Қаржылық басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қаржылық басқару

КІРІСПЕ . . . 3-4

1Қаржылық басқару

1. 1 Қаржыны басқару ұғымы . . . 5-10

1. 2 Қаржымен басқарудың әдістері . . . . 11-15

2Мемлекеттің қаржысын басқару

2. 1 Мемлекеттің қаржысын басқару жүйесі . . . 16-19
2. 2 Қаржылық жоспарлау . . . 19-23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

Кіріспе

Жұмыстың мақсаты.

Қаржылық категориялар, ұғымдар, терминдер, бөлінулерді, олардың елде өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын, және де қаржыны ұйымдастыру түрлерінің өзара байланысы және өзара әрекетін түсінуге жету және олардың қоғам дамуының нақты әлеуметтік-экономикалық шарттарында қолдану әдістерін танып-білуде студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындықтарын қамтамасыз ету.

Курстың міндеттері: қаржының қазіргі кездегі шаруашылық жүйелеріне тән және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін мемлекетпен кең қолданылатын көпқырлы обьективті экономикалық категория ретінде ашылуы болып табылады. Болашақ мамандарда өзіндік көзқарастың қалыптасуына, болып жатқан жағдайларды сынау мен бағалап, қаржылық нарығын әсерлі қолданудың басқадай жолдарын іздеуге жағдай жасалады.
Қаржыларды басқару - қаржылық және аралас экономикалық үрдістерге оларды дамыту мақсатында әсер ету үрдісі. Осы мақсатта қажетті нәтижеге жету үшін арнайы әдістер мен тәсілдер қолданылады. Қаржылық басқару жүйесі қаржылық механизмнің әдістері, санкциялары және тетіктері арқылы жүзеге асырылады Қаржыларды басқару келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
-Басқаруда тәуелсіздік пен еркіндік;
-Қаржылық сұрақтарға саяси көзқарастарды ұстану;
-Басқаруды әкімшілдік және экономикалық әдістерге сәйкестендіру;
-Басқару ғылымның қолданылуы;
-Басқарудың аймақтық, орталықтандырылған және аймақтық келісімділік негізде жүзеге асырылуы;
-Басқаруда жауапкершіліктің болуы;
-шаруашылық шешімдердің тиімділігі.

Қаржыларды басқарудың екі аспектісін атап көрсетуге болады: біріншіден, мемлекет қаржыны қоғамдық өндіріс үрдісіне, экономикалық және әлеуметтік аяны басқару құралы ретінде пайдаланылады;
Екіншіден, қаржылардың өзі- басқару объектісі болып табылады себебі, қаржы қатынастары, ақшалай қаражаттардың қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелері толығымен басқарылады. Қаржыларды басқаруда келесі элементтер өзара байланыста болады: ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және басқару.

Қаржылық ақпарат барлық қаржы үрдісін тиімді бсқару мен жоспарлау үшін қолданылатын шешім қабылдауда үлкен рол атқарады. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және жедел ақпарат түрінде жүзеге асырылады. Қаржылық басқаруда басқару орталығына- жоспарлау жатады. Ол материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының теңгерімділігін, өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара байланысын және халық шаруашылығының барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлардың кірістері мен шығыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұйымдастыру қаржылық басқару аппаратының барлық деңгейіндегі нәтижелікті, жауапкершілікті сипаттайды.
Қаржылық реттеу жоспарлы тапсырманы орындауда қаржы ресурстарының бөлістірілуіне бақылау жасайды.
Бақылау шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша ресурстарының қалыптасуы мен дамуына толығымен бақылау жүргізеді.

Қаржыларды басқарудың стратегиялық және жедел түрін бөліп көрсетуге болады. Қаржыларды стратегиялық басқару ҚР -ң Констуциясының негізінде басқару мен биліктің жоғарғы органдары арқылы жүзеге асырылады: Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
ҚР-ң Президенті Қаржылық басқаруда үлкен өкілділікке ие болып, оны президент аппараты арқылы жүзеге асырады
Парламенттің құзырына Қаржылық мәселелерді талқылап, дауыс беру негізінде- ҚР заң актлері мен Парламенттің өкімі арқылы шешім қабылдайды. Парламент нормалар мен қағидалар негізінде қоғамды реттейтін келесі бағытар бойынша заңдарды шығарады:

1) салық салу, алымдар мен басқада міндетті төлемдерді қамтамасыз ету;
3) білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) мемлекеттік қорғаныс саласын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік және жергілікті билік органдарын қамтамасыз ету;
6) қоршаған ортаны қорғау;
7) заттық және құқықтық меншікті режимді қамтамасыз ету.

Қаржы заңдылығының жобаларын дайындау
Кәсіпорын мен мемлекет арасындағы қаржылық қатынастардың нысандарын жетілдіру Мемлекеттің қаржы ресурстарын бөлістіріп, мемлекеттің бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлайды
Мемлекеттік қаржыларды басқаруда өзінің атқаратын функцияларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіде қатынасады.
Мақсаты және міндеттері Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз - қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т. б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.

1 Қаржылық басқару

1. 1 Қаржыны басқару ұғымы

Қаржыны басқару. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретінде басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздік болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

басқарудағы демократизм;
қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;
басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудын келісімдігі;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақикат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.

Ұйымдастыру - басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
«Менджмент» деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері. Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең көз - қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп, қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т. б. қорытындыларын өз қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер және экономисттің қызметтері жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады. Үлкен капиталдың үокен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді. Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете меңгерген - қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.

Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.

Қаржылық менеджмент - экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.

Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы.
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.

Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер, экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер, қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.

Қаржылық менеджмент - экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.

Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.

Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.

Фирмалардың қаржы қызметі

Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы қызметін құрады. Қаржы қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.

Фирманың қаржы қызметінің міндеттері:

  1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
  2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
  3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
  4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл қызметсіз мүмкін еместігі.

Қаржы қызметі біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да қызметімен тығыз байланысты.

Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы қызметінің алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды.

Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Менеджмент (ағылшынша мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. [1]

Менеджмент ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына береді, демек қаржылық менджмент - бұл қаржыны басқару, яғни кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын басқару.

Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән «Қаржылық менджмент» қалыптасқан.

«Ақша, несие, банктер» пәні

Ақша түсінігі және оның пайда болуының ақшаның пайда болу табиғаты бойынша рационалистік және эволюционистік теориялары. Ақшаның тауарлы табиғаты. Тауардың қарама- қайшылықтары және құн формаларының дамуы. Құнның салыстырмалы және эквиваленттік формасы - құнның екі қарама-жақтары. Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Акшаның тарихи, қоғамдық және экономикалық категория ретіндегі жаратылысы туралы.

Ақшаның қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі кұралы ретінде және баға масштабы. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның орындалуы.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналысы заңы. Шаруашылық айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау. Ақша айналысының тұрактылығының негізі. Акшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Төлем айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақшаның қор жинау немесе қазына жасау ретіндегі қызметі. Қоғамда қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Ақшаның дүниежүзілік формаларының дамуы. Дүниежүзілік ақшаның құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор жинау құралы ретіндегі қызметтері. ¥лттық валюталарды және халықаралық есеп бірліктерін дүниежүзілік ақша қызметінде қолдану. Алтынның қазіргі кездегі рөлі.

Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік . Қызмет көрсетуші ақша формалары: толық құнды, толық - қағаз және несие ақшалары. Қолма-қол және қолма-қол ақшалар айналысы. Акшаның және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақша айналысы. Қағаз ақша айналысы . Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы, ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері.

Инфляция. Инфляцияның себептері. Инфляцияның элеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күрес әдістері.

Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру. Жергілікті қаржылардың мәні және маңызы. Жергілікті бюджеттің кірістері. Арнайы экономикалық аймақтар қаржылары. . Бюджеттен тыс қорлар. Бюджеттен тыс қорлардың мәні. Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың ерекшелігі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік несие мәні. Мемлекеттік несиенің формалары мен әдістері. Мемлекеттік қарыздың мәні. Мемлекеттік қарызды басқару. Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік несие мәні. Мемлекеттік несиенің формалары мен әдістері. Мемлекеттік қарыздың мәні. Мемлекеттік қарызды басқару. Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары. Сақтандыру. Сақтандыру түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сыныптамасы. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуы.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және оның сыныптамасы. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Фискальдық саясат. Нарықтың тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және оның сыныптамасы. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Фискальдық саясат. Нарықтың тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Қаржы нарығы. Қаржы нарығы туралы түсінік. Бағалы қағаздар нарығы олардың түрлері. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Қор биржасы. Қаржы нарығы. Қаржы нарығы туралы түсінік. Бағалы қағаздар нарығы олардың түрлері. Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Қор биржасы. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар.

Сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыттары. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері. Мемлекеттік және кәсіпорынның валюталық ресурстарының қалыптасуы мен қолдануы.

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар. Сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыттары. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері. Мемлекеттік және кәсіпорынның валюталық ресурстарының қалыптасуы мен қолдануы. Қаржылар және инфляция. Инфляция табиғаты және оның қаржылармен өзара байланысы. Қаржылар және инфляция. Инфляция табиғаты және оның қаржылармен өзара байланысы.

1. 2. Қаржымен басқарудың әдістері.

Есеп айрысудың жүйелері мен нышандары. Несие беру жүйесі мен нышандары. Қаржылық несие беру бағыттары. Банк аралық несие мен жеделдік қарыз. Депозит. сақтандыру және хеджирлеу. Қаржымен басқару функциясындағы кепілдік және ипотека әдісі. Қаржы қаражатты кепілге бері әдісі. Трансферт. Факторинг. Трастық операциялар. Жалға беру. Лизинг. Инжиниринг.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Менеджмент қызметі
Нарық жағдайында қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттілігі
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі
Қаржылық менеджменттің маңызы
Кәсіпорын қаржысын басқару
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz