Құқықтық мемлекет



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

І. Құқықтық мемлекет
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. Азаматтық қоғам
2.1.Азаматтық қоғамның тарихи.құқықтық ғылыми ойлардағы түсінігі ... ... 14
2.2.Азаматтық қоғам туралы түсініктің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Кіріспе

Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықытық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық , саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кезеңдегі саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк Тулеий Цицеронның (б.д.д.106-43жж) шығармаларындағы («Мемлекет туралы», «Заңдар туралы») азаматтылық пен азамат, қоғамды азаматтардың жиынтығы дап қарастыратын ілімнен бастау алады. Этимологиялық тұрғыда да латынша civis – азамат, ал civitas – қоғам делінуі бұл ұғымдардың түбірлес екендігін көрсетсе керек.
Азаматтық қоғамның бастапқы идеясы – адамдардың қоғамда бірлесе өмірі сүруінің табиғи заңына сәйкес ұйымдасқан коллективтілігі қайта түлету; Т.Гоббс айтқан «Адам – адамға қасқыр», жаппай жайласу мен жүгенсіз бостандықтағы ортадан шыққан адамды қоғамның азаматы ретінде тәрбиелеп, дамыту. Мұндай өркениетті де ізгілікті қоғам жеке тұлғаны жаңа үлгідегі азаматқа айналдыруға қабілетті және мұндай азаматтар өз кезегіндегі жаңа азаматтық қоғам құрды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков Құқық және мемлекет теориясы. – Қарағанды. Болашақ-баспа, 2002.
2. Д.А. Жамбылов Саясаттану /оқу құралы/. Алматы, 1996
3. Ұ.Сыдықов Саясаттану /оқу құралы/. Алматы, 1996
4. Саясат /ақпарттық-сараптамалық журналы/. №10 [қазан], 2003

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

І. Құқықтық мемлекет
1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Құқықтық мемлекеттің негізгі
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ. Азаматтық қоғам
2.1.Азаматтық қоғамның тарихи-құқықтық ғылыми ойлардағы түсінігі ... ... 14
2.2.Азаматтық қоғам туралы түсініктің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23

Кіріспе

Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында Қазақстан кімнің
мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба? деген сауал тұр.
Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-
әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері
болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға
бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар –
Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген
дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция –
франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет
жатыр. Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай:
ол – құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық, мәдени, құқықытық
және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара
әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар
құрушы, жоғары дәрежелі әлеуметтік, экономикалық , саяси, мәдени және
моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кезеңдегі
саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк Тулеий Цицеронның (б.д.д.106-
43жж) шығармаларындағы (Мемлекет туралы, Заңдар туралы) азаматтылық пен
азамат, қоғамды азаматтардың жиынтығы дап қарастыратын ілімнен бастау
алады. Этимологиялық тұрғыда да латынша civis – азамат, ал civitas – қоғам
делінуі бұл ұғымдардың түбірлес екендігін көрсетсе керек.
Азаматтық қоғамның бастапқы идеясы – адамдардың қоғамда бірлесе өмірі
сүруінің табиғи заңына сәйкес ұйымдасқан коллективтілігі қайта түлету;
Т.Гоббс айтқан Адам – адамға қасқыр, жаппай жайласу мен жүгенсіз
бостандықтағы ортадан шыққан адамды қоғамның азаматы ретінде тәрбиелеп,
дамыту. Мұндай өркениетті де ізгілікті қоғам жеке тұлғаны жаңа үлгідегі
азаматқа айналдыруға қабілетті және мұндай азаматтар өз кезегіндегі жаңа
азаматтық қоғам құрды.

І. Құқықтық мемлекет

1.1.Құқықтық мемлекеттің пайда болуы

Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі
ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола
бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық
мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктің
арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы тілектері, сол
дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайда және бір мезгілде құқықпен
тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады. Заңның
күші жоқ – Аристотельдің айтуы бойынша – мемлекеттік құрылым нысаны жоқ.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр
адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде, құқық пен бостандықты қамтамасыз
ету.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет
концепциясының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан:
Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах,
Т.Джеферсон және басқалар.
Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін жасауға
қатысқан. Оның айтуы бойынша мемлекеттің күшті болуы әрбір азаматтың өмірін
қорғап қана қоймай, мүдделенінде қанағаттандырудың қажет екенін айта келіп,
әрбір басқарушылардың жеке меншікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты, бостандықты
және басқа да жақсы жағдайларды сақтауға міндеттілігін көрсетеді.
Локк – құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы, Локктың
сөзімен: Заңды өкіметпен белгіленген өзгермейтін бәріне бірдей ережеде,
бостандықта, барлық жағдайда заң ұлықсат етсе, өзіңнің тілегеніңді жаса
және әрдайым белгісіз басқа адамның еркіне тәуелді болмау.
Монтескье – құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси
бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостандық идеясы,
азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының
қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмаудың жолы,
барлық адамдардың заңдарды бұлжытпай орындауының қажеттігі.
Кант – құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты
зерттеген адам. Көпшілік құқықтың принципіне, философтың ойынша халықтың
шексіз құқығы жатады. Яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау
арқылы тәртіпті орнату. Азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі,
адамгершілігі, ойлары.
Құқықтық мемлекетте, заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де
баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Керісінше, биліктің сол жөнінде
азаматқа қандай мүмкіншілігі барлығында. Құқықтық құрылымның мүмкіншілігін
Кант заң шығаратын парламентке байланысты орындайтын – үкіметке және
соттыққа бөлумен байланыстыраы.
Канттың құқықтық мемлекет туралы концепциясы, саяси-құқықтық ойдың әрі
қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымының
қызметіне маңызды әсер етті.
Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында да кең
көлемде орын алады. Ондай ойларды Д.А.Писаревтің, А.И.Герценнің,
Н.Г.Чернышевскийдің, А.Н.Радишевтің, П.П.Пестельдің, М.Н.Муравьевтің және
басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің
заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға алады.
Құқықтық мемлекет орыс концепциясының бекігендігін қазан революциясына
дейінгі кезеңдегі көрнекті заңгерлердің және философтардың еңбектерінен
толық көреміз: Н.М.Коркунов, С.Н.Котляровский, П.М.Гессен, Г.Ф.Шершеневич,
Б.Н.Чичерин, Н.А.Бердяев және басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық
зерттеулері, негізінен – саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне
арналған.
Шершеневич құқықтық мемлекет негізгі өлшемдерімен мынадай құрылу
жолдарының нысандарын ұсынады:
1. Бассыздықты көрсетеді, біреулерінің мүддесі екіншісінен
бөлінеді және мемлекет мекемелері де осыған қатысты, осыдан
құқықтық басқарудағы үстемдік идеясы туады;
2. Егер жеке адамның инициативасы (ынтасы) кеңдікті тілесе,
мемлекетке субьективтік құқықтарды қорғаумен шектелуі
жеткілікті
3. Өкімет органдарының өз қимылдарымен жаңа тәртіптілік бұзылмау
үшін, олардың міндеттерін қатаң түрде белгілеу қажет және
орындаушы өкіметі заң шығарушыдан бөліп, сот билігінің
еркіндігін бекітумен қатар, заң шығаруға көмектесетін
сайланған қоғамдық элементтерді қатынастыру қажет. Шершеневич
құқықтық мемлекеттің мұндай сипаттамасымен келісе отырып,
құқықтық мемлекеттің шыен мәніндегі кепілдігіне мыналарды
жатқызады:
а) жеке адамның бөлінбейтін құқығы;
ә) өкіметті бөлу принципі;
б) өкіметтің өзін-өзі құқықтық тежеулігі;
в) мемлекеттің өз үстінде тұрған құқыққа бағынушылығы.
Гессен құқықтық мемлекетті шығыстың саяси-құқықтық орнықты көзқарасына
сүйеніп анықтайды. Құқықтық мемлекет деп атайтыны – оның ойынша, өз
міндеттілігін үкімет ретінде өздері жасаған заңдылық нормаларға, заң
шығарушы ретінде мойындайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде,
өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен
байланысты және тежеледі, құқықтан төмен тұрады, сыртында емес және жоғары
да емес.
Сонымен бірге Гессен құқықтық мемлекеттің мазмұндық жағына белгілі
түзетулер кіргізеді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтап, оның ойынша
мемлекет әдеп-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ, себебі
өзгермейтін әдеп-ғұрып және заң жоқ деген.
Котляровский Канттың қарым-қатынастың және мемлекетпен жеке адамның
бір-бірінің алдындағы екі жақтық жауапкершілігі теориясын жақтайды, оның
кепілі - өкіметтің бөлінгендігі болып табылады. Іс жүзіндегі, қазіргі
мемлекеттік құқықтықтың өмірде маңызы бар ойына, сотты мемлекет пен жеке
адамның арасындағы екі жақтықты қамтамасыз ететін негізгі орган ретінде
тану қажеттігі жатыр. Ондай сот конституциясының негізінде ешкімге тәуелді
болмай, халықтың сеніміне ие болуы қажет. Өйткені сенімділік жоғалса сот
қызметіне нұқсан келеді және құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі.
Құқықтық мемлекеттің көпғасырлық тәжірибесін, теориясы мен жұмысын,
өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми жағынан қабылдамау инерциясы қоғам
өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани және ұлттық қақтығысуларды
туғызды. Кейінгі жылдары реформалық процестерді тек біздің елімізде ға
емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп жатқанына байланысты
мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси
жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады.
Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, құқықтық мемлекеттің үлгісін
белгіледі. Қазіргі қоғам дамуының нақты жағдайларын есепке алып, құқықтық
мемлекетті құрудың концептуалдық жолын С.С.Алексеевтің, А.В.Венгеровтың,
В.Е.Гулиевтің, В.Н.Кудрявцевтің, Б.Н. Лазарованың, Н.Н.Деевтің,
В.Д.Зарокинаның, Р.З.Левшицтің, М.И.Пискотиннің, Ю.А.Тихомировтің тағы
басқалардың еңбектерінен көруге болады.

1.2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттаммасы

Құқықтық мемлекет – көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық
прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі
жағдайлардың деігейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет – бұл мемлекеттік билік қызметінің ұйымдасу нысаны,
құқық нормаларының қарым-қатынасымен бірге құрылады. Құқық алдындағы ролді
тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың
бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың
және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске
асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерге
құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық
қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің
негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әртүрлі меншік формаларына,
көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, коллективтік,
арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең құқықты және
бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте
меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекеленген
өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен өнімдердің меншіктенушісі
болып табылады.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде,
меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап,
өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз
өсуінің және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы өзін-өзі реттейтін
азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды
біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әртүрлі мүдделерімен
адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы,
әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар
жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы
қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет – бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі
және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі
құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы
адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін
қамтамасыз етеді, жеке адамға жасалатын басынушылықты, күштеуді жояды.
Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот
процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы
құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау,
әртүрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді.
Құқықтық мемлекет – бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл
халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды.
Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын,
ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық
қатынастарын, бостандығын қалдықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке,
мәжбүр ету, мемелекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен
шектеледі, заңсыздық пе нбассыздыққа жол бермейді.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді.
Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма
қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты
ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі,
адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы қамтамасыз етіледі.
Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
1. Барлық, қоғам өмірінің аясындағы заң деңгеінің жоғарылығы.
Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды
және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда
мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен
теңдіктен бастау алып, қоғам дамуында обьективтік қажеттілікті
толық есепке алады. Міне, сондықтан, заң жоғарғы күшке ие.
Басқа құқықтық актылар заңға сай болуы қажет. Заң қоғам
өміріндегі ең маңызды қажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол
өмірге, маңызды ортадағы бостандықтың мөлшерін белгілеп,
қоғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік
туралы заңдар, кәсіпкер туралы, баспа т.б.).
Құқықтық мемлекеттің негізі – конституциясы. Онда мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы
құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі
міндетті. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актылары конституцияға қарама-қайшы
келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін
бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет – конституциялық мемлекет.
2. Жеке адамның құқығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз
етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы
ретінде көрінеді. Құқықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі
бостандықтың болуын қолдайды, ол мөлшерден әрі қарай
мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің
араласпауы міндеттілігі, адамдардың өз құқығын сақтауды
талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құқық бұзылса, ол
соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз
құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді
және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына
формулада қамтылған: тұлғаға тыйым салынбаған нәрседен
басқаның бәріне рұқсат етіледі.
Қазіргі демократиялық мемлекетте обьективті құқық бостандығы, өзінің
әр қилы мазмұндарына байланысты жеке адамның субьективтік құқығымен іске
асырылады. Ондағы ең маңыздысы – жеке адамның құқығы, оның мүддесін
орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес
құқықтығына, білім алу, әлеуметтік қамсыздандырылу, сотпен қорғалу,
мемлекеттіңкөлемінде еркін жүру жатады.
3. Мемлекет пен адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып
жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың
арасындағы қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет
жеке адамның бостандық деңгейін заңға белгілей отырып, сондай мөлшердегі
өзі қабылдаған шешімінде, қимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы
адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып,
мемлекеттің органдары оның жарлығын бұза алмайды және бұзғаны үшін, не ол
міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі
мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі, о лжағдай
әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар
алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті
органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтық не
болмаса, мемлекет қызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі құқық
субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық
жауапкершілігі.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен қызметінің негізгі принциптеріне
биліктің бөлінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру мәселелері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Құқықтық мемлекет түсінігі
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ТАРИХЫ
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы
Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Пәндер