Сауда жүйесі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1. Сауда саласының даму тарихы 12

1. 1. Сауда жүйесінің қалыптасуы 12

1. 2. Жәрмеңке саудасы 15

1. 3. Сауда үйлерінің қызметі 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Қосымша А. 1914 жылғы Сырдария облысындағы патент алған ішімдік сататын орталықтары 29

Қосымша Б. 1904-1907 жылдардағы сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ақша айналымдары және кірісі 30

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Елімізде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мен нығайту мәселелері жолға қойылып отыр. Бұл жөнінде Елбасы Н. Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауының үшінші бағыты − шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналып, экономикамызды нығайтатын негізгі қозғаушы күш - кәсіпкерлік екендігін нақты көрсетті [1] . Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды.

Бүгінгі таңда сауда-өнеркәсіпке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мен нығайту мәселелері жолға қойылып отыр. Сондықтан, Қазақстанда сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.

Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті сауда-өнеркәсіпті дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.

Кейінгі жылдары отандық тарихнамада сауда-өнеркәсіп мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымындағы бұл өзгеріс, Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. Сондықтан, зерттеуде елдің оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуына басты назар аударылады. Сонымен бірге, сауда-өнеркәсіптің дамуына әлеуметтік және этникалық тұрғыдан алғанда әр текті кәсіпкерлердің іскерлік мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың ықпалына талдау жасау да өзекті болып табылады.

Осыған байланысты, бұл мәселенің зерттелуі өзекті болып табылады. Ол ең алдымен, 1861-1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіп тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалануына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы сауда-өнеркәсіпті дамытудағы әр аймақтың өзіндік орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1861-1914 жж. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихы болып табылады.

Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуының алғышарттары мен оның дамуына тікелей ықпал еткен ішкі және сыртқы факторлар, сауда-өнеркәсіптің түрлері мен оңтүстік өлкеге тән ерекшеліктері, кәсіпкерлердің әлеуметтік және этникалық құрылымы зерттеу пәні болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. Революцияға дейінгі еңбектерде Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі әр түрлі аспектілер бойынша қарастырылды. ХІХ ғасырда қалыптасқан тарихнаманы, жалпылама экономикалық мәліметтер беретін А. И. Левшин [2], А. Н. Тетеревников [3], Е. Смирновтың [4] еңбектері құрайды.

А. И Левшин қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарға, ал А. Н. Тетеревников қазақ даласындағы сауданың дамуына сипаттама жасады. Сырдария облысының саяси, экономикалық дамуы Е. Смирновтың еңбегінде қамтылды. Оның зерттеуі жалпы шолу сипатында қарастырылды.

Сол сияқты Гирс Ф [5], Анчиков [6], А. А. Кауфман [7] өз еңбектерін осы аймақты зерттеуге арнады.

Оңтүстік өлкенің отар аймаққа айналуы, патша әкімшіл Анчиков өз зерттеуін Түркістан өлкесін отарлау тақырыбына арнады. Аталған автордың еңбегі отарлық сипатта жазылғанына қарамастан, сол кезеңдегі қазақ қоғамына капиталистік қатынастардың енуі, сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына қатысты құнды фактілік деректер береді. А. А. Кауфман [8] еңбегінде қазақ жерінің отар ретіндегі рөлі қарастырылды. Онда патша әкімшілігінің отарлау саясаты үшін мейлінше маңызды Түркістан аймағы мәселесі қозғалды. Аталған авторлардың еңбектерінің отарлық сипатта жазылғанына қарамастан, сол кезеңдегі қазақ жеріне капиталистік қатынастардың енуі, сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына дәлел бола алатын құнды фактілік деректер береді.

Отар аймақтағы тұрпайы экономикалық қанауды тоқтатып, еркін капиталистік дамуды ұсынған авторлар да кездесті. Солардың бірі - И. И. Гейер [9] . 1909 жылы жарық көрген «Туркестан» деп аталатын кітабында, автор Түркістан өлкесінің экономикалық даму деңгейінің төмендігі, өнеркәсіп орындарының ұсақ сипатта дамуы және капиталдың енуінің нашарлығын атап өтті. Сонымен қатар, аталған мәселелердің шешімін табу, несие жүйесін дамыту мәселесін көтеріп, ұсыныстар жасады.

К. К. Паленнің [10; 11] Түркістан өлкесінде жүргізген тексерісі бойынша жасаған есебінде Сырдария және Жетісу облыстары туралы өте құнды фактілік-статистикалық мәліметтер берілген. Сонымен қатар, облыстарды отар ретінде игерудің тиімділігі жөнінде айтылады. Еңбекте Түркістан-Сібір темір жолын салудың маңызы, халыққа арзан несие беру, сауда байланыстарын күшейту, ұсақ шаруашылықты нығайту тәрізді біршама маңызды мәселелерді қолға алу қажеттілігін ұсынды.

А. И. Добросмысловтың [12] зерттеуінде Сырдария облысындағы қалалардың экономикалық дамуы, алғашқы кәсіпкерлер және олардың ұлттық құрамы, кәсіпкерлердің табысы, ақша айналымы туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен бірге, Сырдария облысының Перовск [13], Қазалы [14], Түркістан [15], Шымкент [16], Әулиеата [17] қалаларындағы сауда, өнеркәсіп және халыққа қызмет көрсету салалары бойынша сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы қарастырылған.

Түркістан өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына толық дерлік шолу жасаған В. И. Масальский [18], В. А. Васильев [19] еңбектері.

Оңтүстік Қазақстан экономикасының капиталистік белгілері туралы мәселе В. И. Масальскийдің еңбегінде де орын алған. Оның еңбегінде мал шаруашылығы, өнеркәсіп және сауда мәселелері қарастырылады. Ол капиталдың өнеркәсіпке қарағанда саудаға көп жұмсалғанын айтады. Сонымен қоса банк, кредит мәселелері қозғалып, оның өсімқорлық сипатта болғанын жазды. Темір жол қатынасының өлкенің экономикалық дамуында жақсы әсер еткенін көрсетті. В. И. Масальскийдің еңбегінің басты қорытындысы: өлке капиталистік даму жолына түсті, енді оны дамытуға көмектесу қажет болатын.

В. А. Васильев өз еңбегінде Жетісу облысының ауыл шаруашылығы саласындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының пайда болуы, өнеркәсіп орындарының техникалық жабдықталуы, ондағы жұмысшылардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізді. В. А. Васильев арақ-шарап кәсіпорындары туралы: «Жетісу облысында шарап монополиясы болған жоқ дегенмен, шарап өндірісі ірі капиталистік сипатта болды» [19; 183 б. ] - деген пікір білдірді. Ол сонымен қатар, облыстағы тау-кен ісі және металлургия туралы: «бұл байлық әлі жақсы зерттелмеген, ізденістер аймаққа орыстар келгелі бері жүргізілуде, бірақ тұтас сараптама жасалатын өнеркәсіптік барлау жүргізілген жоқ, сондықтан, Жетісудағы тау-кен ісі туралы айтуға әлі ерте» [19; 198 б. ] - деп жазды.

Сауда өнеркәсіп орындарының дамуы және оларға қатысты ережелер С. А Просьбин [20], В. В. Заорская және К. А. Александердің [21] зерттеулері арналады. В. В. Заорская және К. А. Александердің еңбегінде Түркістан өлкесіндегі өнеркәсіп орындары, олардың капитал айналымы, өндіріс көлемі, жұмысшылардың саны мен жағдайы, өнеркәсіптік салықтан түсетін мемлекеттік кіріс мәселелері қарастырылған.

Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның экономикалық жағдайы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің еңбектерінде талданды. Олардың ішінде С. Асфендияров [22], Ә. Бөкейханов [23] және М. Тынышпаевтардың [24] еңбектерінің маңызы зор.

С. Асфендияров ресейлік капитализмнің қазақ қоғамының дамуына үлкен әсер еткендігін жаза келе, оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттілігін атап көрсетті және сауда капиталының енуі туралы мәселеге көп көңіл бөлді. Ол өзінің еңбегінің «Капитализмнің далаға енуі. Қазақтың халық шаруашылығының жағдайы және одан әрі дамуы» тарауында ресейлік капитализмнің қазақ қоғамының дамуына үлкен әсер еткені сөзсіз - дей отырып, оның қазақ даласына ену жолдары мен түрлерін айқындау қажеттігін көрсетеді және оның ішінде ең алдымен сауда капиталының енуі туралы мәселеге баса назар аударады. Сауда капиталының енуі жайында мәселеге ерекше тоқтала отырып, революцияға дейінгі қазақ қоғамы тарихында сауда және өсімқорлық капиталының зор рөл атқарғанын атап көрсетті. Ал орыстық жаулап алудан кейін жергілікті сауда капиталы мен ресейлік сауда капиталының арасында бәсекелестік басталды.

Жергілікті отаршыл үкімет басшылары орыс саудагерлеріне барынша қолдау көрсетіп, қорғаштап отырды деп көрсетті. Соның ішінде баса көрсеткені Қазақстанның оңтүстігінде сауда капиталы мақта мен мал өнімдеріне толық монополия орнатты дейді, әрі мақта сатып алумен, жерді арендаға берумен айналысқан Мір-Камил, Темірбекті және мал кәсіпшілігімен айналысқан Жетісу мен Құлжа базарларының қожалары Тақтабай мен Алмасбековтерді сауда капиталының өкілдері ретінде атайды.

Кеңестік дәуірдің зерттеушілері патша өкіметінің саясатындағы оңтүстік аймақтың орны мен патшалық отарлау ерекшелігі, жүргізілген әкімшілік реформалар нәтижесі, қазақ қоғамының саяси-экономикалық дамуы, қоныстандыру нәтижелері жөнінде құнды еңбектер жазды.

Мысалы, С. З. Зиманов [25], Ц. Л. Фридман [26; 27] Б. Сүлейменов [28], П. Г. Галузо [29; 30], Э. Д. Дильмухамедов [31] еңбектерінің маңызы жоғары.

Ц. Л. Фридман революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстаның банк, несие жүйелерінің пайда болуы мен даму процестеріне талдау жасап, Қазақстан экономикасындағы шетел капиталының үлесін зерттеді. Оның негізгі зерттеу нысанына түсті металл, көмір, мұнай өнеркәсіптері алынды.

Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруін, өнеркәсіп дамуының отарлық сипатын алғашқылардың бірі болып П. Г. Галузо зерттеді. Ол өзінің еңбектерінде шаруашылық түрлерінің дамуын қамти отыра, өлкедегі мақта шаруашылығының өркендеуі және мұндағы кәсіпкерлердің еңбегіне ерекше талдау жасады. П. Галузоның еңбегінде патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отарлау саясаты; отарлағаннан кейінгі өлкенің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайының өзгеруі, даму ерекшелігі; Қазақстандағы ұлттық құрамның патша әкімшілігінің шаруаларды қоныстандыруы салдарынан өзгеру мәселелері зерттелді.

Осы кезеңдегі Қазақстанның этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеуге, Э. Герасимов [32] және Т. К. Литвиновтар [33] үлес қосты.

Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда мәселесінің түрі және сипаты мәселесін Т. К. Литвинов зерттеді. Ол ірі саудагерлер санының ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өсе түскенін және олардың банктерден кредит, вексель алып, капиталистік қатынастарға кеңірек араласа бастағанын сипаттайды. Қазақтың сауда буржуазиясының қалыптаса бастауымен қатар бай қазақтардың шаруашылығы бірте-бірте өзінің натуралдық сипатынан айырылып, сауда айналымына тығыз тартылып, рынокпен тығыз байланыста бола бастағанын дәлелдейді. Ұлттық капиталдың сауда, негізінен өсімқорлық капитал түрінде қалыптасып үлгергендігі, бірақ өнеркәсіптік капитал дәрежесіне жете алмағандығы, ұлттық буржуазияның қалыптасу процесінің кешігуі, баяулығы, экономикалық әлсіздігі, орыс және ортаазиялық сауда буржуазияларының күшті бәсекелестігі туралы айтты. Ол қазақтардың сауда буржуазиясының қалыптасу мәселесін Қазақстанда сауда капиталының қалыптасу процесімен байланыстырып, қарастыра отырып арнайы зерттеген алғашқы зерттеушілердің бірі. Бұл аталған сауда капиталының өкілдері қазақтың сауда буржуазиясының үш - ұсақ, орташа және ірі топтары болып бөлінді деген пікір білдірді.

Осы уақытта деректер мен материалдардың жинақтары жарық көрді. Түркістан аймағындағы әкімшілік бөліну, жаңа жерлер үшін қабылданған мемлекеттік салық жүйесі жөнінде құнды дерек көзі болып табылатын еңбек 1960 жылы жарыққа шықты. Бұл жинақта М. Г. Масаевичтің [34] құрастыруымен Түркістан өлкесінде 1867 ж., 1886 ж., 1891 жылдары жүргізілген реформалардың материалдары берілген.

Қазақстанда ауыл шаруашылығына капиталистік қатынастардың ену мәселесін С. А. Сүндетов [35] зерттеді.

Г. К. Кронгардтың мақаласында қарастырып отырған кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының саны және құрамына талдау жүргізді [36] .

ХІХ ғасырдың 70-80-ші жылдары Кеңестік тарихнамада сауда-өнеркәсіп тарихына жеке зерттеу арналған жоқ. Дегенмен, капиталистік қатынастарды зерттеу барысында мәселенің жекелеген салалары қарастырылды. Олардың ішінен С. Е. Толыбеков [37], Н. В. Алексеенко [38], В. Я. Лаверычев [39], Т. Ж. Шойынбаев [40], Н. Е. Бекмаханова [41; 42] Л. Е. Шепелев [43], М. У. Шәлекенов [44] талдау жасалды.

Байлардың пайда болуымен олардың жаңа әлеуметтік түр алуы, яғни буржуазиялануы туралы мәселе терең зерттеуді қажет еткен мәселелердің бірі болды. Толыбеков қазақ халқының әлеуметтік құрылысы туралы: байлар жаңа әлеуметтік топ емес, олар монғол шапқыншылығына дейін-ақ өмір сүрді деген пікір білдірді. С. Е. Толыбековтің еңбегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттеу де маңызды шығармалардың бірі.

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы өлкедегі этнодемографиялық жағдай М. Х. Асылбековтың [45] еңбектерінде жақсы бейнеленді.

Ж. К. Қасымбаев [46] Қазақстанның Орталық Азия және Қытаймен сауда қарым-қатынастары мәселелеріне арналды.

Қазіргі кезеңдегі қазақстандық зерттеушілердің еңбектері сауда-өнеркәсіп тарихын зерттеуде маңызды орын алады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму кезеңіне аяқ басуы, нарықтық экономикаға өтуі сауда-өнеркәсіптің тарихына деген қызығушылықты арттыра түсті.

Ж. Б. Әбілхожин еңбегінде капиталистік кезеңге дейінгі уақыттағы жеке сауда-өнеркәсіп бағыттарының мәселелеріне терең теориялық-методологиялық зерттеу жүргізілген [47] . Ж. Б. Әбілхожин еңбегінде капиталистік кезеңге дейінгі құрылыстағы жеке сауда-өнеркәсіп тенденцияларының мәселелеріне терең теориялық-методологиялық зерттеу жүргізілген. Зерттеуші жалдамалы еңбек пайдалану категориясына сараптама жасап, өндірістегі қосымша құнға негізделген сауда-өнеркәсіп шаруашылық бай шаруашылығы өзінің экономикалық мақсатында тұтынуды иеленушілер қатарында болды, ал ондағы өзге біреудің еңбегін пайдалану қосымша құн әкелген жоқ деген шешім шығарды.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, тіршілік ету кәсіптері, қолөнер кәсіпшілігінің халыққа қызметі туралы құнды деректер С. Мадуановтың еңбегінде берілген [48] .

Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі өнеркәсіп мен сауданың дамуы С. Н. Наумов [49] кандидаттық диссертациясында кең қарастырылған.

Қазақстан тарихының тарихнамасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын сараптау мақсатында тарихнамалық зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Т. Төлебаевтің [50] тарихнамалық еңбектері маңызды болып табылады.

М. Ф. Пузиков және С. Е. Мамытова [51] өздерінің ғылыми мақаласында қазақ даласындағы ХІХ-ХХ ғасыр тоғысындағы сауда-өнеркәсіптің даму мүмкіндігі және ауыл шаруашылығының қандай салаларында сауда-өнеркәсіптің қалыптасу процесі жүргендігін экономикалық ой тұрғысынан қарастырды.

Сонымен, қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихы осы уақытқа дейін арнайы түрде талдауға түспеген мәселе болып табылады. Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын қалыптастыру қажеттілігі туған болса, онда осы мәселені қолға алу барысында оның тарихына үңіліп, тәжірибесіне сүйену орынды болмақ [1; 11 б] . Олай болса, 1861-1914 жж. Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихын өңірлік ерекшелік тұрғысынан жан-жақты зерттеу отандық тарих үшін маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі.

Зерттеуде тарихилық және объективтілік принциптері пайдаланылды. Объективтілік принципінің басты талабы - тарихи құбылыстар мен процестерді барлық қайшылықтары, күрделіліктерімен жан-жақты қарастыру. Сонымен қатар, барлық деректерге кең түрде шолу жасай отырып, өзара байланысы бар деректерді кешенді түрде талдау. Объективтілік принципінің негізінде, Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-саяси құбылыстарды да ескеру қажеттілігі туындайды. Аталған принциптің талаптары, тарихи зерттеулердегі тұжырымдамалар мен әр түрлі деректердегі ақпараттардың шындыққа сәйкестілігін анықтауға мүмкіндік береді. Тарихилық принципі, белгілі бір құбылыстар мен процестердің дамуын, өзгеруін, сонымен бірге олардың өзара байланысы мен әсерін жан-жақты зерттеу міндетін алға қояды. Ол да, нақты тарихи мәселелерді шешуде, деректерге мүмкіндігінше толық талдау жасауды талап етеді. Сондықтан, зерттеуде Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуының әр түрлі аспектілерін бейнелейтін деректер қоры жүйелілік тұрғысынан пайдаланылды.

Тақырыпты зерттеу барысында логикалық, құрылымдық, жүйелілік, хронологиялық, сандық, салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. 1861-1914 жылдар, яғни Ресейдегі реформалардың Қазақстанда, оның ішінде оңтүстік аймақтағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасуына тигізген ықпалынан бастап, Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды ХІХ ғасырдың 60-жылдары бірнеше саяси және экономикалық реформалар жүргізу негізінде жүзеге асырды. Осының нәтижесінде, Қазақстан ресейлік және әлемдік нарыққа тартылды. Тақырыпты реформалар дәуірі (1861 жыл) мен Қазан революциясы (1914 жыл) аралығында зерттеу, Оңтүстік Қазақстан аймағындағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасуын кешенді зерттеуге мүмкіндік беріп, қазіргі кезеңдегі экономикалық дамуда отандық тәжірибеге сүйенуге жағдай туғызады. Зерттеу 1914 жылмен аяқталады, себебі осы уақыттағы кеңестік өкіметтің саясатына байланысты, сауда-өнеркәсіп саласы түбегейлі өзгеріске ұшырады.

Тақырыптың территориялық шекарасы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағын қамтиды, яғни, революцияға дейінгі кезеңде елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңыз атқарған Сырдария және Жетісу облыстары қарастырылған.

Аталған аймақтағы экономикалық процестер Қазақстанның өзге де облыстарының дамуына ұқсас. Бірақ ондағы табиғи-климаттық ерекшеліктер мүмкіндік беретін агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және халыққа қызмет көрсету саласындағы сауда-өнеркәсіпті зерттеу маңызды орын алады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы табиғи, экономикалық, этникалық және басқа да ерекшеліктер ескеріле отырып, жергілікті сауда-өнеркәсіптің қалыптасу және даму тарихына кешенді түрде талдау жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстандағы сауда-өнеркәсіптің қалыптасу мен дамуының оңтүстік аймаққа тән сипаты анықталды. Сонымен бірге:

  • бұрын жарияланбаған көптеген маңызды деректер ғылыми айналымға енгізілді;
  • Қазақстанның Сырдария және Жетісу өңірлеріндегі сауда-өнеркәсіптің қалыптасуы және олардың жергілікті экономиканың әр түрлі салаларындағы даму арақатынасы алғаш рет салыстырмалы түрде қарастырылды;
  • отандық тарих ғылымында зерттеу нысанына алынбаған 1861-1914 жылдардағы оңтүстік аймақтағы халыққа қызмет көрсету саласына, оның ішінде көлік, қолөнер-шеберханалық және тұрмыстық қызметке байланысты сауда-өнеркәсіптің тарихы зерттелінді;
  • оңтүстік аймақ кәсіпкерлері мен үкімет арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері анықталды;
  • жергілікті сауда-өнеркәсіпті дамытудағы өлкенің әлеуметтік және этникалық құрылымының ықпалына талдау жасалынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми-танымдық және ғылыми-қолданыстық маңызы нарықтық қатынастарды игеру барысында өткен тарихи тәжірибелерді ескеруге мүмкіндік беретіндігінде. Қазақстанның оңтүстік өлкесіндегі жаңа қоғамдық дамуға сауда-өнеркәсіптің қосқан үлесінің анықталып, сауда, өнеркәсіп, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласының дамуының сауда-өнеркәсіп тұрғысынан қарастырылуы және қазақ буржуазиясының қалыптасуындағы қазақ кәсіпкерлерінің үлесінің ара-салмағының ажыратылып, кәсіпкерлердің ұлттық-әлеуметтік құрылымының зерттелуінің танымдық, қолданыстық маңызы жоғары. Диссертациялық жұмыстың материалдары мен тұжырымдары Қазақстанның экономикалық тарихы бойынша оқу және оқу құралдарын жазуда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер оқуда және семинар сабақтарын, экономика тарихы бойынша арнайы курс немесе арнайы семинарлар жүргізу барысында пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жас ғалым» жарық көрді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Негізгі тұжырымдар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тіркеу мекемесі
Нарықтық қатынастар және бөлшек сауда нарығы туралы жалпы түсінік
Меркантилизм туралы жалпы ұғым
Құкық пен заң шығарушылық
Электрондық сауда – саттық жүргізуді ұйымдастыру технологиясы
Меркантилизм - ақша жинақтауда қоғамның байлығы
Англияның азаматтық құқығының негіздері
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Токиолық раундта
Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz