қарай мұндай әрекет белгілі ретпен өңделіп, ақыл-ой, жалпылама, қысқартылған және дағдыланған (автоматтандырылған) түрде зейіннің жаңа тапсырмаға жауап бере алатын актісіне айналады.
Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін, бақылауды игеруді сатылап қалыптастыру қажет (П.Я. Гальперин), материалданған түрден, дауыстап сөйлеу, соңында ішінен сыртқа сөйлеу түріне көшу, арқылы іске асырылады.
Сонда ғана бақылау түрі оқушылар зейінінің актісіне айналады.
Бұл жерде екі кедергі кездесуі мүмкін: біріншісі, орындалып жатқан әрекет, бақылаудан ертерек тайып кетуі мүмкін, сондықтан бақылау нақты, жалпылама болып қалады, тұрақты орындау формасын жоғалтады, тұрақсыз болады; екіншісі әрекеттің бағыттаушы және орындаушы бөлімдерінде қайшылықтар болғанда, орындаушы бөлімі бір жұмысты атқарады да (мысалы, сөзді буындауға т. б.), бағыттаушы бөлім (мысалы, дауыстап айтуға) басқаны жоспарлайды. Мұндай бақылауды қиыншылықтарды, әрекетті сатылап қалыптастыруды үйретуде ескеру қажет.
Бақылауды сатылап қалыптастырудың нәтижесінде (мәтінді, шығарманы, өрнекті ретімен және т.с.с.) бұл заттық әрекет шынайылыққа айналады (көру, есту әрекетіне) және негізгі жасалып жатқан әрекетке байланысады (жазуға, оқуға және т.с.с). Бақылау негізгі жасалып жатқан әрекетке бағытталады да, онымен бірігіп, оған өзінің сипатын білдіреді - негізгі әрекетке бағытталуын және онда шоғырлануын, басқаша айтқанда зейіннің қасиеттерін көрсетеді.
Зейін оқытудың сапасын және өнімділігін анықтаушы ретінде. Балалар зейіндерінің қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы және бөлінуі) бойынша бір-бірінен ерекше болады.
Жалпы, зейінді балалар жақсы оқиды, ал зейіні нашар қалыптасқан балалардың үлгерімі ырықты зейіннің көрсеткішіне байланысты.
Зейін қасиеттерінің деңгейлері төмен дамыған балаларда оқу міндеттерін атқару шектеледі. Сондықтан зейіннің қасиеттерін жаттықтыру, психологиялық қызмет көрсетудегі өзекті бағыт ретінде, үлгірімін жақсартуға ықпалын тигізеді.
Ырықты зейіннің жоғарғы деңгейде болуы оқытудағы үлгірімдерінің басқа да факторларын іске асырады, жеке айтқанда жекелік моторлық жылдамдығын іске асырады. Зейінді оқушылардың жекелік жылдамдығы жоғары болған сайын жақсы оқиды. Ал зейіні нашар оқушыларда керісінше болады.
Пәндер бойынша, зейіннің қасиеттерін салыстырғанда: математикадан, физикадан үлгірімдеріне зейіннің көлемі және даралық жылдамдығы ықпал етеді екен. Зейіннің тұрақтылығы мен математикаға төмен қабілеттілігінің арасында байланыстар бар.
Орыс тілі қазақ тілінен үлгеріміне зейіннің бөліну қасиетінің дамуына ықпал етеді. Оқудың жетістігі зейіннің тұрақтылығымен байланысты, себебі сөздің дыбыстық формасын жасауды қамтамасыз етеді.
Зейіннің түрлері оқу іс-әрекетінде бірімен-бірі тығыз байланысты.
Зейіннің түрлері және олардың салыстырмалы сипаты
Зейіннің түрлері Пайда болуының шарттары Негізгі сипаттары Механизмдері
Ырықсыз Күшті, контрастылы не-месе мәнді және эмоцияны тудыратын тітіркен-
діргіш Ырықсыз, жеңіл пай-да болуы және ауы-суы (аударылуы) Бағыттаушы рефлекс не доминанта, тұл-ғаның азды-көпті тұрақты қызығушы-лығын сипаттайды
Ырықты Міндеттерді қою (қабыл-дау) Міндетке байланыс-ты бағытта ырық-ты күшті талап етіп, шаршатады 2- сигналды жүйенің жетекші рөлі
Үйреншікті Іс-әрекетке кірісу және соған байланысты қызығушылықтың пайда болуы Мақсатқа бағытты-лық сақталады, зор-лануды жеңілдетеді Іс-әрекет үрдісінде пайда болатын қызы-ғумен сипатталатын доминанта
Әрине, әр таным үрдісін талқылап, біз басқа да таным үрдістерімен біріге іске асатынын түсінеміз.
Бірақ әр таным үрдісінің өзінің қолданатын орнымен ерекшеленуі және іске асу жолдары бар.
Мұнда оқу материалын ғылыми негізделген мөлшермен зейіннің кестедегі бейнеленген сапаларын ескеріп тиімді жоспарлау қағидасының орны ерекше.
Констатациялы және дамытатын эксперименттердің осы мәселеге байланысты зейін қасиеттерінің деңгейлерін салыстыру арқылы зерттеледі.
Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:
1) Балалардың жеке дамуымен, олардың қажеттіліктері және қызығушылықтары дүниетанымдарының өрісі кеңейіп, түсінетін ақиқат заттар мен құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің артуына байланысты, оқушы зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін-өзі тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.
2) 3ейінінің жас ерекшелігіне байланысты дамуы, оның барлық қасиеттерінің дамуына және көрінуіне ықпал етеді. Барлау іс-әрекетінің өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы белсенділігі және таңдамалылығы артады. Шоғырлануының интенсивті дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері де жаңа сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі өрістерінің ұлғаюына қарай - іс-әрекеттің бір бөлімінде бірнеше зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz